400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар, 3 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы түзете дамыту сыныбының, жеңіл психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: "Алтын күз"
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бекітемін

__________

Күні:

Тақырыбы:Алтын күз

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: күз мезгілінің ерекшелігі, істелінетін жұмыстар жайында, молшылық туралы түсініктерін кеңейту .

2) Дамытушылық: өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға, ізденуге дағдыландыру. Дүние танымын кеңейту

3) Тәрбиелік: еңбекшіл болуға , кәсіптік бағдар беру . Патриоттық тәрбие беру .

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздерме балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Орнымыздан тұрып амандасайық.

Біздің сабақ – сыр сабақ

Жүз сұрақ – жүз жауап.

Бір-бірлеп жауап бер

Әкел қане қолды бер!

Балалар сабағымызды бастамас бұрын жауап беруге тілімізді дайындап алайық.

ан-ын-он – қайырлы күн

шу-ша-ше – боламыз ерекше

са-се-су – сыпайы

за-зу-зе – әркезде

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Оған дейін ше,ал кейін. Осы жыл мезгілдеріне сай ай атауларын аташы.

ІІ. Негізгі бөлім

Жұмбақ шешу

Жиын терін болатын ,

Қамбаға астық толатын .

«Қызыл қырман » ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың ? (Күз мезгілі )


Топтастыру «Күз мезгілі қандай болады»

«Күзде жапырақ неге сарғаяды?»
2
. Жалғасын тап : Мақалды аяқта

Еңбек етсең ................ (емерсің)

Еңбек етсең ерінбей ,

...................................(Тояды қарын тіленбей )

Еңбектің наны тәтті ,

......................................(Жалқаудың жаны тәтті )


Суретке мәтін құрату



Дәптермен жұмыс . Мына сөздердің ішінде қай сөз артық ?

Қоңыр күз , алтын күз , берекелі күз , жемісті күз , бәйшешекті күз , салқын күз, қара күз .

Шығармашылық тапсырма : «Алтын күз» шығарма жазу.

ІІІ. Қорытынды :

- Жарайсыздар балалар. Айтыңызшы бүгінгі сабағымыз не туралы болды? – Бүгін біз нені еске түсірдік, қандай жаңа ақпарат алдыңыз? – Сізге не ерекше ұнады (балалар жауабы)

Рефлексия.

- Тақтаға шығайық, қолымыздан ұстайық. Бір-бірімізге жылы сөздер айтайық, алғыс білдірейік.

- Балалар жарайсыздар, сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.11.2021
1526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12