400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Еңбектің рөлі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1. Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

3.1.3.3. Шамалар мәндерін (мм, см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2) салыстыру және амалдар орындау.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ауданы бар нысандарды атау, ауданды өлшеу үшін құралдар мен өлшемдер таңдау.

Бірқатар оқушылар:

палеткамен өлшемдерін шығару, көлемнің мәнін салыстыру см2, дм2, м2 және олардың үстінен амалдар орындау.

Кейбір оқушылар :

Палетканың көмегімен фигураның өлшемін еркін формада шығару.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Ауданы бар заттар мен фигураларды атау.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан, палетка, өлшем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай заттардың (фигуралардың) ауданы бар?

Ненің көмегімен ауданды өлшеуге болады?

Фигуралардың аудандарын қалай салыстырамыз?

Жазылым:

см2, дм2, м2.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан түсінігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Математика не істей алады?

  • Астрономға алыстағы жұлдыздардың жолдарын анықтауға көмектеседі.

  • Инженер математиканың көмегімен реактивті ұшақты, кеме мен электр станциясын жобасын жасайды.

  • Ал теңізшіге теңіздегі кеме жолын көрсетеді.

  • Сонымен, математика барлық санау қажет болатын заттарды санайды. Математикалық білім бізге өмірде және еңбегімізде қажет болады.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарап, әр алаңға салу үшін қанша тақтатас кететінін санайды.

Оқулық



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар дәптер бетіне қабырғасы 10 см немесе 1дм болатын шаршы сыз. Тапсырма «осы шаршының ауданын табу» оқушыларды мәселелі жағдаяттарға әкелу.

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

– дұрыс форманың ауданын анықтау үшін не істеу керек. (Өлшем бірлікті мақсат етіп қою қажет.)

– Берілген фигураны қандай бірлікпен өлшеуге болады? (дм2 , см2-мен)

– Фигураның ауданын квадрат сантиметрмен қалай өлшеуге болады? (Оны қабырғасы 1 см болатын шаршыларға бөлу керек, осындай қанша шаршы бар екен.)

Оқушылар көлденеңінен және тігінен 1 см қадаммен сызады, бір сызықтағы торкөздерді санайды – бұл бір ондық, фигураның бойына осындай қанша ондық сыяды (10 ондық см2 немесе 100 см2).

Мұғалім оқушылар ауданның өлшем бірлігінің қалыптасуында қандай заңдылық байқағанын сұрайды. (қабырғасы 1см квадрат – ауданның өлшем бірлігі – 1 квадрат см, см2, қабырғасы 1дм болатын квадрат – ауданның өлшем бірлігі – 1 квадрат дм, дм2).

– Сіз ұқсастық бойынша егер қабырғасы 1м (1 квадрат метр, 1 м2) болса, кілемнің ауданын таба аласыз ба?

2-(б) тапсырма бойынша оқушылар тәжірибелік жұмыс жасайды, қабырғасы 1 м болатын квадраттың қанша квадрат дециметрден тұратынын санайды. Тереңірек түсіну үшін әр топқа қабырғасы 1 м болатын қағаз беріледі. Бір топқа үлкен сызғыш беру керек, ал екінші топқа қабырғасы 10 см болатын түрлі түсті қағаздан жасалған шаршы беріледі. Үлкен сызғышы бар топта шаршының қабырғасына әр 10 см сайын сызық қалдырады (әр бала қағаздың бір жақ бетін сызуына болады), тігінен де көлденеңінен де сызық жүргізеді. Түрлі түсті қағаздан шаршысы бар топта оқушылар бірінен соң бірі үлкен қағаз бетіне жабыстырады, содан кейін қабырға бойымен арасынан қалдырмай жабыстырады. Оқушылар бір шаршы метрде қанша дециметр квадрат бар деген шешімге келеді.

3-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар кезек-кезек бір-біріне бұдан да үлкен жаңа аудан өлшем бірліктерін түсіндіреді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

4-тапсырмада оқушылар сандық көлем амалдарын орындайды.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

4 (а) тапсырма орындалады.

Өткенмен жұмыс

5-тапсырманы оқушылар түрлі әдіспен шығарады.

6-тапсырманы өзіне ыңғайлы тәсілмен шығарады.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар қызықтырарлық болды?

  • Бүгінгі сабақта түсінгенің қай жерде керек болуы мүмкін?

  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

  • Бәрі өзіңіз ойлағандай болды ма?

  • Неге?

Тағы не үйренгіңіз келеді?



23- сабақ. Аудан. Ауданның өлшем бірліктері


Тақырыбы: Еңбектің рөлі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1. Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

3.1.3.3. Шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2/ сек, мин, сағ, тәул., жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ауданы бар нысандарды атау, ауданды өлшеу құралдар мен өлшемдер таңдау.

Бірқатар оқушылар:

палеткамен өлшемдерін шығару, көлемнің мәнін салыстыру см2, дм2, м2 және олардың үстінен амалдар орындау.

Кейбір оқушылар :

Палетканың көмегімен фигураның өлшемін еркін формада шығару.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Ауданы бар заттар мен фигураларды атау.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан, палетка, өлшем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай заттардың (фигуралардың) ауданы бар?

Ненің көмегімен ауданды өлшеуге болады?

Фигуралардың аудандарын қалай салыстырамыз?

Жазылым:

см2, дм2, м2.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен қандай маман иелері ауданды өлшейтіні жайында әңгімелеседі, күнделікті өмірде бұл ілімді қалай пайдалануға болады.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарап, қанша тақтатас кететінін санайды.

Оқулық



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта аудан деген не, қалай және қандай бірліктермен өлшейтінін білдік.

Бізге өткен сабақтағы мәліметтердің қаншалықты түсінікті болғанын білу керек.

Оқулық



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды.

2-(а) тапсырмада – тіктөртбұрышта қанша қатар бар екенін, бір қатарда қанша торкөз барын, тіктөртбұрышта, квадратта қанша торкөз барын санайды.

2-(ә) тапсырмада – тіктөртбұрышта қанша баған бар, квадратта қанша баған барын, барлығында қанша баған барын санайды.

Оқушылар санаудың екі әдісінің нәтижесін салыстырады.

3-тапсырмада оқушылар өрнектің мәнін есептеп шығарады, сандық өлшемдермен ұсынылған, ауызша көбейту алгоритмін сақтай отырып, өрнектің қосындысы мен айырымын, көбейту кестесін білетіндер көбейту мен бөлу амалдарына арналған білімді пайдаланады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Оқулық, разрядтар кестесі дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Мұғалім тапсырманы дәптерде немесе қима қағазда бағалау критерийлерімен орындауды ұсынады.

Бағалай критерийлері:

Ауданды қалай өлшеу керек екенін білемін, өлшеу нәтижелерін дұрыс жаза аламын.

Өткенмен жұмыс

Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, сандық мәліметтерді ұсынылған қысқа жазбалармен толықтырады, әр оқушы өз серіктесіне көмектеседі, есеп шығарады, өзара тексеру үшін алмастырады.

6-тапсырма оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, алдымен әр жер телімінің периметрін табу көзделген. Оқушылар сұрақтың астарында, барлық гүлзарды қоршауға қажетті ұзындық, олардың периметрінің қосындысына тең.

9-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар қызықтырарлық болды?

  • Бүгінгі сабақта түсінгенің қай жерде керек болуы мүмкін?

  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

  • Бәрі өзіңіз ойлағандай болды ма?

  • Неге?

Тағы не үйренгіңіз келеді?



24- сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділік


Тақырыбы: Менің жұмсайтын шығындарым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептер шығару.

Бірқатар оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептерді зерттеу.

Кейбір оқушылар:

Кері байланысты үштік есеп құру.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Шамалар арасындағы тәуелділікті қалыптастырады: баға, құн, сан.

Пәндік лексика және терминология:

Шамалар арасындағы байланыс, сызба, қысқаша жазбалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Түсінік деген не?

Басқа екі шаманы біліп тұрып, бір шаманы қалай табуға болады?

Жазылым:

сызба, қысқаша жазба, шешім, есептің жауабы.

Тірек білім, білік, дағдылар

БАҒА, САН, ҚҰН туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан сұрайды:

– Сіз бір нәрсе сатып алдыңыз ба?

– Қандай ақшалар мен тиындарды білесіздер?

– Қайтқан ақшаны санадаңыздар ма?

–Дүкенде математика сабағында алған білімің қажет пе?

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, кітаптағы суреттерді қарап, 500 теңгеге өздері сатып ала алатын тағамдарды таңдайды, жалғасы суретте.

Сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Оқушыларға ойыншық ақшалар мен тиындар таратылады, топпен «Дүкен» ойынын ойнау ұсынылады.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар 2-тапсырманы орындайды, кестені толтыру керек. Мұғалім оларға тапсырманың қай мәліметтері таныс деп сұрайды. Бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған заттардың жалпы сомасы белгілі. Осы ақшаға қанша кәмпит алынғанын анықтау керек. Мәселелі жағдаят туындады.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

–24 теңгеге қанша кәмпит алуға болады, егер бір кәмпиттің бағасы 8 теңге болса?

– Қандай амалмен осыны анықтадыңыз?

Оқушылар тауардың санын анықтау үшін,сатып алу сомасын бір заттың бағасына бөлу керек. Мұғалім оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіреді.

Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды.

Мұғалім бұл тапсырмада не белгілі екенін сұрайды. Мұнда бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған кәмпиттердің саны белгілі. Сатып алуға кеткен жалпы соманы білу керек.

– 4 теңгеден 4 кәмпит сатып алсаң қанша теңге төлеу керек?

Оқушылар сатып алған соманы білу үшін туардың бағасын оның санына көбейту керек деген шешімге келеді. Мұғалім оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіреді.

Оқушылар 4-тапсырманы орындайды.

Мұғалім тапсырмада бізге қандай мәлімет белгілі деп сұрайды. Жалпы сома мен кәмпит саны белгілі. Бір кәмпиттің бағасын анықтау керек.

– Егер 4 кәмпитке 20 тг төлесе, онда бір кәмпиттің бағасы қанша?

Оқушылар бір кәмпиттің бағасын білу үшін жалпы соманы кәмпит санына бөлу керек деген шешімге келеді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар 6-тапсырманы жұппен орындайды, сызба суреттен есеп құрастырады. Оқушылар есептерді шығарады, өз шешімдерін бір-біріне түсіндіреді.

Оқушылар 8-тапсырманы топта орындайды. Топтағы әр оқушы бір сатып алудың сомасын біледі және тапсырмадағы берілген кесте бойынша есеп құрастырады.

Оқулық. Разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Мұғалім 8-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар кесте бойынша есеп құрастырып оларды шығарады.

Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін көруді ұсынады.

Өткенмен жұмыс

9-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар тиынның өтірік екенін білу үшін оның салмағын өлшеу керек, ол өте жеңіл болады. Барлығы 8 тиын. Оқушылар өздерінің тұжырымдамасын:

Алғашқы өлшеу кезінде таразының әр басында 4 тиыннан бар, ең аз салмақты 4 тиынды таңдайды.

Екінші өлшеу кезінде таразының әр басында 2 тиыннан, ең аз салмақты 2 тиынды таңдайды.

Үшінші өлшеу кезінде 2 тиынды өлшейді, ең жеңілі өтірік тиын.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

– Сабақта ең маңыздысы не болды?

– Не қызықтырды?

– Бүгін сабақта алған білімің қай жерде іске асуы мүмкін?

























25-сабақ. Екі жиынның бірігуі және қиылысуы


Тақырыбы: Менің достарым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3. 4.1.1. Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

3.4.1.2. Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру.

3.5.2.2. Екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

Бірқатар оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құрады.

Кейбір оқушылар:

екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Жиынның құрамына қандай элементтер кіретінін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Жиын, бірігу, қиылысу, бос жиын, Эйлер-Венн диаграммасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жиынға қандай элементтер жатады (жатпайды)?

Жазылым:

екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жиын.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім достық туралы әңгіме жүргізеді.

Балаларға өздерінің достары жайлы айтуды сұрайды.

Оқулық


4-6

Өзектендіру.

Заттардың бір жиында болу себебін, қасиетін ата. Қай жиында бір зат артық болып тұрғанын ата. Әр жиынға қосуға болатын затты ата.

Оқулықтың суреттері.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқушыларға тәжірибе жүргізуге ұсыныс жасайды. Мұғалім 1-тапсырманың суретін қарап, сурет бойынша тапсырмамен берілген сұрақтарға жауап береді, осы сурет бойынша өздері сұрақ құрастырады, барлық оқушыларға қояды, жауаптың дұрыстығын бақылайды.

Оқулықтағы 2-тапсырма топ ішінде орындалады. Оқушылар 2 сақина алып, үстел үстіне суретте көрсетілгендей қима қағаздарды сол жағында 4-ке бөлінетін жиын сандар, оң жағында 5-ке бөлінетін жиын сандар тұратындай етіп жайып қояды.

Мұғалім 4-ке де, 5-ке де бөлінетін санды атауларын сұрайды. Осы сандардан тұратын жиынды қалай атауға болады. Мәселелі жағдаят туындайды.

Оқулық.

сақиналар, сандары бар үлестірмелі қима қағаздар



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

– Бір-біріне қатынасы бойынша сақиналар қалай орналасқан? (Оқушылар сақиналар қиылысып тұр деп жауап береді.)

– Құрамында 4-ке де, 5-ке де бөлінетін жиын элементтері қайда орналасқан? (қиылыста) оқушылар «жиындар қиылысы» деген түсінікті ашады, оның шартты мағынасын біледі.

– Құрамында 4-ке де, 5-ке де бөлінетін жиынның элементтері қайда орналасқан? (Екі жиынның кез келген біреуінде)

Оқушылар осындай ережелерді кітаптан оқымас бұрын, осындай шешімге келулері керек.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3- тапсырманы топпен орындайды.

Оқушылар оқулықтан суреттерді қарап, қағазға құс аттарын жазады, осы жиынды көк дөңгелекпен қоршап, астына «Құстар» деген сөз жазып қояды. Содан кейін қызыл дөңгелекті көк дөңгелекпен қиылысатындай етіп салады. Ұша алатын жануарлардың аттарын оқиды. Екі дөңгелектің қай жеріне орналасқанына мән беріп, екі жиынның қиылысқан жеріне жазады. Қалған жануарларды қызыл дөңгелекке жазады. Астына «Жануарлар» деп жазып қояды. Әр топ өз бетімен бірігу мен қиылысудың қандай жиындарын салатынын өздері шешсін деп ұсыныс жасауға болады.

Оқушылар екі жиынның бірігуіне, жиындардың қиылысу нүктесін атайды.

5- тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар: 2, 47, 16, 8, 17, 32, 6, 53, сандарын оқып, екі қиылысатын дөңгелек салады, тапсырмаға сәйкес суреттің екі таңбалы жұп сандар орналасқан жерін бояп қояды.

Оқушылар «бос жиын» деген түсінікпен танысып, бос жиынға мысалдар келтіреді.

Оқулық.



30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтың 4-тапсырмасы бойынша тәжірибелік жұмысты орындайды, жиын элементтерінің атауларын, осы жиындар шартта көрсетілгендей етіп, фигуралардың ішіне қосады.

Дұрыс айтылған пікірлерді тауып, сұрақтарға жауап беруді талап ететін 8- тапсырманы ұсынуға болады.

Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін талқылайды.

Өткенмен жұмыс

6-тапсырмада оқушылар есеп шығарады, 7-тапсырмада амалдың белгісіз компонентін табуды жақсы меңгергеніне сүйеніп, теңдеу шешеді.

Оқулық , дәптер

41-45


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

1.Сабақта мен... жұмыс жасадым.
2.Сабақта өз жұмысыммен мен...
3.Мен үшін сабақ жақсы...
4.Сабақ үшін мен...
5.Менің көңіл-күйім...
6.Сабақтың мынадай... мәліметі болды.




























26-сабақ. Екі жиынның бірігуі және қиылысуы


Тақырыбы: Мінез-құлық ережелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3. 4.1.1. Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

3.4.1.2. Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру.

3.5.2.2. Екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

Бірқатар оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құру.

Кейбір оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі санды тура және кері ретпен санай алатын болады.

Пәндік лексика және терминология:

Екі жиынның бірігуі мен қиылысуы, бос жиын таңбалары – таңбасы, жиынды қиып өту таңбасы және жиынды біріктіру таңбасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Жиынға қандай элементтер жатады (жатпайды)?

Жазылым:

Бос жиынды білдіру үшін – таңбасын, жиынның қиылысуын білдіру үшін таңбасын және жиынның бірігуін білдіру үшін таңбасын пайдалану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жиын ұғымы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Мінез-құлық ережелері туралы әңгіме өткізу.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмаға берілген суретті қарап шығады, сұрақтарға жауап береді.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Алдыңғы сабақтарда біз жиындармен таныстық, жиындардың бірігуі мен қиылысуын табуды үйрендік. Бүгін сендердің әрқайсыларың неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.

Оқулық.



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы 2-ші және 3-тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушылармен бірге бағалау өлшем шарттарын талқылайды.

2-тапсырмада оқушылар сұрақтарға сызба бойынша жауап береді.

3-тапсырмада екі жиынның қиылысуына қатысты элементтерді табады, жиындардың қиылысуына атау береді.

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

– Кім қандай жерде қиналды?

– Қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

– Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Қиындықтарды түзету үшін оқушылар 4-ші және 6-тапсырмаларды топпен орындайды. 4-тапсырмада оқушылар жиындарды олардың сұлбалық кескіні бойынша таңдап алады. Оқушылар бұл тапсырманы өздерінің жиын туралы білімдеріне сүйене отырып, графикалық түрде орындайды. Тапсырма жиындардың қиылысуы туралы екендігін түсінген оқушылар қиылысатын екі дөңгелекті сызады. Екі тармақта да 4 адам барғандықтан, дөңгелектердің қиылысатын жеріне 4 цифрын жазады. Көрме залында 12 адам барғандықтан, ал оның 4-еуі белгіленгендіктен, бірінші шеңберге 8 цифрын жазып, төменіне тиісті қол қою керек. Музейге 18 адам барғандықтан, ал төртеуі белгіленіп қойылғандықтан, екінші шеңберге 14 цифрын жазып, белгілеу керек. 6-тапсырмада әр топ тапсырманың бір тармағын орындайды. Топтарға тапсырмада келтірілген мысалмен танысқаннан кейін өздерінің екі жиынды біріктіруге арналған мысалын құруды ұсынуға болады.

Оқулық.


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 5-тапсырманы жұппен орындайды. Аталған жиындардың элементтерін жазу тапсырылады. а) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы тақ сандарды тауып жазу. ә) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы толық сандарды тауып жазу керек.

Өткенді қолдану

6-тапсырмада оқушылар есептерді шығарады.

7-тапсырмада оқушылар кестедегі өрнектерді пайдалана отырып, алдын ала теңдік деген не және теңсіздік деген не деген ережені қалыптастырып, дұрыс теңдіктерді және теңсіздіктерді құрады.

Келесі 8-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Әр топқа жиындарды сұлбалардың біреуі бойынша таңдап алуды ұсынуға болады, кейін өздерінің жұмыстарын бүкіл сыныпқа көрсетеді.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Оқытушы оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қима қағаздар таратады, оқушылар олардың жалғасын жазады:

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...



27-сабақ. Мүмкіндіктер тармағы


Тақырыбы: Мінез-құлық ережелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаты

3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

комбинаторлық есептерді шығару тәсілі ретіндегі «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу.

Бірқатар оқушылар:

Есептерді шығаруды «мүмкіндіктер тармағын» пайдалану.

Кейбір оқушылар:

күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда есеп шығаруда «мүмкіндіктер тармағын» пайдалану.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсінетін болады.

Пәндік лексика және терминология:

«мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Есепті «мүмкіндіктер тармағының» көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жазылым:

Есептерді шығаруды жазып алу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Әртүрлі есептерді шығару.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушы өмірде барлық мүмкін болатын нұсқаларды ескеру қажет болатын есептерді шығаруға жиі тура келетінін әңгімелейді. Мұндай есептер математикада да, өмірде де кездеседі.



4-6

Өзектендіру.

Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Бір жемісті таңдаудың неше нұсқасы бар?

Заттардың суреттері.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушы оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Үш цифрды пайдалана отырып, үш таңбалы сандардың барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрау қажет.

Проблемалық жағдаят туындайды.


Оқулық,



12-29


Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдаяттан шығу үшін оқушы сұрақтарға ізбе-із жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрайды.

Оқушылар өздері бірде-бір нұсқаны қалдырып кетпейтіндей тәсілді ұсынуға тиіс.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы топпен орындайды. Белгілі мәзірлер бойынша оқушылар үш тағамнан (бірінші, екінші, үшінші) тұратын мәзірдің барлық мүмкін болатын нұсқасын құрастыруға тиіс. Оқушылар тапсырманы «мүмкіндіктер тармағын» құру арқылы орындайды, біреуі бір белдеуді құрас тырып, оны түсіндіруден бастайды, әрқайсысы кезекпен құрылымды толықтырады.

«Топта жұмыс істеу ережесі» жадынамасы.

  1. Әрбір оқушы барлық топтардың жауаптарының ережелерін тыңдайды және талап етілсе, жұмыс дәптеріне жазып алады.

  2. Әрбір оқушы өзінің сызба бөлігімен жұмыс істей отырып, өзінің жұмыс бөлігі және ортақ іс үшін жауап береді.

  3. Әрбір оқушы еркін пікір алмасуға құқылы.

  4. Әрбір оқушы қарсыласының пікірін құрметтейді.

  5. Әрбір оқушы өзіне айтылған сынды көтере білуге тиіс.

3-тапсырманы оқушылар «материал, элемент, бөлу» аталатын жұмыс түрін пайдалана отырып, жұппен орындайды. Әлияның киімдерінен оқушылар барлық мүмкін болатын киімдерін құрастырады. Оқушылар жұппен кезектесіп «мүмкіндіктен тармағын» жасай отырып, бір элементтен толықтырады.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы 4-(а,ә)тапсырманы орындайды.

Оқытушы оқушылармен бірге бағалау өлшемшартын талқылайды:

Өткенді қолдану

Оқушылар жұппен жұмыс істеу ережесін еске түсіре отырып, жұмыс істейді.

  1. Тапсырманы мұқият оқып шығыңыз.

  2. Егер сен тапсырманы күші өзіңе шамамен тең келетін жолдасыңмен бірге орындап отырсаң, онда бүкіл жұмысты теңдей бөліп алуға тырысыңдар. Қиындық туындаған жағдайда бір-біріңе көмектесіңдер, бір-біріңнің қателеріңді әдептілікпен түзетіңдер.

  3. Егер саған қарағанда жолдасыңның қолынан жақсы келетін болса, одан көмек сұраудан, бір-нәрсені түсіндіріп жіберуді өтінуден ұялма. Бірақ мұны өз мақсатыңа пайдаланба. Егер жолдасың қандай да бір қатеңді түзеп жатса, оған ренжіме.

  4. Егер жолдасыңның сен сияқты жасай алмайтынын көріп тұрсаң, оған көмектес, алайда мұны ол толық күш-жігерін салып жұмыс істейтіндей етіп жасауға тырыс. Оның қате жіберіп жатпағанын бақыла, егер қате жасап жатса, онда әдептілікпен және шын көңіліңмен түзет.

  5. Ең басты ережесін есте ұста: кез келген ұжымдық істе іс-әрекетті келісіп алу және жолдасына көмек көрсетуге дайын тұру қажет. Сен ол үшін жауаптысың. Ол сен үшін жауапты.

1-оқушы бүкіл жұмысты өз мойнына алады, ал 2-оқушы бақылау ғана жүргізеді, келесі тармақты орындау кезінде жұптағылар рөлдерін алмастырады.

6-тапсырманы орындау үшін оқушылар сызбаны қарап шығады, сұрақтарға жауап береді, қандай элементтердің бір ғана жиынға, ал қандай элементтердің осы жиындардың қиылысуына жататындығын анықтай отырып, жауаптарды жазып алады, осы қасиетті білдіретін таңбаны пайдалана отырып және «жиын», «жиындардың қиылысуы» ұғымдарын ашатын ережелерді қалыптастыра отырып, сызба бойынша өз сұрақтарын ойлап табады, оларды парталас көршісіне немесе бүкіл сыныпқа қояды.

6-тапсырмада оқушылар кестелерді қарап шығады, әрбір бағанда амалдың бір компоненті еркін ретпен белгісіз екендігіне назар аударады. Оқушылар теңдеуді жазып алады, ауыспалының қалдырылып кеткен компонентін белгілей отырып, қосу және алу кезінде белгісіз компонентті табу ережесін пайдалана отырып, теңдеуді шешеді. Үш таңбалы сандарға арналған алгоритм бойынша ауызша есептеп шығарады.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Оқытушы оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қима қағаздарды таратып береді, оқушылар олардың жалғасын жазады:

Мен бүгін … білдім.

… қызық болды.

… қиын болды.



28-сабақ. Мүмкіндіктер тармағы


Тақырыбы: Адамдар арасындағы достық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» құру.

Бірқатар оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» есептерді шығаруда пайдалану.

Кейбір оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда есептерді шығаруда қолдану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

«Мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау:

Есепті мүмкіндіктер тармағының көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жазылымы:

Есептердің шешуін жазып алу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Әртүрлі есептерді шешу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланатын іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Санаймыз, балалар, тезірек санаймыз.

Әрқашан жақсы істерді қалаймыз.

Жаман істерге қадам баспаймыз.

Жұмысымызды тезірек бастаймыз!



4-6

Өзектендіру.

Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Екі жемісті таңдаудың қанша нұсқасы бар?


Пәндік картиналар



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, тапсырманың шартына сәйкес балалардың барлық мүмкін болатын орналастыру нұсқаларын жазып алу үшін кестелерді толтырады. Оқушылар бұл тәсілдің «таңдап алу тәсілі» деп аталатынын айтады. Мұғалім мұндай тапсырмаларды қандай тәсілмен оңай шешуге болатынын сұрайды. Проблемалық жағдаят туындайды.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдаяттан шығу үшін мұғалім сұрақтарға бірден жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады.

Тапсырманы негізге ала отырып, оқушылар «мүмкіндіктер тармағының» суретін салады, таңдап алу әдісінің орнына бұл әдістің ішінен тиісті кестені таңдап алады, бірдей нұсқаларды бірдей түспен бояйды. Оқушылар балаларды сәкіге орналастыру нұсқаларының саны екі тәсілде де сәйкес келеді деген қорытындыға келеді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 1-(ә) тапсырманы орындайды, ұсынылған 2-сызба бойынша «мүмкіндіктер тармағын» құрады, таңдап алу тәсілінің ішінен берілген кестеге сәйкес келетін «тармақтарды» белгілейді.

Оқулық,


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды, егер цифрлар бір санда қайталанатын болса, 3 цифрды пайдалана отырып, қанша мүмкін болатын екі таңбалы сан алуға болатынын анықтайды.

Өткенді қолдану

5-тапсырмада оқушылар атау берілген шамалардан тұратын өрнектердің мәндерін мұндай амалдарды орындау алгоритміне сәйкес табады.

6-тапсырмада оқушылар алдын ала палеткалардың көмегімен еркін нысандағы фигуралардың алаңдарын анықтау қағидасын қалыптастырып, фигуралар алаңдарын палеткалардың көмегі арқылы анықтайды.

7-ші және 8-тапсырманы топ болып орындайды. 10-тапсырма зерттеуді қажет ететін тапсырма.

Оқулық, дәптер.

41-45

Рефлексия.

– Бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік?

– Өзіміз үшін нені нақтыладық?

– Бұл білімді қай жерлерде пайдалануға болады?



29-сабақ. Қорытындылау


Тақырыбы: Адамдар арасындағы достық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.1.3.3. см2, дм2, м2 шамаларының мәндерін салыстыру және амалдар орындау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

см2, дм2, м2, га шамаларының мәндерін салыстыра және амалдар орындай отырып, есептерді «мүмкіндіктер тармағының» көмегімен шығару.

Бірқатар оқушылар:

Есептерді шығаруда «мүмкіндіктер тармағын» пайдалан.

Кейбір оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда есептерді шығаруда пайдалану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

«Мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау:

Есепті «мүмкіндіктер тармағының» көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жазылым:

Есептердің шешуін жазып алу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Әртүрлі тапсырмаларды шешу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушы барлық адамдарға өмірде математикалық білімнің қажет болатыны туралы әңгімелейді.

  • Мысалы, құрылысшылар үй тұрғызады. Қанша цемент, қанша кірпіш кететінін, биіктігін, енін есептеу керек. Жобасын жасау керек.

  • Ал тігінші көйлек тігуді қолға алды дейік. Адамның дене-тұрқын өлшейді, киім үлгісін жасайды. Оған математика қажет емес пе?

  • Дүкенде алған тауарды санайды, түскен пайданы есептейді.

  • Тіпті музыкада да, поэзияда да санауға тура келеді – ырғақ, өлшем, сегізінші, төртінші, ямбтар, хорейлер.

  • Ал космос (зымырандар, жерсеріктер), компьютерлік техника, теле- радио сияқты күрделі ғылымдар туралы айтпаса да түсінікті!

Сандар жазылған қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Практикалық жұмыс. Туды үш түспен бояудың қанша нұсқасы болады?

Shape1 Shape3 Shape2




Қағаздың парағы, қаламсаптар


7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз сендердің әрқайсысыңда қандай қиындықтар бар екендігін анықтайтын боламыз, қателерді түзейміз.

Оқулық,



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 2- (а), (ә) тапсырманы орындайды, шеңбердегі екі жиынның элементтерін жазып алады, мұнда бір ғана жиынға тиесілі элементтер бір шеңбердің аумағында, екінші жиынға ғана тиесілі элементтер екінші шеңбердің аумағында жатуға тиіс. Екі жиынға да тиесілі элементтер осы жиындардың қиылысу аумағында жатуы керек.

3-тапсырмада оқушылар есеп шығарады

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

– Кім қандай жерде қиналды?

– Қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

– Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Оқулық, дәптер,


30-40


Өзіндік жұмыс

4 -тапсырманы дәптерге орындау ұсынылады.

Балалармен бірге бағалау өлшемшарттарын қарастыру ұсынылады:

Өткенді қолдану

8-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген үш цирфдан құрауға болатын үш таңбалы санның барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрастырады. Жұппен жұмыс істеу үшін бұл тапсырмада жұппен жұмыс істеудің – «материал элементтерін бөлу» түрі ұсынылады. Оқушының қолында 3 түрлі түсті қаламсап болады, әрбір түс цифрға сәйкес қойылады. Оқушылар таңдап алу әдісі арқылы шешуді көрсету үшін қаламсапты пайдаланады: тікбұрыштардың үштігін кезекпен, әрқайсысы бір тікбұрыштан бояйды.

8-тапсырмада оқушылар амалдар компоненттері туралы білімін пайдалана отырып өрнектерді оқиды, жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдар ретін сақтай отырып, өрнектердің мәндерін есептеп шығарады.

Оқушылар 10-тапсырманы орындайды. Бұл тапсырма функционалдық сауаттылыққа арналған. Оқушылар суреттерді қарап шығады, тиген іздер қай сақинада немесе қай шеңберде екендігіне назар аударады; ұпайларды анықтайды; көбейту таңбаларын пайдалана отырып, өрнектерді жазып алады; егер тиген іздер саны ұпайлар санымен бірдей болса, қайталанады; және бір нысанадағы ұпайлар санын қосу үшін қосу амалы пайдаланылады; ұпайларды санайды.

Оқулық, дәптер,

Қима қағаздар,

түрлі-түсті қаламсаптар


41-45


Рефлексия.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қима қағаздар таратады, оқушылар сөйлемнің жалғасын жазады:

Мен бүгін… білдім.

… қызық болды.

… қиын болды.



1В бөлімі бойынша жиынтық жұмыс




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі