400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 4сынып Елордасы елімнің. Шылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына қажетті қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    

kairshanz@mail.ru

Мектеп


Мұғалімнің аты-жөні


Күні:


Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Елордасы елімнің. Шылау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру.

4.4.2.7 сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтайды. Мәтіннен шылау сөздерді табады.

Көптеген оқушылар: Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнындағы негізгі ойды тұжырымдайды. Тапсырмада каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

  1. Кейбір оқушылар: Жазу техникасын жетілдіреді. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды пайдаланып мәтін құрайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сәлемдесу

Топқа бөлу

-ЭКСПО, Бәйтерек, Хан-Шатыр суреттерінің біреуін таңдайды

- 1-топ «Нұр – сұлтан», 2-топ «Ел», 3-топ «Ордасы»

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұр – Сұлтан – бағым, баспанам,

Қарыштап алға бас қадам.

Отанымның жүрегі,

Елордам – менің Нұр-Сұлтан.

(ҰЖ)

Дескриптор:

-Оқушылар шеңбер құрады

-өлеңді хормен айтады

- бір-бірлерімен амандасады.

Ширату тапсырмасы

(ҰЖ) Саралау «Серпілген сауал» әдісі.

-неше сөз табы бар?

-бейнелеуіш сөзге мысал келтір.

-үстеу дегеніміз не?

-еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді қалай ажыратамыз?

-сөз бен сөзді байланыстырып тұрған қандай сөздер байқап жүрсің?

Оқушы қызығушылығын ояту:

Ерте – ерте, ертеде бір үлкен ел болыпты. Бұл елде сөздер отау құрып бір бірінен бөлек тұрғанымен, бір біріне бағынып, бірін – бірі толықтырып тұрған екен. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Ең қызығы осы соңғы сөздің алдындағы сөздер қосымша сөздер арқылы байланысады екен. Бұл сөздер маңызды болса да, қасындағы сөздерсіз мағынасы жоқ екен. Бұл сөздер шылау деп аталады.


Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді.

- шылау туралы мұғалімнен ақпарат тыңдайды.

-шылау түрлерін біледі.

-шылауы бар сөйлем құрайды.


Жаңа сабақ

1-ші критерий: -мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтап, шылауларды табады.

(ӨЖ). «Кім шапшаң?»

Нұр – Сұлтан

Нұр – Сұлтан – Қазақстанның бас қаласы. Елордамызда түрлі биік үйлер және зәулім ғимараттар бар.Жаңа қаладағы Бәйтерек, Ақ Орда немесе басқа мәдени орталықтардың қайсысын алсақта ерекше салынған. Бүгінгі таңда күннен – күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Нұр – Сұлтан қаласы барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

дескриптор:

-үлестірме қағаздағы мәтінді оқиды.

-мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін түсінеді.

-мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды.

-мәтіннен шылау сөздерді (және, немесе, мен) табады, астын сызады.

(ҚБ) ТЖ «Қол шапалақта, отыр» әдісі.

дескриптор:

-әр топ бөлек – бөлек тақтаға шығады.

-осының алдында талқыланған Нұр – сұлтан туралы мәтіннен отырғандар сөйлем оқиды.

-сөйлем ішінде шылау болса, тақтадағы топ қол шапалақтайды.

-сөйлем ішінде шылау болмаса отыра қалады.


2-ші критерий: каллиграфиялық нормаларды сақтап, сөз бен сөзді шылау арқылы байланыстырып жазады.

(ӨЖ) «Орындап көр» әдісі

Мен де Нұр – Сұлтанға барсам ғой! Көке, сізге бірдеңе айтайын ба?

Дескриптор:

-шылаудың көмекші сөз екенін біледі.

-сөз бен сөзді шылау арқылы байланыстырып жазады.

-сөз бен сөзді байланыстыратынын біледі.

-сөйлем мен сөйлемді байланыстыратынын біледі.


ЖЖ: Сәйкестендіру, «Менің бағытым» әдісі.

Бардың дейін

Өзің шейін

Ана ғана

Отан туралы

Көрдің үшін

Ауылға ба?

Кешке бе?

Дескриптор:

-сөз бен шылауды сәйкестендіріп жазады.


  1. Сурет арқылы топқа бөлінеді

  2. Шеңбер құрады

  3. Ширату жаттығуын орындайды.

































Тапсырмаларды орындайды



























Жұлдызша











































суреттер

























Оқулық, дәптер, үлестірмелі парақшалар


Сабақтың ортасы

18 мин

































2 мин



10 мин

ҰЖ) Видеожазба «Шылау туралы ақпарат»

-Интернеттен шылауға байланысты видеожазба көреді.


(ҰЖ) «Жатқа жаз» әдісі

Барлығы – Қазақстаным!

Сүйкімді маған құмың да,

Сонау бір қарлы биік те,

Жотада жүрген құлын да,

Жапанда жүрген киік те.

Тау шыңы, теңіз айдыны,

Қырларың, әнші құстарың,

Бақытым менің – барлығы,

Барлығы – Қазақстаным!

Дескриптор:

-өлеңді жатқа жазады.

-каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

-шылаудың ерекшелігін түсініп қолданады.

-шылауды сөздерден бөлек жазады.



Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық»


(ҚБ) «Орындап көр» әдісі.

Деңгейлік тапсырма арқылы саралау.

Жасыл парақ: Шылауды қатыстырып мәтін құрайды

Сары парақ: Сөйлемдегі бос тұрған жерге шылау қосып жазады.

Қызыл парақ: Сөйлемнен шылауды тауып астын сызады.

Бағалау

Жасыл жұлдызша: шылауды қатыстырып мәтін құрайды.

Сары жұлдызша: сөйлемдегі бос тұрған жерге шылау қосып жазады..

Қызыл жұлдызшы:сөйлемнен шылауды тауып, астын сызады


Видеожазба көреді








Жатқа жазады
















Билеп сергиді.















Деңгейлік тапсырма орындайды

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.


































ҚБ: 1-10 балдық жүйе.






Оқулық, дәптер, қалам
























«Қыдырып қайтайық» әні




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
2343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі