Астана
қаласы
№84
мектеп – лицейі
2
«Қ» сынып оқушысы
Назым
Жанайым Дүйсетқызы (7 жаста)
Қысқы
табиғат
Мен
қыс мезгілін ұнатамын. Әр мезгілдің өз
ерекшелігі бар. Қысқы табиғат ақ ұлпасымен
көркем. Түнгі көрініс шыңылтыр аязымен
қатал. Балалар мұз айдынына барып,
сырғанақ теуіп, көңіл көтереді. Мен де
коньки тепкенді, шаңғы тепкенді ұнатамын.
«Шынықсаң – шымыр боласың» - деген
сөзді өте жақсы түсінгендіктен жылы
киім киіп, үнемі таза ауада достарыммен
бірге аққала жасап, сырғанақ теуіп
шынығамын.
Әжемнің
әңгімесі
Әжемнің
үйінде қарлығаштың ұясы болған екен.
Сол қарлығаштардың ұясын жыл сайын әжем
әктеп, кедергі болатын бұтақтарын қиып
күтеді екен. 1986 жылы ерте көктемде
әжемнің үйіне қарлығаштар ұшып келіпті.
Сонда үлкен әжесі «қарлығаш келсе бақ
келеді деп жақсылыққа жорыған екен»
сол жылы атам (Жигули) сатып алыпты.
Немересі университетке оқуға түсіпті,
сөйтіп әжесінің айтқаны болыпты. Әжем
ең үлкен немересінің атын «Қарлығаш»
деп қойған екен. Ол кісі қазір 50 жаста.
Бақытты дейді. Бір күні әжем есіктің
алдында шырылдап жатқан балапанды
көреді. Сөйтсе қарлығаштың бір балапаны
жерге түсіп қалыпты. Әжем балапанды
ұстауға қорқып Атамның жұмыстан келуін
балапанның қасында отырып күткен екен.
Сол қарлығаштар ұзақ уақыт әжемнің
үйіне жыл сайын келіп тұрыпты.
Қарлығаш
– айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрі
үшкір келетін, шағын денелі қара ала
құс. Басқа құстардан бір айырмашылығы
- жемін ұшып жүріп ұстайды. Суды да ұшып
жүріп ішеді. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр,
жасыл жылтыр. Олар Арктика мен Антарктидадан
басқа жердің бәрінде бар. Жер бетінде
қарлығаштың 80 түрі бар екен. Оның 4 – 5
түрі Қазақстанда кездеседі. Олар: жар
қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңді
қарлығаш, сепкіл төс қарлығаш, кент
қарлығашы. Қарлығаштар Республикамыздың
барлық жеріне тараған. Күз түссе жылы
жаққа ұшып кетеді. Олар екі-екіден тік
жарға, кейде үйлердің қабырғаларына ұя
салады. Ұяны топырақ пен сазды сілекейлеп
ұя жасайды. Ішіне майда шөп, қауырсын,
мамық, төсейді.
Қарлығаш
- пайдалы құс. Зиянды насекомдарды,
әсіресе шыбын – шіркейлерді жейді. Ауыл
шаруышылығына көп пайда келтіреді.
Қарлығаш екі рет жұмыртқалайды. Ұясына
3-7 дейін жұмыртқа салады. 2-3 аптада
балапан шығарады. Балапандарына жем
іздеуге шығарда ұядан құлап кетпесін
деп аяқтарын қылмен байлап кетеді. Ата
– бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы
көрген. Қарлығаштай сүйкімді еңбекқор
ақылды болсын деп қыздарына Қарлығаш
деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз,
ертегі, мақал, мәтелдер, ақындар жыр
жолдарын арнаған. Мысалы: «Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?» ертегісі, Төле бидің
қалай « Қарлығаш би» атанғаны туралы
аңыз. Көп қазақ ақындары қарлығашқа
арнап талай жыр жазған. Мысалы:
М.Мақатаевтың «Қарлығашым, келдің бе?»
деген өлеңі бар.
Төле
би ел арасында «Қарлығаш әулие» атанып
кеткен. Аңыз бойынша елге жоңғарлар
шауып, ауыл адамдары үйлерін тастап
қашқан. Осы уақытта Төле би ғана түтінін
бұзбастан орнында отыра беріпті. Сонда
жоңғардың қонтайшысына Төле би бас
сауғалап ұашпай отыруының себебін былай
түсіндірген екен. «Биыл шаңырағыма
қарлығаш ұя салған екен.Балапандары
қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп
шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын
бұзып, балапандарын шырылдатқым келмеді.
Сендердің де үйлеріңді ойран етіп бала
– шағаларыңды шырылдатса өздеріңе
жақсы болар ма еді?» Төле бидің жауабын
естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді
әулие деп танып, әскеріне бидің шаңырағына
да, ол отырған ауылға да шабуыл жасамауын
бұйырады. Содан бері Төле би «Қарлығаш
әулие» атанып кеткен екен.
Осы
әңгімелердің барлығын әжемнен естіп,
параққа жазып алып, сіздермен бөліскім
келді.
Қарлығашым
қанаттарың талмасын дегім келеді.