400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыс қызықтары

Әлібекқызы Махаббат

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу», «Сурет»
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту. Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларының суретін түтікше арқылы үрлей отырып, бейнелеуге үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.
Тәрбиешінің іс - әрекеті: Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?
Балалар: Әрине.
- Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
- Дұрыс айтасыңдар. Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.

- Балалар, қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.
- Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
Балалар: Адамдар жылы киінеді.
- Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар: Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасаймыз, шана, шаңғы тебемез.
Балалар қорапшадағы бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
1 - топ: «Аққала» тобы.
2 - топ: «Ұлпа» тобы.
1 - топ: «Аққала» тобы жарық шамы түсірілген әйнекке қыс қызығын манка жармасынан, ас тұздан, құмнан саусақ қимылдары арқылы сурет салады.
2 - топ: «Ұлпа» тобы көк түсті қағазды алып, ақ түсті гуащь бояуына қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, бояуды түтікшемен үрлеп, қар ұлпасының суретін бейнелейді.

2 – тапсырма. Жасанды шыршаға мақта орамаларын үрлеу арқылы орналастырып, әдемілеу.(демге арналған жаттығу)
Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар,
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар.
-Жүректен жүрекке,
Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық,
Сау - саламат болайық.
Күтілетін нәтиже: Не алды? Қыс қызығын тамашалады.
Не білді? Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.
Не істей алды? Балалар түтікшемен қардың және құм, жарма, ас тұзын пайдалана отырып жарық түсірілген әйнекке саусақ қимылдары арқылы сурет салды. Мақтаны үрлеп, жасанды шыршаға жапсыра алды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі