жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қыс қызығы
Тақырыбы: Қыс қызығы
-
Амандасу
Біздер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Үлкендерге ізетпен
Біздер сәлем береміз.
-
Шаттық шеңбер
Алақанда ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауадан салайық
Достық мейірін салайық
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.
Орындарына отыру.
-Балалар ал енді бәріміз көзімізді жұмайықшы.
Қысқы дыбыстар естіледі. (көздерін ашу)
-
Балалар қандай дыбыстар естідіңдер?
-
Жел, сықырлаған аяз, боран
-
Боран, жел жылдың қай мезгілінде болады?
-
Қыс мезгілі
-
Қыс мезгілінде неше ай бар? Атайықшы
-
3-ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан
-
Балалар ал қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-
Күн салқындайды, қар жауады, боран, аяз болады.
-
Балалар ал сендер қыс мезгіліне байланысты кім қандай тақпақ біледі?
-
Қысым-ақ, қысым-ақ
Жібердің қысып-ақ
Қалмаспыз біз деген
Боранға ұшырап.
Біз батыл баламыз
Жылы үй, қорамыз
Ал ұлпа қарыңнан
Аққала саламыз.
-
Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс міне
Ақ қарлар, ақ көбелек,
Қонды үйлердің үстіне.
Аулаға қар үйгізді
Бетті аязға сүйгізді
Тоңбасын деп теректер,
Қырау ішік кигізді.
-
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды
Жон аппақ түске енді,
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
-
Ал, бүгін нешінші күн?
-
5 күн жұма
-
Балалар енді теледидарға назар аударайықшы.
(Слайд көрсету) қыс туралы.
Слайд көріп болған соң столдың үстіндегі қыс мезгіліне байланысты суреттерді тақтаға ілу.
-
Жарайды жақсы балалар отыра қойыңдар.
Әуенмен аққала келеді.
-Балалар амандасады.
- Сәлеметсіңдерме балалар.
Аққала мұңайып менің достарым көп аққалалар болып еді, қатты боран соғып достарымды қар басып қалды. Балалабақшадағы балалар аққала әдемі жасай алады деп сендерге келдім.
-
Тәрб: балалар аққалаға көмектесеміз бе?
-
Иә.
-
Ендеше екіге бөлініп үлкен екі аққала жасайық.
Ендеше, бәріміз бірге шеберханаға барайық.
Аққалалар жапсырмалау. қажетті құралдар:(желім,күріш,гречка,бояулар)
(Қар әкелу сырттан, мұз әкелу.)
Аққала: Балалар мен сендерге менде көмектескім келіп тұр.Берілген бетке желімді жағып,оған күрішті жапсырамыз, ал,көзіне гречканы орналастырамыз,аузын қызыл бұршақтан жапсырамыз,басындағы шелегін гречкадан жасаймыз.(ыдысқа салынған керекті заттарды дайындау)
-Жарайсыңдар балалар,неткен шебер балаларсыңдар рахмет сендерге ,енді мен жалғыз емеспін менің кішкентай достарым бар.
Сергіту сәті
Боран соға бастады
Аязымен жасқады
Жаураған соң бәріміз
Жұмыс алға баспады
Бұған біздер өкіндік
Жылынуға бекіндік
Алақанды ысқылап
Бір орында секірдік.
-Балалар менде сендерге тосын сый әкелдім. Оны көру үшін біз зертханаға барайық. (сүлгі,ыдыста қар, үлкен ыд,қар,лампа, мұз)
-Балалар мынау не?
-Қар.
-иә мен сендерге кәдімгі қарды әкелдім,бірақ оның ерекшелігіне тоқталамыз.
-мына жарықты жақсам қар күмістей жарқырайды,оны алақанымызға салсақ ериді,ал ерігенде суғайналады,суды мұздатқышқа қойса мұза айналады.
-Балалар менің тосын сыйым ұнады ма?
-иә
Тәр:-балалар сендер нені көрдіңдер?
-қарды көрдік.
-қар қалай өзгерді?
-қарға жарық түсірсе күмістей жарқырады,қар еріді,мұзға айналды.
-иә,ал бізге қонаққа кім келді?
-Аққала келді. Не болғанын айтады.
-Қыстың қандай ерекшеліктерін білеміз? (салқын,аяз,шанамен ойнау,аққала жасау)
-Балалар: Аққала сізге рахмет.Біз сіз болмасаңыз қардың ерекшелігін білмес едік сау болыңыз.
Орал қалалық білім беру бөлімі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
( 19.02.2015 жыл МКҚК №4 «Березка» МдҰ мен №5 ЖББОМ арасындағы сабақтастық
бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап өткізілген)
Өткізген: Имангалиева Г.Н.
2015 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген