Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы Сағат .Әшімбаев атындағы орта мектебі
Мектепалды О «а» сыныбы
Балалардың жасы 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 02 -06 ақпан 2025-2026 оқу жылы
Адал азамат біртұтас тәрбие Жасампаздық пен жаңашылдық айы « Апта дәйексөздері»- «Жасампаздық - бәрімізге өнеге»
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі 02.02 |
Сейсенбі 03.02 |
Сәрсенбі 04.02
|
Бейсенбі 05.02 |
Жұма 06.02 |
|
||||
|
Балаларды қабылдау |
Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату |
|
||||||||
|
Адалдық әліппесі Ән немесе тақпақ: *Адал бала шын айтады, Жақсылықты жақтайды. Өтірікке бармайды, Әрқашанда тыңдайды!* |
|
|||||||||
|
Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес Тақырып: «Мен баламның айнасымын ба?» Құрметті ата-ана, өзіңізге мына сұрақтарды қойып көріңіз: 1. Балам маған қарап жақсы сөз айту мен сыпайылықты үйрене ала ма? – Сіз айтқан әр сөз – балаңыздың сөздік қорының іргетасы. 2. Балам қателік жасағанда мен оны жазалаймын ба, түсіндіремін бе? – Қателік – өсуге мүмкіндік. Қатты сөз емес, сабыр мен түсіністік керек. 3. Мен уәдемді орындаймын ба? – Сіз уәдені орындамасаңыз, ол да орындай алмайды. 4. Күнделікті балама шын көңілмен құшақ жаямын ба? – Мейірім – тәрбие өзегі. Күнде бір жылы сөз, бір құшақ – жүрекке ем. 5. Балам мені көргенде күлімдей ме, қорқа ма? – Бала бақытты болса – тәрбие дұрыс бағытта. Қорытынды: Баланың жүрегіне жол – махаббатпен, сеніммен, үлгімен төселеді. Әр күніңіз балаңыз үшін жылы естелікке айналсын. |
|
||||||||
|
Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар ) |
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» Қарамырза |
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» Шертпек. |
|
|||||||
|
Ертеңгілік жаттығу |
Таңғы жаттығу кешені № 11 |
|
||||||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық |
Менің Қазақстаным ҚР гимні «Аспан» Асапан ашық,көгілдір, Күн шуағын төгіп тұр! Қол ұстасқан біздерді, Тереземнен көріп тұр |
«Ақ тілек» Адал жақсы ниетпен Бар адамға бақ тiлеп. Жарып шыққан жүректен, Сөздiң бәрi – Ақ тiлек! |
«Сиқырлы таяқша» Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! |
«Қыс» Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан. |
«Шана» Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт, сарт, сарт Алақанды соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз Етік киіп аламыз. Топ, топ, топ Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз Тонды киіп аламыз Зу, зу, зу Шанаменен зулаймыз |
|
||||
|
Кестеге сәйкес ҰІӘ |
1 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
||||||||
|
Сөйлеуді дамыту Қыс қызықтары Міндеті: Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру Күтілетін нәтиже: Жасайды: шығармашылық әңгіме құрайды, қыс мезгілінің ойындарын бөледі; Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді, қардың қандай болатынын ; Қолданады: сөздерге дыбыстық талдау жасайды –Қыс мезгілінде неше ай бар? –Балалар, қыс мезгілінің үш айы да қарлы, аяз, ызғарлы суықпен өтеді. –Балалар, сендер қар қайтіп жауатынын білесіңдер ме? –Дұрыс, қар жапалақтап, түйіршектеніп те жауады. –Кәне, бәріміз бірге «жапалақтап», «түйіршектеніп» деген сөздерді қайталайық. –Балалар, қардың түсі аппақ, жер бетінде күмістей, жып-жылтыр болып жалтырап жатады. Қар – жұмсақ ұлпа Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді. Қаңтар Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқы түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды. Аяз сүйіп қарсы алған, Жердің аппақ тұлғасы. Басталады қаңтардан, Қыс айының ортасы |
Сауат ашу негіздері Біз нені білдік? Міндеті: - Сызбаға сәйкес дауыссыз дыбыстардан басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру Күтілетін нəтиже: Жасайды: дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрайды, дыбыстын орнын анықтайды. Түсінеді: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажыратады, түсінеді. Қолданады: сөйлем сызбасын сызады, дыбыстарды ажыратады Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын ата» ( суреттер көрсету). – Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), әтеш(ә), өшіргіш(ө), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. – Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? – Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетка (щ), күре к(к), трактор (т), сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ )т.б – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды. – Балалар, өнерлі бала деп кімдерді айтамыз? – Сендердің қандай өнерлерің бар? Өнерлі болған жақсы ма әлде жаман ба? Мақал-мәтел 1. Өнерлі өрге жүзеді. – Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Балаларға өз ойларын айтқызу |
Сауат ашу негіздері Дыбыстық талдау Міндеті: - Сөздерге дыбыстық талдау жасау, суреттерді өз дыбыстық сызбасымен сәйкестендіру Күтілетін нəтиже: Жасайды: дыбыстық талдау жасайды. Түсінеді: дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын түсінеді. Қолданады: дыбыстық талдаудың сызбасын, дыбыстарды ажырытады. Дүкендегі ойыншықтарды ата. Сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? Балалармен бірге тапсырманы талқылайды. Балалар ойыншықтарды атайды. (Зымыран, робот, ғарышкерлер, қоян, мысық, түйе, керік, секіртпе, мүйізтұмсық, арыстан, скейт, ұшақ, доп, қуыршақтар, мәшине). Зымыран – з –дауыссыз дыбыс. Робот – р –дауыссыз дыбыс. Ғарышкерлер - ғ –дауыссыз дыбыс. Қоян - қ –дауыссыз дыбыс. Мысық - м –дауыссыз дыбыс. Түйе - т – дауыссыз дыбыс. Керік - к –дауыссыз дыбыс. Секіртпе – с –дауыссыз дыбыс. Мүйізтұмсық - м –дауыссыз дыбыс. Арыстан - а –дауысты дыбыс. Скейт - с –дауысссыз дыбыс. Ұшақ – ұ –дауысты дыбыс. Доп - д – дауысты дыбыс. Қуыршақтар - қ– дауыссыз дыбыс. Мәшине – м – дауыссыз дыбыс. Педагог балаларға ойыншықтардың басталып тұрған дыбыстарын қайталатып, дұрыс айтуға жаттықтырады. – Суреттегі балалар қандай ойыншық таңдайды, ал сен қандай ойыншық таңдар едің? Балалардың ойларын тыңдау. 2. Суреттерді ата. Тиісті дыбыстық сызбамен қос. 3. Дыбыстық талдау жаса. Шеге сөзінің дыбыстық талдауы. Педагог тақтаға шеге сөзінің дыбыстық талдауын іледі. Балаларға дәптерде жұмыс жасауға тапсырма беріледі. Бір бала тақтада талдау жасайды. Шеге сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар, 2-дауысты, 2-дауыссыз дыбыс. |
Сауат ашу негіздері Сөйлем құрай білеміз Міндеті: - Сөйлем құрау және сөйлемді толықтыру, өз ойларын толық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру Күтілетін нəтиже: Жасайды: суретке қарап сөйлем құрайды, сөйлемге қажетті сөзді қосады. Түсінеді: сөздердің жалпы атауын, көп-аз ұғымын түсінеді. Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөйлемнін сызбасын. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді толықтыр» Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдерді құрауға, жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету. Көрнекілігі: «Аулада» тақырыбындағы мазмұнды сурет. Мазмұны: педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы: Әсем ойнап жүр. Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Әсем аулада ойнап жүр. Келесі бала тағы бір-екі сөзді қосады. Әсем аулада досымен ойнап жүр. Дидактикалық ойын: «Көп-аз» Педагог: -Мен сендерге сөзді көпше түрінде айтамын да допты лақтырамын, допты қағып алған бала сол сөздің жекеше түрін айтады да допты кері лақтырады. Мысалы: балықтар – балық, керіктер – керік, алмалар – алма, гүлдер – гүл, ағаштар – ағаш, қоңыздар – қоңыз, ұлулар – ұлу, орындықтар – орындық, тарақтар – тарақ т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттегі ойын түрлерін ата. Сөздерді буынға бөл. Ойын атауларын қатыстырып, сөйлем құра, сызбасын сыз. («Мысық-тышқан», әткеншек, асық, батпырауық, сырғанақ, доп) |
Көркем әдебиет Кітап – білім бұлағы Міндеті: - Кітап туралы түсінігін кеңейту. Көркем сөзге қызығушылығын ояту. Кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Жасайды:Кітап туралы түсінігі кеңейеді Түсінеді:Көркем сөзге қызығушылығы оянады Қолданады:Кітапты ұқыпты ұстауға Көп әңгімем, өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. (Кітап) – Балалар, кітап туралы не білесіңдер? – Кітап – ақылды серігің, досың. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітаптан білмегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, қуанасың. Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасы. Кітапты көп оқыған, күтіп ұстаған баланы барлық адам жақсы көреді. – Бүгін біз ақын Жеңіс Қашқыновтың «Кітап – білім бұлағы» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді оқып береді. Кітап – білім бұлағы Жақсы әңгіме, өлеңді Әр бетінен табамын, Мол қызыққа батамын. «Кітап – білім бұлағы» Деген сөзі атамның Есімде ылғи тұрады |
|
|||||
|
«Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
|
|||||||||
|
Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз. Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық! |
|
|
|
|||||||
|
2 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Қоршаған әлеммен таныстыру Әлем жануарлары Міндеті: - Әлем жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту Күтілетін нәтиже: Жасайды:Әлем жануарлары туралы балалардың білімін кеңейеді. Түсінеді:Жануарларды табиғи-климаттық аймақтар бойынша топтастыруды Қолданады: Жануарлар әлеміне қызығушылық шақыру, жануарларға қамқор болу Балаларды ортаға жинау. – Мен әртүрлі жануарларды атаймын. Біздің елімізде жоқ жануарлардың атын естігенде орындарыңнан секірулерің керек (бизон, түйе, қой; қаз, қоян, кенгуру; жылқы, жолбарыс, аю; бұғы, тиін; керік, тауық, ешкі; үйрек, қырғауыл, тырна; әтеш, күркетауық, тауыс; түлкі, ит, маймыл; піл, сиыр, сілеусін; құлан, мысық, тышқан; ақбөкен, ақ аю, пингвин; итбалық, қасқыр, арыстан). . «Қолтырауындар тобы!», «Пілдер тобы!», «Керіктер тобы!», «Пандалар тобы!» деген төрт топ құрылады. Гонг ұрылып, интербелсенді тақтадан үй, тәрелке, қасықтың суреті суреті шығады. Әр топ өз атындағы жануардың тіршілік ету ортасын және немен қоректенетіндерін әңгімелейді. Балалар жануарлар бейнесіндегі ата-аналармен бірігіп, планшет, ноутбуктерді қолданып, панда, керік, піл, қолтырауындардың тіршілік ету ортасы туралы мәліметтерді қарайды, ақылдасады, әр топтан бір бала шығып қорғайды. Балалар өз пікірлерін дәлелдеп жатқанда, интербелсенді тақтадан сол жануалар туралы слайдтар көрсетіледі. «Қолтырауындар тобы»: Қолтырауын кесірткеге ұқсас. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған. Балық, жануар, кейде құстармен қоректенеді. |
Математика негіздері Заттар тобын санау және салыстыру Міндеті: -Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыруды Күтілетін нәтижелер: меңгереді: санайды, заттар тобын салыстырады, сөздерді айтады: «азырақ, көбірек, тең»; түсінеді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың топтарын салыстыру тәсілін; қолданады: санап, салыстыру білігін «Лабиринт» ойын жаттығуы. Балалар «Егер 3 алма тапсаң, солға бұрыл» сияқты нұсқауларды орындап, лабиринттен өтеді. Бұл логикалық ойлауды және қарапайым тұжырымдарды құра білуді дамытуға көмектеседі. Осы ойынның соңында алманың суреттерін қолдана отырып, №2, №3 парақтардан 3, 4, 5 цифрларын құрайды. Балалар суреттерді көрсетеді, былай деп айтады: «1 және 2 алма – бірге үш алма болады. 5 алманы 2 және 3 алмаға, 1 және 4 алмаға бөлуге болады». Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. 10 саны шығу үшін тағы қанша шие қажет болса, үйшікке сонша нүкте сал. Педагог 10 саусақты көрсетуді сұрайды. Доминодағы нүктелерді сана. Қызыл және жасыл нүктелердің санын ата. Содан кейін әр карточкада қанша нүкте бар екенін айт. 2-тапсырма. Педагог балалардан оң қолын, сол қолын көрсетуді сұрайды. – Сол жаққа қарағанда, оң жақтағы заттардың суретін артық сал. – Оң жаққа қарағанда, сол жақтағы заттардың суретін кем сал. – Сол жақтағы заттар қанша болса, оң жаққа сонша сурет сал. Педагог тапсырманы орындау тәсілін бақылайды. Балалар санайды, одан кейін бірдей немесе артық/ кем заттарды суреттеп салады. 3-тапсырма. Жейдеде көрсетілген цифр шығатындай, жейде мен шалбарды сызып қос. Педагог шалбарда қандай цифр жазылғанын қарауды және оларды атауды ұсынады. Осы екі санды санау материалының көмегімен суреттейді. Содан кейін барлығын бірге қосып санайды. Жейде мен шалбарды жейдеде көрсетілген цифр болатындай етіп біріктіруді сұрайды. Егер бала қиындыққа тап болса, онда ол қайтадан санау материалын пайдаланады |
Математика негіздері Фигуралар мен денелер Міндеті: -Фигуралар мен денелерді: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шар, текше, цилиндрді тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу Күтілетін нәтижелер: меңгереді: текше, шар, цилиндр атауларын айтуды; түсінеді: осы пішіндердің ерекше қасиеттерін; қолданады:. қоршаған ортадан геометриялық денелердің пішіні бар заттарды табуды. Дидактикалық ойын, «Неге ұқсайды?». Балалар геометриялық фигуралар мен аталған фигура пішіндес заттарды атайды. – Дөңгелекке, шаршыға, үшбұрышқа, тіктөртбұрышқа ұқсас қоршаған ортадағы заттарды тап. Оларды ата. Балалар заттарды атайды, заттардың «неге ұқсайтыны»туралы қорытынды жасайды. «Геометриялық кілем құрастыр» ойыны (№38 парақтар). Геометриялық денелермен және фигуралармен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс. Санамақтың көмегімен балалар топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа әртүрлі мөлшердегі текшелер жиынтығын (шарлар, цилиндрлер) және геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш) таратады және оларды өлшемнің өсуіне (кемуіне) сәйкес орналастыруды сұрайды. Балалар тапсырманы орындайды, өз әрекеттерін түсіндіреді. Балалар сопақша мен дөңгелектің геометриялық фигураларын зерттейді, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. – Қызыл сопақшаны ал. Жиегімен саусағыңды жүргіз. – Сопақшаның бұрыштары бар ма? Қабырғалары бар ма? Сопақша қандай фигураға ұқсайды? – Қызыл сопақшаның үстіне жасыл дөңгелек сал. (Фигуралар бірдей мөлшерде болуы керек.) – Не байқадың? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Фигуралардың бұрыштары мен қабырғалары жоқ, дөңгелекке қарағанда сопақша ұзындау. – Қандай заттар сопақшаға ұқсайды? (Сопақша пішінді заттарды бейнелейтін суреттерді көрсету керек.) Балалар сопақшаға ұқсайтын заттарды табады, оларды атайды. – Енді балалар, қолдарыңызға сары тіктөртбұрышты алыңдар. Саусақтарыңды жиегімен жүргізіп көріңдер. Оның бұрыштары бар ма? Қанша бұрыш? Қабырғалары бар ма? Қанша қабырға? Тіктөртбұрыш пен шаршыны салыстырып, сұрақтарға жауап береді. – Тіктөртбұрыш қандай геометриялық фигураға ұқсайды? (Шаршы) – Сары тіктөртбұрышқа бірдей өлшемдегі жасыл шаршыны тұстастырып сал. – Бұл фигуралардың айырмашылығы қандай? – Бұл фигуралар қалай ұқсас? Балалар ұқсастығы мен айырмашылығын табады, шаршының барлық жақтары тең, тіктөртбұрыштың қарама-қарсы жақтары тең. Шаршы мен тіктөртбұрыштың 4 бұрышы, 4 жағы бар. |
Математика негіздері Фигуралар мен денелер Міндеті: - -Фигуралар мен денелерді тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу Күтілетін нәтижелер: меңгереді: текше, шар, цилиндр атауларын айтуды; түсінеді: осы пішіндердің ерекше қасиеттерін; қолданады:. қоршаған ортадан геометриялық денелердің пішіні бар заттарды табуды. 1-тапсырманы орындауды ұсыну. – Жануарлардың фигураларына қара. Жапсырмаға қандай фигуралардың пайдаланылғанын ата. Сопақшалар пайдаланылған фигураларды қоршап сыз. Балалар топтарға бөлінеді, олардың біреуін қайталауды ұсынуға болады. Үстел үстінде жапсырмаға арналған фигуралар салынған конверттер. 2-тапсырма. Шарды, текшені және цилиндрді тап. Шарды қызыл түспен, текшені көк түспен, цилиндрді сары түспен боя. 3-тапсырма. Әр суреттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы фигураны көк түспен, сол жақ төменгі бұрышындағы фигураны қызыл түспен, ортасындағыны сары түспен боя. 4-тапсырма. 1-ден 9-ға дейін цифрларды ретімен сызып қос. Не пайда болды? (Жұлдызша шықты!) «Сиқырлы алаң» дидактикалық ойыны. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог топтарға үлестірмелі материал парақтарынан кесілген заттардың суреттері мен фигураларды – №34, №35, №36 парақтарды таратады. – Егер фигураның айналасына оған ұқсас заттарды жинасаң, онда шаршы бейнесі шығады! |
Қоршаған әлеммен таныстыру Табиғаттағы маусымдық құбылыстар Міндеті: - Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Жасайды:Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен танысу түсінеді: Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтары арту қолданады: Табиғатқа қамқор болу Балалардың көңіл күйлерінің қандай екенін сұрайды , ауа райына назар аударуды ұсынады: Аспанда аппақ бұлттар қалқып барады, әрқайсысы бізге өзгеше бір пішінді көрсетуі мүмкін. Жеңіл самал жел ағаштардың бұтақтарын тербетеді. Жарқыраған күн – біздің серігіміз, досымыз. Бүгінгі көңіл күйіміз ештеңеге көлеңке түсірмесін. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: бірде қар жауады, бірде жаңбыр жауады, бірде күн ашылады, бірде аспанды бұлт жабады. Бұлардың барлығын табиғат құбылыстары деп атайды. Табиғат құбылыстары – адамның еркіне қарамастан табиғатта болатын өзгерістер. Көптеген табиғат құбылыстары жыл мезгілдерінің ауысуымен байланысты, сондықтан оларды маусымдық деп атайды. –Маусымдық құбылыстар қандай табиғатқа жатады? –Жансыз табиғатқа. Жансыз табиғат құбылыстары: найзағай, кемпірқосақ, жаңбыр, тұман, дауыл т.