
Қарақия аудандық
әкімдігінің «Еркемай»
балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Бекітемін:____________Темірова
Н.
Тақырыбы:
«
Қыс»
Орындаған: Турахова
А.
Білім беру
саласы: Қатынас. Әлеуметтік
орта
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Тақырыбы: «Қыс»
Мақсаты:
А) Қыс мезгілі туралы түсінік
беру;
Ә)
қызықты тапсырмалар орындата отырып,
тақпақтар, жұмбақтар арқылы
сөздік қорын молайту, тіл
байлығын дамыту
Б) Өлеңді жатқа айта білу
арқылы көркем әдебиетке қызықтыру.
Қолданылатын
көрнекіліктер: қыс мезгілі тақырыбында
бейнеролик, қыстық киімдердің суреттері, қыс тақырыбында суреттер,
бағалауға арналған смайликтер.
Ашық оқу қызметінің
барысы:
Балаларды шеңберге
тұрғызу.
-
Мотивациялық -
қозғаушылық
Шаттық
шеңбері:
Шеңбер болып
тұрайық,
Алақанды
ашайық.
Күннің нұрын
алайық,
Жүрекке жылу
салайық.
Жиналған жылы
шуақты
Қонақтарға
шашайық!
(Балалар шеңберге тұрып
қимылдар жасайды. Жиналған жылы жуақты қонақтарға
шашады)
ІІ. Ұйымдастырушылық -
ізденістік
Кіріспе
әңгіме
Тәрбиеші:
Сұрақ – жауап арқылы
әңгіме жүргізу
Тәрбиеші:
-
Суретте қандай жыл мезгілі
бейнеленген?
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қандай – қандай?
-
Ауа-райында қандай
ерекшеліктер болады?
-
Қыста қалай
киінеміз?
-
Қыста қандай ойындар
ойнаймыз?
-
Қыс мезгілі несімен
қызықты?
Н. Аманжолованың «Қыс» өлеңін
мәнерлеп оқу.
Қыс
Аппақ күміс бар
әлем,
Зымыраймыз
шанамен,
Тоғайлар тон
киеді,
Аяз беттен
сүйеді.
Жиналып ап бар
бала
Тұрғызамыз
аққала.
(Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп
оқиды, балалар қайталайды)
(Сықырлаған дыбыс естіледі.
Қонаққа Аққала келеді)
Аққала:
-
Сәлеметсіздерме, балалар!
Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен мен де келіп қалдым. Мен аулада
бір өзім қалғандықтан, көнілсіз болып балабақшаға сендермен ойнауға
келдім. Менімен дос боласыңдарма, балалар?
Тәрбиеші:
-
Балалар, бізге қонаққа кім
келді?
-
Аққала
-
Ия, дұрыс айтысыңдар балалар.
Аққаламен дос боламызба?
-
Ия
Аққала:
-
Қыста ғана
болады,
Ұстасаң қолың
тоңады.
(Қар)
-
Қолы жоқ, сурет
салады,
Тісі жоқ, тістеп
алады.
(Аяз)
Тәрбиеші: Аққала, енді біздің
балаларымыздың қыс мезгілі туралы білетін тақпақтары бар еді, саған
сол тақпақтарын айтып берсін.
Әбдірахымбек:
Далада қар
борайды,
Ақ мамыққа
орайды
Мұз болады,
қатады,
Жып-жылтыр боп
жатады.
Гауһар:
Жапалақтап ала
қар
Жауды күнде
қайталап,
Қырға шықты
балалар,
Шаңғыларын
арқалап.
Нұрзия:
Ауыл маңы қар
аппақ,
Қызықтар көп не
түрлі.
Ақ дәптерді
парақтап,
Қыс отырған
секілді.
Гауһар:
Жауды,міне қар
аппақ,
Айналаның бәрі
аппақ.
Жасырыпты
жолдарды,
Тегістепті
оларды.
Әдемі:
Үстін жауып
көлдердің,
Бетін бүркіп
белдердің.
Жастық етіп тауды
асқақ,
Жантайыпты
жамбастап.
Аққала: Балалар, менің сендермен бір ойын
ойнағым келіп тұр.
Ойнаймызба?
(Балалар кезекпен кезек тақтаға шығып
киімдерді топтастырады)
Тәрбиеші:
Балалар,
шаршадыңдарма?
Сергіту
сәті:
Қыздырайық
ойынды,
Көрсін бізді кең
дала
Суық шалмас
бойыңды,
Билесең шыр
айнала
Қайырмасы:
Кел достарым,
келіңдер
Би билейік
шаттана
Үйреніңдер,
көріңдер
Қардан соқтық аққала,
аққала.
Денеміз бар ақ
қардан
Мұрынымыз
сәбізден
Қалпағымыз
шелектен
Көзіміз бар
көмірден.
Қайырмасы. 2
рет.
Аққала:
Оой балалар, ыстықтап кеттім ғой. Қазір мен
еріп кететін болдым.
Тәрбиеші:
Жоқ, Аққала ерімей тұра тұр.
Біз қазір балалармен саған бір сыйқырымызды көрсетеміз. Балалар
қазір Аққаламыз еріп кететін болды. Ол еріп кетпес үшін бәріміз 1,
2, 3
дегенде Аққалаға қарай
үрлейік. Қанекей 1, 2, 3...(уууу..Желдің дыбысы
шығады)
Аққала: Ой, балалар, салқындап қалдым
ғой. Көп – көп рахмет сендерге.
Аққала:
Ша – ша –
ша,
Жап жасыл ...
(шырша)
Ар – ар –
ар
Қандай апаақ ...
(қар)
Ыс – ыс –
ыс
Келіп қалды ...
(қыс)
Ла – ла –
ла
Қардан соқты ...
(Аққала)
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Аққала,
бүгін бізге қонаққа келгеніңізге көп – көп рахмет. Сенімен біздің
бүгінгі оқу қызметіміз қызықты болды.
ІІІ. Рефлексикалық
түзетушілік
Тәрбиеші:
Аққала:
-
Сау болыңыздар,
балалар!
-
Сау болыңыз,
Аққала!
(Балалар Аққаламен
қоштасады)
Қорытындылау
Сұрақ –
жауап.
Тәрбиеші: