400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс Қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілінің қызықтаврын айту, көрсету,ойнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Қыстың ғажап көріністерін

сезіне білуге үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін

пайдалана отырып, балалардың сурет салуға деген

қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа , тазалыққа

тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ, ойын.

Көрнекілік: Слайд

Құрал-жабдықтар: Гуаш, картоп, мақталы таяқша,

сулық, картон

Полингвалды компонент: Қар-снег-snow, қыс-зима-

winter, табиғат-природа-nature

Инклюзивтік әлеумет: Баяу балалармен жеке жұмыс.



                       Кіріспе  бөлім:



— Балалар күн суық болсада біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-

жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып келген қонақтарымызбен

амандасайық.



Мейірімділік жүрекпен

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

                       Негізгі   бөлім:



Жұмбақ:    Шанамен зырғып жүретін

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?



Жарайсыңдар балалар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыc мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?

Қыс мезгілінің ай аттарын атайықшы?

Қыс мезгілінде қандай ойындармен ойнаймыз?

Балалар қар қандай болады?

(Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады)

— Ал қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстөл үстіндегі стакандағы  қағаз  қиындыларын  үрлеп, жапалақтап  жауған  қарды  көреміз.

— Ал балалар, енді  қарды ұстап  көрейікші,қар  қандай  екен?

-Қар  ерісе  суға  айналады, ал су  қатса  мұзға  айналады.

Шарты: Әртүрлі киімдердің суреті үстел үстінде жатады.
Соның ішінен қысқа киетін киімдерді ажыратып алу
керек.
Кім қатесіз ажырата алса, сол баланы
мадақтаймыз.

                    Сергіту сәті:( Музыка әуенімен)

-Ал,балалар! Осы қарды  қағаз  бетіне суретін  түсірейік.
Ал  ол үшін мына  үстелдерге  бөлініп  отырайық,-деп  балаларға  дәстүрден  тыс сурет  салудың   тәсілдерін  түсіндіремін.

 1- үстел: Мақталы  таяқшамен қардың  суретін  бастырады.
   2- үстел: Картоппен қардың суретін  бастырады.

Саусақ  жаттығуы :
Қолымызды жаурады, жаурады,
Қолымызды  жылытамыз, жылытамыз.

Қорытынды  бөлім:
-Балалар , ненің  суретін  қағаз  бетіне  түсірдік?
— Қар  жылдың  қай  мезгілінде  жауады?
-Қыс  мезгілі сендерге  ұнай  ма?
-Қыс  мезгілінде  адамдар  қалай  киінеді? – деген  сұрақтар  қою  арқылы  оқу  қызметін  қорытындылаймын.Қонақтармен  қоштасып  тобымызға  ораламыз.































Бекітемін:

МДҰ №42 «Айналайын» МКҚК

меңгеруші: Шугаева Н.Г.







Ашық қаралым

Тақырыбы: «Қыс қызығы»











Тәрбиеші: Курманалина А.К.













2024-2025 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі