15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қыс қызығы"
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы : Қыс қызығы
Өткізген:Саматова. Г. С.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің ашық сабағы.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі : Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты: Балаларды ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне қалыптастыру. Қыс мезгілін сезіну, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту. жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету, түсіндіру.
Блингвальды компонент: Қыс-зима. Қар-снег. Аққала-снеговик.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әркеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер бойына тұрып,тәрбиешінің көмегімен амандасады.
Үлкенге де сіз, Кішіде сіз Баршанызды құрметтеп Бас иеміз біз Күннің көзі ашылды Көкке шуақ шашылды, Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Баршанызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Сәлеметсіздер ме апайлар! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Біріне-бірі жақсы тілектер айтады.
Келген қонақтармен амандасады. Орындарына отырып жаңа сабаққа назар аударады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс
Рефлексивтік түзетушілік
|
Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тоңады (қар) Кіріспе: Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы. «Қыс қызығы» . Тақырыпты түсіндіру. -Сұрақ-жауап; - Жыл мезгілі ұнады ма ? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Ауа райы қандай? - Қыста қандай қызықты ойындар болады? - Біз қардан не жасаймыз? Аққала неше бөліктен тұрады?
Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды Мұз болады қатады, Жып-жылтыр боп жатады. Блингвальды компонент: Кар-снег. Қыс-зима Аққала- снеговик Балалар біз казір сендермен, Кім жылдам-ойының ойнаймыз. Балаларды екі топқа бөліп ойнату. 1.Ұлпа қарлар жинау, және оны санау.Әр бала жеке –жеке. 2. Қар қиыршықтарын құрастыру. Топ бойынша.
3. Ақалла құрастыру, және жапсыру, топ бойынша. Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, икемділікке- шапшандылықпен ұқыптылыққа баулу.
Сергіту сәті: Көңілді күн.
Балаларға сұрақтар қою. Жаңа сабақты қорытындылау. Балалардан көрген білген түсінгендерін сұрау. Әр баладан жеке-жеке. Балаларды мақтау, мадақтау, сыйлықтар беру балаларға.
|
Жұмбақтың шешуін таба біледі.
Оқу і- әрекетінің тақырыбы «Қыс» туралы екенің біледі. Жыл мезгілінің ұнайтындығы туралы айтады. -Қыс мезглінің өзгерістерін айтады. Қыста: Шанамен сырғанаймыз, мұзда, коньки тебетінің айта біледі. Қардан Аққала жасайтының, аққала неше бөліктен тұратының айтады. Аққал үш бөліктен.көзі, аузы, мұрны сәбізден, көзі көмірден, басында шелегі, қолында қолбағы, сыпырғышы бар екенің айтады. Қыс туралы білетін тақпақтарын айтады. Блингвализм қос тілде айтады. Балалар берілген тапсырманы екі топқа бөлініп, жылдам әрі шапшан орындайды.
Сергіті сәтін. Әуенді ырғақпен орындайды.
Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере алады.
Сабақ сонында балалар жеке-жеке мақтап мадақталып, сыйлықтармен бағаланады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Әрбір бала қыс мезгілін. Басқа жыл мезгілдерінен ажырата біледі.
Түсінеді. Қыс мезгілінде, ауа райының суық, аз боранды жел болатының.
Ұғынады: Қыз мезгілінің қызықты ойындары бар екенің.
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Кәмпит
Өткізген: Саматова. Г. С
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Кәмпит
Мақсаты: Кәмпиттердің зияндығ туралы, оның қалай жасалатыны туралы, кәмпит түрлерін, пішінің жасауды үйрету.
Блингвальдв компанент: Кәмпит-конфеты.
Іс әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші балаларға әже туралы әңгімелеп береді. Әже: Әжем менің әліде Ұқсамайды кәріге Шай қайнатып береді, Қажет болса бәріңе Үлестірмелі материалдармен. |
Балалар өз әжелері туралы айтады.
Өлең жолдарын тыңдайды.
Суреттермен жұмыс жасайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс |
Суреттермен жұмыс. Балалар әжелеріміз бізді дастарханға шақырып жатыр екен. Енді сол әжелерімізге кәмпит жасап апарайық.
|
Балалар тәрбиешіге назар аударады. Әжелерінің дастарханға шақырып жатқаның түсініп, әжелеріне кәмпит жасап апарады. Ермексазды жұмсарта алады. Алақандарына салып кәмпитті мүсіндейді. |
Рефлексивті түзетуші |
Сергіту сәті: Бір үйде біз нешеуміз. Кел санайық екеуміз, Бас бармағым атам, Балаң уйрек әжем, Ортаң терек әкем, Шылдыр шүмек анам, Кішкене бөбек мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Сабақты қорытындылау. Балаларды мадақтау. |
Тәрбиешінің көмегімен сергіту сәтін орындайды. Жаңа сабақты түсініп, қойылған сұрақтың барлығына жауап береді.Сабақ соныңда балалар мақтап, мадақталынады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Домалақ, сопақша , пішіндерді.
Түсінеді: Үлкенлі сыйлауды, сыйлық жасауды.
Қолданады: Ермексазды.
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».
Өткізген: Саматова Г.С
Тақырыбы:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».
Мақсаты:
Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
кішіпейілдікке, әдептілікке үйрету.
Жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Әдіс
– тәсілі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын,
көрініс.
Көрнекілігі:
суреттер, презентациямен жұмыс.
Билингвальды
компонент: жақсы – хорошо; жаман –
плохо.
Оқу
іс –әрекетінің кезеңдері:
Тәрбиешінің
іс - әрекеті :
Балалардың
іс-әрекеті:
Мотивациялық
- қозғаушылық
Балалар
, мен сендерге мына бейне таспаны көруді
ұсынамын. Бәріміз отырып, мұқият
тыңдайық.
Бейнетаспа
бойынша әңгімелеу.
Әдептілік
деген адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің
бірі.
Балалар,
бүгін біз «Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен» атты тәрбие сағатын өтеміз.
Тәрбиеші:
- Жақсы Әдемі, біздің балалар тапсырмаларды
орындайды. Сен жайғасып отыр, мен
тапсырмаларды оқып шығайын.
-Біз
үлкендерді қалай құрметтейміз, қалай
сыйлаймыз?
Балалармен
бірге тақпақ айтады.
Кім
үлкенді сыйласа,
Кім
үлкенді тыңдаса,
Үлкен
болған кезінде,
Сыйлы
болмақ өзі де.
-Жақсы
бала қандай болады?
Жақсылыққа
құштармыз,
Жақсы
адам болып шығамыз.
Таза
сәби жүректен,
Қабылдаңыз
мың алғыс.
Апаң
сенің базардан,
Алма
сатып әкелді.
Ең
үлкенін, жақсысын,
Саған
таңдап әперді.
Не
деп барып жеу керек?
«Көлік
ішінде егде адамдарға не істейміз?»
көрініс
Сөздік
жұмыс: әдептілік, кішіпейілділік,
адамгершілік туралы.
-Балалармен,
сергіту сәтін жасау.
Сергіту
сәті
Мынау
- менің жүрегім,
Бәрі
осыдан басталады.
Мынау-
басым ақылды,
Бәрін
осы атқарады.
Мынау-
менің оң қолым,
Мынау-
менің сол қолым
Барлық
істі атқарады.
Мынау-
менің оң аяғым,
Мынау
– менің сол аяғым
Жақсылыққа
апарады.
Суретпен
жұмыс:
-Мына
суретке қараймыз,не көріп тұрмыз? Қыз
бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр.
Бұл балалар қандай балалар?
-
Екінші суретте не көріп тұрсыңдар?Отырғызып
қойған ағашты бала келіп ,сындырып
жатыр. Бұл қандай бала?
-Ендігі
суретте не көріп отырсыңдар? Бұл суретте
бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып
жатыр. Бұл қандай бала?
-
Ал,мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар құстарға ұя жасап, талға іліп
қойды. Бұл балалар қандай балалар?
-Мына
суретке қараңдаршы, мұнда үлкен бала
өзінен кіші баланы ұрып жатыр. Бұл бала
қандай?
-Келесі
суретте не көріп тұрсыңдар? Үлкен бала
кішкентай балаға доп беріп жатыр. Өзі
қандай бала екен?
-
Жарайсыңдар балалар, сендер жақсы мен
жаманды ажырата аласыңдар.
Билингвальды
компонент:
Жақсы
деген сөз орыс тілінде «хорошо», деп
айтылады.
Ал
жаман деген сөз, «плохо» деп айтылады.
Жақсы
бала - хопоший
мальчик
Жаман
бала – плохой
мальчик
-Балалар,
мен сендермен ойын ойнағым келіп
тұр.
«Ия,
жоқ» ойыны
Мен
бәріне әрқашан,
Көмектесуге
дайынмын
Осындай
іс болғанда
Мен
әрқашан деймін ия-ия-ия!
Үлкендерді
сыйлаймыз ба?
Ағаш
отырғызамыз ба?
Анамызға
көмектесеміз бе?
Балаларды
ұрамыз ба?
Інімізді
киіндіреміз бе?
Мысықты
бағамыз ба?
Құсқа
жем саламыз ба?
Ауланы
ластаймыз ба?
Гулге
су құямыз ба?
Ұяны
бұзамыз ба?
Жақсылық
жасаймыз ба?
-Әже
көрдіңіз
бе,
біздің балалар өте әдепті, мейірімді,
кішіпейілді. Сізің
әкелген тапсырманын бәрін
орындадық.
Жарайсыңдар
балалар, сендер ақылды, әдепті екенсіңдер.
Сендерге көп рахмет. Мен қайтайын, сау
болыңдар!
Тәрбиеші:-Сау
бол, Әже.
бізге
қонаққа келіп тұр.
-Балалар,
бүгін бізге қонаққа кім
келді?
-Балалар,
сендер қандай баласыңдар?
-
Балалар, қонақтармен не деп қоштасамыз?
Сау
болыңыздар!
Балалар
шеңбер болып тұрады.
-Сәлеметсіз
бе!
Балалар
бір - біріне деген жылы лебіздерін
білдіреді.
қайырлы
таң, әрқашан күн сөңбесін, аспан ашық
болсын, бәріміз аман болайық, деніміз
сау болсын, дос болайық, тату болайық,
нанымыз көп болсын, т.б.Өз ойларын айтады.
Сабақты қорытындылау Мадақтау
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Менің отбасым
Өткізген: Саматова Г С
Білім
саласы:
Қатынас
Ұйымдастырылған
оқу іс - әрекет бөлімдері:
Көркем әдебиет, Тіл дамыту.
Тақырыбы:
Менің отбасым
Мақсаты:
Отбасы
туралы түсінік беру, Әр балаға өз отбасын
қадірлеуге, сыйлауға үйрету.Отбасы
мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы
сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы
тақпақтарды жатқа айтқызу, «Кім жоқ»
ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын
білуге үйрету.
Есте сақтау, көру,
ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін,
қиялын, қызығушылығын дамыту, зейінін
шоғырландыру. Үлкендерді құрметтеуге,
сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс
- тәсілі:
Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу,
суретпен жұмыс.
Көрнекілігі:
Отбасы суреті, үй, дидактикалық
материалдар.
Іс
-әрекет кезеңдері:
Тәрбишінің
оқу іс - әрекеті.
Баланың
іс - әрекеті.
Мотивациялық
қозғаушысы.
Сәлемдесу
– тәрбиенің басы,- деп қонақ апайлармен
амандасу.
Шаттық шеңбер.
Бақыт -
біздің сиқырлы шеңберіміз!
Бақыт -
біздің достарға сенгеніміз!
Бақыт -
біздің жарқын болашағымыз!
Бақыт
біздің тату – тәтті
отбасымыз!
Бақыт
біздің бала бақшаға келгеніміз!
Ұйымдастырушы
оқу іс - әрекет
Балалар
қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
Қыс
мезгілі қандай болады?
- Салқын, қар
жауады, адамдар жылы киінеді, аяз болады,
боран соғады, шанамен бала бақшаға
келеміз.
Өте жақсы біледі
екенсіңдер.
Іздену
ұйымдастырушы.
Суреттермен жұмыс.
Біз бүгін отбасы
туралы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз
бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар.
Олар ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні,
қарындас бір отбасында тұрады. Біздерге
үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі
қажет. Ата мен әжелер демалыспен
тыныштықты ұнатады.
Ғажайып сәт:
Балалар бізге көрші ауылдан ата мен әже
келіпті! Кәнекей, қарсы алайықшы!(Ата
мен әже еңкейіп келе жатады.) Ата мен
әжеге амандасу.
- Ер балалар!
Ассалаумағалекум, ата! Сәлеметсіз бе,
әже? – деп қарсы алады.
Ата мен әже:
Ал, балалар! Қандай өнерлерің бар? Біз
соны көрейін деп келдік.
Балалар:
ата, әже біз сіздерге әдемі отбасы туралы
тақпақ айтып береміз.
Ата мен әже
балаларға мақал - мәтелдерді айтып
түсіндіріп береді.
Балалы үй – базар,
Баласыз үй – мазар.
Ата тілін алмаған
ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан
без.
Рахмет әже біз үлкендердің
айтқанын тыңдаймыз ақылды бала болып
өсеміз.
Сергіту сәті: Бас бармағым
атам - үйдің данасы,
Балан үйрек әжем
– ошақ анасы,
Ортан терек әкем – отау
панасы,
Шылдыр шүмек шешем – шаңырақ
ажары,
Кішкентай бөбек мен - бәрінің
базары.
Фонетикалық жаттығулар. Хор
мен қайталау:
А – а - а - ата.
Ә
- ә - ә - әже
Ә - ә - ә - әке
А – а – а –
ана
Жеке
балалармен жұмыс:
Отбасы суреттері бойынша әңгіме
құрайды.
- Мынау менің атам,
Мынау
менің әжем,
Мынау менің әкем,
Мынау
менің анам,
Мынау мен өзім
Мереймін!
Дидактикалық
ойын: « Кім жоқ?»
Үйдің ішіне (ата,
әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп
қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар
кім жоқ екенін айтады. (өздері
орналастырады.)
Рефлексивті
Коррекциялаушы:
Балалар
біздер бүгін кімдермен таныстық?
-
Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне
кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке,
ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз
қандай отбасымыз?
- Біз бақытты
отбасымыз
Біз қай елде тұрамыз?
-
Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы,
балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы
кіші Отаның. Сол Отанда тату – тәтті
өмір
сүру үшін туысқандардың, әсіресе,
бауырларыңмен бір - бірің мен тату
болыңдар.
Ата мен әже балалар бізге
көмек керек, ұмытып кетіппіз екеуміздің
құралдарымыз қосылып кетіпті осы
заттарды ажыратып беріңдерші.
Кане,
балалар! Ата мен әжеге көмек берейік.
Ата мен әже құралдарын бөліп беру.
Ата
мен әже көп – көп рахмет, балалар сендер
тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін
азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің
айтқанын тыңдаңдар. Бұл
балабақша сендердің
екінші үйлерің балалар! Ата мен әже
мадақтап балаларға сыйлықтарын таратадЫ,
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым
Өткізген: Саматова Г С
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ
Білімділігі: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .
Дамытушылық :Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік қорларын дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Пән аралық байланыс : Қоршаған орта , көркем әдебиет .
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері , машина,доп,бүктеме, қуыршақ ,слайт.
Ұйымдастыру кезеңі
1 . Шаттық шеңбері.
2 . Қонақтармен амандасу.
3 . Көтеріңкі көңіл күй.
4 . Ертеңгілік жылы лебіздер
5 . Өткен іс – әрекетті еске түсіру
6 . Жаңа оқу іс – әрекетімен танысу
7.Жыл мезгілдерін сұрау.
8 . Сурет бойынша жұмыс
Сұрақ - жауап
Жұмбақтар
11. Дидактикалық ойын « Жалғасын тап »
12 . Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ » өлеңін оқып беру
13 Сергіту жаттығуы .
15 . Мазмұнды – рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені »
16 . Шығармашылық жұмыс
17 . Қорытынды
18 . Қонақтармен қоштасу .
Ұйымдастыру .
Тәрбиеші:Қайырлы күн балалар !
-Балалар , бүгін бізде ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар: Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
Тәрбиеші: Балалар , қане , бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар: Шаттық шеңберге тұрады .
Бәрі бірге қосылып айтады .
Шаттық шеңбері;
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Тәрбиеші; - Балалар өткен оқу іс- әрекетті еске түсірейікші .
Өткен оқу іс- әрекетте біз « Қысқы киімдер » тақырыбын өткенбіз.
Қысқы киімдерге тоқталып ,балалардан сұрау .
Балалар бүгінгі жаңа оқу іс- әрекетіміз «Қатынас» білім саласы тіл дамытудан «Менің сүйікті ойыншығым » тақырыбын өтеміз.
-Балалар қазір қандай мезгіл ?
Балалар: көктем мезгілі.
Тәрбиеші : дұрыс айтасыңдар !
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар : үш ай бар . Наурыз ,сәуір , мамыр .
Тәрбиеші :жарайсыңдар балалар !
Сұрақ - жауап:Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?
-Қандай ойыншықтарың бар ? --Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар: жауап береді.
Тәрбиеші : Балалар , мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар : Олар - ойыншықтар .
Тәрбиеші : Ойыншықтармен не істейді?
Балалар : Ойыншықтармен ойнайды .
Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар: доп. Тәрбиеші: доптың пішіні , түсі қандай ?
Балалар:жауап береді.
Тәрбиеші Доп туралы кім тақпақ біледі? Балалар: 1. Топ –топ добым домалақ ,
Қайда кеттің домалап .
Бір ,екі деп екі ұрдым ,
Шатырға сен секірдің .
Добым ,добым домалақ
Тоқтамайсын домалап,
Үстел үстін бүлдірдін
Тәрелкені сындырдың
Тентек болып кеттін деп ,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Тәрбиеші: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар : қуыршақпен .
Тәрбиеші : -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың әдемі шашы , әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?
-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді ?
-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар : машинамен ойнайды .
Тәрбиеші : Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі ?
Балалар : Үлкенмін ғой міне мен ,
Ойыншықтарды жинаймын .
Машинаға мінер ем ,
Кабинаға сыймаймын .
Тәрбиеші: Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді .
Матадан жасалған .
Пластмассадан .
Резинадан жасалған ойыншықтар . Сипаттама беру .
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
Аяғы бар , жүрмейді ,
Аузы бар , күлмейді .
Айнымайды бөпемнен ,
Тек сөйлеуді білмейді . ( қуыршақ )
Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )
Дидактикалық ойын : « Жалғасын тап » .
Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды .
-Менің ойыншығым ............. / әдемі /.
-Мен қуыршақпен ................/ ойнаймын/ .
-Допты жоғары .................... / лақтырдым / .
Р . Тышқанбаевтың «Қуыршақ » өлеңін оқып беру .
Сөйлемейсің сен неге ,
Тілің жоқ па , қуыршақ ?
Жуынбайсың сен неге ,
Кірің жоқ па , қуыршақ ?
Аяғың бар , сен неге ,
Жүре алмайсың , қуыршақ ?
Жұмсағанда сен неге ,
Тіл алмайсың , қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің ,
Аңқаусың ба , қуыршақ ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба ,қуыршақ ?
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян ,
Естіп қалып сыбдырды .
Ойлы – қырлы жерлермен ,
Ытқып –ытқып жүгірді .
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің .
Ойын ; « Ғажайып қорапша ». ( ішінде асық)
Ойын шарты ; көздеріңді жұмып қоржыннан кез -келген ойыншықты аласыңдар . Алған ойыншықтарыңның атын , түсін , қатты , жұмсақ екенін айтып , жақсы мейірімді тілек білдіресің . Мысалы: мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Мазмұнды - рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені ».
Мақсаты : Сөйлемді толық құрауға үйрету , ойлау қабілеттерін дамыту .
Мамандыққа баулу , яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету .
Ойын шарты : 1- бала –сатушы , 2-бала – кассир , 3-бала –тексеріп , қарап алушы . Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз керек . « рахмет ! қош келдіңіз ! »деген сөздерді пайдалану ( 2 – 3 рет балалардың орындарын ауыстырып ойнату ).
Шығармашылық жұмыс.
Қорытындылау .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген