400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші

Б.У.Бакбергенова

Сыныбы

1«в»

Сабақ түрі:

сайыс

Сабақтың әдісі:

әңгіме. ойын түрінде

Ашық тәрбие сағатты

Тақырып:

«Қыс қызығы»

Балалардың іс әрекеті

Ресурстар

Мақсатты:

Білімділік: Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге  үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын ойнату арқылы білімдерің тиянақтау, ойлау, есте сақтау қабілетің дамыту.

Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Балалар амандасады, түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады



Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Шаттық шеңбері

-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

-Айнала қандай?

-Қар қандай?

-Ал мұз ше?

-Ауа қандай?

-Терезелерде не бар?


Балалар

шеңберге

тұрады


Кіріспе бөлім

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.  Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейне бір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады



Негізгі бөлім

(20 мин)

Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)

Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

(балалардың жауабы)

Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?

Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.

Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.

Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.

Жәндіктер тығылып қалады.

Адамдар қалың киінеді.

Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.

Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.

Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.

Сергіту сәтін Жел улейді у-у-у

Боран соқты зу-зу

Қатты-қатты жел соқты гу-гу

Шыдай алмай жапырақтар ах-ах

Билеп кетті қалтырап пах-пах

Ойын «Таңғажайып алаңы»

Ойын шартын түсіндіру.

. Төрт ойыншыға тапсырма

Схема бойынша әңгінің жоспарын құру.

Ол қандай ағаш?

Суретке тақырып қояйық.

Балалар не істеп жүр.Олардың көңіл-күйлері қандай?

Саған қармен ойнаған ұнай ма?

«Жыл мезгілі мен ауа-райы»

Суретте қандай жыл мезгілі берілген?

Сен оны қайдан білдің?

«Қысқы табиғат»

Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің.

«Қысқы еңбек»

Қыста қандай еңбек істеледі ? Адамдар не жұмыс жасап жатыр?

«Балалардың ойындары»

Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?

«Қыстың шуақты күні.Жапалақтап қар жауып тұр.Айнала аппақ.Ағаштарды қырау басқан.Үйлердің төбеінде де қар.Жерде омбы қар.Адамдар жолды қардан тазартады.Ал балалар көңілді.Үйткені олар қардан аққала жасады.Шана,шаңғы тепті.Мұзда сырғанап ойнады.

.1. «Қызықты тапсырма.»

2 «Ойланып көр.»

3 «Жұмбақ шеш»

Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады.

Ол көңілді сайқымазақ емес

Үш қабатты бірақ үй емес

Қайырымды бірақ дәрігер емес (аққала)

4 «Тақпақ айт»

Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу.

Бір топ бала далада

Соқты қардан аққала,

Мұрны сәбіз үп-үшкір.

Көзі көмір қап-қара.


Балалар өз ойларын түйіндейді.





Балалар  мұқият тыңдап тұрады.





Қызығушылық танытады.






Сұрақтарға жауап береді






















Көрнекілік

әр түрлі суреттер


Қорытынды

(5мин)

Жарайсыңдар барлығың да өренім,

Асып — тасып төгілді ғой кемелің.

Риза болды қатынасқан көрермен,

Сайыстағы бар қызықты көргендер

Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар!

балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.




Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ «Өркен» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбиеші: Бакбергенова Бакыткул Уразбаевна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.02.2025
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі