400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қыс қызығы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс тақырыбы бойынша өтілген ҰОІӘ-ін қорытындылап, қыс айларын дұрыс айтқызу. Қыста балалар не істейді? Қыста күн қандай болады? Қыста жануарлардың тіршілігімен таныстыру. Осы сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру сөздік қорларын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Қыс тақырыбы бойынша өтілген ҰОІӘ-ін қорытындылап, қыс айларын дұрыс айтқызу. Қыста балалар не істейді? Қыста күн қандай болады? Қыста жануарлардың тіршілігімен таныстыру. Осы сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру сөздік қорларын байыту.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу- ояту











Таңғы шеңбер.

Амандасу.






-Балалар, біздің жүрегіміз қай жерде?

-Жүрегімізден жылы лебізімізді алып бір – бірімізге сыйлайықшы?!

Балалар шеңберге тұрады.

-Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, балабақша!

Қайырлы таң, апайлар!

Сәлеметсіздер ме! – деп келген қонақтармен амандасады.


Көрсетеді.

Жылу лебіздерін бір – біріне сыйлайды.




Ұйымдастыру – іздену
















Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінің айларын еске түсіріп кетейікші. Қандай айлар қыс мезгіліне жатады?


Тосын сый кезеңі.

Топтың ішінде бұрышында қоян тығылып отырады.

-Балалар қараңдаршы, мынау не?

-Қоян осы жерге қайдан келген екен?

Қоян адасып кетті. Қоян қайда тіршілік етеді?

Дұрыс. Қоянның түсі қандай?

-Қоян қандай тамақ жегенін жақсы көреді?

Балалар біз қоянға көмектесуіміз керек. Балалар қараңдаршы, қоянның қолында бір нәрсе бар. Ол не?

-Балалар қоянға көмектесу үшін, ең бірінші осы тапсырмаларды орындауымыз керек.

Бірінші тапсырма. Жұмбақтарды шеш.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады. (Қар)


Қолы жоқ, сурет салады.

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)


Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

-Дұрыс. Бірінші тапсырманы орындадық.

Екінші тапсырма.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

-Дұрыс. Балалар ал қыста жануарлар қалай тіршілік етеді?

Балалар енді демалайық, қоянмен бірге, денемізге сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.









Үшінші тапсырма.

Суретті жинастыр.

Суретті дұрыс жинап орналастыруымыз керек.

-Жарайсыңдар балалар! Суретті дұрыс жинастырып алдыңдар.

-Жарайсыңдар балалар!

Балалар енді қоянды орманға баруға көмектестіңдер. Қоянмен қоштасайық.

ҰОІӘ – н қорытындылау.


-Қыс.


-Желтоқсан, қантар, ақпан.





Балалар қызыға қарап отырады.


-Қоян

Өз ойларын айтады.


-Орманда.


-Ақ.

-Сәбізді.


Қоянға көмектесуге келіседі.


-Хат.









-Қар



-Аяз.




-Боран.




Суреттер бойынша әңгімелеседі.

Қысқы жануарлардың тіршілігі туралы әңгімелеседі.





Ұзын құлақ ақ қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.



Қиылған суретті, жинастырады.




Балалар қуанады.

Қоянмен қоштасады.



Рефлексті – түзету

Балаларды мадақтау.

-Балалар сендерге ҰОІӘ – і ұнады?

-Егер сендерге сабақ ұнаса, үлкен қарды, ал ұнамаса кішкентай қарды аласыңдар!


-Иә, ұнады.


Балалардың іс – әрекеттері.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қыста жануарлардың тіршілігін;

Түсінеді: Қыс айларын дұрыс айтуды, қыста балалардың не істейтінін;

Қолданады: қыс жайында өз ойларын жеткізеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі