400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыс қызығы »атты балалардың демалысында өткізілген іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Құланды ауылдық клубында « Қыс қызығы »атты балалардың демалысын пайдаланып ойындар өткізілді.Сахнада әдемі ырғақты әуен ойнап тұрады. Фанфар беріледі. /Бала тілегі фонында/Ортаға жүргізуші шығып іс-шараны жүргізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құланды ауылдық клубында «Қыс қызығы »атты балалардың демалысында өткізілген іс-шараның сценарийі


Өтетін орны: Ауылдық клуб

Өтетін уақыты: 07.01.2019ж

Сағат: 15:00

Жүргізуші: Құланды ауылдық клубында « Қыс қызығы »атты балалардың демалысын пайдаланып ойындар өткізілді.Сахнада әдемі ырғақты әуен ойнап тұрады. Фанфар беріледі. /Бала тілегі фонында/Ортаға жүргізуші шығып іс-шараны жүргізеді.

Жүргізуші:Армысыздар,құрметті оқушылар!Бүгінгі балалар арасында қысқы демалысымызды тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп жатқан іс- шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ән: «Әке-Ана»

Орындайтын: Жаңабергенов Ғабиден

Жүргізуші:Намысын қорғап еліміздің ұрпағы

Ұшады білімдермен алыстарға

Саналы да білімді оқушылар

Жете берсін оқуда мол табыстарға

Тақпақтар : «Жаңа жыл туралы»

Орындайтын: Бейбарыс Серіков

Жүргізуші:Қыс тойы-әніміз,

Көркем өнер-сәніміз.

Елдің көңілін шалқытып,

Ән шырқайық бәріміз.

Ән: «Отырардағы той»

Орындайтын:Дильназ Бөлекбаева

Жүргізуші:Дархан далам,құшағын жайған маған,

Төгіліп шың басынан бұлақ аққан.

Таулары заңғар биік көкті құшқан,

Киелі туған өлкем-Қазақстан.

Ән: «Қазақстан»

Орындайтын: Ниетхан Сағидуллаев


Жүргізуші:Туған жердің тылсым сырын ұғып көр,

Теңіз кешіп,шың басына шығыпты ер.

Көре тұра мынау ұлы даланы,

Қалай кіші боламыз ,ей жігіттер!

Би: «Санто клаус»

Орындайтын: Айткүл Саттарқызы

Жүргізуші:Отанды әркім анасындай

Қастерлейді,қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап,қорғайды.

Ән: «Жаса,Қазағым»

Орындайтын:Фатима Акбаева

Жүргізуші:Әкелсін арайлы таң болашағын,

Қошеметпен қол соғып шақырайық

Мың бұралған бишіміз ортамызда.

Би: «Қазақ биі»

Орындайтын: Алтынай Қуандықова

Жүргізуші:Әніміз бен биіміз бар әлемге тарасын!

Қара жорға биі тамаша,

Қуантады бізді балаша.

Кел билейік,достарым,шаршамайық,

Асқақтатып әнді жаңаша!

Би: «Қара жорға»

Орындайтын: 3-сынып оқушылары

Жүргізуші: Бишілер бар билейтін

Билері неткен тамаша,

Түрлі ұлттың би өнерін

Үйренеді қаласа.

Би: «Салто айналу» «Папито»

Орындайтын: Есет Болекбаев

Жүргізуші:Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!

Ән: «Жаңа Жыл»

Орындайтын: Хор

Жүргізуші:Осыменен,қадірменді қонақтар,бүгінгі «Қыс қызығы» атты балалардың қысқы демалысына арналған кешімізді аяқтаймыз!Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

«Бекітемін»

Құланды ауылдық клубы КМҚК-нің

меңгерушісі ------------ Б.Жоламанов


«Қыс қызығы »атты балалармен өткізілген концерттің

іс-шарасы

р/с

Жүргізілетін жұмыстар

Уақыты

Орны

Жауапты

1

Көркемдік кеңес отырысы

03.01.2019

Ауылдық клуб

Б.Жоламанов

2

Хабарландыру,шақыру

қағаздарын дайындау

04.01.2019

Ауылдық клуб

М.Ахметова

3

Сценарий

дайындау

04.01.2019

Ауылдық клуб

П.Карасаева

4

Жүргізуіші

дайындау

04.01.2019

Ауылдық клуб

Е.Медеталиев

5

Өнерпаздарды сахнаға дайындау

04.01.2019

Ауылдық клуб

П.Карасаева

6

Керекті әуендер дайындау

06.01.2019

Ауылдық клуб

А.Аликулова

7

Тазалығын

қарау

06.01.2019

Ауылдық клуб

Б.Көшерова

8

Аппаратура

құру

06.01.2019

Ауылдық клуб

Б.Жоламанов

9

Іс-шараның өтуіне жауапты

07.01.2019

Ауылдық клуб

Мәдени қызметкерлер


Құланды ауылдық клубының КМҚК әдіскері: П.К





« Қыс қызығы»атты балалармен өткізілген іс-шараның

БАҒДАРЛАМАСЫ


Р/с

Әннің авторы

Әннің аты

Орындаушы

Н.Назарбаев

«Қазақстан»

Н.Сағидулла

Н.Тілендеев

«Әке-Ана»

Ғ.Жаңабергенов

Тақпақтар


«Жаңа жыл туралы»


Б.Серіков

Би.

«Санто клоус»


А.Саттарқызы

Т.Төреәлі

«Жаса Қазағым»


Ф.Ақбаева


Халық әні

«Отырардағы той»


Д.Бөлекбаева

Би

«Қазақ биі»


А.Қуандықова


ән

«Жаңа жыл»

Хор


Би

«Папито»

Е.Болекбаев

Би

«Қара жорға»

3-сынып оқушылары



Құланды ауылдық клубы КМҚК әдіскері: П.Карасаева










«Қыс қызығы » атты балалармен өткізілген концерттің

МӘЛІМЕТІ


Құланды ауылдық клубында 7қаңтар күні балалардың қысқы демалысын тиімді пайдалану үшін «Қыс қызығы » атты балалармен жұмыс өткізілді. Бастауыш балаларымен би билеп, ән айтылды. Балаларға шашкі ойыны , сырғанаққа шанамен ойнатылды. Шашкі ойынынан алдына жан салмай жеңіске жеткен Бейбарыс Серіков.Салто айналудан Есет Болекбаев қошеметке ие болды. Балалармен бір күндік демалысты қызықты өткіздік. Қысқы демалыс көңілді өткізілді. Оқушылар ризашылық білдіріп тарасты.




Picture 1

Picture 2 Picture 1

Құланды ауылдық клубының КМҚК әдіскері: П.Карасаева






Құланды ауылдық клуб кеңесінде қаралған « Қыс қызығы» атты балалармен кеш өткізу туралы

ХАТТАМАСЫ

Құланды ауылы.

Қатысқан адам: 5 03.01.2019

«Қыс қызығы» атты балалардың демалысын тиімді пайдалануға арналған кеш өткізу.

Тыңдалды:

Клуб меңгерушісі Б.Жоламанов: «Қыс қызығы» атты балалардың демалыс кезін ән айтқызып, би билету және ойындар ойнату жөнінде хабарламасы тыңдалды.

Пікір айтушылар:

1. Әкімшілік маманы Е.Медеталиев –ауылдық клубта балалардың қысқы демалысын тиімді пайдаланып ойындар ойнатып қызықты өткізуге пікірі айтылды.

2.Сүйемелдеуші: Н.Ізбасарова- балалардың қысқы демалысында әнге, биге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізуге пікірі айтылды.


Қаулы етеді:


1.Кештің сценарийі мен концерттік бағдарлама әзірлеу – П.Қарасаеваға тапсырылсын.

2.Хабарландыру мен шақыру қағаздарын жасап тарату –Н.Ізбасарова жүктелсін

3.Жүргізуші дайындау – Е.Медеталиевке жүктелсін.

4.Өнерпаздарды сахнаға дайындау – П.Карасаеваға жүктелсін.

5.Керекті әуендер дайындау – А.Аликуловаға жүктелсін.

6.Дыбыс күшейткіш аппаратурасын құру –Б. Жоламановтан сұралсын..

7.Тазалығын қарау – Б.Көшероваға тапсырылсын.



Төрағасы: П.Карасаева

Хатшы: Н.Молдағалиева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2019
937
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі