"Қыс қызығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс ‑әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 16.01.2023ж

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Балалардың негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін желісін ретімен айту шеберліктерін қалыптастыру. Сөздерді буынға бөлу дағдыларын меңгерту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Уәждемелік-түрткелік кезені.


-Аяз жылдың қай мезгілінде болады? -Аяз қандай болады? -Аязды күні ойнауға бола ма? -Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?





Бәрі қол ұстасып бір- біріне қуаныш сыйлайды.





-Қыс мезгілінде болады.-Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді. - Аққала соға мыз, сырғанай мыз, шаңғы, шана,ойнаймыз.

Ұйымдастыру ізденістік кезең

Жұмбақ шешу.

Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (АЯЗ)

-Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз.

-Бүгін, бізге аққала қонаққа келіпті.

Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Аққаламен қосылып, 1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық.

Қыздырайық денені,

Кел, балалар, кел бері.

Қыздырайық денені, Орнымызда тұрып-ақ.

Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, (орындарында тұрып жүгіреді).

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс,

Аяқты алға созайық. (аяқтарын алға кезек-кезек көтереді).

Тік көтеріп қозғайық!

Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Тәрбиеші сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер: ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.

Тірек сұрақтар:

Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?

Ақ қоян не істеді?

Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет?

Кірпі сыртқа не алып шықты?

Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.

Дидактикалық ойын:«Кім жылдам» ойынының шарты: тәрбиеші тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. суреттерін іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, содан соң сол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.


Жұмбақ шешеді.






Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.













Қимылмен көрсетеді.










Сурет бойынша сөйлем, сөз тіркестерін, әңгіме құрайды.















Ойын ойнайды.


Қысқы ойындар туралы өз ойларын айтады.




Рефлексифтік

қортындылаушы

Балалар қандай тақырыппен таныстық?

Сендерге қыс ұнайма?

Қыста қандай мереке бар?

Балаларды мадақтау.

Қыс

Ұнайды

Жаңа жыл



Күтілетін нәтиже:

Біледі : жыл мезгілдерінің айырмашылығын

Игереді :қысқы ойындарды

Меңгереді : қыста жылы киіну туралы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі