400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші кіш ітопқа арналған ұйымдастырылған оқу әрекетніің конспектісі . тәрбиешілер мен педагогтарға үлгі ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.09.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Үй саламыз» Ю.Кугач «Отбасы»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды сүйіспеншілікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды Ю.Кугачтың «Отбасы» суретімен таныстыру. Отбасы мүшелерінің бір- біріне қатынасы туралы білімдерін арттыру. Техникалық дағдылар мен біліктерді игерту.

Оқыту: Геометриялық пішіндердің көмегімен үйдің суретін салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, карточкалар

Билингвалдық компонент: Отбасы-семья, ана-мать, әке-отец

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тақпақ оқу.

Әкем менің қауыншы

Анам менің сауыншы

Бәрі, бәрі жұмыста

Мен боламын бақшада

Достарым бар қаншама!

2.Негізгі бөлім:

Слайд бойынша отбасы туралы әңгімелесу.

Өз отбасының мүшелерін атау.

Қылқаламмен дөңгелек, сопақша пішіндерін салу арқылы отбасының суретін салып көрсету.

Санамақ айту: «Басбармағым анам»

Ауада пішіндерді салу ұсынылады.

Енді отбасының суретін салу ұсынылады.

Сергіту сәті.

Балдырғандар тұрыңдар,

Беттерінді жуыңдар.

Шаштарыңды тараңдар,

Киімдеріңді киіңдер.

Бақшаға барыңдар,

Орындарыңа отырыңдар

Суретті салыңдар.


3.Қорытынды

Балалар біз бүгін қандай сурет салдық?

Самир айтшы сен кімдерді салдың?

Балалар сендерге кімнің суреті ұнады? Мақтап, мадақтау.







Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 12.09.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Түрл-түсті қарындаштарды пайдаланып сурет салудың техникасын жетілдіру

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, шарлар.

Билингвалдық компонент: Түрлі-түсті шарлар- цветные шары

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тақпақ оқу.

Қызыл, сары, көк шар,
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқиды,
Әніміз шалқиды.
Қызыл,сары, көк шар,
Қолымызда көп шар.
Айдаймыз, күндейміз,
Ойнаймыз, күлеміз!

2.Негізгі бөлім:

Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.

-Балалар, қарандаршы, бұл не?

-Ашып көргілерін келе ме?

-Шардың түсі қандай?

-Сиқырлы шар бізге сиқырлы әлемнен қонаққа келіпті. Шарымыз біздермен ойын ойнағысы келіп тұр.Ол үшін оған серіктес достары керек. Олай болса бәріміз қарайық.

-Балалар, айтындаршы, шардың пішіні қандай?

-Бүгін біз трафарет қағаздың көмегімен шарды бейнелейміз.

Сергіту сәті.

Күн болып жайнайық,

Су болып ағайық.

Терең-терең дем алып,

Жүгіреп-жүгіріп алайық.


-Өз бетінше жұмыс.

Түрлі-түсті шардың суретін салады.

3.Қорытынды

Жақсы сурет салған балаларды мақтау, мадақтау.





Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 19.09.18 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Дені саудың-жаны сау»

Тақырыбы: « Дене шынықтыруға арналған заттар»

Мақсаты:

Тәрбиелік:. Қарапайым заттарға деген қызығушылықтарына тәрбиелеу

Дамытушылы Қағаз бетіне заттарды бейнелеуде біліктерімен дағдыларын қалыптастыру

Оқыту: Тіке сызықтарды әр түсті гуашьпен салуға, жұмысты таза орындауға үйрету

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,бояу,қылқалам

Билингвалдық компонент: денсаулық-здоровье,шынығу-тренироваться

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Денсаулық, салауатты өмір салты жайлы әңгімелесу.

Тақпақ оқу:

Денсаулық –бұл шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі. 

2.Негізгі бөлім:

Денсаулығымыз мықты, ауырмау үшін – шынығу керек.
    Ертеңгілік жаттыгу жасау керек.
    Тазалық ережесін ұстану керек.
    Спортпен шұғылдану керек.

Балалар суреттерг қарап, дене шынықтыруға арналған заттармен танысады. Не үшін керек екенін біледі.

Ал енді, балалар, біз осы заттарды саламыз және бояймыз.

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жаттайды


1.Тазалық — саулық негізі, 

Саулық — байлық негізі. 

2. Қимыл шынықтырады, 

Ұйқы тынықтырады. 

3.Денсаулық — зор байлық.
Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрышты сыз ауада.



3.Қорытынды

Балалар,біз бүгін не туралы айттық?

Қандай сурет салдық?

Мақтап, мадақтау.











































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 26.09.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: «Үлкен және кішкентай сәбіздер»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды табиғат өнімдерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық дағдыларын, эстетикалық талғамдарын дамыту

Оқыту: Қағаз бетіне сопақша көлемді заттарды бейнелеуге үйрету

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, слайд

Билингвалдық компонент: Алмалар-яблоки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру.

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(Сәбіз)

2.Негізгі бөлім:

«Күз» мезгілінің суретін слайд арқылы қарау. Күз мезгілі туралы білім дерін кеңейту үшін әңгіме жүргізіледі. Балаларға сурет бойынша әңгіме құрату.

–Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Көкөністер туралы сұрақтар қою.

Балалар сәбіздің суретін салады. «Сопақ», «әдемі», «қына сары» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.

Өз бетінше жұмыс.

Педагог сәбіздің суретін салу жолдарын түсіндіреді.

(Баяу ойнайтын әуен қоюға болады) -Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, сәбізді толық бояп шығамыз .Енді қылқаламды жуып, жасыл бояуға салып, сәбіздің сабағын саламыз.

Сәбіздің ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз.

Сергіту сәті:

Қолды үстелге қоямыз,

Саусақтарды санаймыз.

1,2,3,4,5 - 1,2,3,4,5

Екі қолды қос.

(Екі рет қайталауға болады).

3.Қорытынды

- Қараңдаршы, балалар, сәбіздердің әдемі болып шықты (тақтаға балалардың жасаған жұмыстары ілінеді).

Балалар жұмысын талдап мадақтау.

Балалар толық жауап береді. Жеке -жеке жауап алынады. Мысалы: Мен сәбіздің суретін салдым. Сәбіз-көкөніс, ол жерде өседі.




Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.10.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Қош келдің, Алтын күз!»

Тақырыбы: «Алтын күз» И.Левитанның «Алтын күз» суретімен таныстыру

Мақсаты:

Тәрбиелік: Күз әсемдігіне сүйсіне білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Техникалық дағдыларын жетілдіру

Оқыту: Ағашты, ағаштың діңін, жіңішке бұтақты бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, қылқаламдар, бояулар.

Билингвалдық компонент: Алтын күз- золотая осень

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар,бізге бүгін тиін қонаққа келіді. Ол сендерге бейнетаспаны көруге ұсынады.Бейнетаспаны көріп болғаннан кейін педагог балаларға пысықтау сұрақтарын қояды.

2.Негізгі бөлім:

Балалар, бейнетаспада тиін ненің көрінісін көрсетті?

Ормандағы ағаштар қандай, жерде не жатыр, жапырақтардың түсі қандай?

Осы көріністі»Алтын күз»деп атауға болатындығын түсіндіру.

«Қоңыр күз», «алтын күз», «алтындай сары».

Енді ормандағы ағаштардың күзгі көрінісін әдемі сурет етіп саламыз. 

Өз бетінше жұмыс.
Бұл суретті салу жолдарын балаларға түсіндіріп, алдымен көрсету.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел соғады.

Кіп-кішкене ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Тиін балалар салған суреттерді қарап көріп,күз бейнесін әдемі салғандарын айтады. Өзінің досы қоянға апарып беріп, қуантатындығын айтып, қоштасады. 

3.Қорытынды

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, тиінға сыйлайды. Қоштасады.

Балаларды мақтап, мадақтау.












Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.10.18 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Ас атасы-нан»

Тақырыбы: Тәтті тоқаштар А.Ғалымбаева «Дастархан»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әр түрлі тоқаштар салу дағдыларын арттыру

Оқыту: А.Ғалымбаеваның «Дастархан» суретімен таныстыру.Түстерді дұрыс таңдап, дөңгелек,сопақша, түрлі көлемді заттарды бейнелеу дағдысын қалыптастыру

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,түрлі-түсті қарындаштар

Билингвалдық компонент: нан-хлеб,тоқаш-булочка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Дастархан туралы жұмбақ қою
Балалар жұмбақтың шешімін айтады.

2.Негізгі бөлім:

Интерактивті тақтадан жайылып тұрған дастарханды көрсету

Балалардан сурет салу керек заттарды дайындауды сұрау.

Жайылған дастарханның суретін балаларға көрсетіп,бүгін біз осындай дастарханның суретін саламыз деп айту

Бұл не?Ол қандай?

Дастарханды салу жолымен таныстыру.

Дастархан үстіндегі түрлі тоқаштарды салу жолымен таныстыру.

Сергіту сәті.

Нан болса ойнап күлеміз, 
Нан болса еркін жүреміз. 
Нан-қасиет, нан-берек, нан-мереке. 

Балалар, сендер қазір өздеріңе  ұнаған  пішінде  тоқаштардың суретін саласыңдар. 

Орындарына  барып  әр түрлі  пішіндерді бастыру әдісімен  тоқаштарды салады.)

Тәрбиеші балалардың суреттерінен көрме жасайды.

3.Қорытынды

 Балалар  бүгінгі оқу іс-әрекетіміз  сіздерге ұнады ма?

Сабақты қорытындылау. Жақсы бейнелеген балаларды мадақтау.











Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 17.10.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Жыл құстары»

Тақырыбы: «Тотықұс»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балалардың құстарға деген сүйіспеншіліктерін

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту

Оқыту: Денесі- сопақша, басы- дөңгелек және қанаттарын келтіре, құсты бейнелеуге үйрету. Техникалық дағдылар мен біліктілікті игерту.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тотықұстың суреті, қылқалам, сүлгі, баяу әуенді күйтабақ.

Билингвалдық компонент: Тотықұс- попугай,түс-цвет.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ:

Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа. (Тотықұс)
2.Негізгі бөлім:

Суретпен жұмыс.

Тәрбиеші тотықұстар туралы әңгімелейді. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалайды.

Өз бетінше жұмыс.

Алдымен сопқша сызып алады, жоғары жағына басы етіп дөңгелек сызамыз, төбесіне айдаршасы салынады, тұмсығы, қанатын денесіне сай етіп саламыз, аяқтарын көздерін саламыз.

Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ боп шұқыйық.

3.Қорытынды

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтап, мадақтау.















Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 24.10.18 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Күз сыйы»

Тақырыбы: «Дәмді алмалар» /заттық сурет салу/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемдігін қабылдауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Техникалық дағдылар мен біліктерін жетілдіру

Оқыту: Дөңгелек пішінді заттарды бейнелеп, оларды қарындашпен бояуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,түрлі-түсті қарындаштар

Билингвалдық компонент: алма-яблоко

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

1.Жеміс-жидек туралы жұмбақтар қою.

Ирек - ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар. (Шие)
2.Бұты, бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын. (Жүзім)

3.Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. (Қауын)

4. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

2.Негізгі бөлім:

Балалардан сурет салу керек заттарды дайындауды сұрау.

Алма.Қауын мен алма, жүзім мен алша қарақат, шие, апельсин, қауын мен өрік, жаңғақ пен алмұрт, қарбыз бен қияр, анар мен мейіз.

Дәрігер тәрелкеге салынған алманы әкеледі.

Бұл не?Ол қандай?

Алма.Ол дөңгелек,қызыл

Алманың салу жолымен таныстыру.

Сергіту сәті.

Біз сәбізді тазалаймыз

Қаймақ құйып,дәмдейміз.

Қантты сеуіп сәндейміз

Міне дайын нәр тағам

Дәруменге байыған.

Тақпақ жаттау:

Өрік, алма, шие, алша.

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

3.Қорытынды

Сабақты қорытындылау. Жақсы бейнелеген балаларды мадақтау. Дәрігер апайды шақырып көрсету, рахметін айтып баға беру.


Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 31.10.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: «Табақты әшекейлеу» /қазақ ұлттық ою-өрнегі/ сәндік сурет/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Дербес тәжірибелік әрекеттерге байланысты эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту

Оқыту: Түрл-түсті қарындаштарды пайдаланып сурет салу

техникасын жетілдіру

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер

Билингвалдық компонент: Әшекейле-украшение, ою-өрнек-орнамент

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Слайд бойынша жұмыс. Ыдыстарды қарау. олардың әшекейлеріне көңіл бөлу.

2.Негізгі бөлім:

-Балаларға табақты көрсету.

Бұл ыдыс қалай аталады?

-Ал табақтың несі бар?

-Ол оюды қалай ойлайсындар қазақ ұлттық оюларға ұқсайма?

-Ия ұқсайды қазақтың ұлттық оюына.

Өз бетінше жұмыс.

Сергіту сәті:

Қылқаламды қоямыз,

Орнымыздан тұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығуды жасаймыз.

Дөңгелек салу, табақтың жан-жағына толқын, нүкте салып арақашықтығын сақтау.

3.Қорытынды

-Біз бүгін нені әшекейледік?

-Қандай ою-өрнекті пайдаландық?

-Ал қандай түстерді пайдаландық

Балалардың жұмыстарынан көрме жасау.

Балаларды мақтап-мадақтау.














Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.11.18 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы: «Мысық»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балалардың жануарларға деген жанашырлық, қамқорлық

сезімдерін тәрбиелеу

Дамытушылық: Түстерді, композицияны сезуді дамыту

Оқыту: Жануарлардың суретін, тұлғасының

горизонталды қалпын және денемүшелерінің құрылымын көрсетіп, салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: мысықтың суреті, дыбысы.

Билингвалдық компонент: мысық-кошка, сопақша-овал.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Мысықтың дыбысын естірту.

Балаллар естіңдерші ненің дыбысы шығып жатыр?
Балалар мұқият естіп,сұраққа жауап береді.

-Мысықтың дыбысы

2.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші мысық туралы слайд бойынша жұмыс жасайды.

Мысықтың қимылын қайталап, қалай дыбыс шығаратынын көрсету ұсынылады.

Мысықты суретке салу жолдарын көрсету:

Алдымен сопқша сызып алады, жоғары жағына басы етіп дөңгелек сызамыз, басына екі жаққа үш бұрыш құлақтарын салынады, мұрыны, ауызын, мұрттарын, аяқтарын дөңгелек етіп саламыз, көздерін саламыз.

Балалар көргендері бойынша әңгімелеп береді.

Балалар қимылды қайталайды, «мяу»- деп дауысын салады.

Балалар мұқият қарап алады.

Балалар мұқият қарап, тыңдайды.

Сергіту сәті.

Мысық сүтке тояды

Қарнын сипап қояды

Жүрісі оның баяу

Дейді мысық мяу-мяу.

3.Қорытынды

Балалардың жұмыстарына талдау жасалады. Жұмыстарды көрмеге іледі











Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.11.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Жабайы жануарлар әлемі»

Тақырыбы: «Қоянға арналған сыйлық»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Жануарлар әлеміне қорған болу сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық дағдылар мен эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Сопақша пішіндерді салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, ойыншық қоян

Билингвалдық компонент: Қоян-заяц, сәбіз-морковь

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар, бүгін бізге қонақ келеді.Ұзын құлақты, бадырақ көзді.Ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы –сәбіз.Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар,ол-қорқақ қоян.Ал бәріміз бірге оны ортаға шақырайық.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Қызығушылығын туғызу.

Ол-қоян.

2.Негізгі бөлім:

Хормен: «Қоян ортаға кел».

Ғажайып сәт.

Біраз уақыттан соң қоян кіріп келеді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Балалар,оны сипап көрейікші,оның тоны қандай?

-Ол несімен ерекше?

-Оның құлағы қандай?

-Ал мынау несі?

-Оның құйрығы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар.Қоянның құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады.Қоян тағы не істейді?

-Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз.

Сергіту сәті.

Ұзын қоян сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

-Мұнда не жасырып қойды? Себеттің ішінде не бар екенін көрейік.

Себеттің ішінен көкөністерді біртіндеп шығарып, балаларға түсіндіру.

-Бұл не?

-Ол үлкен доп тәрізді көлемде, жасыл, көп қабатты.

-Ал мынау не?

-Ол кішкене көлемді, дөңгелек, қызыл түсті.

-Ал мынау не?

-Бұл үлкен, ұзын, қызыл сары түсті.

-Ал мынау көкөніс қалай аталады? Оны қоян бізге сыйға әкелген.

-Ал, енді қоян бізбен ойын ойнайды. Ол өзіне қатты ұнайтын көкөністерді жасырады, ал сендер оның қандай көкөністі жасырып тұрғанын табуларын керек.

Қырыққабат.

Қызанақ

Сәбіз.

Өз бетінше жұмыс.

-Қоян қандай көкөністі ұнатады деп ойлайсыңдар?

Жұмысты орындаудың ретін түсіндіру.

Балалар үлгіге қарап суретсалады.

3.Қорытынды

-Балалар, бізге қонаққа не келді?

-Ал қоян қандай көкөністі жақсы көреді?

-Ал сендерге қандай көкөніс ұнайды?

-Қоян сендерге рақмет айтып, сау болыңдар қоштасуда.

Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтап, мадақтау.




































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 21.11.18 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемдігін қабылдай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Техникалық дағдылар мен біліктерін дамыту

Оқыту: Көлемі бірдей бірақ әртүрлі балықтар-дың суретін салуға үйрету. Бояу дағдыларын

жетілдіру

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,түрлі-түсті қарындаштар

Билингвалдық компонент: балық – рыба.

Сөздік жұмыс: қауырсын, қанаты, желбезек.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:

Суда өседі,өнеді.

Сыртқа шықса өледі. (Балық)

2.Негізгі бөлім:

- Бүгін балықтартуралы видео қараймыз.

Не көрдіңдер?.

-Ең алғаш балықтар бұдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Балықтың түрлері өте көп. Ең үлкен балық қандай ?.  

Әңгімеге құлақ салып тыңдайды

Үлкен балық-кит

Ал, ең кіші балық Гуппи деп аталады. Балықтардың түстері қандай?

Кішкентай балық-гуппи

Балықтардың түрі,пішіні әртүрлі болады екен.

Балықтар қайда өмір сүреді?

Оның денесінде не бар?

Денесінің пішіні қандай?Оларға жүзу үшін не көмектеседі?

Балықтар бізді көре ме?

Ал біздің топта балықтар қайда мекен етеді?

Аквариумның түбінде не жатыр? Олар не үшін қажет??

Оның денесінде қабыршығы бар.Басында желбезегі бар,ол оның тыныс алуына қажет.

Бізді көреді,себебі оның көзі бар.

Жүзу үшін құйрығы көмектеседі.

Топтағы балықтар аквариумда тіршілік етеді.

Түбінде тастар мен шөптер бар.

Олардың арасына балықтар тығылады.

Біз бүгін аквариумдағы балықтардың суретін саламыз.

Сергіту сәті.

Балықтар суда жүзеді

Жиырлады,созылады.

Құмға тығылады.



3.Қорытынды

Балықтардың тіршілік ететін жері?Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін белсенді қатысқан балаларды атап, мадақтау.













































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.11.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Алақай, қыс келді!»

Тақырыбы: «Қар бүршіктері»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қыс мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту, сурет салу дағдыларын арттыру

Оқыту: Қар бүршіктерін бейнелей білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қыс мезгілінің, қардың суреті, бояу, қылқалам.

Билингвалдық компонент: Қар-снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:

Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар көлбеңдеп.

Ақ жұлдызша себелеп,

Ұстатпайды, не керек ? (Снег)

2.Негізгі бөлім:

Суретпен жұмыс.

Қар қиыршығын алақаныңа салып, оған жақсылап қарашы. Иә, олар тез еріп кетеді, себебі олар бар болғаны мұзға айналған су түйіршіктері ғана ғой. Дегенмен, сенің көріп үлгергеніңді ғажайып деуге болады. Бірде-бір қиыршығы бір-біріне ұқсамайды және олар өте әдемі!
Сергіту сәті:

Әппақ, әппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр далада.

Әппақ дала, барлық бала,

Қуанып жүр далада.


Өз бетінше жұмыс.

Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз.

Қарды салғанда оңнан солға қарай сынық, түзу сынық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз
Жұмыс барысында балаларға жалпы және жеке көмек беру. Ұқыпты, таза жұмыс істеуге назар аударту.
3.Қорытынды

Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді. Балаларды мақтап, мадақтау.










Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.12.18 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар,таңдай біл де,кәсіп қыл»

Тақырыбы: «Қамзолды әшекейлеу» /оюды киімнің жиегіне салу/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Тігіншінің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу

Дамытушылық:. Ұлттық мерекелік киімдердіңерекшеліктерін, оюлар элементтері туралы түсініктерін арттыру

Оқыту: Қамзолдытаныс ұлттық оюлармен әшекейлету

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, қылқалам, бояу

Билингвалдық компонент: көйлек- платья

Сөздік жұмыстар: бүрмелі көйлек, қамзол, шапан, ішік, бөрік, тақия.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалардың назарын суретке аудару.

(Назарларын суретке аударады.)

2.Негізгі бөлім:

- Балалар біз қай республикада тұрамыз?

(Қазақстан республикамында тұрамыз.)

-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

(Орыс, қырғыз татар, өзбек, украин т.б.)

Дұрыс айтасындар. Ендеше, біз бүгін қазақтың ұлттық киімдер көрмесін тамашалайық.

(Тамшалап қарайды.)

Балалар, әр халықтың өзінің ұлттық киімі, тілі, салт- дәстүрі, ұлттық құндылықтары бар екенін білесіңдер. Біздің халқымыз өзінің ұлттық киімдерімен ерекшеленеді. Біздің ұлттық киімдерімізге бүкіл әлем таң қалып, қызығады. Оның әсемдігіне тамсанады.Ұлттық киімдерің түрлері көп.

- Мынау қандай киім, кім айтады?

(Бұл көйлек.)

- Мынау, көйлектің сыртынан киетін камзол.

Камзолдың түсі қандай?

(Камзолдың түсі қызыл)

Сергіту сәті.

Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі.

Жарасады бөркіме,

Үкілерім үлпілдеп.

Камзол кием қынай бел,

Толған ою, өрнекке.

Білегім мың бұралып,

«Қамажайға» қалқимын

Балалар бүгін біз камзолды әшекейлейміз.

Суретті салу жолын көрсету, түсіндіру.

Балаларға сурет салу ұсынылады

Балалар мұқият қарап алады.

Қамзолды әшекейлейді.

Балаларсурет салады.

3.Қорытынды

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Сонымен бүгін нені әшекейледіңдер?

Қандай ою-өрнектерді қолдандыңдар?

Балаларды мақтап- мадақтау.








































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 12.12.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Жайнай, бер Қазақстан!»

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық:Техникалық дағдылар мен біліктерін дамыту.

Оқыту: Сурет салуда түстердің үйлесімділігіндұрыс таңдауға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, қылқалам, бояу

Билингвалдық компонент: От шашау-салют

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Үнтаспадан мерекелік әнұранды тыңдау.

-Балаларға қыс мезгілі туралы сұрақтар қою.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Қыста адамдар қалай киінеді, қандай киім киеміз?

2.Негізгі бөлім:

Отан деген не?

«Отан» туралы тақпақ оқу.

Біз Отанның гүліміз,

Туған жердің нұрымыз.

Тәуелсіз біздің еліміз,

Қазақстан бай жеріміз.


-Балалар біздің ұлтымыз- қазақ.Отанымыз Қазақстан Республикасы. Педагог балаларға қазақ елінің барлық мерекелерін атап береді.Қазақстанның егемендік алған күні - 16 желтоқсан Қазақстандықтар бұл күнді асыға күтіп, тойлайды. Бұл ең үлкен мерекелердің бірі. Сондықтанда бұл мерекелерде отшашулар болады. Бүгін біз осы мерекеде болатын отшашуды саламыз.Ол үшін үлгі суретті қараңдар. Педагог салу жолдарын көрсетеді. Мерекелік отшашуды түрлі түспен бояймыз, сөйтіп өзімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз.

Сергіту сәті.

Күн болып ағайық,

Мөлдір су болып ағайық,

Гүл болып жайнайық,

Терең-терең дем алып,

Жүгіріп-жүгіріп алайық.

Өз бетінше жұмыс жасау.

Балалар өз бетінше салады.

3.Қорытынды

Балаларды мақтап, мадақтау. Жұмысын қадағалап,ең жақсы салған балаларды атап көрсету. Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.





Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 26.12.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Қош келдің,Жаңа жыл»

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қыс қызығын қызықтай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығар-машылық қабілеттерін дамыту. Дөңгелек бөлік-тердің орналасуын олар-дың көлеміне байланыс-ты бейнелену дағдыла-рын қалыптастыру

Оқыту: Дөңгелек салу техникасын, көлемі әртүрлі дөңгелектерді салуғажаттықтыру

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, қылқалам, бояу

Билингвалдық компонент: аққала-снеговик,қар-снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға қонаққа Марғау келеді. Ол өз ауласындағы балалардың өзінен Аяз атаға хат апарып беруді өтінгенін айтады.Олар үйдің алдына бір таңғаларлық бір нәрсе құрастырыпты.Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар,қардан не қалады?

(Толық жауап бере отырып, өз ойын айтады).

-Мүмкін, мынаны салған шығар, қарашы. (аққаланың суретін көрсетеді)

(Марғау аққаланы көргенде қуанып кетеді.)

2.Негізгі бөлім:

Үлгіні қарап көру. Аққала неше бөлік шеңберден құралған? Оның неше қолы бар? Басына тағы не ойлап табуға болады?

.Жуан қылқаламға ақ бояуды іліп аламыз жоғарыдын пішінді төменге созу арқылы саламыз

Шеңбердің ішкі жағын дөңгелек жағыстармен бояймыз.

.Қолдарын – кішкене ұзынша сопақтарды саламыз.

Қара бояумен көздерін,саламыз

Қызғылт сары бояумен бөкебайын саламыз.

Сергіту сәті.

Аққаламен бірге жасайық.

Боран соғып он жақтан

Боран соғып сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтер қолға.

Балаларға сурет салу ұсынылады.

(Балалар үлгі бойынша сурет салады.)

3.Қорытынды

Балалар кімнің суретін салдық?

Көрме ұйымдастыру. Балалар кімнің суретін салдық?










Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.01.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Аңдардың қысқы тіршілігі»

Тақырыбы: «Ақ қоян»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балалардың бойында аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Негізгі түстермен және олардың реңктерімен, қағаз бетін бағдарлап, сурет салу тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру

Оқыту: Қоянның дене бітімі құрылысын сәйкес-тендіріп,пропорцияларды сақтап, бейнелеугеүйрету

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: слайд, үлгі сурет

Билингвалдық компонент: ақ-белый, қоян-заяц

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тақпақ оқу.

Ақ қоян-ау, ақ қоян

Үркек қоян, сақ қоян

Қаша берсең осылай

Қорқағым деп ат қоям.

Балалар өлең не туралы айтылған?

2.Негізгі бөлім:

Балаларды ақ қоянның дене мүшесімен таныстыра отырып, әңгімелеуге үйрету.

Слайд бойынша жұмыс.

Тәрбиеші суретті салу жолын көрсетеді.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді


Сурет салу ұсынылады.

Қорытынды:

-Балалар бүгін сендер немен таныстыңдар?

-Қоян қандай?

-Ненің суретін салдыңдар?

-Жасалған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.












Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 16.01.18 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет»

Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»

Тақырыбы: «Торғай»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балалардың құстарға деген сүйіспен-шілік сезімдерін тәрбиелеу

Дамытушылық: Техникалық дағдылар мен біліктерін дамыту

Оқыту: Құстың бейнесін бейнелеуге үйрету. Сурет салудың техника дағдыларын жетілдіруді жалғастыру

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, карточкалар

Билингвалдық компонент: Құс-птица, торғай- воробей

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ шешу:

Шиқ-шиқ еткен дауысы бар

Бірақ қалықтап ұшады (Торғай)

Өлең оқу

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар! Мағынасын түсіндіру.

2.Негізгі бөлім:

Балалар сендер торғайды білесіңдер ме?

Торғай кішкентай болса да қыстан қорықпайтыны, оның жүні жылы екенін айту.

Слайдпен жұмыс.

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.
- Қыста қыстап қалған құстарды білесіңдер?
Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.

Қыста құстарға адамдардың көмегі қажет екенін, қамқор болу керек екенін

ескерту.

Құстардың қарны ашпас үшін «жем шашады» (суретін салады).
Суретті салудың ретін түсіндіріп, тақтаға салы көрсету.

- Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.

Балаларға үлгіге қарап торғайдың суретін салу ұсынылады.

Өз бетінше жұмыс.
Сергіту сәті.

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

3.Қорытынды

Торғай қандай құс? Дене мүшелерін атаңдаршы? Суреттерін көрмеге қойып, қай сурет әдемі салынғанын балаларға таңдату. Жақсы, таза салынған суреттерді мақтап, мадақтау.









































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.01.19 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.

Өтпелі тақырып: «Қыс қызығы»

Тақырыбы: «Қысқы пейзаж»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қарапайым қысқы табиғат құбылыстарын қабылдауға тәрбиелеу

Дамытушылық:Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, бейнелеу дағдыларын дамыту.

Оқыту: Балаларды қиын емес сюжетті суретте көрсете білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта,

Билингвалдық компонент:табиғат-природа

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Мотивациялық қозғаушы

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Оны қайдан білдіңдер?

Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Қыс мезгілінде неше ай бар? Кім атап береді?

Балаларға тақпақ оқып беру.

«Суретші қыс».     К. Нүсіпов.

Қонақтайды  бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық,

Аунап таза  ақ қарға

Балалар  жүр мақтанып.

Тазартып  бар кір шаңын

Қыс өнерін бастады,

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

Тақпақ не туралы?

2. Негізі бөлімі: Ұйымдастырушы-ізденуші кезеңі

(Балалардың назарын бейнежазбаға аудару.)

Балалар бейне жазбада не көрдіңдер?

Жыл мезгілі қандай?

Жерде не жатыр? Ағаштар қандай?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

Балалармен қыс пейзажын салу. Салу барысын айту.

Керекті құрал-жабдықтарды түгендеп, атап кету.

Саусаққа арналған ойын: «Жұдырық, тақтай, алақан»

Балаларға көмектесі. Жасап жатқан жұмыстарды бағалау. Кішігірім көрме ұйымдастыру.

3. Қорытынды:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Біз не салдық?

Бейне жазбада не көрдіңдер?

Қыс пейзажы сендерге ұнады ма?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау, мақтау.


Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 30.01.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет

Өтпелі тақырып: «Көліктер»

Тақырыбы: «Арба»

Мақсаты: Көліктің бір түрі – арбаны дұрыс қолдануға тәрбиелеу. Тіктөртбұрыш, дөңгелек пішінді заттар туралы білімін дамыту. Құрылысын, негізгі бөліктерін бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, суреттер, слайд.

Билингвалдық компонент: арба-повозка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ:

  1. Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар? (Жол)

  2. Ербегей де сербегей, Иесіз үйге кірмегей, Атсыз сірә жүрмегей. (Арба)

  3. 2. Негізгі бөлім:

Интерактивті тақтадан арбаның суретін көрсету. Оны қайда және қалай қолдану керек екенін түсіндіру.

«Арба» - жол жүруге, жүк тасуға арналған ескі көлік түрі. Оны жылқыға немесе өгізге жегеді және онымен жер жыртуға, жүк тасуға болады. Оның 2, 4 дөңгелекті түрлері болады.

Арбаның жүк салатын қорабы, білігі, тертелері, ешбір темір шеге қолданылмастан, тұтастай ағаштан жасалады. Ұста бір жазда 20 арбаға дейін құрастырады. Екі дөңгелекті арба 20-дан 50 пұтқа дейін жүк көтереді.

-Қоларба неше бөліктен түрады? Бөліктерін атаңдаршы.

-Арба әртүрлі болады:атқа жегетін арба, қоларба, ойыншық арба.

-Атқа жегетін арбаны жүкті, шөпті тасу үшін пайдаланады.

-Қоларбаны жеңілдеу заттарды тасу үшін қолданады.

-Ойыншық арбамен не тасимыз?

-балалар қол арба бөліктерін атайды.

-Арбаның өзі,дөңгелегі, ұстайтын сабы.

-Балалар сұрақтарға тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

Ойланады жауап береді.

Сергіту сәті.

Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.

Балалармен арбаның суретін салу. Салу барысын айту.

Керекті құрал-жабдықтарды түгендеп, атап кету.



3. Қорытынды: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

1. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде ненің бейнесін салдық?

2. Арба дегеніміз не?

3. Арбаны неше топқа бөлуге болады?

Балаларды мақтап, мадақтау.














Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.02.19 ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.

Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»

Тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балалардың қиял – ғажайып әлемін сезіне білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Сурет салу техникасын дамыту;

Оқыту: Балаларды негізгі түстермен және олардың реңктерімен, қағаз бетін бағдарлап, сурет салу

тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру. Ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта,

Билингвалдық компонент: ертегі - сказка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушы-ізденуші кезеңі:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

- Қыс айларын ата?

2. Негізі бөлімі:

Балаларға «Қарлы ертегі» тақырыбында видео көрсету. Видеоны балалармен талдау. Қыс мезгілінің бейнесін салуды көрсету. Түстерді қайталау.

Сергіту сәті:

Қане біздің қолымыз,

Міне біздің қолымыз.

Қане біздің қолымыз,

Міне біздің қолымыз.

Мынау біздің алақан,

Мынау біздің қолымыз.

Қолдарымыз билейді, билейді, билейді,

Шаршауды білмейді, білмейді, білмейді.

Саусақ жаттығуы: «Жұдырық, тақтай, алақан».

Балалармен суретін салу. Салу барысын айту.

Керекті құрал-жабдықтарды түгендеп, атап кету.

3. Қорытынды:

1. Бүгінгі ҰОӘ-де ненің бейнесін салдық?

2. Қыс мезгілі туралы тағы нені білесіңдер?

3. Қыс мезгілінің қандай белгілері бар?

Балаларды мадақтау, мақтау.












Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 13.02.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельджина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: «Теледидар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды өз жұмысының нәтижесін көруге білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Сурет салу дағдыларын арттыру, саусақ моторикасын дамыту.

Оқыту:Үлгі бойынша пішін, пропорциясын ескере отырып, сурет сала білуге үйрету.

кейіпкерлерін бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, слайд

Билингвалдық компонент: ертегі-сказка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

- Қыс айларын ата?

2. Негізгі бөлім:

Балалардан теледидар жайлы сұрау және оларға түсінру. Теледидардың түрлерімен таныстыру.

Д\о «Болады немесе болмайды» балаларда экраннан көрсетілген суреттер бойынша әңгіме құрап, олардың дұрыс немесе дұрыс емес екенін сұрау.



Сергіту сәті


Саусақ жаттығуы: Қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын саусақтар арқылы көрсету.

Балалармен теледидар суретін салу. Салу барысын айту.

Керекті құрал-жабдықтарды түгендеп, атап кету. Қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыру.









  1. Қорытынды:

  2. Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

1. Бүгінгі ҰОӘ-де ненің бейнесін салдық?

2. Теледидардың пайдасы мен зияның сұрау?

3. Қыс мезгілінің қандай белгілері бар?

Балаларды мадақтау, мақтау.




























Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 20.02.19ж

Тәрбиеші: Ж.Б.Рахметова

«Кіріктірілген» оқу қызметі: «Сурет». «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Ойыншықтар әлемі»

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншығым» /өз бетінше/ және Ә.Кекілбаев «Доп» /жаттау/ Хрест.

Мақсаты:

Тәрбиелік: Өз жұмысын және басқа балалардың жұмыстарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың логикалықойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту және Сөздік қорына түрлі сөз таптарына /зат есім, етістік, сын есім, үстеу/ жататын жаңа сөздерді дұрыс пайдалануға жаттық-тыру. Балалардың ойыншық түрлері туралы түсініктерін кеңейту, оларды сипаттап, ерекшеліктері туралы айта алуға дағдыландыру

Оқыту:Балаларды сүйікті ойыншығының суретін салуға, пішіні мен бөліктерін сәйкес келістіре білуге үйрету.


  1. Ұйымдасырушылық ізденіс


Тәрбиеші;  -  Балалар   өткен   оқу  іс- әрекетті   еске түсірейікші.  Өткен  оқу іс- әрекетте   біз  

«Телефон»  тақырыбын   өткенбіз. Балалар  бүгінгі    жаңа  оқу іс- әрекетіміз    «Менің сүйікті  ойыншығым »  тақырыбын  өтеміз.
-Балалар қазір  қандай   мезгіл ?
Балалар;  қыс мезгілі.
Тәрбиеші ;    дұрыс  айтасыңдар !
 -қыс  мезгілінде   неше  ай  бар?
Балалар :  үш   ай  бар .  
Тәрбиеші  ; жарайсыңдар   балалар !


Жұмбақ:

« Олардың өз орны бар.

Сен онымен ойнайсын,

Тап- таза оңы ұстайсың «Ойыншық»


  1. Негізгі бөлім

Балалармен ойыншықтар жайлы интерактик тақтамен бойынша жұмыстар жасау /балаларға ойыншықтар туралы мағлұмат беру. Балалар  ойыншықтар  жасалуына  байланысты  бірнеше  түрге   бөлінеді . 
1.    Матадан  жасалған .
2.    Пластмассадан .
3.    Резинадан жасалған  ойыншықтар . Сипаттама  беру .

1-тапсырма: Балалар сурет бойынша әңгімеге араласады


Сұрақ  -  жауап:

Сүйікті  ойыншықтарың  бар  ма?    
-Қандай   ойыншықтарың    бар?                                

--Қандай   ойыншықты  жақсы   көресіңдер?
- Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек?            
Балалар; жауап   береді.   
Тәрбиеші ;    Балалар , мына үстел   үстінде  жатқан  заттар  не?
Балалар ;   Олар-ойыншықтар.
Тәрбиеші ;  Ойыншықтармен    не    істейді?                                                       
Балалар ;    Ойыншықтармен  ойнайды .                     
Тәрбиеші ;    Балалар қараңдаршы  біздің  тобымызда  ойыншықтар  өте  көп,олар   қандай  әсем , әдемі  ойыншықтар . Балалар  мынау  қандай ойыншық?                                                                                            
Балалар;  доп.                                                                                                    

Тәрбиеші;   доптың  пішіні  , түсі   қандай ?        
Балалар ;  жауап  береді .                                                
Тәрбиеші ;  Доптың  қимылы қандай ?                                  

 -Қане бәріміз  допша  секірейікші ?            

- Қыз  балалар  көбіне қандай  ойыншықпен  ойнайды ?
( қуыршақпен ).
-Дұрыс    айтасыңдар .   Қуыршақпен .

-Балалар қуыршақтың   әдемі   шашы  ,   әдемі   көйлегі   бар  екен. 

-Қуыршақтың   көйлегінің     түсі   қандай? 
-Кім  қуыршақты  қалай  ұйықтататынын    көрсетеді ?
-Ал , ұлдар көбінесе  қандай ойыншықпен   ойнайды ? 

(Машинамен  ойнайды) .         
-Ал,  машинаның   түсі   қандай?

Ә.Кекілбаев «Доп» /жаттау/

Доп,доп, доп домалақ,

Тыншымайсың домалап.

Ас құйып ем күшікке,

Үлгермеді ішіпте...

Төңкердің де табағын,

Төгіп кеттің тамағын.

Доп, доп, доп, доп домалақ,

Осы әдетің жаман-ақ.

Тәрбиеші балаларға тақпақты 2-3 қайталап оқып, не жайлы екенің сұрайды?

Сергіту сәті «Видероликпен»

2-тапсырма: «Өздерінің сүйікті ойыншықтарын салу» еркін тақырыпта

Әр баланың сүйікті ойыншықтары болу керегіне түсінік беру. Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалардың өз бетімен, елестете отырып , сурет салуды бастау.
3.Қорытынды: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

1. Бүгінгі ҰОӘ-де ненің бейнесін салдық?

2. Ойыншықтардың түрлерін сұрау?

3. Қыс мезгілінің айларын жәнеде келе жатқан мерекелер жайлы сұрап өту?

4. Сүйікті ойыншықтары жайлы неге жақсы көретінің сұрау?

Киналған балаларға көмек беру. ҰОӘ жақсы қатысқан балаларды мақтау.






























Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 27.02.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сурет»

Өтпелі тақырып: «Мамандықтардың бәрі жақсы»

Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу» /оюды шаршыға салу/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұлттық сәндік- қолданбалы өнер түріне сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Көлеміне байланысты жазықтыққа ою-өрнекті орналастыру заңдылықтарын сақтай білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балаларды тігінші мамандығының қызметімен таныстыру. Орамалдың түсіне сәйкес

бояуды таңдап алып, қазақ ұлттық ою элементімен әшекейлеуге үйрету.

Ресурстармен қамтамасыз ету: ақ қағаз, тасбояу

Билингвалдық компанент: орамал-платок, ою-орнамент

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды (Қамзол, шапан, кимешек). Орамал қазақтың ұлттық киімдеріне жататыны туралы әңгімелейді. Тәрбиеші қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың естеріне түсіреді /киімдердегі ою- өрнектерді көрсетіп, сұрақтар қояды/. «Ирек», «құсқанаты», «тышқанізі». Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар. өрнек шыршаға ұқсайды т.б.

2. Негізгі бөлім:

Ою-өрнек– әр түрлі заттарды әшекейлеуге арналған өрнек-нақыштар. Ою өрнектердің түрі өте көп. Соның бір түрі – қошқармүйіз. Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне үқсайды.

Сергіту сәті:

Саусақпен сыздым ауада,

Қошқарымның мүйізін.

Топ-топ бастым аяқпен.

Өрнектерін киіздің.


Сурет салмас бұрын ережелерді еске түсіріп, қайталайық. Қылқаламды суға көп батыруға, қылқаламды ауызға салуға, суды төгуге, бояуды үстімізге жағуға болмайды!

Бүгін біз суретті трафарет бойынша салуды үйренеміз. Әр балаға қошқармүйіз оюлы қағаз таратылады. Балалар сол бойынша ақ қағаздың шетіне оюды қойып, бояумен бояйды.


3.Қорытынды:

Қазақтың ұлттық киімдеріне қандай киімдер жатады?

Ұлттық музыкалық аспаптарды ата.

Қандай ұлттық ою өрнек түрлерін білесіңдер?

Қандай оюмен таныстық?

Бүгін нені әшекеледік?




Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 6.03.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»

Тақырыбы: «Көктемгі гүлдер»/қызғалдақ, қоңыраугүл/

Мақсаты

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемдігіне сүйсіне білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығармашылық дағдылары мен эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту:Үлгі бойынша сурет салуға үйрету. Қағазбетін бағдарлап, симметрияны сақтауын қадағалау.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, слайд.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық ізденістік
Тәрбиеші балаларға интерактивті тақтаға назар аударуын сұрайды.
Көктем туралы слайд көрсетіледі.
Тәрбиеші балалардан қай мезгілді тамашалағандарын сұрайды.
- Балалар тамашалағанымыз қай мезгіл?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Кім айлардың атауын атап береді?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.

Ғажайып сәт:
Есік қағылады, есіктің алдында гүл толы себет тұрады. Себеттің ішінде бірнеше гүл болады.
- Ой, балалар, гүл толы себет тастап кетіпті.
- Бұл себеттің иесі кім болды екен?
- Бұл гүлдің атауын білесіңдер ме?
(Бәйшешек туралы мағлұмат беру)
Бәйшешек – өсімдік арасындағы ерте оянатын гүлдердің бірі. Оған қыстың суығы мен қары, көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Бірінші екі жапырағы шығады, артынан қоңырау ақ гүл жарады.
- Бұл себеттегі гүлдің күлтешесінің түсі қандай?
Сабағының түсі қандай?
Олай болса қазір біз осы себетті көптеген гүлдермен толтырамыз ия?


— Балалар бүгін бізде сурет оқу іс – әрекеті. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар.

Түрлі – түсті әйбат,

Гүлдер шықты жайнап.

Қызыл – жасыл аймақ,

Қырға шықты ойнап.


-Балалар бұл гүлдер туралы өлең жолдары екен, олай болса балалар, бүгін біз гүлдер туралы әңгімелейміз және бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Әдемі гүлдер» деп аталады.

-Балалар, сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме? Олай болса, жеңіл әуеннің ырғағымен көзімізді жұмып, көктем мезгіліне, гүлдер әлеміне ойша саяхат жасап қайтайық. Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы барлық тіршілік иелерін оятып, қызғалдақтар жер анадан күш алып, жарырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созғандай. Айналамыздың барлығы жап – жасыл шөптер. Қызыл, сары, қызғылт – сары, әдемі жайқалған, құлпырған гүлдер. Гүлдердің қош иісі қандай керемет. Балалар, гүлдердің жұпар иісін иіскейікші. Қандай тамаша! -Балалар, көзімізді ашып, жаңағы ойша саяхаттап қайтқанда көрген гүлдеріміз туралы әңгімелеп берейік. (Слайд арқылы көрсету)

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.


1-әдіс арқылы «Қызғалтақ» суретін салу. Гупкамен басу әдісі

Губканы бояуға батырып,салған суреттің үстіне жағу тәсілі арқылы бояймыз .


«Кардонмен басу әдісі»


2-әдіс «Мыжылған қағаз» арқылы сурет салу әдісі


Қорытынды

Қорытынды ретінде балаларға бірнеше сұрақтар қою

-Балалар бүгін бізде қандай іс – әрекет болды?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Біз қанша әдіс арқылы сурет салдық?

-Сендерге гүлдің суретін салған ұнады ма? Мақтау, мадақтау. 






Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 13.03.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Кіріктірілген» оқу қызметі: Сурет және Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Сүйікті анам»

Тақырыбы: «Анама сыйлық» /өз тәжірибесінен әңгімелеу/ және «Анама суретімді сыйлаймын» / өз бетінше/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Өз аналарына, әжелеріне деген құрмет сезімге тәрбиелеу. Анаға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу

Дамытушылық: Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқалы әртүрлі іс- әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетіліру. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Отбасындағы әже мен ана туралы түсінік беру. Есте қалған, алған әсерлі көріністер туралы айта білуге үйрету. Бейнелеудің қажетті тәсілдерін еске түсіріп өз

суреттерінің мазмұнын ойластыру арқылы

бейнелеуге үйрету.


Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз өте ерекше тіпті қызықты өтпекші.

Жұмбақ:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған!

Ол кім, балалар?

Ол-Ана!Олай болса, балалар, анамызға арнап барлығымыз бірігіп сыйлық жасайық. Сондықтан балалар, көңіліміз көтеріңкі болу үшін, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба балалар, жақсы онда барлығымыз экранға назар аударайық.
Кімнің суретін көріп тұрмыз? Олай болса, «Анамыз қандай?»- деген ойын ойнайық.
Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не керек?
Өте жақсы.
- Ал енді айтайық анамыз қандай?
- Сұлу
- Мейірімді
- Нәзік,
- Анамыз бізге не береді?
- Бізге қамқор болады.
- Сүт береді.
Дұрыс айтасыңдар.
Құшағы ыстық, бірақ күн емес
Өзі нәзік, гүл емес
Және сүйкімді, қоян емес,
Сүт береді, сиыр емес.
Бұл кім екен балалар?

Іздену Ұйымдастырушы
Жарайсыңлар балалар. Балалар АНА деген сөзді бояу керек болса? Қай түспен бояр едіңдер? Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, қамқоршысы. Ананың аялы алақаны, баласын әлдилеп, әлпештеуге жаралған. Ананың балаға деген махаббаты мәңгілік әрі шексіз. Ананы мәңгі қастерлеп, құрмет көрсету, қаморлық жасау – әрбір баланың парызы

-Балалар, бізді өмірге әкелген,мына жарық дүниені сыйлаған кім? 
-Ол-Ана! 
-Аналарымызды бәріміз жақсы көреміз. 
-Балалар,сендердің аналарың қандай? 

1.Анаңды ренжітіп алсаң қалай кешірім сұрар едің?

2. Үйде анаңа қалай көмектесесің?

3.Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

4.Сен анаңды қалай жақсы көресің?


1-тапсырма: Дидактикалық ойын:

« Менің анам.....» ойынын ойнайық.  Балалардың қолдарына жүректер беріп, тақтаға аналарының қандай екенің айтады. Мыс: менің анам өте керемет......
Шарты: балалар аналары туралы мақтау сөздер айтып, күннің шуағын жапсырады.
Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап көрсек, қандай болар екен.
Міне сендер қазір барлығыңда өз аналарыңды елестеткен боларсыңдар.
- Анаң үйде болмаса қандай болады.
- Көңілсіз, ренжиміз, суық болады.
- Ал, үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?
- Жыл мезгілінде аналарға арналған қандай мерекелер бар екен.?


Ой қозғау.

— Сыйлық алуды ұнатасындар ма?

— Сыйлық беру ненің белгісі?

— Сыйлықтың құнын айту керек пе?

— Сыйлық ұнамаса не істеу керек?


2- тапсырма: Дидактикалық ойын: «Гүлді құрастыру» топтық жұмыс.

Шарты: Балаларға 2 немесе 3 бала болып бөлініп, олардың алдарында анаға және әкеге байланысты суреттер бар күлтешелер беріледі. Олар сол күлтешелермен гүлді құрыстырулары керек.


Сергіту жаттығуы:
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Бас бармақ - атам
Балан үйрек – әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкене бөбек – мен

Балалар сергіту сәтінде кімдер туралы айттық?

3-тапсырма: Өз суретімді анама сыйлаймын атты суреттер көрмесін өткізу. Балаларға өз еріктерімен сурттер салуды тапсыру.


Қорытынды:

Балалар біз немен жұмыс жасадық?

Не жасадық?

Кім үшін жасадық?

Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.



Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 20.03.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласынан ұйымдастырылған оқу қызметі: сурет салу

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі-халықта

Тақырыбы: «Сырмақты әшекейлейік» Ә. Қастеев «Киіз үй»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балалардың ұлттық ою- өрнектерге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды қазақ халқының атақты суретшілерімен таныстыруды жалғастыру.Сурет салудың техникалық дағдыларын арттыру.

Оқыту:Сырмақты қылқаламның көмегімен ұлттық ою- өрнек элемент-терімен әшекейлету.

Ұйымдастырушылық кезең:

Қуан,шаттан алақай!

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Балалар, жылдың қай мезгілі?

Көктемде неше ай бар,олар қалай аталады?

Көктемнің белгілерін кім айтады?

-Көктем

-Үш ай бар: наурыз,сәуір, мамыр.

-Көктемде қар ериді, ағаштар ұйқыдан оянады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Негізгі бөлім:


Балалар, бүгін біз сурет сабағында ұлттық ою-өрнектермен танысамыз.

Ұлттық ою-өрнектердін таңбаларын көрсету.

Балалар, сендер қандай ою-өрнектер білесіңдер?

Ою-өрнектермен әшекейленген заттар бейнеленген суреттер назар аудару.

Сұрақ-жауап арқылы ою-өрнектердің алуан түрлері болатынын көрсетіп, айту.

Ою-өрнектің түрлері көп: Геометриялық пішіндерге ұқсас-сызықтар, тікбұрыштар, көп бұрыштар,үшбұрыштар,дөңгелектер. Өсімдікке тектес- жапырақтар, жемістер,гүлдер.

Жануарларға және құстарға ұқсас- қошқар мүйіз, құс қанат, ботакөз т.б.

Балалар осы ою-өрнектерді күнделікті тұрмыста қайдан көруге болады?

Балалар үйлерінде ою-өрнек салған заттар бар ма? Кімнің үйінде сырмақ бар?


Сергіту сәті.

Ал балалар тұрайық,

Ою-өрнек сызайық.

Қошқармүйіз, ботакөз, қарға тұяқ,

Тышқан із, бүршік пен гүл әдемі,

Ою-өрнек әлемі, қылқаламды алайық

Сәнді өрнек салайық.

Сурет салуды бастау:

Жұмысыңды неден бастайсың?

Нені әшекейлегің келеді? Пішіні қандай? Түсі қандай? Бұл ою-өрнектер қалай аталады?

Бірінші қағаздын ортасына үлгі сызамыз, сосын бояймыз. Түсті өздерін таңдайсыңдар.

Балаларға көмек көрсету. Қылқаламды бояуға ұқыпты матырамыз, әр бояудан кейін қылқаламды жуу.


3.Қорытынды: Өздерінің жұмыстарына зер сала қарайды. Салған суреттерінен көрме ұйымдастыру, жақсы шыққан сурет иелерін мадақтау Қандай ою сырмаққа салдық? Оюлардың түсі қандай? Кімнің жұмысы таза жасалған?

Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 27.03.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүрлер және біз»

Тақырыбы:«Сәукелені әшекейлеу» /сәндік сурет/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық киімін дәріптеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қазақ оюларының кейбір элементтерін сала білу дағдыларын арттыру дамыту.

Оқыту: Элементтердің реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты сақтап,сәукелені әшекейлеуге үйрету.

Көрнекіліктер: Сәукеленің суреті, сурет дәптері, қылқалам, сүлгі, баяу әуенді күйтабақ, доп.

Билингвалдық компонент: ою-орнамент,түс-цвет.

Сөздік жұмыстар: сәукеле, әшекейле, өрнекте.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші алдын ала ұлттық киімдердің, баскиімдердің суретін балаларға көрсетіп, салыстырады.

Шеңберге тұрып балаларға допты лақтырады: тәрбиеші жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көпше түрін айтып жауап береді (тақия-тақиялар, етік-етіктер).

2.Негізгі бөлім:

Тақтаға назар аудару:

Тәрбиеші сәукеле туралы түсінік береді.

Ұлттық баскиім – сәукелені әшекейлеуді ұсынады (сәукелені қиып дайындап беруіне болады).

Салыну жолдары:

Алдымен үшбұрыш сызып алады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады.

«Балта» және «ботагөз»

өрнектерін салуды ұсынады.

Саусақ жаттығулары:

Бала,бала,бақан,

Кәне қайсысы алақан....

Жеке көмек көрсету.

Сергіту сәті :

Бас бармағым-атам,

Балан үйрек-әжем,

Сұқ саусағым-әкем.

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкентай бөбек-мен.

3.Қорытынды:Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

1. Бүгінгі ҰОӘ-де ненің бейнесін салдық?

2.Өрнек дегеніміз не?

Балаларды мадақтау, мақтау.




Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.04.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Көктем жаршысы-құстар»

Тақырыбы: «Құстарды қарсы алайық» В.Токарев «Көктем ертегісі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Көктемгі табиғат құбылыстарына сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, қоршаған орта өзгерістерін көре білу дағдыларын арттыру.

Оқыту: В.Токаревтың «Көктем ертегісі» суретімен таныстыру. Балаларды сурет салу тәсілдерімен қолдана отырып құстары бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, карточкалар

Билингвалдық компонент: Құс-птица

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тақпақ оқу.

Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса

2.Негізгі бөлім:

Слайдпен жұмыс.

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.
- Қыста қыстап қалған құстарды білесіңдер?
Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.

Қыста құстарға адамдардың көмегі қажет екенін, қамқор болу керек екенін

ескерту.

Құстардың қарны ашпас үшін «жем шашады» (суретін салады).
Суретті салудың ретін түсіндіріп, тақтаға салы көрсету.

- Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.

Балаларға үлгіге қарап торғайдың суретін салу ұсынылады.

«Құстарды қарсы алайық» В.Токарев «Көктем ертегісі» суретін салу.

Өз бетінше жұмыс.
Сергіту сәті.

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.



3.Қорытынды

Құстардың дене мүшелерін атаңдаршы?

Суреттерін көрмеге қойып, қай сурет әдемі салынғанын балаларға таңдату. Жақсы, таза салынған суреттерді мақтап, мадақтау.











































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 10.04.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: «Ғарыштағы жұлдыздар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Өз жұмысының нәтижесін көре білуге және өз- өзін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Техникалық дағдылар мен біліктерді игеру дағдыларын арттыру.

Оқыту: Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді, үлгі бойынша сурет салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта,слайд .

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:   Ұшады қанатсыз

                             Зырлайды аяқсыз.    /Зымыран/

                            

Ұшқыш емес,бірақ ол

                             Аспанда қалықтап ұшады

                   Оны кім деп ойлайсындар?    /Ғарышкер/


2.Негізгі бөлім:

-Ең алғашқы ғарышкер кім деп ойлайсыңдар? ( Ю.А. Гагарин)
- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен
Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
-Балаларға жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды атап кету.

Ойын: « Ұшты ,ұшты»

Сергіту сәті: (саусақ жаттығуы):

Мынау менде басбармақ,

Бар жұмысты бастамақ.

Төрт досы бар өзінің,

Кәне,кәне санайық,

Санын біліп алайық,

1,2,3,4,5

Басбармақ,балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.


Өз бетінше жұмыс.

-Балалар жұмыстарын бастайды. Жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздікті ескеру. Сазды әуен қосу.

3.Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

Бүгінгі ҰОӘ-де ненің бейнесін салдық?

Балаларды мадақтау, мақтау.








Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 17.04.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»

Тақырыбы: «Бүршік жарған ағаштар» В.Яценко «Көктем»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ағаштарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ағаш бөліктерін бейнелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: В.Яценко «Көктем» суретімен таныстыру. Балаларды күрделі заттардың суретке орналастыру бөліктерін (жоғарыда,төменде) бейнелеу барысында және оларды көлемі бойынша үйлестіре білуге үйрету.

Билингвалдық компоненті: Көктем-весна, табиғат-природа.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Допты қағып алу арқылы сұрақ-жауап әдісін пайдалану.

-Қазір жылдың қай мезгілі? Қайдан білдіңдер?

-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Көктемде қандай табиғи құбылыстар болады?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қазір көктемнің қай айы?

Жұмбақ жасыру.

 Қыста киімін тастайды,
Көктем де киіне бастайды.
Ол не? (Ағаш.)

2.Негізгі бөлім:

-Балаларға бейне жазба көрсету.

Балалар, сендер көктемгі табиғат ерекшеліктерінен нені байқадыңдар?

Неліктен қар ериді?

Көктемде ағаштарда не пайда болады?

Бүршіктің түсі қандай? Ал ағаштың ше?

Сергіту сәті.

Кәне балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қолды алға созамыз,

Отырып бір тұрамыз.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Мнема кестемен жұмыс.

-Балалар біз бүгін суретші болып, көктем мезгілін суреттейміз.

Балаларға үлгі көрсету.

Саусаққа арналған жаттығу «Жұдырық, тақтай , алақан»

Балалар жұмыстарын бастайды. Сазды әуен қосу.

3.Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білімдерін қорытындылау.

1. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде не үйрендік?

2.Қай жыл мезгілін бейнеледіндер?

3. Қандай тапсырмалар орындадық? Жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтау.

Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 24.04.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Бақбақтар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Көктемнің алғашқы гүлдеріне сүйспеншілік қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту.

Оқыту: Бақбақтар жайында түсінік беру. Үлгіге қарап, жұмысты таза, ұқыпты жасауларын қадағалап үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Видеофильм, слайд, суреттер

Билингвалдық компонент: Бақбақ-одуванчик

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Бақбақ туралы тақпақ.
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
- Балалар сендер бақбақ гүлі туралы жақсы біледі екенсіңдер.
2.Негізгі бөлім:

Балалардың назарын бейне таспаға аудару.

-Балалар сендер бейне таспада не көрдіңдер?

-Бұл қандай гүл?

-Балалар ал гүлге қандай күтім керек?

-Гүлдер нені жақсы көреді?

- Дұрыс айтасыңдар, гүлдер. Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
- Бақбақ
- Бақбақ гүлінің түсі қандай?
- Сары

Ал сендер ертегі тындағанды үнатасындарма?

Қандай ертегілерді білесіндер?

Ендеше мен сендерге осы гүлдердің бірі «Бақбақ» гүлі туралы ертегі айтып берейін, мұқият тындайық. (Слайд арқылы ертегі мазмұның айту)

Көктем келді. Бір күні көгәл арасынан кішкентай бақбақ гүлі шығып жан-жағына қарап:

-Қызық! Ертен мен өскенде қандай болар едім?-деп ойланады. Бір кезде жай жаңбыр жауды, бақбақ оданда жоғары өсіп, аспандағы күнді көреді:

-Мәссаған! Анау күн секілді жап жарық болып өссем ғой!-деп армандайды. Оны естіген күн жымия төменге қарап, бақбақ гүлді сары түске айналдырады.

Күн сайын ол сарғайып жәңдіктердің күні болады.

Арада күндер өтеді бақбақ гүлі аспанда жылжып бара жатқан аппақ, үлпілдеген бұлттарды көреді.

-Мәссаған! Менде анау бұлттар секілді аппақ болсам ғой!-дейді. Жоғарыдағы бұлттар төменге қарап, әлгі бақбақты аяғы бар бұлтқа айналдырады. Кеңеттен жел соғып бұлттар жан жаққа ұша бастайды, алыс алыс жерлерге.Бірақ ұшқан бұлттар қонған жерлерінде, алдымен сары күн түстес, содан кейін ақ бұлт түстес болып, осылайша бақбақ гүлдері пайда болған екен.

-Балалар, бақбақ гүлі ең алдымен неге ұқсағысы келеді?

-Содан кейін ақ түсті нені көреді?

Дидактикалық ойын: «Гүлді құрастыр»

-Балалар сендер нені құрастырдындар?

-Қандай гүлдер?

-Ал гүлдер туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті:

Енді біз демаламыз,

Айналаны шоламыз

Қол аяқты кезекпен

Оңға солға созамыз

Күн шыққанда сүйсініп

Бәйшешектей иіліп

Біз тынығып аламыз.

Жиі жиі жаттығып,

үлкен бала боламыз.

Ойын: «Мұқият бол!»

Шарты: Бір неше сөздер айтылады соның ішінен «бақбақ» сөзің естісе шапалақтайды. Мақсаты: Шапшандыққа үйрету, ойлау қабілетің дамыту.

Топтық жұмыс.

Балаларға керек-құрал жабдықтармен таныстыру. Сурет салу жолын түсіндіру.

3.Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау.

1.Балалар біз бүгін қандай гүлмен таныстық?

2.Қандай ойындар ойнадық?

3.Қай гүлді құрастырдындар? Қай әдісті қолдандындар?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


























Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбнсін»

Тақырыбы: «Мерекеге дайындық»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Мерекеге дайындық кезінде жақсы көңіл- күйде бола білуге, басқаларға қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларға мерекеге пайдаланатын әртүрлі әшекейлердің суретін, шарлар салуға дағдыландыру, қол икемдерін дамыту.

Оқыту: Қылқаламмен сурет салу барысында заттарды көлемі бойынша үйлестіре білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, картолчкалар

Билингвалдық компонент: Мереке-праздник

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру
Ұшамын тауда қалақтап,
Қолың жетсе алып бақ
Қызыл - жасыл түсім бар
Соңымнан кәне, ұшыңдар.
(Шар).
2.Негізгі бөлім:

Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.
Қараңдаршы, бұл не?
Ашып көргілерің келе ме?
Ендеше сендерге жұмбақ жасырамын.
Сандық ішінен түрлі түсті шарлар ұшып шығады.
Балалар, бұл шарлар екен.
Шарлардың түстер қандай?
(қызыл, жасыл, сары, көк)
Балалар, мынау шар. Шар резинкадан жасалады. Шарды түрлі - түсті бояулармен бояиды. Шарлар үріледі, созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсаң баптайды себебі шар жеңіл болады, шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады.
Түстері: қызыл, көк, жасыл, сары.
Пішіні: сопақша, дөңгелек.
Шарды ауаға салу.

Тапсырма: «Берілген суретті бояу»
(Сурет салу кезінде орындалатын қауіпсіздік техникасына тоқталу)
Тәрбиеші: - Балалар орынымызға жайғасайық. Сурет салмас бұрын біз өзімізге ұнайтын түсті таңдап аламыз.
Қандай түсті таңдайсыңдар?
Суретті қылқаламмен саламыз, қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Енді әрқайсымыз берілген қағаздың бетін боясақ, қандай сурет шығатынын көреміз.
Тәрбиеші: Қандай әдемі, суретші екенсіңдер.
Ал балалар сендердің қағаздарыңнан қандай сурет шықты?
(Әр баладан сұрап өтеді)
Тәрбиеші: - Ал балалар көрдіңдер ме? неше түрлі - түсті шарлар шықты. Әр қайсымыз суретті жақсы салыпсыңдар.
Ал енді балалар ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Шардың жібін тап»
Шарты: Түсіне қарай шарды іліп түсіне қарай жіпті байлайды. Осылай ойын әрі қарай жалғасады.
Тәрбиеші: ---- сен шыға ғой. Сен қандай шарды таңдайсың?
Жақсы шарды алып, тақтаға іл.
Ал енді шарымыз ілінді, ал оған не байлаймыз?
Дұрыс айтасың. Сен қандай түсті шарды ілсең сондай түсті бауды таңдап алып, шарға байлайсың.

3.Қорытынды:

Балаларды мақтау, мақтау. Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.






































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.05.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Бейбітшілік қорғанында»

Тақырыбы: «Әртүрлі жалаушалар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды әсемдікті, әдемілікті түсініп, эстетикалық талғамының артуына тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттері мен сурет салу дағдыларын арттыру.

Оқыту: Әр түрлі жалаушаларды салуда түстерді үйлестіріп, сурет салу дағдыларын арттыру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, карточкалар

Билингвалдық компонент: Мереке-праздник

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Мереке кездерінде көшені, бөлмелерді безендіру үшін қағаздан, матадан әртүрлі жалаушалар жасаланады. Жалаушаларды жіпке тізіп, іліп қояды. Ол бөлмелер мен көшелердісәнге бөлейді. Жалаушалады қолға ұстап жүреді.

-Сендер жалауша жасай аласыңдар ма?

-Жалауша туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

2.Негізгі бөлім:

Қолына жалаушалар ұстап, қуыршақ Аружан топқа келеді.

-Бүгін мереке ғой, мен сендерге жалаушалар әкелдім.

Балалар, айтыңдаршы Аружан қандай мереке туралы айтып жатыр.

Дид.ойыны «Жалаушалар»

Жалаушаларды кімнің қолында болса сол сұраққа жауап береді.

-Піл үлкен бе , тышқан үлкен бе?

-Орындық биікпе , үстел биік пе?

-Аспанда неше жұлдыз бар?

Сергіту сәті.

Он саусақ»

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ жол салсақ


Өз бетінше жұмыс жасау.

Жлаушалардың суретін салу.

3.Қорытынды:

Балаларды мақтау, мақтау. Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.







Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 15.05.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.

Өтпелі тақырып: «Көктемгі егістік»

Тақырыбы: «Гүлді алма ағаштары» /сюжеттік сурет/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемдігін қабылдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық үйлесімділікпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқыту: Алма салудың техникалық дағдыларын бекіту.Үлгі бойынша сурет салуға үйрету.

Билингвалдық компонент: Алма-яблоко, ағаш-дерево

Сөздік жұмыстар: Сәукеле, әшекейле, өрнекте.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалардан ай атауларын, апта күндерін,жыл мезгілдерін сұрау.Көктем туралы тақпақтарын естеріне түсірту.Көктем мезгілінің 2-айының ерекшеліктеріне тоқталып, суреттер бойынша толық түсінік беру.(жер көгереді, гүлдер шығады, ағаштар бүршік жарады,жеміс ағаштары гүлдейді , құстар ұшып келеді т.б)

2. Негізгі бөлім:

-Балалар, мына алма ағашына назар аударайықшы. Қанадай әдемі көрініс?!

Алма ағашында тек аппақ гүлдер өсіп тұр. Сендер білесіңдер ме, осы гүлдерден алма түйіндейді.Ол жаз бойы күн санап өсіп, үлкейе береді де, күзге қарай пісіп, дәмі тіл үйіретін алма болады.

Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.

Сурет салу әдісіне түсінік.Ең бірінші ағаштың діні, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қоңыр қою бояумен бояймыз, жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз. Қылқаламды бастыру тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.

Саусақ жаттығуы Саусақ жаттығуы

Ұшты-ұшты көбелек,

Би биледі дөңгелеп.

Гүлін көріп алманың

Ағашқа қонды көбелек

Балалар қимылдар жасайды.

Салу тәсілін көрсету.Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз.Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады.

Сергіту сәті: Сергіту сәті видеомен, видеоға қарап қимыл-қозғалыс жасайды. Берілген түстерді пайдаланып, тәрбиешінің көрсетуі бойынша алма ағаштарын гүлінің суреттерін салады.

Ойын: Ғажайып дорба. Ойын мақсаты: Дорбадағы жемістерді сипап сезіну арқылы қандай жеміс екенін айыра білу дағдысын қалыптастыру.

Ойын шарты: Балалар дорбадағы жемістерді сыртынан сипау арқылы оның қандай жеміс екенін және пішінін айтады.

Монтессорий әдістемесі Монтессорий әдістемесі.

Мақсаты: алманың иісін сезіне білуге,оны басқа жемістен ажырата білуге үйрету.

Менім қолымдағы не?

-Алманың түсі, пішіні қандай? Ал енді осы алманы екіге бөлейік.

Сыртында қабығы, ішінде өзегі және дәні бар екен.

Педагог алманы кесіп береді

-Иіскеп көріңдерші, қандай екен?

-Ал енді апельсинді иіскеп көрейік.Айырмашылығы бар ма?

-Алманың дәмі қандай?

Балалар, алмадан тосап,шырын,компот және түрлі пирогтар жасауға болады.Өйткені алма дәрумендерге бай жеміс.

Балалар алманың қалай пайда болу және пайдасы туралы білдік.

3. Қортынды.

Педагог балалардың жұмыстарынан көрме. Өздеріне талдату. Балаларды мақтау және мадақтау















































Ортаңғы «Тамшы» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 22.05.19 ж

Тәрбиеші: А.Ж.Абайдельдина

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.

Өтпелі тақырып: «Жайдары жаз келді»

Тақырыбы: «Жазда келер көңілді» /сюжеттік сурет салу/

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды қоршаған ортаның әсемдігін қабылдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Оқыту: Сюжеттік сурет салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту.

Педагогикалық технологиялар: АКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету: видеофильм, қызықты слайд, сурет.

Билингвалдық компонент: жаз- лето

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жаз мезгілі туралы видео көрсету. Сұрақ-жауап


2.Негізгі бөлім.

Слайд арқылы балаларға жаз мезгілінде болатын өзгерістерді,

табиғаттың әсемдігі туралы әңгімелесу.

Д/о: «Жыл мезгілін дұрыс ата»


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп алайық.  Балалар қимылдар жасап бойларын сергітеді.

Д/о: «Жаз мезгілінде қандай киім киеміз?» (Дұрыс-дұрыс емес)

 

Балаларға керек-құрал жабдықтармен таныстыру. Сурет салу жолын түсіндіру. Қиналған балаларға көмек көрсету.


3.Қортынды.

Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Ал қандай түске боянады?

Балаларды мақтап,мадақтау.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі