400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді, қыс мезгіліндегі ойындармен, қысқы киімдерді көрнекілік әдісін пайдалана отырып, қыстырғыштармен қыстырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  Қыс қызығы

Мақсаты: Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді, қыс мезгіліндегі ойындармен, қысқы киімдерді көрнекілік әдісін пайдалана отырып, қыстырғыштармен қыстырады. Қыс мезгіліндегі ағаштарды әңгімелей отырып, дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып шырша ағашын түстерін айтады. Қыс мезгілінде түсін өзгертетін жануар қоянды триз әдісін пайдалана отырып, қоянның бейнесін мақтаны түту арқылы жасайды.

Көрнекілігі: мақта, , суреттер, аққаланың суретін қрастыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, әңгімелеу, мадақтау, марапаттау, топпен жұмыс, түсіндіру, көрнекілік.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші: Балалар көңіл күйлерің қалай?

  • Тәрбиеші: Балалар, далаға аппақ қыс келді.

  • Бұл - қыс мезгілі. Күн суық. Қыста қар жауады. Қар аппақ ... Қар көп ... Қаршатырда, қар ағашта, қар жерде. Қараңдар ...

  • Балалар, жылдың қай мезгілі келді? Иә, қыс мезгілі келді. Қайталаңдар.- Далада күн жылы ма? Жоқ. Далада күн суық (көрсету). Күннің суығын қалай көрсетеміз. Суық ...

  • Аспаннан не жауды? Иә. Аспаннан қар жауды. Қайталаңдар. Қар қалай жауды?

Қар баяу жауды (қолды көтеріп, ақырын тізеге түсіру)

Қар қайда? Қар шатырда (қол созу). Қайталаңдар. Қар ағашта (қолды екі жаққасозу). Қайталаңдар.


Тәрбиеші: Жарайсыздар балалар.

Тәрбиеші: қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: қар жауады, күн салқын болады, қар жауады, аққала жасаймыз.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар.

Ал балалар енді осы мезгіл туралы көрнекілік әдісін қолдана отырып, ойын ойнаймыз. Алдарыңда қыс мезгілінің белгілері, қыстық киімдер және қысқы ойындар берілген, соған сәйкестендіріп орналастырамыз.

(Балалар қыс мезгілінің суреттерін алып қыстырғыш арқылы қыстырады)

Тәрбиеші: жарайсыңдар (бірінші болған топқа көңілді смайликтер беріледі)

Ал балалар осы қыс мезгілінде өзінің тонын өзгертетін қандай аңдар білесіңдерме?

Балалар: қоян

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар.

Қане олай болса осы топқа бөлінген балалар қазір ұжыммен бірге триз әдісін пайдалана отырып қоянның бейнесін бейнелейміз

Тәрбиеші: балалар мына алдымыздағы тұрған мақтаны түту арқылы желіммен суреттің бетіне жапсырып, қоянның бейнесін жасаймыз, қане қайсы топ жақсы жапсырады екен.

Балалар қоянның бейнесін мақтаны түту арқылы жапсырады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар сендердің жапсырған суреттерің керемет, әдемі болып шықты.


Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,
боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.


Тәрбиеші: ал енді балалар осы қыс мезгілінде қандай ағаштарды білеміз, жаңа жыл мерекесінде қандай ағашты безендіреміз?

Балалар: шырша ағашын безендіреміз

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, олай болса ендігі ойнайтын ойынымыз, шыршаны құрастырамыз

(Балалар аққаламен шыршаның бейнесін құрастырады пазл)

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, бүгінгі жасап жатқан жұмысымыз сендерге ұнадыма.

Балалар: Ия

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар

Ендеше қыс мезгілінде жауатын қарлардан не жасаймыз?

Аққала

Ендеше сол қарлардан аққаланы жапыстыру арқылы құрастырайықшы.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, енді алдымызда 2 түрлі смайлик тұр, қызыл және көк ұнаса көк түсті смайликке қоямыз.

(балалар ұнаған ойындарын айта отырып, смайликтерді жапсырады)

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізге барлығыңда жақсы қатысып отырдыңдар, осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.04.2023
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі