400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып, әдебиеттік оқу, 36-сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып, әдебиеттік оқу пәнінің "Мәдени мұра" бөлімінің, 36-шы сабағына әзірленген қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Бөлім:

Мәдени мұра.

Машықкердің аты-жөні

Аскарова Динара Ерболовна

Күні:


Сыныбы: 4

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіңді тексер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған,

өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра

отырып білдіру.

Сабақтың мақсаты:

Бөлім бойынша қайталау, бекіту жұмыстарын жүргізу.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық ахуал туғызу: «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы.


Балалар, бір бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3 рет қол шапалақтаймыз!



Сабақтың ортасы


- Балалар, сендер алдыңғы сабақтарда «Ер қаруы-бес қару» деп аталын мәтінді оқыдыңдар. Ендеше мына сұраққа жауап беріңдерші: «Ер қаруы-бес қару» деп біз нені айтамыз?

- Батырдың, жауынгердің бойынан табылатын қаруларды айтамыз. Ол қандай қарулар еді?


«Сәйкестендіру» әдісі арқылы бес қарудың суреттерін көрсетеді.

№1-тапсырма:

Суретте берілген қаруларға қарап, бес қарудың қайсысы жетіспейтіндігін табу.

Дескриптор:

Оқушылар бес қаруды естеріне түсіреді, аттарын атайды.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Бағдаршам бағалау парақшасы.

1 қосымша










Дәптерге орындалатын жұмыс.

№2-тапсырма:

Жақша ішінен бір сөзді таңдап, мақал-мәтелге дұрыс қойып, оқу қажет.


  1. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

  2. Өтіріктің құйрығы – бір-ақ тұтам.

  3. Кітап – білім бұлағы.

Дескриптор:

Мақал-мәтелдерді есіне түсіреді, жалғасын дұрыс табады және оқиды.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Бағдаршам бағалау парақшасы.

1 қосымша






№3-тапсырма:

Балалар сендер қазба жәдігерлерінің қай жерде сақталатындығын білесіңдер ме?

- Музейде.


«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Сен музейге барып көрдің бе?

- Қандай музейге бардың?

- Оның ішінде нелерді тамашаладың?

- Өзің білетін музейлерді атап бере аласың ба?


Балалар, мен сендерге біздің Семей қаламыздағы музейлерді көрсетемін.

  1. Абай Құнанбайұлының
    әдеби-мемориалдық мұражайы.

  2. Тарихи-өлкетану музейі.

  3. «Алаш арыстары-Мұхтар Әуезов» мұражайы.

  4. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы.

  5. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі.


Дескриптор:

Оқушылар музей туралы сұрақтарға жауап береді, ойларын білдіреді.

Туған қаламыздағы музейлермен танысады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Суреттер, дәптер,

бағдаршам бағалау парақшасы.

1 қосымша



2 мин





Сергіту сәті: «Көңіл күй»

Дескриптор:

Оқушылар сергіту сәтін жасайды, қозғалысқа түсіп, бой жазады.



Видеоролик


https://youtu.be/ui8J9vlQ4wA









№4-тапсырма:

Топтық жұмыс.

Балалар, мен сендерді бірнеше топқа бөлемін. Сендер берілген мәтін бөліктерін дұрыс ретпен қоюларың керек. Топ ішінде талқылап, жауап парағына жазыңдар.


2

Тоғызқұмалақ арнаулы тақтада ойналады. Тақтаның шұңқыр қазаны бар. Тоғызқұмалақ ойлануды, тапқырлықты талап етеді. Бұл жағынан шахмат, дойбыға ұқсайды. Бұл ойын Орталық Азия елдерінде кеңінен таралған.

1

Тоғызқұмалақ – ұлттық ойындарымыздың бірі. Оның шығу тарихы мыңдаған жылдар бұрын деп есептеледі. Бұл – өткен ғасырларда қазақ дерінде ең кең тараған ойын.

3

Біздің елімізде тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Ол – нағыз ұлттық мұра.



Дескриптор:

Оқушылар мәтін бөліктерінің ретін тауып оқуға дайындалады, орналастыру себебін түсіндіреді.















«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Бағдаршам бағалау парақшасы.

1 қосымша


Дәптерге орындалатын жұмыс.

№5-тапсырма:

  1. Зере – Абайдың ... (әжесі).

  2. М.Әуезов - … (жазушы).

  3. Ұлжан – Абайдың ... (анасы).

  4. «Хан» - ... (ұлттық ойын).

  5. «Ақдауыл хан» - ... (ертегі).


Дескриптор:

Оқушылар адасып кеткен анықтаманы ретімен жинастырып жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Бағдаршам бағалау парақшасы.

1 қосымша

Сабақтың соңы

Рефлексия















«Таңдау» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймыз.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына

« +» белгісін қою тапсырылады.


1. Мен сабақ қызықты \ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені \ үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият \ зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі \ сирек қатыстым

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын \ риза емеспін.


Үй тапсырмасы:

130 бет, сөздерді кестеге түсіру тапсырмасы.


Дескриптор:

Оқушылар таратпа карточкалардағы сөйлемдердің бірін таңдайды, сабақ бойы жасаған жұмысын бағалайды.












Таратпа карточкалар

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
2404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі