"Қыс мезгілінің әндері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс мезгілінің әндері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әндерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілінің әндері
Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әндерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: Сазды ойынға арналған оқушылар ұпайын анықтайтын әртүрлі қағаздан топ аты көрсетілген аспаптар, техникалық құралдар слайд тағы басқалар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сыныпқа саз әуенімен енгізіледі, үш топқа арналған орындар дайындалған, және жүргізуші.
Сазды ойын барысы:
-Қош келдіңіздер құрметті қауым, аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар ән сүйер ойыншылар!

«Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй!»

- деп ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін сүйетін,шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі бұл музыкалық ойынымызға үш топ қатысады:Оқушылар өздеріне ұнаған нота түстерін таңдап алады.
Топтарды таныстыру
Енді музыкалық ойынның шартын түсіндіріп өтейін.
Әуенді тап сазды ойыны төрт бөлімді сайыстан тұрады:
1. «Балғын шақ әуендері» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар мектеп қабырғасында үйренген, естіген әндерді тауып, ұпай иемденеді.
2. «Тыңда Радио!» деп аталады мұнда әуеншілер радиоқабылдағыш арналарынан естіген әуендерді табады.
3. «Жұлдыздар дауысы» деп аталады мұнда ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген қазақ әншілерінің дауысын ажыратып, әншінің немесе топ аттарын тауып айтып беру қажет.
4. «Күй-шежіре» деп аталады, мұнда әр үш топқа арнайы уақыт беріліп, жеке-жеке тыңдаған күйдің түрлерін ойыншалар тобымен ақылдасып, қандай күйдің түрі екенін айтулары қажет.

Ал енді ойынымызды бастайық, біздің дайындап әкелген әр сайыс әуендерін табайық.
Бірінші «Балғын шақ әуендер» сайысын бастаймыз
1. Отан ән
2. Біз өмірдің гүліміз! Әні
3. «Айгөлек» әні
Мінекей осымен бірінші бөлім әндері: аяқталды. Ұпайларын береміз
Ал енді екінші сайысымыз «Тыңда Радио!» қандай әуендерді сыйлайды екен, қабыл алайық. (Шеберлікпен тауып, тіпті орындапта жіберейік) (Әуендер минустық үлгіде беріледі)
1. «
Аппақ қар»
2. «
В лесу родилась ёлочка»
3. «
Шырша әні »
Қанекей біздің ойыншыларымызға зор қошемет, өйткені екінші сайыс аяқталып біз үшінші сайысқа көшеміз.
Енді біздің сайыскерлеріміз қазақ эстрада жұлдыздарын білеме екен, соны анықтайық.
Сонымен «Жұлдыздар дауысы» сайысы басталды
1. «Әлия» әні Роза Рымбаева
2. «Шынарым » әні МУЗАРТ тобы
3. «Әке» әні Қайрат Нұртас
Үлкен рахмет құрметті ойыншылар

Қошемет құрметті қауым өйткені «Әуенді тап» музыкалық ойынының соңғы бөлімі аяқталды. Біз енді әр топтың жинаған ұпай санын санап жеңімпаз топты анықтайық. Сонымен құрметті ойыншылар, көрермендер сазды ойынымыз аяқталды. «Ақылың болса ән тыңда» деген халық нақылы айтқандай әнге деген құмарлықтарыңыз ешқашан өшпесін.
Қош сау болыңыздар!

Шибаевка орта мектебі















Тақырыбы:

"Қыс мезгілінің әндері"











Өткізген: Калдымуратова Н.Б

7-8 сыныптар













2016--2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі