|
Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар / Жанды табиғат |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.1.1. 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. 3.1.1.2. Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтауды білетін болады. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіруді білетін болады. |
|||||
|
Көпшілік оқушылар: |
|||||
|
Сандар сәулесінде қарапайым теңсіздіктің көптеген шешімдерін табады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларды дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі. Пәндік лексика және терминология: 1000 көлемінде тура және кері санау, оқу, жазу, салыстыру, теңсіздік, көптеген теңсіздіктердің шешімі, сандар сәулесі. |
||||
|
Диалог/жазу үшін қолданылатын тіл. Талқылау: |
|||||
|
Разряд деген не? Санды разрядты қосылғыштар қосындысы түріндегі байқау. |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Үш таңбалы сандарды жазу, сандар сәулесін сызу, теңсіздіктің шешімі болып табылатын аумақты қиғаш сызықпен көрсету. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Үш таңбалы сандардың нумерациясы. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
|
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. Мұғалім балалармен жанды және жансыз табиғат туралы не білетіндері жөнінде әңгіме жүргізеді. |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Өзектендіруді ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Тақтада сандар жазылған бұлт: 9, 0, 1; жауын тамшыларын 2, 6, 7 сандарымен; қарларды 4, 8, 3 сандарымен белгілеу. Балалардан бар сандардан қалай әртүрлі сан құруға болатынын сұрайды? – Бүгін біз үш таңбалы санмен жұмыс жасаймыз. Олар туралы білетініміздің барлығын есімізге түсіреміз. – Бұлттағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (109, 901, 910, 190) (сандар магнитті тақтаға жабыстырылады).
(109)
Оның алдындағы санды атаңыз. (108) Келесі сан. (110)
Тамшылардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (267, 276, 627, 672, 726, 762). (Сандар магнитті тақтада құрастырылады.) Қарлардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз (483, 438, 348, 384, 834, 843). Сандарды өсу ретімен қойыңыздар.
Тексергеннен кейін мұғалім балалардың қайсысы қиындыққа тап болғанын, кім қай тапсырмада қателескенін анықтайды. |
|
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Мұғалім оқулықтағы 1(а) - тапсырманы орындауды ұсынады. 1(б) – тапсырмасын орындамас бұрын мұғалім екінші бағандағы есептеуді басқаша қалай орындауға (жазуға) болатынын нақтылайды. 4 жүздік + 5 жүздік, 8 жүздік – 2 жүздік. Жүздікті де бірліктер мен ондықтарды санағандай санайды деген шешім шығады. Оқушылар «жүздік» деген түсінікпен таныс, олар сандарды атайды және жазады. Атаулы аудандармен жұмыс жасау барысында өлшем бірліктерінің қатынасын еске түсіреді. |
|
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Толық жүздікпен бірге балалар қосу және азайту амалдарын іске асырады. 2-тапсырманы орындау кезінде мұғалім оқушылардан разрядтың не екенін сұрайды. Разряд – бұл сандарды жазу кезіндегі цифрдың орны екенін айтады. Оқушылар кестені оқулықтан қарап, берілген сандарды оқып, әр разрядтың бірлік санын атайды. Көп таңбалы сандарды оқу ережесін тапсырманы орындау кезінде қолданады. Презентацияны қолдануға да болады. Үш таңбалы сандарды салыстыру (алгоритмі) ережесін есте сақтау үшін тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар таратылады. Оқушылар нәтижесін айта отырып, салыстыру алгоритмін құрайды: алдымен жоғарғы разрядтың бірліктерін салыстырады. Егер олар тең болса, содан кейінгі бірліктердің разрядтарын салыстырады. 4-тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар салыстырудың таңдап алынған таңбасын негізге ала отырып, үш таңбалы сандарды салыстырады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. 5-тапсырманы орындайды. Оқушылар үш таңбалы сандарды тауып, жанды табиғатқа нелер жататынын білетін болады, осы сандарды өсу ретімен жазады. Әрбір санның разрядын атайды. Теңсіздіктермен жұмыс жалпыға бірдей жүргізіледі. Балаларға теңсіздіктің шешімі болатын сандардың сәуледе орналасуын тұжырымдау ұсынылады. Осыдан кейін шешім шығады: х-тің мәнін табу үшін сандар сәулесін пайдалану ыңғайлы. Сәуле сыз, х-тің орнына қоюға болатын санды домалақтап белгілеп, қиғаш сызықпен сызып көрсет. 7-тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындайды. |
|
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс Дәптермен жұмыс. Бағалау критерийлері: Мен жасай аламын:
Өткенді қолдану. Мұғалім оқулықтағы 8-10 жаттығуларды балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп ұсынылады. |
|
|||
|
37-40 |
Рефлексия. Балалар бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өз үлгерімдерін бағалайды: -1000 көлеміндегі сандардың қалыптасуын түсіндім; -1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санай аламын; -санның орнын натурал сандар қатарынан анықтай аламын; -үш таңбалы сандарды оқып, жазып және салыстыра аламын; -қарапайым теңсіздіктердің көптеген шешімдерін таба аламын. Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған №7(ә)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады. Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі. |
|
|||
|
Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштардың қосындысы / Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне климаттың әсері |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.5.2.1. Көп таңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану. 3.1.1.3. Үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу. 3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
кластар мен разрядтар кестесін қолдана отырып, үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
кластар мен разрядтар кестесін қолданбай, үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Көп таңбалы сандардың графикалық моделін құруды біледі. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқу. Пәндік лексика және терминология: Үш таңбалы санның графикалық үлгісі, разрядтық қосылғыштардың қосындысы. Қарапайым теңсіздік, қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиыны, сандар сәулесі. |
||||
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: |
|||||
|
Разряд деген не? Разрядты қосылғыштардың қосындысы түріндегі санды ал. Теңсіздіктің шешімдер жиынын сандар сәулесінде белгіле. |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Сандар сәулесін сызу, аумақты қиғаш сызықпен сызу, теңсіздік шешімі болатын үш таңбалы сандарды жазу. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Үш таңбалы сандардың нумерациясы. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. Жер көлемі аймағындағы жыл сайын болатын ерекшеліктер – бұл климат немесе ауа райының тәртібі. Климат ауа райына қарағанда тұрақты. Белгілі бір елді мекенге оны бірақ рет суреттейді, ал ауа райы күнде өзгереді. Ауа райы — бұл климаттың белгілі бір күнге немесе мезгілге арналған болжамы. Яғни климат – бұл қалыпты жағдай. Климаттық нормадан ауа райының ауытқуы климаттың өзгерісі ретінде қарала алмайды, мысалы өте суық қыс климаттың сууын айтпайды. Климаттың өзгеріске ұшырауын он жыл көлемінде бақылап, атмосфера өзгерісін байқаған жағдайда ғана айта алады. |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Мұғалім тексеру үшін математикалық диктант жазуды ұсынады. Жаз және мына сандарды оқы: 2 жүздік 8 ондық 3 бірлік 5 жүздік 0 ондық 1 бірлік 4 жүздік 6 ондық 0 бірлік 7 жүздік 0 ондық 0 бірлік Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырма орындалады. Оқушылар тек ондық, бірлік не бірлік жетіспейтін үш таңбалы сандарды жазып алады және Қазақстанның шөл даласында қандай өсімдіктердің өсетінін біледі. |
Оқулық. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсынылады. Оқушылар жүздікті үлкен шаршымен, ондықты кіші шаршымен белгілеп, жүздің ішінде неше ондық болса, сонша шаршы салып, жабыстырады. Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы қарауды ұсынады. Оқушылар ұсынылған сан аталған ауданның қай разрядты бірліктен тұратынын, қандай разрядты қосылғыштарға бөлуге болатынын түсіндіреді. |
Оқулық, қиылатын қағаздар: үлкен және кіші шаршылар. |
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Мұғалім кейін сұрақтарға жауап беретіндей, жұмыс жоспарын құрады: Сандық разряд деген не? Разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу деген нені білдіреді? Разрядты қосылғыштардың санын қалай анықтауға болады? Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Мұғалім оқулықтағы 3-тапсырманы бір-біріне түсіндіру арқылы жұппен орындауды ұсынады. |
Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш. |
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс 4-тапсырманы дәптерде орындауды ұсынады. Балалар тапсырманы дәптерде бағалау критерийлерімен орындайды. Мен: -сандарды жаза аламын; -санды разрядты қосылғыштардың қосындысына бөле аламын; -санның үлгісін құрай аламын. Өткенді қолдану. Қосымша ретінде өткен сабақтан тапсырма беруге болады: 1. Тура теңдік пен теңсіздік шығу үшін қандай сандарды қою керек? 48. . . < 489 305 < 3. . . 5 185 =…8 . . . 451 > 4 … 9... 6 > 960 218 < 2 … 2. Сандарды салыстыр: 899 + 1 * 901 –1 367 – 60 * 367 – 7 100 – 1 * 999 489 – 400 * 589 – 500 Оқулықтан 5, 7, 8, 9 және 10-тапсырмаларды орындауды ұсынады. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен мынаны түсіндім, мынаны білдім, мынаны ажыраттым...; «… өзімді мақтан тұтамын»; «Маған әсіресе… ұнады»; «Бүгін мен… жасай алдым». Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады. Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі. |
|
|||
3-сабақ.
|
Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту / Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне климаттың әсері |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау. 3.4.3.1. 1000 көлеміндегі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтау. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындай алады. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
1000 көлеміндегі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтауды үйренеді. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауын түсіндіруді біледі. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқу. Пәндік лексика және терминология: Үш таңбалы сандардың ондық құрамы. Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту тәсілдері. |

Алдыңғы және кейінгі санды ата. Есептеу тәсілдерін түсіндір. |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Разрядты қосылғыштардың қосындысы ретіндегі сандарды жазу. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Үш таңбалы сандардың нумерациясы, үш таңбалы сандардың разрядтық құрамы. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. – Біздің аймақтың климаты мен ауа райы қандай? Қазақстан теңіздер мен мұхиттардан шалғай орналасқан, климат континенттік зонасында суықтың ызғары бар. Көптеген аймақтарда қыс суық, ал жаз тым ыстық. Сендер қалай ойлайсыңдар, климат және ауа райы жануаралар мен өсімдіктер өміріне әсер етеді ме? |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Оқулықтан 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушыларды тапсырманы қарап, үш таңбалы сандардың ондық разрядтың бірлігі жоғын ғана жазып алады, қандай жануарлардың шөл далатіршілік етуге бейімделгенін біледі. Оқушылар тағы үш санды тауып, оны кему ретімен жазады. |
Оқулық. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы – практикалық жұмысты топпен орындауды ұсынады. Оқушылар толық жүздікпен, ондықпен, бірлікпен үлестірмелі қима қағаздарды дайындап, ұсынылған сандарды алдыңғы және кейінгі сандарды атай отырып, құрайды, сұрақтарға жауап береді: – Алдыңғы сан қаншаға кем? – Кейінгі сан қаншаға артық? |
Оқулық, сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар, маркерлер, қағаздар. |
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Ары қарай үлестірмелі қима қағаздармен жұмысты жалғастырып, мұғалім әр оқушыға сандардың бірін таңдап (жауып, ары жылжытып), бірлік (ондық, жүздік) санын білдіретін шыққан санды табуды ұсынады. Мысалы, 532 санынан 2-ні алып тастаса 530 қалады. - Ал егер 2 (20, 200) санын қосу керек болса ше? Балалар ойларын айтады. Осыдан кейін 532 мен 124 санын үлестірмелі қима қағазды пайдаланып қалай қосуға болатынын түсіндіреді. Мұғалім 3-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар орындалған іс-әрекетті түсіндіреді, мұғалімнің көмегімен үш таңбалы сандарды қосу мен азайту ережелерін құрастырады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 4-тапсырма орындалады. Оқушылар кезекпен бірінші бағандағы орындалған тапсырманы түсіндіріп береді, осы бойынша екінші бағандағы өрнектің мәнін табады. |
Оқулық, жазылған үлестірме карталар, маркерлер, қағаздар, дәптер, жаттықтырғыш. |
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс Мұғалім дәптерден жеке және жұппен орындалатын тапсырма береді, артынан тексереді. Қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін баланың қабілеттілігін талап ететін тапсырма беріледі: -үш таңбалы сандардың ондық құрамын ата; -1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде орналастыру; -1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде азайту. Өткенді қолдану. Оқулықтан 5-тапсырманы орындауды ұсынады. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі қима қағаздар таратады, оқушылар жалғасын жазады: Мен… үйрендім. … менің қолымнан келді. Мен … жасай алдым. Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады. Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі. |
|
|||
4- сабақ.
|
Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту / Адам өміріне климаттың әсері |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау. 3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу. 3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды ауызша орындайды. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табуды біледі. |
|||||
|
Көпшілік оқушылар: |
|||||
|
Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауды түсіндіре алады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды оқи алады. Пәндік лексика және терминология: Разряд. ондықтар, жүздіктер, бірліктер, мыңдықтар. Үш таңбалы сандардың ондық құрамы. Үш таңбалы сандардың қосу және азайту амалдарын орындау тәсілдері. |

Санды разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу дегеніміз не? Разряд бойынша қосу (азайту) дегеніміз не ? Үш таңбалы сандарды қалай қосуға болады? |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Сандық және әріптік өрнектерді жазу. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Сандардың разрядтық құрамы. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. Ауа райын білу не үшін қажет? Нақты ауа райы туралы мәліметті білгеніңіз көптеген қиындықтан сақтауы мүмкін (ең аз дегенде – бұл аяқ киімнің су болып қалуынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындардан сақтайды және т.б.). Сол себепті ауа райы туралы мәлімет нақты және сенімді болуы өте маңызды. Метеорологтардың нақты ақпараты – әуетранспорт қызметінің сәттілігінің кепілі. Өнімнің сапалы болуы метеорологтардың нақты көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Климаттық жағдайы қауіпті және табиғи апаттар болуы мүмкін аймақтарда ауа райын білу өте маңызды. |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыстар.Мұғалім санауға қажетті материалды алдын-ала балаларға үйден әкелуді ескертеді не болмаса бүкіл сыныпқа өзі әзірлейді (әртүрлі мөлшердегі және түрлі түсті геометриялық фигуралар, табиғи материалға – бұршақ, түрлі жаңғақтар, қақпақтар, түймелер және т.б. жатады). Балалар оқулықтан 1-тапсырманы орындайды. Мысалы, 324 санын былай қоюға болады:
|
Оқулық. Үлестірмелі санау материалдары. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Оқушылар топпен жұмысты жалғастырып, оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды жалғастырады, сандар сәулесінен жиындар шешімін атап, көрсетеді, осы жиынның 5 санын атайды. Мұғалім оқушылардан бүгін қандай сандармен жұмыс жасайтындарын сұрайды (үш таңбалы). |
Оқулық, дәптер, сандар сәулесі. |
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Мұғалім 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеулерін түсіндіреді. Мұғалім балалардың есептеу алгоритмдерін ауызша айтқызады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Мұғалім оқулықтағы 3(а)-тапсырманы орындауды ұсынады. 3 (б)-тапсырмасын үйде орындайды. Оқушылар есептегендерін кезекпен айтып түсіндіреді. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауда оқушылар есептеуді орындауда толық ондыққа дейін толықтыруды қолданғанның тиімді екендігін бақылап байқаулары қажет. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар кестедегі мәліметтерге қарап берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар оқулықтағы 5-тапсырманы орындайды. есепті шығарады. Берілгенге кері есеп құрастырады және өзінің пайымдауының дұрыстығын дәлеледейді. Оқушылар «Күн райын не үшін білу қажет» тақырыбын талдайды. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс Мұғалім дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Бағалау критерийлерін қарайды. Мен: -үш таңбалы сандардың ондық құрамын жазуды білемін; -1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде қоя аламын; -1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде азайтамын. Өткенді қолдану. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау ұсынылады. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия.
Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 3(б)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады. Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі. |
|
|||
5-сабақ.

||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
3-сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау. 3.5.2.4. Қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану. |
||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||||
|
үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындайды. |
|||||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||||
|
үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауын түсіндіреді. |
|||||||
|
Көпшілік оқушылар: |
|||||||
|
қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектердің атауларын қолдануды білді. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқи алады. Пәндік лексика және терминология: Үш таңбалы сандардың ондық құрамы. Үш таңбалы сандарды қосу және азайту тәсілдері. |

Разряд бойынша қосу (азайту) дегеніміз не? Үш таңбалы сандарды қалай қосуға болады? |
|||||||
|
Жазылым: |
|||||||
|
Үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға өрнектер жазу. |
|||||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Сандардың разрядтық құрамы |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||||
|
0-3 |
Ынталандыру. Алдыңғы сабақтарда үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындауды үйрендіңіздер. Ары қарай жылжу үшін біз өткен сабақтардың жақсы қабылданғанын білуіміз керек. |
|
|||||
|
4-6 |
Өзектендіру. Үлестірмелі қима қағаздардағы тапсырмаларды орындау (немесе тақтадағы). Ауызша есептеу.
Не өзгереді, не өзгермейді? Шешім шығарыңыз. Қосу кезінде бірліктерді бірліктермен, ондықтарды ондықтармен, жүздіктерді жүздіктермен қосады. Азайту кезінде бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты, жүздіктен жүздікті азайтады. Ары қарай мұғалім оқулықтағы 1-тапсырманы береді. Оқушылар жұппен қосуды орындап, жарыса жауаптарын салыстырады. |
Тапсырма жазылған үлестірмелі қима қағаздар. |
|||||
|
7-11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) – Бүгінгі сабақтың мақсаты? – Қосу амалдары бойынша алған білімдерін бекіту. Қосу амалын орындау кезіндегі қатемен жұмыс жасау. |
Оқулық, дәптер. |
|||||
|
12-29
|
Өзіндік жұмыс Оқулықтағы №1-2-тапсырмаларды орындауды ұсынады. Қатемен жұмыс Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындық туды? – Қай жерде қателестіңіз? – Қателесуіңіздің себебі неде? – Өзіндік жұмыс кезінде қиындық болмаған балалар өз іс-әрекеттеріңіздің мақсатын құрастырыңыз. (Қосымша тапсырманы орындау). – Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай? (Қатені түзету). – Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз. – Әркім өзінің оқу мақсатын айтады. |
Оқулық, дәптер, |
|||||
|
30-36 |
Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Балаларға 5-тапсырманы қарап шығып, оқу ұсынылады. - Әріпті өрнектің мәнін қалай табу керек? Бұл өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады? (бір әріпті, екі әріпті). Үлгі бойынша есептің мәнін тап. Үлгі: (a + 8) – b а= 200 b= 100 (200 + 8) – 100 = 108 Алғашқы бекіту үшін 6, 7-тапсырмалар орындалады. Қалған тапсырмаларды мұғалім саралап ұсынады |
|
|||||
|
37-40 |
Рефлексия. Сөйлемді аяқтаңыз: Бүгін мен… білдім. Маған… қызық болды. Маған … қиынға соқты. Мен… тапсырмаларды орындадым. Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескеріп анықтайды. |
|
|||||
6-сабақ.
|
Тақырыбы: 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау / Өсімдіктер әлемі |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру. 3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру. |
|||||
|
Көпшілік оқушылар: |
|||||
|
Көптаңбалы сандарға өзінің графикалық моделін ұсыну. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санауды біледі. Пәндік лексика және терминология: Мың, 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар. |

Бірліктер класының разрядтарын ата. Мыңдықтар класының разрядтарын ата. Көптаңбалы санды қалай дұрыс оқу керек? |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Көптаңбалы сандарды жазу. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Үш таңбалы сандардың нумерациясы. Разрядтар. Кластар. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. Мұғалім өсімдік әлемінің көптүрлілігі жайында әңгіме жүргізеді. Біздің ғаламшардың өсімдік әлемі алуан түрлі. Түрлі өсімдіктердің мыңдаған және миллиондаған түрлері бар. Өсімдіктердің түрлерін санау үшін математикалық білім де қажет. Өз біліміңізді толықтыруға дайынсыз ба? |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Оқулықтан 1-тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап алады да үш таңбалы сан құрайды, жазылған сандарда барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды. Оқулықтан 2-тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылар кестедегі сандарды оқып, әр разрядтың бірліктер санымен разрядтық қосылғыштар санын санайды. |
Оқулық. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 3-тапсырмада оқушы мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді: – Мәтінде қандай сандар кездесті? – Сендерге қай сандар таныс, ал қай сандар таныс емес? |
Оқулық |
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Топтық жұмыс. Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы, бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санап, орындайды. Мұғалім оқушыларды мыңдықтармен санау үйлесімді болады дейді. Оқушылар мыңдықтар класымен, көптаңбалы сандарды оқу ережесімен, көптаңбалы сандарды оқу ережесін есте сақтауды жеңілдететін тәсілмен танысады. Жұппен жұмыс. 5-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар бір таңбалы сандардың оң жағына нөлді (екі нөл, үш нөл, төрт нөл, бес нөлді) тіркеп, шыққан сандарды оқиды. 6-тапсырмада оқушылар тапсырманы разрядтар мен кластар кестесі бойынша оқиды, көптаңбалы сандарды салыстыру ережесін тұжырымдайды, тапсырмадағы берілген санды салыстырады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар үлгі бойынша сандар моделін құрастырады. Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек: – санның барлық цифларының астын сызамыз – бұл бірліктердің саны; – бірліктен басқа цифрлардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны; – бірліктер мен ондықтардан басқа барлық цифрлардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны. |
Оқулық, разрядтар кестесі. |
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс 8-тапсырма оқушылар уақытқа орындайды, қажетті амал таңбаларын теңсіздік дұрыс болатындай етіп қояды. 9-тапсырма зерттеушілік қасиетті қажет етеді, оқушыларға қанша өсімдік, қанша саңырауқұлақ түрлері, тағы басқа қандай өсімдік түрлерінің Қызыл кітапқа енгізілгенін білу керек болады. Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы материалды түсіну деңгейіне жеткізіп орындауды тапсырады. Мен:
Өткенді қолдану. Мұғалім дәптердің тиісті бөлімінен жеке тапсырма береді. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия. «Көңіл-күй картасы». Сабақ соңында
балалар өз көңіл-күй жағдайын, сабаққа деген өзінің көзқарасын,
сабақтың өздеріне ұнаған (ұнамаған) сәттерін суреттеп үлестірмелі
қима қағаздарды толтырады. Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі. |
|
|||
7 -сабақ.
|
Тақырыбы: 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау. Сандар тізбегі / Өсімдіктер әлемі |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру. 3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастырады; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды білетін болады. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрады, разрядтар мен кластар кестесін қолданады. |
|||||
|
Кейбір оқушылар үшін: |
|||||
|
Көптаңбалы сандардың өз графикалық моделін ұсынады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000-ға дейінгі сандарды тура және кері санау. Пәндік лексика және терминология: 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар. |

Көптаңбалы сандарды қалай оқиды? Көптаңбалы сандарды қалай салыстырады? |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Көптаңбалы сандарды жазу. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Сандардың нумерациясы. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. Мұғалім өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме өткізеді. Өсімдіктерді өсіру үшін, адамдарға жаңа сорттар ұсыну үшін санай білудің көмегі өте көп. Өз білімдеріңді толықтыруға дайынсыңдар ма? Өткен сабақта көптаңбалы сандардың нумерациясын оқыдық. Алға жылжу үшін бізге алдыңғы сабақта алған мәліметті қаншалықты ұғынғанымыз маңызды. |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді: – Бірліктер класында қанша разряд бар? – Мыңдықтар класында қанша разряд бар? Оларды разрядтар мен кластар кестесі бойынша атайды, көптаңбалы сандарды оқу ережесін айтады. Кестеде берілген көптаңбалы сандарды оқиды. |
Оқулық. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) – Бүгінгі сабақтың мақсаты не? – Өрнектің мәнінің тәсілдері туралы алған білімін бекіту. Есеп шығарғандағы қателермен жұмыс жасау. |
|
|||
|
12-29 |
Өзіндік жұмыс Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындау. Қиындықтарды түзету Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Қай жерден қате жіберді? – Жіберілген қатенің себебі неде? – Өзіндік жұмыста қате жібергендердің іс-әрекетінің мақсатын құрыңыз. (Қосымша тапсырмаларды орындау). – Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай? (Қателерді түзеу). – Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз. – Әркім өзінің есебі жайында айтады. Дәптерде балалар бағалау критерийлерімен тапсырманы орындайды. Мен: -көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрай аламын; -разрядтар мен кластар кестесін қолданамын; -1 000 000-ға дейін тура және кері ретпен мыңдықтармен санаймын. |
Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер. |
|||
|
30-36 |
Өткенді қолдану. Балалар өз таңдауымен тапсырманы орындайды. Оқушылар оқулықтан 3-тапсырманы орындайды, дәптерге сәуле сызады, санды белгілейді, берілген теңсіздіктің шешімі болып табылатын 5 санды жазады. 4-тапсырмада оқушылар көрсетілген бірлік өлшеміне өрнектейді. 5-ші және 6-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар 5(а) және 5(ә) есептерді шығарады. 6-тапсырмада теңдеулерді шешеді. Оқулықтағы 7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген қосындының мәні шығатындай үш санды таңдайды. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия. Сөйлемді аяқтаңыздар: – Бүгін мен… білдім. – Маған… қызықты болды. – Маған …қиындық тудырды. – Мен… тапсырмаларды орындадым. Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескеріп анықтайды. |
|
|||
8-сабақ.
|
Тақырыбы: Көптаңбалы сандардың моделі. Сандар тізбегі / Жануарлар әлемі |
Мектеп: |
||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||
|
3-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану. 3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау. 3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу. 3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау. |
||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||||||||||
|
көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтар мен кластар кестесін қолдану. |
|||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||||||||||
|
1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау. |
|||||||||||||
|
Көпшілік оқушылар: |
|||||||||||||
|
өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: 1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санай біледі. Пәндік лексика және терминология: Разряд және класс, көптаңбалы сандар моделі, сандар тізбегі. |

Санның моделі деген не? Ненің көмегімен санның моделін суреттеуге болады? |
|||||||||||||
|
Жазылым: |
|||||||||||||
|
Көптаңбалы сандарды жазу, сандар моделін құру. |
|||||||||||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Сандардың нумерациясы. |
||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||
|
Жоспарлан-ған уақыт время |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||||||||||
|
0-3 |
Ынталандыру. Мұғалім балалармен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімелеседі. -Біздің даламызда, ормандарымыз бен тауларымызда, суларымызда қандай жануарлар мекендейтінін білесіңдер ме? Барлық жануарлар, құстар, балықтар мен жәндіктер біздің жеріміздің табиғи байлығы болып табылады. |
|
|||||||||||
|
4-6 |
Өзектендіру. Разрядтар мен кластар кестесімен жұмыс жүргізіледі. Балалар кестедегі сандарды оқиды. Олардың разрядтық құрамын атайды. Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады.
Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындап, көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады. Тәжірибелік жұмыс жасайды. Жұмыс абак – көне есептегіш құралды пайдалана отырып, топта жүргізіледі. Оқушылар берілген сандардың моделін жасайды. |
Разрядтар мен кластар кестесі. Презентация. Оқулық. |
|||||||||||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Өткен сабақта көптаңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды үйрендік. Алға жылжу үшін бізге алдыңғы сабақта алған мәліметті қаншалықты ұғынғанымыз маңызды. |
Оқулық, разрядтар кестесі. |
|||||||||||
|
12-29 |
Өзіндік жұмыс Оқулықтағы 4-тапсырмада оқушылар көптаңбалы сандарды салыстырады, разрядтық қосылғыштар түрінде көптаңбалы сандарды көрсетеді. Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар разрядтық қосылғыштарға жіктейді. Оқушылар дәптерлеріне дұрыс теңдіктер жазады. Қиындықтарды түзету Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Қай жерден қате жібердіңіз? – Жіберілген қатенің себебі неде? – Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз. (Қосымша тапсырмаларды орындау). – Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай? (Қателерді түзеу). – Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз. – Әркім өзінің есебі жайында айтады. |
Оқулық, дәптер. |
|||||||||||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы дәптерде орындауды ұсынады. Мен:
Өткенді қолдану. Оқулықтағы 6-тапсырма есеп құрастыру және шығару, сонымен қатар сандардмен теңдіктер және теңсіздіктер құрастыру білігін бекітуге бағытталған. Балалар мәтіндегі сандық деректерді оқиды және теңсіздіктер құрастырады. Бұдан кейін есептердің шешуін жазады. Сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін: Барлығы неше жануар? Қояндарға қарағанда тұяқты жануарлардың нешеуі артық? 7-тапсырманы кестелік көбейту мен бөлуді бекітуге мүмкіндік береді. 8-тапсырмада сандар заңдылықтарын зерттейді. |
Оқулық, дәптер. |
|||||||||||
|
37-40 |
Рефлексия. «Мен үшін бүгінгі сабақ…» Оқушыларға сабақта үш бағыттағы жұмыста сипаттайтын сөйлемнің астын сызып беру үшін жеке үлестірмелі қима қағаз беріледі.
Рефлексия оқулық бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Сабақ тақырыбы бойынша «ойыңмен бөліс», «ойластыр», «ұсын» сөздерімен сұрақтар құрастыруды ұсынады. Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды. |
|
|||||||||||
9-сабақ.
|
Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері / Жергілікті жердің бедері |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
3-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.2.8. Үш таңбалы сандардың жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану. 3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар : |
||||
|
үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану. |
|||||
|
Көпшілік оқушылар: |
|||||
|
Есептеуді баған түрінде тексеруімен орындау. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтудың алгоритмін қайталау. Пәндік лексика және терминология: Разряд аттамай және разрядтан бір рет аттап, разрядтан екі рет аттап үш таңбалы сандарды «бағанмен» қосу мен азайту алгоритмдері. |

Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде? Сандарды қосу мен азайту кезінде бағанға қалай жазған дұрыс? Есептеуді қалай тексеруге болады? |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды бағанмен жазу. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||
|
0-3 |
Ынталандыру. Құрлықтардың барлық тегіс емес жерлері теңіздер мен мұхиттардың астыңғы қабаты бедер деп аталады. «Рельеф» сөзі латын тілінен аударғанда «көтеремін» деген етістік. Әдетте бедер сөзі жер бетінің көтеріңкі қабаты – таулар мен төбелер, бірақ оған алқаптар, ойпаттар, ойыстар жатады. |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды. |
Оқулық. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 651 + 125 = 776 мына өрнектің мәнін табуды жазбаша орындау, яғни бағанмен есептеу жеңіл.
– Бұл жағдайдың бұрынғы оқыған жағдайдан қандай айырмашылығы бар (жүздік разряды қатысады). Алгоритм құруды үйреніп көреміз. |
Оқулық, тұсаукесер |
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Бұл сабақта оқушылар есептеудің әртүрлі тәсілдерімен (разрядтан аттамай, разрядтан бір және екі рет аттап танысады). Балалар мұндай тәсілдерді екі таңбалы сандармен орындаған. Бұл сабақта олар өздерінің бар білімдерін сандардың жаңа аймағына ауыстырады. Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Сандардың моделін құрайды, қалай ауызша есептеу керектігін түсіндіреді.
Дәптерге жазады: 432 +245 677 Түсіндіруде келесі алгоритмді қолданады: Жазамын… Бірліктерді қосамын… Ондықтарды қосамын… Жүздікті қосамын… Жауабын оқимын… Балалар, үш таңбалы сандарды есептеу, екі таңбалы сандарды есептеудің алгоритмімен жүреді. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, бағанмен есептеу қалай болғанын қарайды жазбаша есептеу алгоритмін айтады. 4-тапсырманы орындамас бұрын балалар шамаламен амалдар орындау алгоритмін еске түсіреді. Оқушылар оқулықтан 4-тапсырманы орындайды, тексеріп, мысалдарды түсіндіре отырып шығарады. Оқулықтағы 6-тапсырмада орындауды ұсынады. Оқушылар үштаңбалы сандармен берілген шамалардан тұратын өрнектердің мәндерін табады. Оқушылар есептеуді қалай жүргізетінін түсіндіреді. |
Оқулық, дәптер, |
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс Мұғалім тапсырманы таңдап оны дәптерге орындауды тапсырады. Дәптерде бағалау критерийлерімен тапсырмалар орындалады. Мен: -компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдануды; -үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмін пайдалануды білемін. Өткенді қолдану. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындауды ұсынады. Бұл тапсырма мұғалімге оны әртүрлі күрделілік деңгейінде ұсынуға мүмкіндік береді. Ең қарапайым деңгей - соқпақ жолдардың ұзындығын табу. Бұдан күрделі деңгей -маршрут ұсыну және оның ұзындығын табу. Бұдан күрделі деңгей - ең қысқа (ең ұзын) маршрутты табу. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия. Сабақтың соңында
балаларға өзін-өзі зерттеуге мүмкіндік беретін, сабаққа сапалы және
саны бар шағын сауалнама беруге болады. Кейбір пунктерді өзгертуге,
толықтыруға болады, сабақтың кейбір элементтеріне аса мән беріледі.
Оқушыларды өз жауаптарын дәлелдеу қажеттігін сұрау. Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады. Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі. |
|
|||
10-сабақ.

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану. 3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу. 3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері. |
|||||
|
Бірқатар оқушылар: |
|||||
|
Үш таңбалы сандардың қосу және азайту тәсілдерін разрядтан аттап орындау және тексеру амалдарын орындау. Екі әріпті, берілген әріптер маңызының, өрнектің мәнін табу. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Жазбаша қосу және азайту алгоритмін қолдана отырып, бірнеше амалдан тұратын өрнектердің мәнін табу. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмінің жазбаша түрін қайтадан қарау. Пәндік лексика және терминология: Үш таңбалы сандарды «бағанмен» бір/екі разрядтан аттап және аттамай қосу мен азайту алгоритмдері. Бір/екі әріпті өрнекте, әріптердің маңызы, сандық өрнектердің маңызы. |

Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде? Сандарды қосу мен азайту кезінде бағанға қалай жазған дұрыс? Есепті қалай тексеруге болады? |
|||||
|
Жазылым: |
|||||
|
Үш таңбалы сандарды қосу және азайтуды баған түрінде жазу. |

Ынталандыру. Келіңдер, балалар, санап үйренейік! Нақты есебі жоқтың барлығын есте сақтаңыздар. Кез келген жұмыс алға баспайды, Есепсіз көшеде жарық та болмайды, Есепсіз зымыран да орнынан қозғалмайды. |
|
|||
|
4-6 |
Өзектендіру. Оқулықтағы 1-тапсырманы мұғалім жазбаларын қарап және анықтап, қандай топтарға бөлуге болатынын (өрнек, есеп, теңдік пен теңсіздік) мұғалім оқулықта жазбаларды қарап, қандай топтарға бөлуге болатынын анықтайды. Оқушылар бір бағанға әріпті өрнектерді, ал бір бағанға сандық өрнектерді жаздырады. |
Оқулық. |
|||
|
7-11 |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 2-тапсырманы орындау барысында оқушылар көрсетілген өлшем бірліктерін көрсету керек. |
Оқулық |
|||
|
12-29 |
Жаңаны ашу. Мұғалім 3-тапсырмадағы есептеуді түсіндіруді тапсырады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқушылар мынадай шешімге келеді: бір түрдің шамаларын қосуға болады, нәтижесінде сол түрдің шамасы пайда болады. Бірдей шамалардың мәндерін қосу және азайту үшін оларды бірдей өлшем бірлікке ауыстырып алып, содан кейін есептеуді орындау керек. |
Оқулық, |
|||
|
30-36 |
Өзіндік жұмыс 4-тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындайды. Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы қима қағазда немесе дәптерде орындауды ұсынады. Балалармен бірге бағалау критерийлері талқыланады: Мен: - үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолданамын; - екі әріпті берілген мәні бойынша сандық өрнектің мәнін табамын. Өткенмен жұмыс. 5-тапсырманы орындау барысында оқушылар есептің шарттары бойынша өрнек құрастырады, есепті сандық деректермен толықтырады да шешеді. 6-тапсырманы орындау барысында оқушылар сандардың берілгендерін «бос терезелерге» кезек-кезек қойып, есептеудің рационалды тәсілдерін қолданып, шыққан өрнекті жазып отырады. 7-тапсырма зерттеуді қажет етеді. |
Оқулық, дәптер. |
|||
|
37-40 |
Рефлексия. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар қима қағаздар таратады, оқушылар сөйлемді аяқтайды: … жасап көремін. …мені таңғалдырды. … өміріме сабақ болды. …қаладым. Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды. |
|
|||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспар

шағым қалдыра аласыз