Ұйымдастырылған оқу
қызметінің жоспары.
Тобы: "Балапан"
тобы.
Күні:22.01.2020
жыл.
Білім беру
саласы:"Коммуникация","Шығармашылық"
Оқу
қызметі: Сөйлеуді дамыту,Сурет
салу.
Тақырыбы: «Қысқы орманға
саяхат»
Оқу
қызметінің мақсаты:
Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін қысқы
орманға саяхат арқылы жеткізе білу.Қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілігін арттыру.Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері
мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын
дамыту.
Көрнекіліктер:Қыс мезгілі бейнеленген
суреттер.
Сөздік
жұмыс:қыс,орман,саяхат,қоян.
Методикалық
әдіс:Түсіндіру,көрсету,ойын,сұрақ-жауап,мадақтау.
Билинггвальдық
компонент:Қыс-зима,орман-лес,қар-снег.
Оқу қызметінің
барысы:
-Сәлеметсіңдер
ме,балалар!
-Балалар шаттық шеңбер
жасайық!
Шаттық
шеңбер
Арайлап таң
атты!
Алтын сәуле
таратты!
Жарқырайды
даламыз
Қайырлы таң
апайлар
Қайырлы таң
достарым!
Балалардың назарын оқу
қызметіне аудару.
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың
қай мезгілі?
Балалар:Қыс
мезгілі
Тәрбиеші:Қыс мезгілінде неше
ай бар?
Балалар:3 ай бар.Олар
Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар.Балалар
сендердің орманға барғыларың келе ме?
Балалар:Ия
Тәрбиеші:Ендеше бәріміз
паравозға мініп,әндетіп орманға барайық.(балалар әндетіп жолға
шықты).
Тәрбиеші:Міне балалар орманға
да жеттік.Балалар сендер не көріп
тұрсыңдар?
Балалар:Шыршалар көріп
тұрмыз.
Тәрбиеші:Мына шыршаның түбінде
не отыр балалар?
Балалар:Ақ
қоян
Қоян:Сәлеметсіңдер
ме,балалар?
Балалар:Сәлеметсің
бе.
Қоян:Сендер орманда не істеп
жүрсіңдер?
Тәрбиеші:Біздің балалар
орманды көруге келді.
Тәрбиеші:Балалар
қараңдаршы,орман қандай тамаша,ауасы қандай керемет,айналаның бәрі
аппақ!Ал мынау ненің апаны?
Қоян:Бұл аюдың
апаны.
Тәрбиеші:Балалар біз қоянға
қардың суретін салып көрсетейік.Қоян сен бізбен бірге жүр,саған
балалар сурет салып үйретеді.(Қоян балалармен бірге паравозға мініп
топқа келеді).
Тәрбиеші:Балалар сендер жолдан
шаршаған шығарсыңдар,біраз сергіп алайық.
Сергіту
сәті
«Бала,бала
балапан»
Шығармашылық
жұмыс.
Саусақ ұшы арқылы қар
ұлпаларын бейнелейді.
Дидактикалық
ойын: «Аққаланың суретін
құрастыру»
Қоян:Балалар,сендер өте өнерлі
екенсіңдер,суретті жақсы салады екенсіңдер.Сендерге рахмет,мен енді
орманға кетейін.Сау болыңдар!
Балалар:Сау
болыңыз!
Қорытынды:Балалар бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметімізде біз қай мезгілді әңгіме
еттік.Ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады ма?Балаларды
мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғыртады:Қыс мезгілінің 3 айын және қыс
мезгілінің ерекшеліктерін біледі
Түсінеді:Салып жатқан суреттерінің
мәнін
Қолданады:Қыс мезгілі
туралы,өлең,мақал-мәтелдерді қолдана
біледі.