Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған материал. Кіші топтағы балаларға арналған ашық сабақ. Сабақ арқылы балалар дәстүрден тыс сурет салу әдісін үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Білім беру саласы:
 Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Қыстың ғажап көріністерін
сезіне білуге үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін
пайдалана отырып, балалардың сурет салуға деген
қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа , тазалыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ, ойын.
Көрнекілік: Қыс туралы суреттер
Құрал-жабдықтар: Акварельді бояу мақталы таяқша,
сулық
.
Инклюзивтік әлеумет: Баяу балалармен жеке жұмыс.

                       Кіріспе  бөлім:

Балалар күн суық болсада біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-
жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып келген қонақтарымызбен
амандасайық.

Мейірімділік жүрекпен
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
                       Негізгі   бөлім:

Жұмбақ:    Өзі сондай аппақ

Жердің барін жаппақ.(Қар)

  • Жарайсыңдар балалар!

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыc мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?

  • Қыс мезгілінің ай аттарын атайықшы?

  • Қыс мезгілінде қандай ойындармен ойнаймыз?

  • Балалар қар қандай болады?

  • (Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады)

Ал қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстөл үстіндегі стакандағы  қағаз  қиындыларын  үрлеп, жапалақтап  жауған  қарды  көреміз.
— Ал балалар, енді  қарды ұстап  көрейікші,қар  қандай  екен?
-Қар  ерісе  суға  айналады, ал су  қатса  мұзға  айналады.

Дидактикалық ойын: «Киімдер»

Шарты: Әртүрлі киімдердің суреті үстел үстінде жатады.
Соның ішінен қысқа киетін киімдерді ажыратып алу
керек. Кім қатесіз ажырата алса, сол баланы
мадақтаймыз.

                    Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ ,

Су өтеді қолғаптан


-Ал,балалар! Осы қарды  қағаз  бетіне суретін  түсірейік.
Ал  ол үшін мына  үстелдерге  бөлініп  отырайық,-деп  балаларға  дәстүрден  тыс сурет  салудың   тәсілдерін  түсіндіремін.

 1- үстел: Мақталы  таяқшамен қардың  суретін  бастырады.

Саусақ  жаттығуы :
Қолымызды жаурады, жаурады,
Қолымызды  жылытамыз, жылытамыз.

Қорытынды  бөлім:
-Балалар , ненің  суретін  қағаз  бетіне  түсірдік?
— Қар  жылдың  қай  мезгілінде  жауады?
-Қыс  мезгілі сендерге  ұнай  ма?
-Қыс  мезгілінде  адамдар  қалай  киінеді? – деген  сұрақтар  қою  арқылы  оқу  қызметін  қорытындылаймын.Қонақтармен  қоштасып  тобымызға  ораламыз.






























МКҚК «Бөбек» бөбекжай





Shape1

(ашық ұйымдастырылған оқу-қызметі)

Тәрбиеші:Ибраева А.А


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12