400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 4 сынып "Атау септік"

Материал туралы қысқаша түсінік
4.2.5.1 - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.4.2.3 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

Тақырыбы:

Атау септік

Мектеп:Шаған ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамбетжанова С.О.

Сыныбы: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты:

4.2.5.1 - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

4.4.2.3 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар:

Атау септігі оның сұрақтарымен танысады.

Көптеген оқушылар:

Тапсырмаларды орындау арқылы атау септігі ережесін шығарады;

Табиғат құбылыстары туралы пікірін айтады;

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

Тапсырма орындауда шапшаңдық көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

Зат есімді септейді, тәуелденген сөздердің септелуін біледі.

Құндылықтарды дарыту:

Еңбекқор болуды және жауапкершілік қасиеттерді бойларына дарыту. Ынтымақтасып жұмыс істеу, бір-бірінің пікірін құрметтеуді үйрету.

Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек, Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім:

Алдыңғы сабақта алған білімдерін қайталайды, пысықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы


Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады.

- Адамды өрге жетелейтін не?
- Арман адамды қандай биікке жетелейді?
Оқушыларды білім шыңына шақырады.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін қайталайды.
«Түртіп алу» стратегиясы

Күрекпен, өзен, қыстың, немере, ұшақтың, сазгер, баладан, бала, кітапта, білім.

(Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, атау септіктерді теріп жазады)

Ресурстар

Сабақтың ортасы


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланады.

"Аймектеп" сайтынан тыңдалым тыңдау.

Айтылым. «Санадағы кинофильм» әдісі

Жалпы сипаттама. Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.

Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар көздерін жұмады.

2. Мұғалім сыныпқа мәтінді тыңдатады

3. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіруді сұрайды.

4. Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.

5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың оңтайлы тәсілі.

Мәтіндегі негізгі ойды табады. Атау септігінің сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді табады.

Дескриптор: креативтілік; ойлау, шешім қабылдау; проблеманы шешу.

ҚБ: Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.

"Аймектеп" сайтынан ойын-тапсырмалар орындау.

Жазылым.

1-топ: 32-жаттығу: Өлеңді оқып, атау септікте тұрған зат есімдерді табады.Олар сөйлемде қандай мүше болып тұрғандарын айтады.

2-топ: 33-жаттығу: Төмендегі сөздер бастауыш болатындай етіп әрқайсысымен сөйлем құрап жазады. Жазған сөйлемдерінде бұл сөздер қай септікте тұрғандығын айтады.

3-топ: 34-жаттығу: Дос, әке сөздері сөйлемде бастауыш болатындай екі сөйлем құрап жазады.

Дескриптор: ойлау, шешім қабылдау; проблеманы шешу.

ҚБ: Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Сэндвич» стратегиясын пайдалана алады.

Ұжымдық жұмыс

"Көбелектерді өз гүліне қондыр" ойыны


Сұрақтарға жауап берді






Тақта, парақшалар

Сабақтың соңы

«Кемпірқосақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасау.

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл күй) деңгейін білдіреді.

Берілген үлгілер бойынша сөйлем құрау

Оқушылар жазбаша мына үлгілер бойынша сөйлемдер құрастырады:

Мен ... , өйткені ...

Неліктен мен ...

Менде мынандай сұрақ бар: ...

Сонымен мен...

Сөйлемдерді аяқтап жазады.

ҚБ: Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.

Үйге тапсырма: ереже (18-бет)




Оқулық, дәптер















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
3602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі