400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы С дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарға арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қыс қызықтары.С дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту. С дыбысының артикуляциясын үйрету, ойын арқылы сөзде анық, дұрыс айтуға үйрету.Баланың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру; дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; ұсақ қол моторикасын, есте сақтауын дамыту. Логопедті мұқият тыңдауға, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер: айна, салфетка, тіл жаттығуларының суреттері, қыс туралы суреттер, С дыбысы бар суреттер, дидактикалық ойындар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Саламатсың ба?

-Көңіл-күйің қалай?

- Бүгін біздің сабағымызға көп қонақтар келіпті.

-Қане қонақтармен амандасайық?

-Жарайсың!

-Олар біздің дыбыстарды қалай айтатынымызды тыңдауға келіп отыр екен.

-Ендеше, сабаққа жақсы қатысып, дыбыстарды қалай айтатынымызды көрсетейік.

Алдымен айнаға қарап дыбыстық жаттығуларды жасайық:

Логоформула

А-А-А-А

О-О-О-О

У-У-У-У

И-И-И-И

Ы-Ы-Ы-Ы

Э-Э-Э-Э

Тыныс алу жаттығуы:

Сабағымызды бастамас бұрын ең алдымен тыныс алу жаттығулары мен тіл жаттығуларын жасауымыз қажет, жасап алайық жарайма? Алдымыздағы қар ұшқынын алып үрлеп шығайық 1,2,3 кеттік. Кімнің қар ұшқыны алысқа ұшады екен. Ал енді тіл жаттығуларын жасайық

Қаршаларды жинайық

Артикуляциялық жаттығулар жасау.

-Балалар айнаға қарап жаттығуларды орындайды.

«Тіс тазалау» , «Піл тұмсығы», «Бақа мен Піл», «Ат шауып келеді», «Сағат»,

ІІ. Жаңа сабақ.

Қазір мен саған бір дыбыс жасырамын, сол дыбыс ненің даусы екенін табуың қажет.

- Мұқият тыңдап көрейікші ненің дыбысы? -Жыланның дыбысы

-Жылан қалай дыбыс шығарады, бірге айтайықшы? -ыс-ыс-ыс

-Қандай дыбыс естіліп тұр? -с дыбысы

-Жарайсың!

-Бүгін біз «С» дыбысымен танысамыз

-Енді «С» дыбысынан келетін сөздермен танысайық

-Қане суретке қарап атап көрейікші.

-Енді біз «С» дыбысын дұрыс, әдемі айтып үйренейік.

-Алдымыздағы айнаға қарап «с» дыбысын айтайықшы? -с-с-с-с-с-с

-«С» дыбысын айтқан кезде ерініміз, тіліміз, тісіміз қандай қалыпта болады екен? - ерніміз күледі, тісіміз сәл ашық, тіліміздың ұшы астыңғы тіске келіп тіреледі.

-Жарайсың!

«С» дыбысын логоформулаға салып айтамыз:


Сергіту сәті:

нді бір сәт көздерің жұмып, денеңді бос ұстап, мені тыңдап айтқандарымды көз алдыңа елестет. Ағаштардың бұтақтарын қалың қар басқан. Ауылда үйлердің мұржасынан будақ-будақ түтін шығып жатыр. Үй иесі есік алдын қардан тазалап жүр. Басқан аяғы қырт-қырт етеді. Ал, енді көзің аш.

-Бұл жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасың, қыс мезгілінде даланы аппақ қар басады. Күн қысқарып, түн ұзарады, ауа райы күрт төмендеп, суыйды. Далада аяз болады, терезелерді қырау басады, өзендегі, көлдегі сулар мұз болып қатады. Адамдар қыста қалың, жылы киімдер киеді.

Ал енді Қыс мезгіліне арналған бірнеше тапсырмаларды орындайық

1.Тапсырма:

-Берілген суреттер қиындысынан пазл құрастыру.

2.Тапсырма:

-Лабиринттен өту:

3.Тапсырма:

Cуретке қарап әңгіме құрау

Саусақ жаттығуы:

1.От жағу

Екі алақан арасында қарындашты домалату. Бірінші жай жасаймыз, содан соң тездете жасаймыз, домалатамыз. Ал енді екі қарындашпен жасап көрелік.

2.Үтік

Қарындашты стол үстімен домалату. Қолымызға қалың қарындашты аламыз, стол үстіне қоямыз. Бірінші оң алақанымызбен, сосын сол алақанымызбен домалатамыз.

Қорытынды.

-Жарайсыңдар! Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындадың. Тапсырмаларды орындғанын үшін алған сыйлықтарынды шыршаға жапсырайық.

-Бүгінгі сабақ саған ұнадыма?

-Біз қандай дыбыспен таныстық?

Жарайсың!

Мадақтау:

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқаны үшін марапаттау, мадақтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.01.2026
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі