400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

“Баларман” балабақшасының

меңгерушісі:

____________ З.А.Абибуллаева

“ ___ ”_________ 2020 оқу жылы




Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі



Тақырыбы:

«Қыс қызығы»








«БАЛДЫРҒАН» МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ











Тәрбиеші: Г.А.Тілегенова














Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту.

Дәстүрден тыс тәсілдерді пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамыту.

Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету.ойын, жапсыру, мүсіндеу,құрастыру

Сөздік жұмыс: Жапалақтап,үлпілдек.

Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты слайд, қыс көрінісіні, жұмбақтар.

Құрал – жабдықтар: үлгі суреттер ,қамыр, алжапқыш,сулықтар, қалдық материал қалтқы, түтікшелер.

Қолданылатын технология: Монтессори,

Билингвалдық компанент: Қыс-зима-winter, аққала-снеговик-snowman

Ұйымдастыру кезеңі.

 Шаттық шеңбер:

Үш тілде амандасу

Жыл мезгілін сұрау балалар жауабы:

Ой – толғаныс әдісі.

-  Балалар, Абзал мен Әли сендерге жұмбақ жасырғысы келіп тұр. Сендер шешімін тауып көріңдер.

Жұмбақ

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұратын,

Тауып көрші сен оны? ( аққала)

Абзал:Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады.(қар)

Әли: Терезеге қонады

Әсем ою салады (қырау )

Қыста қандай өзгерістер болады?

Үш тілде қыс мезгілін атауы:Қыс-зима- winter, аққала-снеговик- snowman

Сурет көрсете отырып сұрақтар қою.

-  Балалар, қай мезгілі ,бейнеленген екен?

-  Қыс.

-  Қыс екенін қайдан білдіңдер?

-  Қыста қар жауады. Күн суық болады.

-  Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

-  Шанамен сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз

«Қыс қызықтарын» слайд арқылы тамашалайық.

Балалардың қыс мезгіліне арналған тақпақтары

Мерей:Аппақ аппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қырау қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Жансезім:Менің атым ақпан

Келдім суық жақтан

Тоңып қалма балалар

Аязымнан сақтан

Балалар, қыста ауа райы таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады, шанамен сырғанаймыз, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз, қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.

Топтық жұмыс:

Эксперимент жасайық.

-  Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы.

-  Жылы алақанымызға салғанда неге айналатынын көрейік.

Мұзды зерттеу.

Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді және ыстық суды үстіне құйсақ ериді

.Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма? Иісі ше?

Ауыр ма жеңіл ме?

Қар ауыр ма жеңіл ме?

Ал мұз пайдалы ма жоқ па?

Тыныс алу жаттығуы:

Қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы қиқымдарының ұшқанын көреді).
Стакандағы қар ұшты ма?  - Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?   - Жоқ.
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.


«Сөйлемді аяқта»

1. Қар жапалақтап .......(Жауып тұр,жауады)

2..Қырау басқан ......(ағаштар)

3..Балалар аққала.....(Жасады,жасап ойнады)

Мақсаты: Балаларды сөйлеу,ойлау жылдамдықтарын дағдыландыру.

Сергіту сәті: музыкамен






Оқу қызметін қорытындылау:

-  Балалар, қыс несімен қызықты?

-  Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады екен?

Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жылтыр қыс депте атайды.

Қыс айлары жайлы не білдік?

-  Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.

Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер.

Нұрислам: А.Құнанбаевтың «Қыс» өленің мәнерлеп оқиды.

«Қыс» өлең жолымен оқу қызметін аяқтау»

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

 Соқыр – мылқау танымас тірі жанды

 Үсті - басы ақ қырау, түсі суық

 Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

- Балалар, бұл өлеңде не туралы туралы айтылған.—қыс мезгілі
Балаларды мақтап мадақтау:

Үйге тапсырма беру:

-  Балалар, үйде аққаланың суретін аналарымызбен бірге салып келеміз.

 Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін (қар жауады, боран соғады, аяз болады), қысқы ойын түрлерін.

түсінеді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінеді.

меңгереді: Қойылған сұраққа толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білді.


































































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі