400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгіліндегі табиғаттың сұлулығын сезіне білуге,табиғатты жануарларды,құстарды қорғап аялауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Қыс мезгілінің сұлулуығын сезіне білуге үйрету.

Білімділік: Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,қысқы ойындар,киімдер атауларын айтқызып, байланыстырып сөйлеуге білуге баулу.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын кеңінен дамыта отырып,ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :Қыс мезгіліндегі табиғаттың сұлулығын сезіне білуге,табиғатты жануарларды,құстарды қорғап аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: слайд, жапсырмалар, кілемше,

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,ойын,жұмбақтар, мақал-мәтелдер,өлең -шумақ,мнемо техникасы,Восковович әдісі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң бақшамыз,

Қайырлы таң достарым.

Балалар , мен бүгінгі оқу қызметімізді жұмбақ жасырудан бастағым келеді.Менің жұмбағымды шешуге дайынсыңдар ма?

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ:

Шанамен зыралап желетін,

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Бұл қай мезгіл деп ойлайсың. (Қыс)

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың қыс мезгілі.

Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше осы қыс мезгілінің айларына жеке тоқтала кетейікші.Әрбір айдың әртүрлі ерекшеліктері бар.

Желтоқсан жылдың аяғы ,қыстың басы ол суық ызғарлы ай.

Қаңтар -жыл басы,қыстың ортасы,ол ең қарлы ай,бұл айда қатты суық үскірік аяз болады.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр, әрі суық ,дүлей боранды.

Ал сендерге қыс мезгілі ұнайма?

Қыс несімен ұнайды? Шана тебеу,сырғанаймыз,аққала жасаймыз,қармен ойнаймыз.

Қардың түсі қандай?

Қардың түсі ақ болады.

Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Боран,аяз,қар жауады.

Жарайсыңдар балалар ендеше кім қыс туралы өлең-шумақтарын біледі.

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Уақыт мол бөлеміз ,

Қыс қызығын көреміз.

Сары аязға шыңдалып,

Шымыр болар денеміз.

Жылда осылай келеді

Қуанышқа бөледі.

Шашу етіп біздерге ,

Ақ күмісін төгеді.

Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап ,

Қыс отырған секілді.

Жауды міне қар аппақ ,

Айналаның бәрі аппақ.

Жасырыпты жолдарды,

Тегістепті оларды.

Жақсы балалар мен сендерге мақал-мәтелдің басын айтам сендер жалғастырасыңдар.

1 Қыс азығын ………. жаз жина.

2 Жаздың бір күні …….қыстың мың күні.

3 Қыстың көзі ……….қырау

Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын; «Қыс мезгілі »

Сергіту сәті; «Аққала» әні

( Бейне таспа арқылы)

Қыздырайық ойынды,

Көрсін бізді кең дала.

Суық шалмас бойыңды,

Билесең шыр айнала.

Денеміз бар ақ қардан,

Мұрынымыз сәбізден.

Қалпағымыз шелектен,

Көзіміз бар көмірден.

Кел, достарым келіңдер,

Би билейік шаттана.

Үйреніңдер көріңдер,

Қардан соқтық аққала.

Жақсы балалар орындарыңа отыра қойыңдар.Балалар бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты. Есік қағылады Аққала келеді.

Қош келдіңіз! Аққала

Салеметсіздерме!Балалар мен сендерге қонаққа келдім с



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.02.2023
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі