жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. №4 Зертханалық жұмыс «Тамыр аймақтарын зерттеу» Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.».
|
Бөлім: |
Заттардың тасымалдануы |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Д.Калдыбекова |
|
Күні: |
22.11.2021ж. |
|
Сыныбы:7в |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс «Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу». Зертханалық жұмыс «Тамыр аймақтарын зерттеу» Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.1.3.4 - тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттау |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Ксилема және флоэма- жоғарғы сатыдағы өсімдік ағзасындағы басты тасымалдаушы ұлпалар екендігі туралы түсінік қалыптасады. Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттай алады. Кейбір оқушылар үшін: Флоэма мен ксилеманың элементтерін құрылысын көрсете алады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 8 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топ ережесін еске түсіру. Топтастыру. |
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. I – Үшбұрыштар тобы II – Дөңгелектер тобы III – Төртбұрыштар тобы |
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. |
Фигуралар салынған конверт |
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе |
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1. Ксилема қандай қызмет атқарады? 2. Флоэма қандай қызмет атқарады? 3. Өсімдік үшін ксилема маңызды ма, әлде флоэма ма? |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 27 мин. |
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді |
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Зертханалық жұмысты орындайды |
Презентация |
|
|
|
Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
1. Жұмыс дәптерлеріне кесте сызып, ксилема және флоэманың құрылысы мен қызметін салыстырады. 2. Оқулықтағы сурет бойынша ксилема және флоэманың орнын анықтайды |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. 1. Ксилема мен флоэманың қызметі тоқтап қалады деп елестетіп көреді. Өсімдікте қандай өзгерістер қай ретпен жүретінің түсіндіреді. 2. Кесте сызып салыстырады |
ДК экраны 7-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
|
|
|
Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
1. Оқулықтағы сурет бойынша тамыр аймақтарын атайды. 2. 1-4 сандарын пайдаланып, ұшынан бастап тамыр аймақтарын дәптерлеріне жазып көрсетеді:өсу аймағы,өткізу аймағы, сору аймағы,жасуша бөліну аймағы. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Зертханалық жұмысты орындайды. |
ДК экраны 7-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
|
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 10 мин. |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөзі» әдісі |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
|||
|
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
|||||
Тексерілді:_______________


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген