400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар өзім сияқты әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 а

Күні: 16.10.2018ж


Тақырыбы:

Жануарлар қайда тіршілік етеді?

Мектеп: Миялы орта мектебі

Мұғалім: Г.А.Салықова

Қатысқандар саны: 16

Қатыспаған оқушылар: 0

Оқу мақсаты:

3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Жануарлардың тіршілік ортасын біледі.


Бағалау критерийі

  • Жануарлардың тіршілік ортасын біледі;

  • Тау, шалғындық, аралас орман, шөл, дала, көл және тағы басқа тіршілік орталарды ажыратады;

  • Дереккөздердегі ақпараттардың артықшылығы мен кемшілігін анықтай алады.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Кеңістік, тіршілік ортасы

Тау, шалғындық, аралас орман, шөл, дала, көл және тағы басқа тіршілік орталарын сипаттап бере алады.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктердің тіршілік ортасы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут

5 минут


Ой сергек. Оқушылардың тілек білдіруі.

Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!

Жедел жауап. «Доптың сұрағы» ойыны бойынша бірінші сы­ныпта өткенді еске түсіріп, өсімдіктердің қандай түрлері болатынын сұрау. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

  • Өсімдіктерді қандай топ­тарға бөліп қарастыруға болады?

  • Қандай белгілерге сүйеніп топтастырамыз?

  • Өсімдіктер қайда өмір сүре алады?

  • Олардың өмір сүруі үшін не қажет?

  • Дәл сол жағдайлар жануарларға да қажет пе?

  • Олар кез-келген жерлерде өмір сүре алады ма?

  • Жануарларды қалай және қандай белгілері бойынша топтастыруға болады?


Слайд №1,2





Доп

Слайд №3


















Сабақтың ортасы

2 минут


5 минут













7 минут















5 минут

















2 минут

2 минут








7 минут

























Топқа біріктіру. Оқушыларды «Қарақұйрық, аю, бүркіт, дуадақ, кәмшат, ақтүлкі, піл, итбалық, шегіртке» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топқа біріктіру.

Алуан түрлі жануарлар. Оқулықтағы сурет саны бойынша құрылған 9 топтың атауына сәйкес берілген суреттегі мекен туралы сипаттама жа­сау (Жауаптары: 1. Шөл. 2. Аралас орман. 3. Тау. 4. Дала. 5. Өзен. 6. Арктика. 7. Саванна. 8. Теңіз. 9. Шалғындық).

Сұрақтар:

  • Ол қандай мекен?

  • Өсімдіктер бар ма?

  • Алыстағы көкжиек көріне ме әлде кедергі жасай­тын нәрсе бар ма?

  • Топырағы қандай?

  • Осындай жер­лерде болып көрдіңдер ме?

  • Ол жердің атауы қан­дай?

  • Басқа қандай жерлерде жануарлар тіршілік ете алады?

Зертте. Зерттеу жұмысы арнайы үлестірме парақшалары бойынша жүргізіледі.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.

• Әр оқушы үлестірме парақшадағы мәліметпен танысу.

• Сипаттамасына сәйкес суреті мен атауын тауып, біріктіріп қою.

• Құралған «үштікті» мұқият қарап шығып, ортақ белгілерді анықтап, төрт топқа топтастыру.

• «Үштікті» парақтағы сәйкес бөлікке жапсыру.

• Топтастыруларын нақты дәлелдермен түсіндіру.

• Басқа топтың плакаттарымен салыстырып, бірге талдау.

(Жауаптары:

Бірінші топ – орман: джунгли, аралас орман.

Екінші – суқойма: өзен, теңіз, көл.

Үшінші – тау.

Төртінші – ашық кеңістік: дала, шөл, шалғындық, саванна).

Мұғалімнің түсіндіруі. Жануарлар өсімдіктер сияқты Жер шарының барлық аймағында тіршілік етеді.

Олардың басым көбі орманды мекен етеді. Орманға джунгли, тайга және басқалар жатады. Орманның орналасқан жеріне байланысты оны аю, бұлан, жалқауаң, маймыл мекендеуі мүмкін.

Тау – жер бетінің биік бөлігі. Тауды ілбіс, арқар, қыран мекендейді.

Суқоймаларға мұхит, теңіз, өзен, бұлақ, тоған мен көл жатады. Суқоймаларда алуан түрлі жа­нуарлар: дельфин, кит, кәмшат, құндыз, түрлі ба­лық тіршілік етеді.

Арыстан, антилопа, дуадақ пен түрлі бунақ­денелілер ашық кеңістікте тіршілік етуге бейім­делген. Ашық кеңістіктер – бұл дала, шалғын, шөл, шөлейт, саванналар. Онда ағаш, бұта сирек кездесіп, шөптесін өсімдік өсуі керік, қосаяқ, қа­рақұйрықтарға қолайлы жағдай туғызады.

Тастақты шөлдерді жылан, ал мұзды аймақтарды ақтүлкі, арктика қасқыры, солтүстік бұғысы мекендейді.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Су түбіндегі балықтардың алуантүрлілігі туралы бейнекөрініс көрсетіңіз. «Жарқыра­уық» балықтардың әртүрлі көлемде және пішінде болатынын айтыңыз. Егер мүмкіндік болса, сынып бөлмесін қараңғылап, кішкентай шамдардың көме­гімен су түбіндегі қараңғылықты көрсетіңіз.


Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

23-жұмыс парағы. «Жануарлар қайда тіршілік

етеді?», 25-б.

Жануарлардың тіршілік ортасы. Оқушылар зерт­теу нәтижесіне қарай жануарлардың тіршілік орта­сын бірдей түспен бояп шығады. Одан кейін сөйлем құрап жазады (Жауаптары:

Төрт түрлі түс шығуы тиіс. Бірінші: джунгли, аралас орман. Екінші: өзен, теңіз, көл, мұхит. Үшінші: тау. Төртінші: дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна.

Джунгли, аралас орман орманға жатады.

Суқоймаға өзен, көл, теңіз, мұхит жатады.

Ашық кеңістікке дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна жатады.

Жануарлар тіршілік ортасына қарай мынадай топтарға бөлінеді: ашық кеңістік, тау, суқойма, орман).

24-жұмыс парағы. «Жануарлардың топтары», 26-б.

Төрт топ. Оқушылар көмекші сөздерді пайдаланып, әр жиектеменің астындағы жазуға сәйкес кез келген мекеннің атын жазып, олардың суретін салады. Кей­бір оқушылар көрсетілген тіршілік ортасында өмір сүретін жануарлардың суретін салады (Жауаптары:

Орман: джунгли, аралас орман.

Суқойма: өзен, теңіз, тоған, көл.

Ашық кеңістік: саванна, дала, шалғындық, шөл.

Тау: тау).

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Жануарлардың тіршілік ортасын ажыратады.

  • Жануарлардың тіршілік ортасын сипаттай алады;

  • Тау, шалғындық, аралас орман, шөл, дала, көл және тағы басқа тіршілік орталарды ажыратады

Зерттеу жұмысын жүргізеді.

  • Дереккөздердегі ақпараттардың артықшылығы мен кемшілігін анықтай алады.


Топ аттары жазылған қима қағаздар

Слайд №4


Оқулықпен жұмыс

Слайд №5, 6,7,8,9









Үлестірме парақшалар






























https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw






Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

4 минут


Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа жазады.

ЭDrawObject1 ссе парағы

Эссе парағы

Слайд №10

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі