Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектеп
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
|
Бөлім: |
Қазіргі қоғам: Әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль |
|
|
Педагогтің Т.А.Ә. |
|
|
|
Күні: |
27.01.2026 Пәні: Қазақ тілі |
|
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Білім артық па, байлық артық па? |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды; Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі. |
|
|
Ұлттық құндылықтар |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету; -тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау. -Құндылық: заң және тәртіп -өз ойларын, эмоцияларын және мінез-құлқын бақылау, қоғамдық игілік мүддесі үшін күнделікті жағдайларда белгіленген ережелер мен рәсімдерді, үйлесімді әлеуметтік қатынастарды сақтау; |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. |
Оқушылар үй тапсырмасын айтып, жаңа сабақтың мақсат, тақырыбымен танысады. |
10 балдық жүйемен бағалау |
Оқулық 10-сынып. Алматы «Мектеп» 2019. Б. Қапалбек. Г. Закиряева. С. Жантасова |
||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. 2 топқа бөлініп, білімнің артықшылықтары мен байлықтың артықшылықтарын айтып, дебат ұйымдастырыңдар. Бір ғұлама Әзіреті Әли бабамызға: - Білім артық па, байлық артық па? - деп сауал қойыпты. Сонда бабамыз білімнің артықшылығы жайлы он түрлі дәлел келтіріп: - Біріншіден, білім артық, өйткені ол -пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған мирас, ал байлық - бақылдардан қалған мұра. Екіншіден, білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың. Үшіншіден, білім артық, ол досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды көбейтеді. «Шешендік шиырлары» кітабынан A. Мәтін қай стильде жазылған? Мәтін тақырыбын ашатын қанатты сөздерді айтыңдар. Астамшылық, мастану сөздерінің мағынасын талдаңдар. Ә. «Мен үшін білімнің артықшылығы…» деген тақырыпта пайымдау эссесін жазыңдар. Есте сақта! Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл Қазақ тіліндегі сөзжасамның тәсілдері мен жолдары ішіндегі ең өнімділерінің бірі қосымшалар арқылы сөз жасау тәсілі деп саналады. Сөзжасамның бұл түрін тіл білімінде синтетикалық тәсіл немесе морфологиялық тәсіл деп атайды. 2-тапсырма. Кестені толтырыңдар. Синтетикалық тәсілде негіз сөз бен туынды сөздің арасында қандай заңдылықтар орын алатынын анықтаңдар.
A. 1989 жылы жазылған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда «бас» сөзінен 137 туынды түбір жасалғандығы көрсетілген. Сыныптарыңда бас сөзінен ең көп туынды түбір жасай алатын оқушыны анықтаңдар. Ә. Үлгі бойынша кестені толтырыңдар.
Керек дерек! Публицистикалық стиль Публика - латын сөзі, «көпшілік» мәнін білдіреді. XIX ғасырдың екінші жартысында негізі қаланған стиль түрі - бүгінде қоғамға аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің жүгі ең ауыр, елеулі саласы. |
Мәтінді оқып, топқа бөлініп, білім мен байлықтың артықшылықтарын айтып, дебат ұйымдастырады.
Мәтіннің қандай стильде жазылғанын анықтайды. Астамшылық пен мастану сөзінің мағынасын ашады. Берілген тақырып бойынша эссе жазады. Синтетикалық тәсілде негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы заңдылықтарды тауып, кестені толырады.
Сынып бойынша ең көп туынды түбір жасаған оқуышы анықтайды. Берілген үлгі бойынша кестені толтырады.
|
Дескриптор Білім алушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды – 2 балл, -көтерілген мәселе мен негізгі ойды анықтайды – 2 балл, -ғылымның бүгінгі дамуына талдау жасайды – 3 балл, -ойды қорытындылап, болжам жасайды- 3 балл
|
Мәтін
Топтық жұмыс
Дебат
Қанатты сөздер
Эссе
Мағына ашу
Кесте
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография 1989 жыл
|
||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс. Шығу билеті. Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді?
Үйге тапсырма. 3-тапсырма. «Керек дерек!» мәтіні бойынша сұрақтар құрастырыңдар. A. Екінші азатжолдағы ойға «келісу/келіспеу» эссесін жазыңдар. |
Кері байланыс сұрақтарына жауап береді |
Кері байланыс алынады. |
Шығу билеті рефлексия |

02.02.2026 Пәні: Қазақ тілі |
|
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Кедей мен байдың айырмашылығы |

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу. |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады; Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады. |

Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. 1-тапсырма. Мәтінді әрі қарай жалғастырыңдар. Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік «Кім сұлу?» деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер-азаматқа: - Біздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсысымыз әдеміміз, сұлумыз? - деп сұрапты. |

A. Мәтінді оқыңдар. Пікірлерді жетілдіріп айтыңдар. Ұлылардың байлық пен кедейлік туралы қанатты сөздері Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді. Абай Құнанбайұлы Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ. Ғабит Мүсірепов Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. Махмұт Қашқари Алтын-күміс жиған адам бай емес, сөз жиған адам бай. Жүсіп Баласағұни Мал-мүлік жидым деп мәз болма, жан кеткенде кетеді. Қожа Ахмет Ясауи Ә. Қай қанатты сөз ұнады? Неге? Б. Жоқшылық пен тоқшылық туралы талқылау эссесін жазыңдар. Есте сақта! Сөзжасамдық жұрнақтар Жұрнақтар сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнағы туынды түбір зат есім сөздер жасайды. 2-тапсырма. Сөз тудырушы жұрнақтар мен сөз түрлендіруші жұрнақтар туралы не білесіңдер? Берілген сөздерді мысал етіп, ой тарқатыңдар.
көл көлшік
жас жасару ұйы ұйым A. Етістік жасаушы жұрнақтарға 3 мысалдан табыңдар. -ла, -ле: еркеле -ар, -ер: ұзар -сын, -сін: батырсын -лан, -лен: әзірлен -ал, -ел: оңал -ғар, -гер: оңғар -тас, -тес: достас -ық: молық -ы, -і: байы -ай, -ей: молай, кеңей -сы, -сі: босаңсы Керек дерек! Публицистикалық стильдің шағын түрлері Публицистикалық стильдің шағын түрлерін шартты түрде былайша жіктеуге болады: үгіттік публицистикалық шағын стиль; саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль; саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль. 3-тапсырма. «Керек дерек!» мәтініндегі ақпаратты сызба арқылы көрсетіңдер. A. Өз білімдеріңе сүйеніп, соңғы сөйлемдегі ойды жалғастырыңдар. Публицистикалық стиль. Қауіпсіз тілдерге барлық ұрпақтар сөйлеп, тілдің келесі ұрпаққа берілуі бұзылмаған ағылшын, араб, неміс, орыс, француз т.б. тілдер жатады. Д. Ысқақұлы 4-тапсырма. «Публицистикалық стиль» мәтіні бойынша қазақ тілі қай топқа жатады? Өз ойларыңды нақты мысалдар арқылы дәлелдеңдер. А. М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін тыңдап, оның жазылу мақсатын түсіндіріңдер. |
Мәтінді оқып, пікірлерді жетілдіріп айтады. Берілген қанатты сөздердің қайсысы ұнағанын атап, себебін түсіндіреді. Жоқшылық пен тоқшылық туралы эссе жазады. Етістік жасаушы жұрнақтарға мысалдар келтіріп жазады. Керек дерек! Мәтініндегі ақпаратты сызба арқылы көрсетеді. Соңғы сөйлемде көрсетілген ойды жалғастырады. Өз ойларын нақты мысалдар арқылы дәлелдейді. |

Мәтін Пікір Қанатты сөздер Талқылау эссе Мысал Керек дерек! Сызба М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңі |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. Шығу билеті. Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді? Үйге тапсырма. Б. «Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін…» тақырыбында аргументативті эссе жазыңдар. |

03.02.2026 Пәні: Қазақ тілі |
|
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ірі көлемдегі байлық |

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды; Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады. |

Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. 1-тапсырма. «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын» тақырыбында келісемін/келіспеймін деген екі топқа бөлініп, дебат ұйымдастырыңдар.
Келісемін Келіспеймін |

А. Мәтінді оқыңдар. Ірі көлемдегі байлық атадан балаға мирас болып өтіп отырады. «Forbes» журналына енген 1645 миллиардердің үштен бірі байлығының бір бөлігіне немесе барлығына мирасқор ретінде ие болған екен. Ә. Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырыңдар. Бір-бірлеріңнің жауаптарыңды бағалаңдар. Б. Берілген диаграмманы толтыра отырып, мәтіндегі соңғы азатжолды түсіндіріңдер. B. Кім жылдам? Бір парақшаға жазыңдар. •Ең қысқа (мағыналы) сөзді тауып жаз да, парақшаңды көтер. •Ең ұзақ сөзді тауып жаз да, парақшаңды көтер. •Ең көп санды тауып жаз да, парақшаңды көтер. •Ең аз санды тауып жаз да, парақшаңды көтер. •Мәтіндегі сөз санын санап жаз да, парақшаңды көтер. Есте сақта! Аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсіл - сөз жасаудың синтаксистік амалы, яғни түбір (негізгі я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз тудыру тәсілі. Ол - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Бұл - басқа тілдердің сөзжасамында да кең орын алатын, кең тараған тәсіл. 2-тапсырма. Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы берілген сөздерге мысалдар келтіріңдер. A. Өлеңді тыңдаңдар. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді теріп жазыңдар (20-аудио). Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған кісі аттарын жазыңдар. Керек дерек! Публицистикалық шығарманың мақсаттары Публицистикалық стильдегі шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болып, бұқараға ықпал ету сипаты басым келеді. Қоғамдық өмірдегі жаңалықтар, өзгерістер туралы жұртшылықты құлағдар етіп, қоғамдық пікір қалыптастырады. 3-тапсырма. Публицистикалық шығарманың мақсаттары туралы тұжырымды өрбітіп, өз ойларыңды дәлелдеңдер. Публицистикалық стиль Шындығында да, кез келген таңба жасырын, әдетте, байқала бермейтін белгілі бір ақпараттың көзі болып табылады. Мысалы, ай -мұсылмандықтың, крест - христиандықтың белгісі. Қазақтың әр руының өз таңбасы болған. Орхон-Енисей жазбалары жазылған сына жазулары түркілік мәдениеттің, кирилл славяндық мәдениеттің, латынеуропалық мәдениеттің символы іспеттес. Әліпбилерде осы әртүрлі мәдениеттердің рухы жатыр; әліпбиді қолданған халықтың дүниетанымы, ойлау жүйесі, өмірді қабылдауы, көзқарастары секілді идеологиялық жақтарымен жіпсіз байланыс елеусіз ғана сақталып жатады. «Мәңгілік майдан» кітабынан 4-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар. ҚР-ның ұлттық рәміздеріндегі таңбаларды атап, олардың мәнін түсіндіріңдер. |
Берілген мәтінді оқиды. Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым қатынасын ескере отырып, сұрақ құрастырады. Оқулықта көрсетілген диаграмманы толтырады. Кім жылдам ойыны. Бір парақша сұрақтар бойынша жауап жазады. Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы берілген сөздерге мысалдар келтіреді. Өлеңді тыңдап, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді теріп жазады. Публицистикалық шығарманың мақсаттары туралы тұжырымды өрбітіп, өз ойларын дәлелдейді. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырады. |

Дебат Топтық жұмыс Мәтін Диаграмма Кім жылдам? Мысал Аудио Аналитикалық тәсіл Эссе |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. Шығу билеті. Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді? Үйге тапсырма. Ә. «Публицистикалық стиль» мәтінін жалғастырып, «Латын графикасының қазақ халқының болашағына тигізетін оң әсері» атты эссе жазыңдар. |

09.02.2026 Пәні: Қазақ тілі |
|
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Кедейлікті жою шаралары |

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. |

Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. 1-тапсырма. Таразыны теңестір. Сен билік ба- сында отырған адамсың. Бай мираспен немесе өзінің білімділігімен, еңбекқорлығымен байыды. Кедейге мираспен ештеңе берілмеді, ақылы бар, еңбекқор, бірақ білім алуға мүмкіндігі жоқ. Бай мен кедейді оңтайлы жолмен қалай теңестірер едің? Ескерту. Байдан тартып алып, кедейге үлестіріп беруге болмайды.

А. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Көтерілген мәселеге баға беріңдер. Давос форумының қарсаңында «Oxfam» халықаралық ұйымы өз зерттеуін жариялап, әлемді жайлаған әлеуметтік теңсіздіктің жылдан-жылға өршіп бара жатқанын мәлімдеді. Жыл санап үдеп бара жатқан баю үдерісін тоқтатпаса, әлемнің ең бай бір пайыз тұрғынының байлығы қалған 99 пайыз халықтың байлығынан асып түспек. Бүгінгі таңда әлемдегі 10 адамның бірі аш жүреді, ал 1 миллиардтан аса халық күніне 1 доллар 25 центтен аз қаржыға өмір сүреді. Ә. «Кубизм» әдісі бойынша мәтінге сұрақтар құрастырыңдар. Қандай …? Кім … Қашан …? Қалай …? Не …? Қайда …? Б) Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, ат қойыңдар. B) Термин сөздер мен кәсіби сөздерді теріп жазыңдар. Г) Қарамен берілген сөйлемге кешенді синтаксистік талдау жасаңдар. Есте сақта! Лексика-семантикалық тәсіл Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады. 2-тапсырма. «Есте сақта!» айдарында берілген ақпараттарға сүйеніп, лексика-семантикалық тәсіл арқылы басқа мағынаға ие болған сөздер қатарын толықтырыңдар. Қорған, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге… A. Берілген сөздердің негізгі және жаңа мағыналарын түсіндіріңдер. Тұтқа:
Құлақ: Оң қол: Ә. Жаңа мағынаға ие болған сөзді табыңдар. сөзжасам 1. Біздің шаңыраққа да келіңдер. 2. Жер болдым-ау, ұят-ай! 3. Сөз болып жүрмесін! 4. Алтыным, ақылыңнан айналдым. 5. Алыстан қарасы көрінгендей болды. Керек дерек! Публицистикалық стильдің сипаты Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық сипаты: - ақпараттың жедел қабылдануы; - хабардың толыққанды жеткізілуі; - баяндаудың: a) нақтылығы; ә) фактографиялылығы; б) логикалылығы; в) ықшамдылығы; г) экспрессивті-эмоционалдылығы; ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі. 3-тапсырма. Әр тармақтағы ойды өз сөздеріңмен толықтырыңдар. Публицистикалық стильдің басқа стильдермен ұқсастығы мен айырмашылығын талқылаңдар. |
Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды. Көтерілген мәселеге баға беріңдер. Кубизм әдісі бойынша мәтінге сұрақтар құрастырады. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, ат қояды. Термин сөздер мен кәсіби сөздерді теріп жазады. Қарамен берілген сөйлемге кешенді синтаксистік талдау жасайды. Есте сақта! Айдарындағы берілген ақпараттарға сүйеніп, лексика семантикалық тәсіл арқылы басқа мағынаға ие болған сөздер қатарын толықтырып жазады. Берілген сөздердің негізгі және жаңа мағыналарын түсіндіреді. Әр тармақта берілген ойды өз сөздерімен толықтырады. |

Мәтін Кубизм әдісі Термин сөздер Синтаксистік талдау Негізгі және жаңа мағына Шағын мәтін |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. Шығу билеті. Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді? Үйге тапсырма. 4-тапсырма. «…Қазақ тілі жаһандық тіл майданына салып жібергенде, бұзып-жарып шыға алатындай, әбден жетілген, «мың өліп, мың тірілген» күрескер, өміршең, сұлу да көркем тілдердің қатарында..» деген ойды өрбітіп, ауызекі сөйлеу стилінде шағын мәтін құраңдар. |

10.02.2026 Пәні: Қазақ тілі |
|
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстандағы әлеуметтік топтар |

10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау; 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтерді талдайды, негізгі үрдістерді анықтайды; Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады |

||||||||

1-тапсырма. Кім боламын? Болашақта қай әлеуметтік топқа жататыныңды анықта. Мына төменде берілген сөздерді ретімен қойып, ол мақсатыңа қалай жететініңді айтып түсіндір. Сондай-ақ өзің әлеуметтік жағдайы төмен топқа қандай көмек бере алар едің? Денсаулық, мәдени орындар, қаржы, спорт орталықтары, ғылым, кәсіпкер, оқу орындары, банкир, дүкен, спорт, кітапхана, фирма, қонақүй, фермер, мейрамхана, білім, дәрігер, ғалым, балабақша, жазушы, ақын, мұғалім, мектеп, спортшы және т.б. A) Мәтінді оқып, атау беріңдер. Негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселені талдаңдар. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік алған уақыттан бері республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Л. Спанқұлова Ә. Қоғамдағы таптардың бұлайша жіктелуі адамның психологиясына қалай әсер етеді деп ойлайсыңдар? Б) «…Табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неге? Есте сақта! Туынды сөз Туынды сөз атаулы тілдің сөзжасам жүйесі арқылы жасалады. Басқаша айтқанда, туынды сөз кездейсоқ жасала бермейді. Ол тілдің сөзжасам заңдылықтары бойынша, тілде қалыптасқан сөзжасам тәсілдерінің бірі арқылы, тілдегі дайын сөзжасам үлгілері бойынша жасалады. Сондықтан туынды сөзді оның қандай тәсіл, қай үлгі арқылы жасалып тұрғанына қарап ажыратуға болады. 2-тапсырма. Берілген сөздердің жасалу жолын анықтап, қатарларын толықтырыңдар. 1. Сәулетші, құдалық, … 3. Ыдыс-аяқ, … 2. Қолбасшы, … 4. Бір жеті, … A) Төмендегі сөздердің құрамын анықтап, сөйлем құраңдар. түсім сұйық май күн сәулесі қаламақы бас жүлде атжарыс екпе ғарышкер көзбе-көз Ә. Кестені толтырыңдар.
Б) «Сөз қадірі» өлеңін тыңдап, ондағы негізгі ойды анықтаңдар (21-аудио).
B) Бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау т.б. атаулардан туынды сөз жасалады. Осы бағытта ізденіп, ғылыми мақала жазыңдар.
Керек дерек! Публицистикалық стильдің ерекшеліктері Публицистикалық стиль саясат пен идеологияның құралы ретінде қызмет етеді. Әртүрлі саяси ақпараттар ағыны мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, оған баға беріп, бұқараға ықпал ету тәрізді маңызды міндеттер атқарады. Қоғамдық мәні бар мәселеге көпшілік назарын аударту мақсатында ой мен сезімге қатар әсер етерліктей экспрессивті-эмоционалды мәндегі тіл бірліктері жиі қолданылады. |
Кім боламын деген сұрақтың төңірегінде қай әлеуметтік топқа жататынын анықтайды. Берілген сөздерді ретімен қойып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Мәтінді оқып, тақырып қояды. Мәтіндегі ойды анықтап, көтерілген мәселені талдайды.
Қоғамдағы таптардың жіктелуі адамның психологиясына қалай әсер ететіні туралы ой бөліседі.
Оқушылар бір-бірімен пікір алмасады.
Көрсетілген сөздердің жасалу жолын анықтап, толықтырып жазады.
Берілген сөздердің құрамын анықтайды және сөйлем құрайды.
Кесте бойынша жұмыс
Сөз қадірі өлеңін тыңдай отырып, негізгі ойды анықтайды.
Бір буынды атаулардан туынды сөз жасап, ғылыми мақала жазады.

Кім боламын?
Мәтін
Пікір алмасу
Сөйлем құрау
Аудио
Кесте
«Сөз қадірі» өлеңі
Ғылыми мақала

Үйге тапсырма. 3-тапсырма. «Публицистикалық стильдің қызметі» туралы аргументативті эссе жазыңдар. |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспар. 10 сынып. Қазақ тілі, 4 тоқсан

шағым қалдыра аласыз