жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Микробиология және биотехнология |
Мектеп: «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ |
|||||
Күні: Сынып: 9 |
Мұғалімнің аты-жөні: Косбергенова Гулбану Суйнтаевна |
|||||
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
|
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері. Инсулин өндірісі. |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.4.3.2 Биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысалдар келтіру
|
|||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Биотехнология терминінің анықтамасын айта алады; Оқушылардың басым бөлігі: Биотехнологияда алынатын өнімдерді біледі;. Кейбір оқушылар: Инсулин өндірісін сызба бойынша сипаттай алады;
|
|||||
Бағалау критерийі |
1.Биотехнология ғылымының салаларын атайды. 2.Биотехнология ғылымының қол жеткізген жетістіктері мен өнімдері туралы сипаттайды. 3.Инсулин өндірісінің механизмін түсіндіреді
|
|||||
Тілдік мақсаттар |
|
|||||
Биотехнология, гендік инженерия,фермент, инсулин, қант диабеті, штамм
|
||||||
Биотехнология – тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану.
|
||||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият Топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым- қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқкарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға баулу.
|
|||||
Пəнаралық байланыс |
Химия, информатика |
|||||
Алдыңғы білім |
Микробиология саласында бактериялардан тамақ өнеркәсібі мен дәрі алу мақсатында қолдану. 7-сынып |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 5 минут |
I. Ұйымдастыру кезеңі: II. Психологиялық ахуал; «Күн көзінің» анимациясы бойынша шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсы көңіл-күй тілейміз. Топтастыру; Биотехнология салалары бойынша термин сөздер жазылған қағаз қиындылары арқылы топқа бірігеді. «Тамақ өнеркәсібі»
«Медицина»
«Ауыл шаруашылығы»
|
Күн көзінің анимациясы
Түрлі түсті қағаздар
|
||||
Сабақтың ортасы
30 минут
|
№1 Тапсырма: Суретке қарап биотехнология ғылымы туралы сұрақтарға жауап бер. «Миға шабуыл» әдісі
Күтілетін жауаптар: дәрі-дәрмек, антибиотик, пенициллин, саңырауқұлақтарға қарсы дәрі
Күтілетін жауаптар: пенициллин
Дескриптор: 1.Тамақ өнеркәсібі, медицина, ауыл шаруашылығындағы биотехнология жетістіктерін атайды. 2. Өнімдеріне мысал келтіре алады. ҚБ “Жарайсың” әдісі
№2 Тапсырма: Мәтін мазмұнын түсініп оқып, тақырып бойынша әр топ өзіне тиісті ақпаратты оқып талқылаңдар. 7 сөйлем беріледі, сол сөйлемдерді тамақ өнеркәсібі, медицина, ауыл шаруашылығы бойынша топтарға бөліңдер. «Ойлан, тап» әдісі. Топтық жұмыс
Дескриптор: 1. Мәтін бойынша нақты ақпарат бере алады. 2. Биотехнология салаларының жетістіктерін бір-бірінен ажырата алады. ҚБ “Өзара бағалау” әдісі
№3 Тапсырма: Инсулин өндірісі туралы ақпарат бойынша 96-суретке қарап талдау жасаңдар.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Жұппен жұмыс.
Дескриптор: 1. Инсулин өндірісі бойынша ақпаратты талдайды. 2. Гендік инженерия жолымен инсулин алудың сызбасын түсіндіреді. ҚБ “Қолпаштау” әдісі
№4 Тапсырма: Биотехнология салаларының қол жеткізген жетістіктері мен алынған өнімдері туралы қорытынды жасаңдар. «Галерея» әдісі. Топпен постер қорғау.
Дескриптор: 1. Ақпаратты оқып түсінеді. 2. Биотехнология өнімдеріне мысал келтіре алады. 3. Өнімдері бойынша қорытынды жасай алады. ҚБ “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі
|
«Миға шабуыл» үлестірме
«Ойлан, тап» әдісі үлестірме
«Ойлан - жұптас – бөліс» әдісі үлестірме
«Галерея» әдісі постер |
||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Жаңа тақырып бойынша түсінген түсінбегендерін бір сөйлеммен стикерге жазып түйіндеп, ілеміз |
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген