400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жан жақты көзқарасын , ынтасын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1


Picture 1


Рахимжанова Дильназ Ержановна

12 ЖББорта мектеп

7 сынып оқушысы

Жетекшісі :

Алкеева Тлеухор Аманбаевна





















«Ақ мамық орап маңайды» 

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың

«ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Маған ұнайтыны биік қыраттан төмен қарай шанамен сырғанау.

Қыс айы қызығы мен қуанышты шақтарға толы. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.Терезеге салынған қырауды әдейі біреу салғандай.

Даланың табиғаты тып-тыныш ағаштар маужыраған күйде. Таулар мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар.

Қыс мезгілін қатты күтемін,себебі Жаңа Жыл мерекесін қатты ұнатамын.Отбасымызбен дастархан басында мереке тойлауға отырып,сыйлықтар үлестіретін күн.Мектепте жасыл шыршаны айналып би билеп,ән айтып көңілді өткіземіз. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

«Қан сонарда шығады бүркітші аңға»дегендей ,жаңа жауған қардан түрлі аңдардың ізін көріп ,соны бойлап із кесіп аңшылық еткенде бір керемет!

Абай атамыздың төрт мезгілге жазған өлең жолдары шындықты суреттегендей. Ауыл көрінісі де әдемі көрінеді,далада жайылған жылқылар аяз,боранға қарсы тұрып азықтарын қар астынан тауып жейді.


Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды-,дегендей.

Қысқаша айтқанда қыс өте қызық мезгіл. Қар түсісімен ата-аналарымыз мектептін алдына аққала соғып,жыл он екі айдың бейнелерін мүсіндейді.

Қыс мезгіліндей көңіліміз ақ болсын, достар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.01.2019
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі