Білім беру саласы:
«Әлеумет»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Қыс
қызығы.
Мақсаты: Айналаны қоршаған ортаны
бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын табиғаттың
әсемділігін көріп қана қоймай тамаша көріністеріне қамқорлықпен
қарау сияқты адамгершілік дағдыларын дамыту. Әр мезгілдің өзіндік
ерекшеліктерін сүйе білуге, қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл
мезгілінің ерекшелігін айтуға көргендерін мен аңғарғандарын дұрыс
баяндауға байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Қажетті көрнекі
құралдар: Қыс мезгілі бейнеленген
мазмұнды суреттер.
Әдіс –
тәсілдері: сөздік, көрнекілік,
практикалық.
Полегвальды компонент: Қыс – зима–winter , мұз – лед
- ice, қар – снег – snow
Тәрбиеші жұмбақ – өлең
оқиды:
Аяз қысып,өрнек
сызып,
Терезені
торлайды.
Қарға омбығып,бет
домбығып,
Сырғанап балалар
ойнайды.
Кейде ұлып,кейде
ысқырып,
Ұйытқып боран
соғады.
Бөбектерім,
айтыңдаршы,
Бұл қай кезде
болады?
Дұрыс қыс мезгілі туралы
айтылған.
Қыс белгілерін
атаңдаршы?
Қыста ауа райы қандай
болады?
Мен өазір сіздерге қыс туралы
жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтар
шешу.
1.Қыста ғана
болады,
Ұстасаң қолың
тонады.
-Қарды неге ұқсатуға
болады?Түсі қандай?
2.Суға батпайды, отқа
жанбайды.
3.Ақсақалды
атаны-ай,
Мінезінің
шатағы-ай.
Тәрбиеші: Ал,балалар сендер
жұмбақ білесің дер ме?
Дидактикалық ойын: «Қай
мезгілде не киеді?»
Мақсаты:
Балаларды жыл мезгілдерімен
таныстыру, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтуға үйрету. Қыс
мезгілінде қалың киім киетінін түсіндіру.
Ойын барысы: Балаларға
қуыршақты жыл мезгілдеріне байланысты киіндіру тапсырылады. Балалар
қыста біз қалай киінеміз? Ал жаз мезгілінде
ше?
Дамытушылық ойын:
«Суретшінің қатесін тап, көмектес»
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің
ерекшеліктерін айыра білу.
Сергіту
сәті:
Қар жауады оң
жақтан,
Қар жауады сол
жақтан.
Қар атысып
ойнасақ,
Су болады
қолғаптар.
Суретпен жұмыс «Қыс
қызығы»
-Балалар далаға шығып нені
көрді?
-Олар қардан не
жасады?
-Қалған балалар не
істеді?
-Қыс мезгілі несімен
қызық?
-Балалар қысқа арналған қандай
өлеңдер білесіңдер?
Біз не
үйрендік?
Сендерге ұнады
ма?
Кімге не
ұнады?
Көңіл-күйіміз
қандай?
Қыс мезгілі
қандай?
Ауа райы
қандай?
Қысқы ойындар
қандай?
Ұйымдастырылған оқу қызметін
қорытындылау.
Балаларды
мадақтау.