400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші Оралбаева Гүлмара Құрманбайқызы

«Шұғыла» бөбекжай -бақшасы»

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Байқадам ауылы

Білім беру саласы: « Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Әдіс-тәсілі: әңгімелесу,сұрақ-жауап

Көрекілігі: Қыс мезгілінің ,аққаланың суреттері

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсіндіру,Есте сақтау қабілетін арттыру,қысқы ойын түрлерімен таныстыру,әңгімелету.Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін меңгерту.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Шаттық шеңбері.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң достарым.

Қайырлы таң қонақтар

Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлады,

Қарға омбығып,бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды,

Кейде ұлып,кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады,

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады!

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші:жарайсыңдар балалар,дұрыс айтасыңдар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: қыс мезгілі?

Тәрбиеші:Қыста қандай ойын ойнаймыз?

Балалар: Қардан аққала жасап,сырғанақ,шаңғы,шана тебеміз.


Тәрбиеші: Балалар,қазір сендер мен тапсырмалар бергім келіп отыр,орындаймыз аламызба?

Балалар:Иә

1-тапсырма. «Сөйлемді аяқта»

  1. Балалар қардан..... жасады. (аққала)

  2. Қыста даланы.....басады. (қар)


2-тапсырма

Әр түрлі үшбұрыш пішіндерден шырша құрастыру.


3-тапсырма.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Сергіту сәті:

Боран гулеп соғады,

Айналаны орады,

Басында –тымақ,

Үстінде –тон

Қайсар қалай тоңады?

(балалар қимыл-қозғалыс жасайды)


Ойын: «Қар жинау»

Ойын шарты:Қар ерімей тұрып,шелектерге тез жинау.


Қорытынды:

Балалар бұгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалар:қыс мезгілі?

Балалар бүгін сендер ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.


Күтілетін нәтиже:

Білді: Қыс мезгілі туралы мағұлымат ала білді.

Игарді: тапсырмаларды орындай,пішіндерді игерді.

Меңгерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін,қысқы ойын түрлерін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі