Ұйымдастырылған
оқу қызметінің жоспары.
Тобы:
"Балапан"
тобы.
Күні:22.01.2020
жыл.
Білім
беру саласы:"Коммуникация","Шығармашылық"
Оқу
қызметі:
Сөйлеуді дамыту,Сурет салу.
Тақырыбы:
«Қысқы орманға саяхат»
Оқу
қызметінің
мақсаты:
Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін
қысқы орманға саяхат арқылы жеткізе
білу.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін
арттыру.Сурет салудың түрлі бейнелеу
іскерліктері мен дағдылары арқылы
балалардың эстетикалық талғамдарын
дамыту.
Көрнекіліктер:Қыс
мезгілі бейнеленген суреттер.
Сөздік
жұмыс:қыс,орман,саяхат,қоян.
Методикалық
әдіс:Түсіндіру,көрсету,ойын,сұрақ-жауап,мадақтау.
Билинггвальдық
компонент:Қыс-зима,орман-лес,қар-снег.
Оқу
қызметінің барысы:
-Сәлеметсіңдер
ме,балалар!
-Балалар
шаттық шеңбер жасайық!
Шаттық
шеңбер
Арайлап
таң атты!
Алтын
сәуле таратты!
Жарқырайды
даламыз
Қайырлы
таң апайлар
Қайырлы
таң достарым!
Балалардың
назарын оқу қызметіне аудару.
Тәрбиеші:Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс
мезгілі
Тәрбиеші:Қыс
мезгілінде неше ай бар?
Балалар:3
ай бар.Олар Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар.Балалар
сендердің орманға барғыларың келе ме?
Балалар:Ия
Тәрбиеші:Ендеше
бәріміз паравозға мініп,әндетіп орманға
барайық.(балалар әндетіп жолға шықты).
Тәрбиеші:Міне
балалар орманға да жеттік.Балалар сендер
не көріп тұрсыңдар?
Балалар:Шыршалар
көріп тұрмыз.
Тәрбиеші:Мына
шыршаның түбінде не отыр балалар?
Балалар:Ақ
қоян
Қоян:Сәлеметсіңдер
ме,балалар?
Балалар:Сәлеметсің
бе.
Қоян:Сендер
орманда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:Біздің
балалар орманды көруге келді.
Тәрбиеші:Балалар
қараңдаршы,орман қандай тамаша,ауасы
қандай керемет,айналаның бәрі аппақ!Ал
мынау ненің апаны?
Қоян:Бұл
аюдың апаны.
Тәрбиеші:Балалар
біз қоянға қардың суретін салып
көрсетейік.Қоян сен бізбен бірге
жүр,саған балалар сурет салып үйретеді.(Қоян
балалармен бірге паравозға мініп топқа
келеді).
Тәрбиеші:Балалар
сендер жолдан шаршаған шығарсыңдар,біраз
сергіп алайық.
Сергіту
сәті
«Бала,бала
балапан»
Шығармашылық
жұмыс.
Саусақ
ұшы арқылы қар ұлпаларын бейнелейді.
Дидактикалық
ойын: «Аққаланың
суретін құрастыру»
Қоян:Балалар,сендер
өте өнерлі екенсіңдер,суретті жақсы
салады екенсіңдер.Сендерге рахмет,мен
енді орманға кетейін.Сау болыңдар!
Балалар:Сау
болыңыз!
Қорытынды:Балалар
бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде
біз қай мезгілді әңгіме еттік.Ұйымдастырылған
оқу қызметіміз ұнады ма?Балаларды
мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғыртады:Қыс
мезгілінің 3 айын және қыс мезгілінің
ерекшеліктерін
біледі
Түсінеді:Салып
жатқан суреттерінің мәнін
Қолданады:Қыс
мезгілі туралы,өлең,мақал-мәтелдерді
қолдана біледі.