400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту. Қыс қызығыБілім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қыс қызығы » Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын , қысқы киім түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Блингвалдық компонент: қыс -зима
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұлпар » ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші : Құрманбаева Г С

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы »

Мақсаты:

Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын , қысқы киім түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Блингвалдық компонент: қыс -зима

Мотивациалық-оятушылық

Қайырлы күн достым!

Қайырлы күн болсын!

Аптаның әр күні,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Балалар қимылмен қайталайды.

. Ұйымдастыру – ізденушілік

Сергіту сәті

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін «Қыс қызығы» деген видеоны көрсетуден бастау.

-Балалар не байқадыңдар?

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің айларын атайық.

-Қазір қай ай?

- Қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

«Не артық?» ойынын ойнау.

Тақпақ жаттау

- Балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- сырт киімдерді атайық?

-ендеше киімдер санамағын еске түсірейік.

Ойын: « Сыңарын тап»

Қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.

Музыкамен қимылдар жасату.


Көргендерін , байқағандарын айтады. Қай мезгіл екендігін ажыратады.

жылдың төрт мезгілі бар

қыс, көктем, жаз, күз

қыс мезгілі

Көктем, жаз, күз, қыс

Желтоқсан

-қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

Суреттен артық затты табады.

Бірнеше рет қайталап жаттайды.

- жылы киініп жүреміз

- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.

Өткен сабақта жаттағандарын еске түсіреді.

- балалар ойын барысында қолғаптың түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

Қимылды қайталайды.

Қорытынды

Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

2.Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан тұрады,

Танып көрші сен оны

-Енді осы қар, аққала сөздеріне дыбыстық талдау жасайық.

Аққала құрастыру.

-Балалар , міне бағанадан айтқандарымыздың барлығы қыс мезгілінің қызықтары. Қыс мезгілінің қызықтары бұл ғана емес және де осы мезгілде болатын мерекелер де бар.

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

-Жаңа жыл мерекесінде не істейміз?

-Сол мерекеге орай біз де шыршамызды безендірейік.

Жұмбақтарды шешеді.

қар

аққала

Дауысты , дауыссыз дыбыстарға ажыратып, буынға бөледі.

Пішіндерді еске түсіріп, құрастырады.


Ойланып, пікірлерін білдіреді.

Рефлекстік түзету

-Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-қолдарындағы смайликтерді көтеріп көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын, киім түрлерін

Меңгерді:  жұмбақтар шешуді, тақпақ жаттауды, айтуды , ойындарды

Түсінеді: аққала жасауды, шырша безендіруді














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі