Материалдар / "Қыс қызығы"
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

"Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шана, күрек, шаңғы, хоккей таяқшасы, шайба, аққалаға керекті заттар. Үштілдік: Қар-снег-snow, аққала-снеговик-snowman, қыс-зима-winter. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, балабақша ұжымы, қонақтар «Қарлығаш» тобы балаларының «Қыс қызығы» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер! Тілек шеңбері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2022
289
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қыс қызығы

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту,  қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

 

Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шана, күрек, шаңғы, хоккей таяқшасы, шайба, аққалаға керекті заттар.

Үштілдік: Қар-снег-snow, аққала-снеговик-snowman, қыс-зима-winter.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, балабақша ұжымы, қонақтар «Қарлығаш» тобы балаларының «Қыс қызығы» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!

Тілек шеңбері

Балалар алаңда  екі қатарға тұрып, бір-біріне қарап, тілектер айтады.
Ауамыз таза болсын,
Денсаулығымыз мықты болсын,
Ойын қызықты болсын,
Жарыс көңілді болсын,
Жеңімпаздар көп болсын!

Жүргізуші: Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

- Ал, балалар, барлық қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар: Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан.
Сәлем бердік жер-ана,
Сәлем бердік баршаңа.

«Әнұран» шырқалады

Жүргізуші: Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: Қыс мезгілі.

- Балалар, қараңдаршы бізге қонаққар келе жатқан секілді. Ой, мынау келе жатқан аққала, түлкі, қасқыр ғой. (балалармен амандасады)

Түлкі: Менің жұмбағымды шешсендер мен сендерді жарысқа жіберемін.

Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.
   (Қар)

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
     (Шаңғы)

Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді.
     (Мұз)
Зулап түсті төменге.

Шықпас менен төбеге.  (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,

Қысы, жазы бір түсте.   (Шырша)

Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.  (Шана)

Жүргізуші: Намысы бар балапандар қайдасың,
Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын- дей отырып «Ақ аю», «Ақ қоян» топтарын ортаға басшыларымен  шақырамыз.  

Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке-жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз

«Ақ аю» топ басшысы - Съезбек Айарыс
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін.

«Ақ қоян» топ басшысы - Сәдуақас Әлихан
Ұраны: Қояндарша орғимыз,
Намысты қолдан бермейміз.

Жүргізуші: Ал сайыскер топтар,
Ешкімнің жоқ алалар.
«Жеңімпаз болу» үлкен сын,
Оны әділқазың бағалар.
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің
Таңдап баға беруге,

Шақырайық төрге,- деп әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Б\б әдіскері: Темирбекова Сауле Сагындиковна

Б/б психологі: Ғабдулина Қарагөз

Б\б медбикесі: Кашимова Гүлнар

Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. (Музыка ойналады) Енді сайыс түрлерімен танысайық.

Жүргізуші: Балалар бүгінгі жарыс 6-кезеңнен тұрады:

1. «Қай топтың шанасы алда»

2. «Хоккейшілер»

3. «Кім епті?»                           

4. «Шаңғышылар»

5. «Аққала» жасау жарысы

6. «Арқан тартыс»

Жүргізуші: Балалар, ендеше жарысымызды бастаймыз! Дайынсыңдар ма?
Балалар:
 Біз дайынбыз!

- Ал енді құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Жарысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
 Шанасына мінеді,
Мәз мейрам боп күледі.

Жарысамыз бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.

І-кезең:  «Қай топтың шанасы алда» деп аталады

Ойынның шарты: Әр топқа бір шанадан, оның үстіне бір баланы отырғызып, белгіленген жерден айланып өз орнына барады. Кім бірінші келсе, сол топ  жеңіске жетеді.

ІІ-кезең:  «Хоккейшілер» деп аталады

Ойынның шарты: Балалар хоккей таяқшасымен шайбаны кедергілер арасынан айналып өтіп, мәреге бірінші келген топ жеңіске жетеді.

ІІІ-кезең: «Кім епті?»  (Ыдыстан-ыдысқа қалақпен қар тасу)

Ойынның шарты: Балалар ыдыстағы қарды қалақпен кедергілер арасынан жүгіріп, шелекке тасу. Қай топ шелекке көп қар жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
 

ІV-кезең: «Шаңғышылар»  деп аталады

Ойынның шарты: Балалар шаңғымен кедергілер арасынан жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
 - Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік, сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында
    (Аққала)

V-кезең:  «Аққала»

Ойынның шарты: Балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады. Оның көзін, мұрнын, аузын жасайды. Басына шелек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.

VІ-кезең: Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тартыс»

Ойын шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға деп, - ортаға әділ қазылардың әділ қазысын айтатын мүшелерді шақырамыз. Марапаттау.

І-орын: «Ақ аю» тобы
ІІ-орын: «Ақ қоян» тобы

Аққала: Балалар, жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге, менің әкелген сыйлығым бар! (көрсетіп, апайға береді, топта сыйлығын таратып береді)
Жүргізуші:
 Ұрпақ  керек  ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін
  қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Қыс қызығы» атты спорттық эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!