б. Педагог балаларды Қырағымен бірге ауа райы құбылыстарын тамашалауға шақырады. 1-слайд. Интербелсенді тақтадан әртүрлі ауа райы көрсетіледі (шуақты күн, жаңбырлы, бұлыңғыр, желді, аязды, ашық, нөсер жаңбыр, найзағай жарқылдауы, қар аралас жаңбыр, көктайғақ). 2-слайд. Ауа райын болжап, бізге хабарлап отыратын мамандар метеорологтер деп аталады. Олар ауа райын болжайды. Мына құрылғылар термометр, флюгер деп аталады. Термометр ауаның температурасын өлшейді. Флюгер желдің бағытын анықтайды. –Балалар, бізге ауа райын білу не үшін қажет? –Балабақшаға барарда қандай киім кию үшін керек. 3-слайд. –Қандай мамандарға ауа райын білу өте қажет? –Автобус, мәшине жүргізушілеріне, алыс жолға шығатын жолаушылар көліктеріне, ұшқыштарға, кемелерге өте қажет. –Ерте заманда, ауа райын болжайтын мамандар болмады. Халық ауа райы белгілеріне қарап, жан-жануарлардың мінез-құлқына қарап, болжамдар арқылы ауа райының қандай болатынын біліп отырған. |
|
||||
|
Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Серпер» күйі Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру, |
|
|||||||||
|
|
Ақпан Серпер ![]() |
|
|
|||||||
|
3 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Қазақ тілі Бөдене Міндеті: - Тілдік дамытушы орта. -Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту Күтілетін нәтиже: Жасайды:бөдене туралы білетіндері мен көргендерінен ой тұжырым жасады; Түсінеді:таңдалған карындаштарды тік және кері санады; Қолданады: бөдене мен оның жұмыртқасын тауық пен оның жұмыртқасының пішінін, мөлшерін салыстырады; Бөдене туралы жаңа ақпарат. Бөдене жайлы мультфильм тамашалау https://youtu.be/bwKaiTyNbiE Бөдене — тауық тәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 -150г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр.
Әңгімелесу. Топпен суреттегі бөдене мен тауықты, оның жұмыртқалары туралы әңгімелейді... Не көріп тұрмыз? Пішіндері қандай? Салмағы қандай? Ауыр-жеңіл, сопақша, дөңгелек сөздері арқылы бөдене мен тауықтың жұмыртқаларын салыстырып сипаттайды. |
Қазақ тілі Жетіген Міндеті:- -Қазақ халқының ұлттық аспабы жетіген – ішекті аспап екенін түсіндіру Күтілетін нәтиже: Жасайды:жетіген ұлттық аспап екенін білді; түсіндіІ ұлттық атаулар басқа тілге кірме атау болып кіретінін түсінді; Қолданды: құрылымымен танысып, үндігін ажыратты; Тақырыпқа кірісу. Бұл «Аспаптар ойыны» (https://www.youtube.com/watch?v=ecnXdMTU0BM You Tube тан музыкасын қосамыз). Жақсы, айтыңдаршы қай аспаптар сіздерге таныс болмады? Иә, сіздерге осы аспаптардың бірі ЖЕТІГЕН-ді таныстырайын. Назарларыңызды экранға аударыңыздар https://www.youtube.com/watch?v=4rJUmTPQ5fQ&list=PLm8b4TrIR2AeufBBQO5JD2ghp59bgRMN2&index=7 Balapan TV Ұлттық аспаптар. Жетіген
Жұмбақ: Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар, Бұл аспап, қай аспап? - Жетіген 3. Балалар қызық бір ойын ойнайық. Жетіген сөзі 7 әріптен тұрады ғой, енді әр әріпке сол әріптен басталатын 7 сөзден айтып жарысайық. Мысалы Ж: жеті, жол, жіңішке, жеміс, жидек, жаңалық, жазу. Е тура солай жалғасады. |
Сөйлеуді дамыту Қаңтар Міндеті: -Әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға баулу Күтілетін нәтиже: Жасайды: педагогпен бірге қайталап өлеңді жаттайды; Түсінеді:өлең мазмұнын ,қардың «жапалақтап», «түйіршектеніп" жауатынын; Қолданады:өлең ішіндегі сөздерден, дауыссыз дыбыстарды табуды Мақал-мәтелдер 1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы. 3.Қыс қамыңды жаз ойла. Дидактикалық ойын: «Дауыссыз дыбыстарды анықта». Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды», «қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы: «мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы – дауыссыз дыбыс. Тапсырма ауызша орындалады |
Көркем әдебиет Қайтпай қалған қарлығаш Міндеті: - - Шығармадағы әрекеттердің дамуын қадағалауға баулу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жасайды::Шығармадағы әрекеттердің дамуын қадағалау . Түсінеді:Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдеді Қолданады:Құстарға қамқорлық жасауға Қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? Бұлтты ма, ашық па? – Қыс мезгілінде қандай құстарды көресіңдер? (Слайдтан көрсетеді). – Ал қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді? – Егер сенде сиқырлы таяқша болса, құстарға қалай көмектесер едің? Адамдар, аңдар, құстар – барлығы да қысқа дайындалады. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Соның бірі қарлығаш. Бүгін біз қарлығаш туралы автор Тайжан Тойбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді Сөздік жұмысы: дәрменсіз – әлсіреген, жараланған биікке самғау – биікке көтеріліп ұшу қора – мал қамайтын орын, жай Әңгіме мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Әңгіме қалай аталады? – Бала қарлығашқа неге таңданды? Әңгімедегі баланың аты кім? – Қарлығашты көрген Асан атасына не деді? – Асан қарлығашқа қандай қамқорлық жасады? – Қарлығаш балаға ризашылығын қалай білдірді? |
Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру) Атама арналған тымақ Міндеті: - Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру -- Аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру --Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру -- Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін Топтық жұмыстар |
|
||||
|
Қауіпсіздік сабағы : «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ» Мақсаты: балаларға жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу үшін ойын алаңдарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін үйрету. |
|
|||||||||
|
Тәрбиеленушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ойын алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік ережелері: - Құлап кетпеу және басқа балалармен соқтығыспау үшін тым жылдам жүгірмеңіз. - Құмды, тасты немесе басқа заттарды лақтырмаңыз. - Итермеңіз, күреспеңіз, төбелеспеңіз. Әткеншекте ойнау ережелері - Әткеншекте ойнау ережелері арқандардан немесе тұтқалардан ұстап тербелу керек. - Әткеншек үстінде тұруға немесе одан секіруге болмайды. - Түсер алдында әткеншек толық тоқтағанша күтіңіз. Сырғымада өзін-өзі ұстау ережелері: - Аяғыңызды алға созып, отырып сырғанаңыз. - Сырғыманың көлбеу бөлігіне көтерілмеңіз. - Төмен түспес бұрын сырғыманың төменгі жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Карусельдегі тәртіп ережелері: - Айналған кезде тұтқалардан ұстаңыз. - Айналып жатқанда, карусельден түсуге тырыспаңыз. Құм жәшігіндегімінез-құлық ережелері: - Басқа балаларға құм шашпаңыз. - Ойыншықтарды немесе басқа заттарды тым терең жерге көмбеңіз. |
|
Пайдалы сілтемелер: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/6V3tSWZCptc?si=V-_WrYZRhRjt5-Ia |
|
|||||||
|
4 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Дене тәрбиесі Қабырғаға өрмелейміз Міндеті: . - Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет). Күтілетін нәтиже: Жасайды: - Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұру Түсінеді: тұрып, аяқтарын көтеру Қолданады:жаттығу жасайды Гимнастикалық қабырғаның бір сатысынан екінші сатысына диагональ бойынша адымдап өтуге, өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру, қол мен аяқ қозғалысын үйлесімді қозғау |
Музыка Айнала ақшақар Міндеті: - Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру Күтілетін нәтижелер: Жасайды: әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды. Түсінеді: бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланысу. Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады. Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва х.ә. (өңдеген Т. Ломова) Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев) Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко) |
Дене тәрбиесі Біз көңілді балалар Міндеті: - Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр). . Күтілетін нәтиже: Жасайды: Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею Түсінеді: қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу Қолданады: стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау Антарктида Антарктидада жыл бойы қыс болады. Пингвин – оның мекені. «Пингвиндер» ойын-жаттығуы Екі тіземен допты қысып алып жүру. Екі топқа бөлінеді. Екі топ екі тізбек болып тұрады. Бастаушы балалар екі тізе ортасына допты қысып, белгіленген жерге екі аяқпен секіріп барып, кері жүгіріп келіп, тізбектің соңына тұрады. Ойын осылай жалғаса береді. |
Дене тәрбиесі Біз көңілді балалар Міндеті: - Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет); Күтілетін нәтиже: Жасайды: Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу Түсінеді: қолды алға созып, жартылай отырып-тұру Қолданады:жаттығулар жасау II.«Қатып қал!» ойын жаттығуы. Шашырап жүру, жүгіру. «Қатып қал!» бұйрығы бойынша бір орындарында қатып қалады. Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. Нөмірлері бойынша топ болып сапқа тұрады. 30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру. Нұсқау – екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады. Заттардың жанында екі тізбекке тұрады. Топтарға ат қояды. Поролон текшелерден секіріп, құрсауды айналып өтіп, таяқшаны келесі балаға алып келіп, өзі тізбектің соңына тұрады. Келесі жолы топ болып секіріп барып, қайтарда жүгіріп қайтып келеді. Екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады. Саптан шықпай, бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады |
Музыка Бесік жыры Міндеті: - Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету Күтілетін нәтижелер: Жасайды: жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды. Түсінеді: музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау. Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов) Ән айту: «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев) «Айнала ақша қар» (И. Мамақов) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев) Музыкалық аспапта ойнау: «Құлыншақ» (С. Урбах) |
|
||||
|
|
|
|
||||||||
|
Серуенге дайындық |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. |
|||||||||
|
Серуен |
Серуен-Бақылау №1 Бақылау: Қыстап қалатын құстарды бақылау. Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен танысты ру, қыстап қалатынқұстар туралы мағлұмат беру.қамқор лықпен қарауға үйрету. Еңбек: Құстарға жем шашу. Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың қатерлігін түсіндіре отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Қыс келгенде торғайым Үй алдына қон дәйім.Ойна,жүгір желкілде, Тисем саған оңбай мын. Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып, балалардың сөздік қорларының белсенді лігін арттыру, тіл мәдиниетін жетілдіру. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойында ғы зейінділік, сезім талдық қабілеттерін дамыту. Еркін ойындар Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау |
Серуен-Бақылау №2 Бақылау: Қарды бақылау. Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелік терін айту.Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту. Жеке жұмыс Тақпақ: Аппақ көше, бар дала, Аппақ ой мен қыраттар. Ақ шатырлы қар қала, Ақ жамылып тұр бақтар. Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю. Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.Сөздік қорын дамыту, ойын жүйелеп жеткізе білуге үйрету. Қимылды ойын: Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау». Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру. Еркін ойындар Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау |
Серуен-Бақылау №3 Бақылау:Ауа-райын бақылау. Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. Еңбек: «Таза алаң». Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік». Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету. Е.Өтетілеуов. «Күшік». Үреді үйшікте Аулада күшіктер Біреуі оның қап-қара, Біреуі сары ала Біреуі қардай ақ, Біреуі сұр жолақ Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ: Үреді абалап Ойын: «Қасқыр мен қаздар». Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру. Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи». Еркін ойындар Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау |
Серуен-Бақылау №4 Бақылау: Аязды бақылау. Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап, мойын орауыш тағатынымызды түсіндіру. Еңбек: Ауладағы қарды күреу.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс ұстауға үйрету. Қим.ойын: «Сырғанақ тебу». Мақсаты: Балаларды ұйымшыл тату ойнауға, шанамен ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету. Жеке жұмыс: Жұмбақ. Терезеге қонады, Әсем ою ояды.(Аяз). Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет терін дамыту, сөздік қорларын молайту. Еркін ойындар Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау |
Серуен-Бақылау №5 Бақылау: Күнді бақылау. Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру. Еңбек: «Қыс қызығы». Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күн) Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта- рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Қимылды ойын: «Айгөлек». Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшандыққа , ептілікке баулу Еркін ойындар Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау. |
|||||
|
Серуеннен оралу |
Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету |
|||||||||
|
Балалармен жеке жұмыс |
Ахметжан Аяулым Нұржанқызы Сөйлеуді дамытудан Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымы бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету |
Амангелді Балжан Айтбекқызы Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс» Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса «дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді. |
Раис Дастан Талғатұлы Музыкалық -ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқынды таныс дене жаттығуларын орындату |
Алтай Айзере Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымы бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету |
Қайратұлы Ермұхаммед Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс» Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса «дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді |
|||||
|
Балалардың іс- әрекеті ( ойын,танымдық,коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)* |
Қаржылық сауаттылық Тақырып: Дана бала – үнемшіл бала Мақсаты: - Ақшаның қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру - Үнемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу - Қарапайым қаржылық мінез-құлықты дамыту Шағын әңгіме: "Айдостың арманы" Айдос тәтті жегенді жақсы көреді. Аптасына берілген ақшасын түгел жұмсай береді. Бір күні ойыншық дүкенінен қалаған машинасын көреді, бірақ ақшасы жетпейді. Сыныптасы Алина апта сайын ақшасының жартысын жинайтынын айтты. Бір айдан соң Айдос та жинап, армандаған ойыншығын сатып алды. Енді ол ақшаны қалай жұмсауды үйренді. Сұрақтар: 1. Айдос неге ақшасын үнемдемеді? 2. Ол қалай ойыншық сатып алды? 3. Ақшаны қалай дұрыс жұмсау керек? 4. Ақшаны не үшін жинауға болады? Тапсырмалар: - Сурет салу: "Мен не үшін ақша жинаймын?" - Жағдаятпен жұмыс: – Саған анаң 500 теңге берді. Сен оны қалай жұмсайсың? - Ойын: "Ақша неге жетеді?" – балаларға ойыншық ақшалар беріліп, заттардың бағасын салыстырады. |
Экологиялық мәдениет Тақырып: Табиғатты аялайық! Мақсаты: – Табиғатты қорғауға тәрбиелеу – Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау – Қоқысты сұрыптау, өсімдікті қорғау, суды үнемдеуді түсіндіру 1. Ойын: «Дұрыс – Бұрыс» Шарты: Мұғалім суреттер көрсетеді немесе әрекетті сипаттайды. Балалар «дұрыс» болса – жасыл шеңбер көтереді, «бұрыс» болса – қызыл шеңбер көтереді. Мысалдар: - Қоқысты жәшікке салу (дұрыс) - Ағаштың бұтағын сындыру (бұрыс) - Суды ағызып қою (бұрыс) - Құсқа жем шашу (дұрыс) |
Қаржылық сауаттылық Тапсырма: «Ақша қайда керек?» Мақсаты: Ақшаның қажетті жерлерін түсіну, таңдауды үйрену. Нұсқау: Балаларға түрлі суреттер көрсетіледі (дүкен, дәріхана, саябақ, автобус, аурухана). Сұрақ қойылады: – Ақша керек пе? – Қандай зат үшін? – Қандай жағдайда ақша жұмсамаймыз? Тәрбиелік мәні: - Ақшаның қадірін білу - Қалау мен қажеттілікті ажырату - Дұрыс таңдау жасау |
«Ғажайып қобдиша» Мақсаты: Ойын барысында балалар зерек болу керектігін ұғады. Суреттерден артық суретті табады.. Бір-бірін тыңдай алады. |
«Таспаны кім тез орайды?» Мақсаты: қол қимылдарын шапшаңдықпен жасай алады. |
|||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес Тақырып: «Тәрбиенің негізі – тұрақтылық» Құрметті ата-ана! Бала 5 жасында бәрін зерделеп, санасына сіңіре бастайды. Сол себепті төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: 1. Күн тәртібі – балаға сенімділік береді. – Балада ұйқы, ойын, тамақтану, сабақ уақыттары тұрақты болсын. Бұл оның бойында жауапкершілік пен тәртіп қалыптастырады. 2. Тәрбиеңізде тұрақты болыңыз. – Бүгін рұқсат беріп, ертең тыйым салсаңыз – бала шатасады. Бір әрекетке деген көзқарасыңыз әрдайым біркелкі болсын. 3. Уәде бердіңіз бе – орындаңыз. – Ата-ананың сөзі – бала үшін заң. Уәдесін орындамаған ата-анаға бала сенуден қалады. 4. «Жоқ» деп айту – жамандық емес. – Бала бәрін алғысы келеді. Бірақ шектеу қою – оның ерік-жігерін, сабырын тәрбиелейді. 5. Тәрбие – тек сөз емес, әрекет. – Балаңызға не үйреткіңіз келсе, соны алдымен өзіңіз жасаңыз. Есте сақтаңыз: Бала – қағаз емес, жүрек. Оған әр сөзіңіз бен әрекетіңіз жазылып қалады. |
|||||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қыс қызықтары

шағым қалдыра аласыз