Материалдар / Қыс өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыс өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңді жаттауда түрлі интонацияларды қолданады, оларды есте сақтайды, жұмбақ шеше алады. Жабайы аңдар, олардың қысқа бейімделуі, қозғалуы, іздері туралы біледі. Дәстүрден тыс дөңгелек пішіндегі суретті салады, жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтап, жұмысты ұқыптылықпен орындайды. Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шатенова Айна Гиниятовна
МКҚК №30 «Гүлдер» бөбекжай тәрбиешісі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Кіріктірілген іс - әрекеттің конспектісі
Тақырыбы: "Қыс" өлеңі.
Мақсаты: Өлеңді жаттауда түрлі интонацияларды қолданады, оларды есте сақтайды, жұмбақ шеше
алады. Жабайы аңдар, олардың қысқа бейімделуі, қозғалуы, іздері туралы біледі. Дәстүрден тыс
дөңгелек пішіндегі суретті салады, жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтап, жұмысты
ұқыптылықпен орындайды. Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, командамен бірге
нәтижеге қол жеткізу. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Дағдылар: коммуникативтік дағдыларды дамыту, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту,
шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды
қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қыс туралы суреттер, «Ұйқыдағы аңды тап?», «Ненің іздері?»,
дидактикалық ойындар.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, мәнерлеп оқу,
мадақтау, қорытынды.
I. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
- Салеметсіздер ме, балалар! Мен сіздердің осындай жарқын, ашық жүздеріңізді көргеніме
қуаныштымын!
- Балалар, қараңдаршы бізге бүгін қаншама қонақтар келіп отыр, қане амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме!
Жылулық шеңбері: «Көңілді батпырауық»
- Бүгінгі көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Олай болса балалар, Жылулық шеңберімізде көңілді батпырауықты айнала отырып, бүгінгі күніміз
қуанышты, сәтті өтуі үшін осы музыкалық аспапта ойнайықшы. Көңіл – күйлерімізді бір – бірімізге
әсем әуен арқылы білдірейікші.
Тосын сәт: Миньён келеді.
«Миньёны» мультфильмінен Миньён жүгіріп келеді. Балалар бізге қонаққа Миньён келді. Кәнекей,
оны қарсы алайық. Миньён қош келдіңіз. Сіз біздің қалада кайдан жүрсіз?
Миньён:
- Мен сізге Оңтүстіктен келдім. Мен сонда тұрамын. Ал сіздің қалаңызға саяхаттап келген едім.
Сіздің бөбекжайыңыздағы кішкентай көрермен достарыммен амандасып кетуге келген едім. Бірақ
сіздің жақ қатты суық екен. Біздің елде мұндай салқындық болмайды. Балалар сізде қазір қай жыл
мезгілі? Неге айнала аппақ?
Миньён сіздің бұл сұрақтарыңызға мына кішкентай көрермен достарыңыз жұмбақтар арқылы қазір
жауап береді.
Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою салады. (қырау)
Миға шабуыл жүргізіледі. Диалог сұрақтар.
- Кәне балалар, Миньён қонағымызға қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы айтып өтейікші.
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
- Қыста бізде не жауады?
- Ал қардың түсі қандай?

- Қыста балалар біздің ауа райымыз қандай болады?
Аяз болады, суық жел соғады, боран соғады. Қыста балалар ауа райы қатты суық болған кезде көл
бетіндегі су қаттып қалады.
- Біз қалай киінеміз?
- Қыс мезгілінің неше ай болады?
- Қыс мезгілі несімен қызықты?
- Қыста балалар шанамен сырғанайды, аққала тұрғызады.
ІІ. Негізгі бөлім.
Миньён: Керемет балалар мен енді қыс мезгілі туралы білетін болдым.
Миньён сен біздің балалармен бірге қыс туралы өлең жаттағын келеді ме?
Миньён: Әрине.
Олай болса балалар, біз Миньёнмен бірге «Қыс» туралы өлең жаттайық.
Балалар өлең шумақтарын жаттап алуға тырысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, мазмұнын
түсіндіру.
«Қыс»
Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы,шана тебеміз.
Миньён: Қандай тамаша балалар. Мен енді қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы білетін болдым.
Тіпті сендермен бірге «Қыс» туралы өлеңді де жаттап алдым. Ой балалар мен сіздің балабақшаға
келе жатқанда жаңа сіздер айтқан ақ қардың үстінен бірнеше іздер көрдім, тіпті оларды фотоға да
түсіріп алған едім. Қараңыздаршы мынау ненің іздері?
- Бұл жабайы жануарлардың және үй жануарларының іздері.
Миньён: Ал олардың өздері қайды?
- Қыста ормандағы жануарлар өз тондарының түстерін ауыстырып, жылы тон киеді. Ал кейбір
жануарлар көктемге дейін ұзақ ұйқыға батады.
Миньён: Олар қандай жануарлар?
Миньён сіздің бұл сұрақтарыңызға біздің балалар жауап беріп көрсетеді. Кәне балалар, біздер
тездетіп үш топқа бөлініп қонағымыз Миньёнға жабайы аңдар, олардың қысқа бейімделуі, қозғалуы,
іздері туралы айтып, көрсетейік. Ол үшін бізге қазақ тілі маманы Жансая Арманқызы, тәрбиешіміз
Ақтоты Серікқызы да көмектесетін болады.
- Балалар шеңберде тұрып, пішіндер арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөліну:
1. Дөңгелек (Қазақ тілі)
2. Шаршы (Дид\ойын: «Іздерді тап»)
3. Ұшбұрыш (Дид\ойын: «Қардың астындағы жануарды тап»)
1. Дөңгелек орталығында Жансая Арманқызымен жұмыстанамыз.
2. Шаршы орталығында Ақтоты Серікқызымен жұмыстанамыз.
Дидактикалық ойын: «Іздерді тап»
Мақсаты: аңдардың, үй жануарларының ізін ажырата біледі. эстетикалық талғамдарын, қиялын
дамыта алады.
3. Ұшбұрыш орталығында Айна Гиниятқызымен жұмыстанатын боламыз.
Дидактикалық ойын: «Қардың астындағы жануарды тап»
Мақсаты: жануарлар, олардың сыртқы қозғалуы, тіршілік ету ортасы, қысқа бейімделуі туралы
біледі.
Миньён: Қандай керемет балалар. Мен ертең өз еліме барғанда андағы достарыма «Қыс» мезгілі
туралы бәрін білетінімді мақтана айтатын болдым.
Балалар Миньён қонағымыздың өз еліндегі достарына қыс мезгілінің суретін, бейнесін апарып
көрсететіндей етіп сыйлық жасайық.
Сергіту сәті:
Шығармашылық жұмыс:
1. Дөңгелек орталығы топ мақта тампондары арқылы қысқы теректің суретін салу.
2. Шаршы тобы қарындаш қалдықтары арқылы қысқы теректің суретін жапсыру.
3. Ұшбұрыш тобы пазл арқылы аққала құрастыру.

Миньён енді біз осы жұмыстарымызды сізге табыстаймыз.
Миньён: Рахмет балалар сіздерден көп нәрсені біліп, үйрендім. Мен достарыма «Қыс» өлеңін оқып
беретін боламын. Сау болыңыздар!
Қорытынды бөлім.
Балалар Миньён қонағымыз бізге риза болып кетті. Енді біз осымен іс- әрекетімізді аяқтаймыз. Кәне
балалар мына кубикті лақтыру арқылы іс- әрекетімізді қорытындылайықшы.
1. Балалар біз бүгінгі іс- әрекетімізде қандай мезгіл туралы өлең жаттадық?
2. Бізге қонаққа кім келді?
3. Біз көңілді батпырауықты айнала отырып, қандай музыкалық аспаптарда ойнадық?
4. Миньёнға не сыйладық?
5. Миньён бізге кандай тосын сый жасады?
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!