400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылатын білім беру мазмұны бойынша курс оқтын ұстаздарға арналған қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Ә. Молдағұлова атындағы №19 политехникалық бағыттағы мектеп - лицейі

Мұғалім:

Садырханова Айгүл

1-сынып

Сауат ашу. 7- Бөлім. Тағам және сусын.

Сабақтың тақырыбы

Ас-адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер / мәтін құрастыру және жазу.

1.3.8.1 Жазу жолын жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.Каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Көпшілігі: Дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларды ажырату және дұрыс дыбыстау

Кейбірі: Тақырыпқа байланысты суреттерді қолдана отырып мәтін құрастыру және жазу

Бағалау критерийлері


-Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып айтады

-Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады, дұрыс дыбыстайды.

-Суреттерді қолдана отырып мәтін құрастырады және жазады

-Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу, тамақтану режимін сақтауға, асты қадірлеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

математика, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақта, видеожазба , слайдтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Шаттық шебері «Сәлемдесу» жаттығу

-Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.

Топқа бөлу.

  • Мына партаға аталары мен әжелері барлар отырады.

  • Мында үйдің үшінші қабатында тұратындар отырады.

  • Мында “Самсунг” ұялы телефондары барлар отырады.

-Оқушыларды 3-топқа бөліп, топтың ережелерімен таныстырып өту.

Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлап алады. Сол оқушы топ мүшелерін «Бес саусақ», Кері байланыс, «Смайлик», «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалап отырады.

Күн, алақан, жүрек






Сабақтың ортасы

25-27 минут


(Ұ)Рөлге бөліп оқу. Айтылым. Мерей мен Әлидің әңгімелерін рөлге бөліп оқыту.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балалар? Мерейдің сөзіне қосыламыз ба? Неге?

-Қай бала дұрыс тамақтанады екен?

- Олай болса, балалар, бейнежазбаға назар аударайықшы.

«Дұрыс тамақтанудың ережесі» бейнежазбасы көрсетіледі.

-Қалай дұрыс тамақтану керек екен?

-Дұрыс тамақтанбаған жағдайда не болады екен?

-Дұрыс тамақтануда күн тәртібін сақтау қажет пе?

-Неліктен?

Дескриптор:

-Мәтін бойынша өз ойын білдіріп, түсіндіреді.

ҚБ. Ауызша кері байланыс.


(Ұ) Сұрақ қою және талқылау. Оқылым.

Мәтінді тізбектеп оқыту.

-Назира қайда келе жатты және не жеді?

-Әсет әжесі салып берген тамақты не істеді?

-Не жеді?

-Әсет қандай жағдайға тап болды?

-Мәтін кейіпкерлері дұрыс тамақтанды ма?

-Неліктен ?

-Қалай ойлайсыңдар, тамақтан адам денсаулығына зиян келе ме? Неліктен?

-Тамақ, сусын, кәмпит сөздерінде неше дыбыс неше әріп бар?

-Аа дыбысы қандай дыбыс? т.с.с.

Дескриптор:

-мұғалімнің көмегімен мәтінді баяндайды .

-дыбыс түрлерін ажыратады

ҚБ.Смайлик арқылы бағалау


(МТ) Балалар үшін ең жақсы 10 тағамның суреттерін көрсету.



(Т) «Дыбыстарды анықтайық»

Суретке қарап, олардың қандай дыбыс шығаратынын айтыңдар. Әріппен таңбалап жазып көріңдерші.

Дескриптор:

-Сурет бойынша олардың қандай дыбыс шығаратынын айтады, жазады.

ҚБ: Топ басшысы топ мүшелерін смайлик арқылы бағалау.


(Ұ) «Дауыстап оқы» әдісі. Айтылым

«Дыбыстар мен әріптер» туралы білгендерін айтуларына мүмкіндік жасау. Оқулықта берілген сюжетті суретпен жұмыс ұйымдастырып, мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.

-Айналада қандай дыбыс естіледі?

-Дыбыстарды есту не үшін керек?

-Тіл дыбыстары дегеніміз қандай дыбыстар?

-Басқа дыбыстардан өзгешелігі неде?

Дескриптор:

-мұғалімнің көмегімен мәтінді баяндайды .

ҚБ. Смайлик арқылы бағалау


(Ж,Ө) Дәптермен жұмыс. Айтылым және тыңдалым, жазылым.

Оқушылар сурет бойынша ауызша талдау жасап, дәптерге әңгіме құрап жазады.

Жетелеуші сұрақтар.

1.Бала не ойлап отыр?

2.Анасы не істеп тұр?

3.Тамақты жегенде баланың көңіл күйі қандай?

4.Өзің осы туралы не ойлайсың?


Дескриптор:

-Берілген суреттерге қатысты әңгіме құрастырып жазады.

- Өз ойын жүйелі жеткізеді.

ҚБ. «Жетістік баспалдағы»


(Ө) Қарқын тәсілі. Дәптермен жұмыс. 5-жаттығу. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз, адам, тамақ, дәмді сөздерінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін айт.

Дескриптор:

-Сөйлемдерді қатсіз көшіріп жазады.

-Тірек сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар екенін айтады.






Бейнежазба «Дұрыс тамақтанудың ережесі»

















Сырттағы дыбыстарды, кәмпит қағазының, партаны тоқылдағанын, сыдырманың ашылып, жабылуы.































Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау.

Оқушылар өз қолдарын салып, соған қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасайды.

«Бес саусақ» әдісі

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

Қарқын тәсілі. Өзіндік жұмыс барысында кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Оларға қосымша тапсырма беріледі, ал қолдауды көбірек қажет ететін оқушыларға негізгі тапсырманы орындауға қосымша уақыт беріледі.

Диалог және қолдау көрсету тәсілі.

Ұжымдық тізбектеп оқу тапсырмасында кейбір оқушыларға тапсырма орындау барысында сөздердің мағынасын ашуда жан-жақты әрі нақты көмек беріледі.


Рефлексия «Бес саусақ», Кері байланыс, «Смайлик», «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Оқулық пен қөздің ара-қашықтығын сақтау, белсенді тапсырмаларды орындау барысында мұқият болу, топ ережелерін сақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі