Материалдар / "Қыс пен 12 айдың кездесуі"

"Қыс пен 12 айдың кездесуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы айту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты мерекелердің бірі, отбасы мерекесі екенін түсіндіру, достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Алматы облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Оралова Зауре Саутбековна

Тақырыбы: "Қыз бен 12 айдың кездесуі"


Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы айту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты мерекелердің бірі, отбасы мерекесі екенін түсіндіру, достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Залдың іші әсем безендірілген. Ортада шырша. Балалар жұптасып би билеп залға кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Келді міне Жаңа Жыл сәуле шашып,

Құлпырады табиғат нұры тасып.

Жаңа Жылды бәріміз қарсы алайық,

Шашу шашып әрқашан ән салайық!

- Балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Жаңа жылдарың құтты болсын! Балалар біздің шыршамыз қандай әдемі, бірақ шамдары жанбаған. Қане, бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

(Балалар қолдарын шапалақтайды. Шамдар жанады).

Ән: "Жаңа жыл".

2 бала тақпақ:

Мағжан:

Келді тағы Жаңа жыл

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді!

Жасмин:

Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылды енді

Қарсы алайық бәріміз!

Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай Қыз өмір сүріпті. Ол таң атқаннан, кеш батқанға дейін үй шаруасымен айналысады екен.

Қыз: (осы мезетте кейіпкер Қыз ортаға шығып, үй жинаған кейіп танытады).

Өгей анасы: Сен орманға барып, бәйшешек гүлін теріп алып кел, әйтпесе жаңа жыл кешіне бармайсың.

Қыз: Қыста бәйшешек гүлі өспейді ғой. Мен оны қыста қайдан табамын.

Өгей анасы: Қайдан іздеп табатыныңды мен білмеймін. Бәйшешек гүлінсіз үйге келме.

Қыз:(Қыз орманға кетеді. Боранның музыкасы ойнайды).

(Қыз келе жатса, алдынан қыздар шығады).

Қыздар: Сен неғып мұңайып тұрсың? саған не болды? Ренжіме, біз саған тамаша би билеп береміз?

Би: "Жұлдыздар" (Қыздар билейді).

(Қыз ары қарай жолын жалғастырады).

(Қыз әр кедергіден өткен сайын музыка ойнайды).

Қоян: (жүгіріп келіп, шыршаның астына тығылады).

Түлкі: (жүгіріп келіп, қоянды іздейді).

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Балалар сендер қоянды көрмедіңдер ме?

Түлкі: (Қоянды ұстап алып):

- Мен сені жеймін дейді.

Қоян: (қоян қашып, қыздың артына тығылады).

Қыз: Түлкі қоянды жемеші. Оған тиіспе.

Түлкі: Жеймін. Менің қарным ашты.

Қыз: Мен саған тоқаш беремін. (Түлкіге себетінен алып, тоқашты береді).

Түлкі: Түлкі тоқашты жеп,

- Рахмет саған сүйкімді Қыз менің қарным тойды.

- Сүйкімді Қыз сен орманда не істеп жүрсің?

Қыз: Мен бәйшешек гүлін іздеп жүрмін, егер ол гүлді таппасам жаңа жыл мерекесіне бара алмаймын.

Түлкі: Бәйшешек гүлін бе? (таң қалып). Қоян маған айтшы қыста бәйшешек гүлі өседі ме?

Қоян: Жоқ, өспейді.

Қыз: (Қыз отырып жылайды).

Түлкі: Жыламашы сүйкімді Қыз.

- Қоян сен бағана келе жатқанда бір жарықты көрдің бе?

Қоян: Ия, көрдім - көрдім.

Түлкі: Сол жерге сүйкімді қызды апарайықшы.

Қоян: Жарайды - жарайды апарайық.

(Қоян мен түлкі қызды алып шығып кетеді).

Би: 12 ай (ұлдар билейді).

Боран соғады. Түлкі, қоян, қыз келеді.

(Ортада 12 ай ұлдар отты жағалап отырады).

Қыз: Сәлеметсіздер ме?

Ұлдар: Сәлеметсің бе?

Қыз: Сіздердің орталарыңызда жылынсам бола ма?

Ұлдар: Әрине, болады. (Қыз келіп жылынады).

Қаңтар айы: Мынандай қараңғы, аязды күні не істеп жүрсің?

Қыз: Мен бәйшешек гүлін іздеп жүрмін.

Сәуір: Бәйшешек гүлі сәуір айы болмай өспейді ғой!?

Қыз: Басқа амалым жоқ. Ендеше осы жерде отырып, бәйшешек гүлі шыққанша күтіп отырамын ба, жаңа жыл мерекесіне кешігетін болдым. Маған көмектесіңіздерші.

Сәуір: Ағайындар, мына қызға көмектесейік. Қолымыздан келеді ғой.

Ұлдар: Көмектесейік-көмектесейік.

(балалар бір-біріне таяқты беріп, сөздерін айтады).

1.Желтоқсан:Қарлар тоқтасын.

2. Қаңтар:Аяздар тоқтасын.

3.Ақпан:Боран соқпасын.

4.Наурыз:Тоқтасын аяздар, күндер жыли бастасын.Ал, бауырым сәуір енді сенің кезегің.

5.Сәуір: Өзендер сарқырап тоқтасын, ағаштар бүршік жарып, бәйшешек гүлі гүлдесін. Ал, бауырым мамыр енді сенің кезегің.

(Қыз Балнұр: дың қолындағы себетті алып, оған бәйшешек гүлін теріп алып келеді).

6.Мамыр:Гүлдер гүлдесін.

7.Маусым:Көбелектер ұшсын.

8.Шілде:Құстар ұшсын.

9.Тамыз:Жауын жаусын.

10.Қыркүйек:Кемпірқосақ шықсын.

11.Қазан:Жеміс піссін.

12.Қараша:Астық жиналсын.

- Сәуір айы гүлді алып, қызға береді.

Қыз: Рахмет, сіздерге. Мен кетейін.

Сәуір: Бізді ұмытпас үшін мен саған мына сиқырлы сақинаны беремін. (қызға сақина береді).

Қыз: Сіздерді ұмытпаймын. (Қыз үйіне келеді).

Өгей анасы: (алдынан шығады).

Қыз: (гүлді береді).

Өгей анасы: Осыншама уақыт қайда жүрсің? (қатаң дыбыспен).

Қыз: Мен бәйшешек гүлін іздеп алып келдім.

Өгей анасы: Мен мына гүлді дүкенге апарып, алтын-күміс бұйымдарға айырбастайын. Сен болсаң мен келгенше үйді жинап, тамақ пісіріп, еденді жуып қой.

(Қыз: Өгей анасымен бірге шығып кетеді).

Жүргізуші: Міне жыл 12 ай ағайындыларын бір мезетте көрген кішкентай қыз осымен үйіне оралып, шырша мерекесіне үлгеріп келеді.

Балалар, Жаңа жылымыз қызықты болу үшін ортамызға кімдер жетіспейді?!

Балалар: Аяз Ата, Ақшақар.

Жүргізуші: Ондай болса ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: - Армысыңдар, ұлдарым!

Армысыңдар, дарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем үндерің!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Жаңа жылдарың құтты болсын! Балалар сендердің шыршаларың қандай әдемі.

Жүргізуші: - Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақшақар! Біздің балалардың сіздерге арнаған әні бар бар.

Ән: "Аяз ата, Ақшақар".

Жүргізуші: Аяз ата сіз алыстан шаршап келген боларсыз, отырыңыз, демалыңыз. Біздің балалармыздың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тақпақтарын тыңдаңыз.

Абылай:

Жүздерінен қуаныш нұрын төккен,

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен.

Жиылған халайық қарсы алыңдар,

Жаңа жылды бағына көптен күткен.

Еркебұлан:

Жаңа жыл құтты болсын!

Әрқашан мерекелік көңіл болсын,

Кеудеміз күмбірлеген жырға толсын

Қане достар бименен орта толсын!

Аруа:

Дети водят хоровод,

Хлопают в ладоши.

Здравствуй, здравствуй Новый Год,

Ты такой хороший.

Саян:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылда жырдан шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз

Қуандық:

Happy New Year to you

And when the new year's done

May the next year be even better

Full of pleasure, joy and fun.


Жүргізуші: Аяз Ата біздің балалар Жаңа жыл туралы жақсы тақпақтар біледі екен. Енді балалардың сіздерге арнаған ағылшын тіліндегі әнін тыңдаңыздар.

Ән: "Чингл бенс".

Ақшақар: Аяз Ата балалар, тақпақтарың да, әндерін де тамаша айтты. Енді менің балалармен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: "Сырғанақ".

Жүргізуші: Аяз Ата Ақшақар сіздер біздің балалардың өнерін тамашаладыңыздар. Енді балалардың сыйлықтары қайда?

Аяз Ата: Жаңа жыл кешіне келе жатып, жолда сыйлықтарымды жоғалтып алдым.

Жүргізуші: Аяз ата біздің сүйкімді қызымыздың сиқырлы сақинасы бар, мүмкін сол сізге көмектесер.

Аяз Ата: Қане, мүмкін шынымен де көмектесіп қалар. (Қыз сақинаны береді). Ендеше балалар барлығымыз бірге мына сақинаны үрлейік. (сақинаны лақтырып жібереді), (балалар үрлейді).

Түлкі: Аяз ата мен сыйлықтарды тауып алған сияқтымын. Сіз мына жерге тастап кетіпсіз.

Түлкі: сақина жатқан жерге барып, сыйқырлы сандықты тауып, қоян екеуі көтеріп келеді.

(Сандықтың ішінен бір дауыс шығып, сөздер айтады).

- Мен жай сандық емес, сиқырлы сандық екенімді ұмытып кеттіңізбе?!

- Ішімдегі сыйлықтарды балалар асыға күтіп тұрғанын мен жақсы білемін.

- Бірақ маған әсем ән айтсаңыздар ғана ашыламын.

Ақшақар: Балалар, біздің Аяз атамыздың сандығы сыйқырлы екен. Ән айтсақ қана ашылады екен.

Аяз Ата: Балалар әндеріңді айтыңдар. Әйтпесе менің сандығым ашылмайды.

Ән: "Қош келдің Жаңа жыл".

Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарды береді.

Аяз ата, Ақшақар: - Біздің де қоштасатын уақытымыз жақындады!

Басқа балабақшаға барып, сендер сияқты балаларды қуантайық!

Сау болыңдар!


Балалар: - Сау болыңыздар!

(Аяз ата, Ақшақар шығып кетеді).

Жүргізуші:- Осымен балалар, біздің Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылымыз құтты болсын! Жаңа жылда денсаулық, әр отбасыға амандық тілейміз! Жаңа жылымыз құтты, берекелі болсын!







ЖИ арқылы жасау
27 Ақпан 2022
247
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі