400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

I ТОҚСАН 40 МИНУТҚА ЖОСПАРЛАНҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Алматы облысы,

Жамбыл ауданы

«Үлкен ауылындағы орта мектебінің»

бастауыш сынып мұғалімі

Оңбосынова Айсәуле Әбдуамитқызы


Пән: Дүниетану Мектеп:Үлкен ауылындағы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1. Мен және қоғам


Бөлімше 1.1 Мен және менің отбасым


Күні: 08.02.2019 Мұғалімнің аты-жөні: А.Ә. Оңбосынова


Сынып: 2 «А» Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау;

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру;

2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы әдеп нормаларын анықтау;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: Өз отбасы мүшелерін атап, портретін сомдап, жанұядағы әдеп нормаларына мысалдар келтіре отырып әңгімелейді.

Оқушының көпшілігі: Қамқор болу, көмектесу деген сөздерді түсіндіріп суреттерді салыстырады.

Оқушылардың кейбірі: Дереккөздерді пайдаланып, мақалдарды тауып мағынасын ашады;

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері


  • Мәтінді түсініп оқып, өз отбасы мүшелерін атайды, портретін жасайды;

  • Жанұядағы әдеп нормаларына мысал келтіріп, әңгімелейді;

  • Дереккөздерді пайдаланып, мақалды тауып мағынасын ашады;

Тілдік мақсат

(тілдік емес пәнге)

Әдептілік, жақсылық, құрмет, міндет, жауапкершілік

Пәндік лексика және терминдер

Менің отбасым – моя семья – мy family

Талқылауға арналған сұрақтар:


  • Отбасы дегеніміз не?

  • Отбасы мүшелерін ата.

  • Қамқорлық, көмектесу деген сөзді қалай түсінесің?

  • Отбасы туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелеріне қамқор болу, көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, 7 –сабақ. Мен және менің отбасым 28бет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан балалар флипчарт арқылы сөжұмбақ шешеді.

Бастапқы білім

Отбасы мүшелерін біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер/

Ресурстар


Сабақтың басы


10 минут





















Ұйымдастыру кезеңі: Ширату

Отбасы- жылы ұямыз,

Тірегі – ата-анамыз.

Уыз сүт еміп осында,

Уылжып біздер өсеміз

Осында үлгі аламыз,

Осында адам боламыз.

Еркелеп, ойнап, еліктеп,

Осында өсіп толамыз.


Сөзжұмбақ құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын

1. Атамекен сөзін басқаша қалай атауға болады?

2. Әкенің әкесі саған кім болады?

3. Ата-ананың көз қуанышы кім?

4. Шешеңнің туыстары саған кім болады?

5. Ұлдан кіші қыз, ұл балаға кім болады?

6. Осы атаулардың бәрін бір сөзбен қалай атауға болады?






О

Т

а

н



а

Т

А



Б

А

л

а


н

А

Ғ

а

ш

Ы

қ

а

р

ы

н

д

а

С






т

у

Ы

С





Осы қызыл бағанда шыққан отбасы сөзі бүгінгі сабақтың тақырыбы екенін айтып, онымен таныстыра отырып, бүгінгі тақырыптың негізгі термині отбасы сөзін үш тілде айтқызамын

Менің отбасым – моя семья – мy family

Оқушыларға бүгінгі оқу мақсаттарымен мен бағалау критерийлерін таныстырамын.


Слайд











АКТ

Интербелсенді тақта,

флипчарт

Сабақтың ортасы

25 минут


























































1-тапсырма (Жеке жұмыс) «Бір қадам алға» әдісі

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, өз отбасы мүшелерін анықтап, ауызша портретін жасайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Мәтінді түсініп оқиды, өз отбасы мүшелерін атайды, ауызша портретін жасайды.


Мәтінді түсініп оқиды.

Өз отбасы мүшелерін атайды, ауызша портретін жасайды.




Қалыптастырушы бағалау:

«От шашу» әдісі

«От шашу» арқылы бағалау. Мұғалімнің көмегімен төменнен бастап жоғарыға дейін шапалақтау.



2-тапсырма Топтық жұмыс «Суретті әңгіме» әдісі

Мақсаты: Балаларға екі түрлі жанұядағы іс-әрекеттер бейнеленген, мозайканы құрастырту арқылы екі топқа бөлемін, шыққан сурет арқылы екі топ

жанұядағы әдеп нормаларына мысал келтіріп, әңгімелейді.


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Суретегі екі отбасы туралы әдеп нормаларына мысал келтіріп, әңгімелейді.

Суретті пайдаланып әдеп нормаларына мысал келтіріп, әңгімелейді.




Қалыптастырушы бағалау:

«Жетістік баспалдағы»

Оқушы өзін – өзі бағалауы қажет. Сабақ барысындағы нәтижелері бойынша қай баспалдақта тұрғанын анықтауы қажет.


3 тапсырма. Жеке жұмыс «Ізден, тап» әдісі Саралау: «Жалпы тапсырма» «Диалог және қолдау» , «Қарқын» тәсілі арқылы жүргіземін.

Мақсаты: Балалар мақалдар кітабы арқылы, дереккөздерді пайдаланып, мақалды тауып мағынасын ашады.


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Дереккөздерді пайдаланып, мақалды тауып мағынасын ашады.



Мақалдар жинағы кітабін пайдаланып, мақалды тауып мағынасын ашады.




Қалыптастырушы бағалау:

«Басбармақ» тәсілі

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын «Басбармақ» тәсілі арқылы бағалайды. Оқушы тапсырманы дұрыс орындаса- басбармақтарын жоғары қарай көтереді, ал тапсырманы қате орындаса-басбармақтарын төмен қарай түсіреді















Оқулық 4 бет

































Оқулық 5 бет





Қима суреттер

































Мақал-мәтел кітабы

















Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Кеме бояу әдісі»

Орта деңгей мен төменгі деңгейдің оқушыларына қиналған тұсын анықтап «Оқушы – оқушы, оқушы – мұғалім» әдісі арқылы кері байланыс орнатамын.




Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау-оқушы

білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Бір қадам алға»

Сын тұрғысынан ойлауы, өз бетінше жұмыс істеу қабілеті, өздігінен білім алу дағдысын дамытып, оқушылар өз отбасы мүшесінің портретін ауызша сомдауға үйретемін.


«Суретті әңгіме»

Суретке қарап оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Суретті әңгіме әдісі арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып және ойын жинақтап қорытуға мүмкіндік беремін.


Ізден тап»

Тапсырманы орындау барысында мақалдарды тауып, өз ойларын еркін айтуға және бірлесе жұмыс жасауға бағыт беремін

«От шашу» әдісі


«Жетістік баспалдағы»


«Басбармақ» тәсілі»






Оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Топтың ережесін сақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі