400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар, 6-сынып, Басықара ауылындағы №182 орта мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.2АРационал сандарға амалдар қолдану



Мектеп: №182


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абилова Жанылган Табынбаевна

СЫНЫП: 6

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды көбейту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.1.2.15. Рационал сандарды көбейтуді орындау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейту ережесін қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Таңбалары әртүрлі рационал сандардың модульдерін көбейтіп,

таңбаларын ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

  • Екі немесе бірнеше таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейтуде ауыстырымдылық заңын пайдаланып, тапсырманы тиімді шығара алады.

Бағалау критерийі

  • Рационал сандарды көбейтуді орындайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейту ережесін ауызша тұжырымдайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • Көбейту, көбейтінді, таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі рационал сандар, санның модулі.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейту;

  • Қандай жағдайда екі рационал санның көбейтіндісі: нөлге, оң санға және теріс санға тең болады?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Шығармашылық және ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Физика (Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі),

География (Ауа райы және метеорологиялық элементтер)

Алдыңғы оқу

Жай бөлшек,бүтін сан, рационал сан, рационал сандарды қосу және азайту

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

7 мин

1мин



3 мин













3мин





Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына назар аудару, оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан» тренингі

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып тұрады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.

(Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)



«Кір жайғыш» әдісі.

Мұнда оқушылар тақтаға кеспе қағаздары арқылы ілінген ашық сұрақтарға жауап береді.

Мақсат: оқушылардың алдыңғы білімдерін нақтылау.

1-кеспе:Таңбалары қарама-қарсы сандардың қосындысының мәні неге тең?

2-кеспе: Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай қосамыз?

3-кеспе: Таңбалары әртүрлі рационал сандарды азайту қалай орындалады?

4-кеспе: Теріс рационал сандар қалай қосылады?

5-кеспе: Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы қалай анықталады?

ҚБ:

-Жарайсың, қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең екендігін дұрыс анықтадың!

- Жақсы, дегенмен таңбалары әртүрлі рационал сандарды азайту ережесін қайталау керектігін ұсынамын, т.с.с ауызша мұғалімнің кері байланысы


Осы жерде жауап беру деңгейлеріне бақылау жүргізу арқылы оқушылар сырттай сараланады(саралау көмекші журналға белгіленіп отырады)


Түстер арқылы оқушыларды аралас 3 топқа бөлемін.






Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.









Кеспе қағаздар





















Көмекші журнал


с тикерлер



Сабақтың ортасы

Тақырыпты ашу

27 мин








































































5 мин











































4мин




















5 мин






























2 мин







2 мин



5 мин








































2 мин




2 мин

«Көрсетілім» әдісі

Мақсаты: Сабақты көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы көрсету – оқушылардың танымдық қасиеттерін 30%-ға дамытады. Сондықтан интербелсенді тақтаны пайдалана отырып сабақ мақсатын таныстырып, түсіндіріп өтемін.

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейтуге қатысты таңбалар ережесі:


(+) * (+) = (+)

(-) * (-) = (+)

(+) * (-) = (-)

(-) * (+) = (-)

Сонымен бірге мына ережелерді де айтып өтемін:

а*(-1)=-а

-а*(-1)= а

-а * 1 = -а

а * 0 = 0

-а * 0 = 0














Мысалдар келтіру арқылы оқушылардың түсініктерін қалыптастырамын.

  1. 0,5*(-3)= -1,5

  2. -0,16*3= -0,48

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды көбейту ережесі бойынша мынадай алгоритмдерді орындадық:

  1. Көбейткіштердің модульдерін көбейттік;

  2. Шыққан санның алдына «-» таңбасын қойдық.

ҚБ:

  • Тақырыпты қаншалықты түсінгендеріңді айтып беріңдерші.

  • Төзімділікпен әлі де үйренуің керек!

  • Сенен бәрі үлгі алуы керек, тамаша!

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында «Серіктесті оқыту» әдісі арқылы жұптық жұмыс жүргіземін.

Мақсаты: топтағы оқушылар жұптасып, рационал сандарды көбейту ережесін бір-біріне түсінгендері бойынша үйретеді. Бұл әдіс мұғалімге оқушылардың өздерінің түсініктерінің тереңдігін бағамдауға мүмкіндік береді.

Ауызша кері байланыс орнату.

  1. Екі теріс рационал санның көбейтіндісі нәтижесінде қандай сан шығады?

  2. Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қандай сан болады?

  3. Рационал сандарды нөлге көбейткенде көбейтінді неге тең болады?

Деңгейлері бойынша саралау. Топтағы оқушыларды деңгейлері бойынша сараланған 3 топқа бөлемін, ол үшін түрлі-түсті стикерлерді пайдаланамын.


Тапсырма-2: Оқулықпен жұмыс

«Мұзжарғыштар» (топтық жұмыс)

«Мұзжарғыштар» әдісі оқушыларға бірлесіп жұмыс істеуге көмектеседі және топтық жұмыс барысында ықпалдаса отырып жұмыс істеуге ынталандырады. Мұзжарғыштар мұғалімнің оқытуын жетілдіре алады, яғни оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі арқылы барлығының оқу үдерісіне қатысуына ықпал жасайды.

Бірлесіп жұмыс істеуге ынталандырады, қарым-қатынас дағдыларын дамытады.


Сараланған топтық тапсырмалар

А тобы

1) 1,6*8=12,8 3) 60*0,2=12

-1,6*(-8)=12,8 -60*(-0,2)=12

2) 1,5*0,4=0,6 4) 0,9*9=8,1

-1,5*(-0,4)=0,6 -0,9*(-9)=8,1


В тобы

  1. *(-2 )= 3) 6 *(-2 =

  2. 8 *(-7 = 4) 10 *(-2 )=


С тобы

Өрнектің мәнін табыңдар:

  1. 7,5а*b, мұндағы а=-24, b=-8

  2. 15*c*(-d),мұндағы c=0,2, d=3,5

  3. -5*y*x, мұндағы x=-5,2, y=0,7

  4. 0,25*(-m)*(-n), мұндағы m= -2,4, n=6,4


Ауызша кері байланыс орнату.

  1. Қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

  2. Екі теріс рационал санның көбейтіндісі нәтижесінде қандай сан шығады?

  3. Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қандай сан болады?

«2 жұлдыз - 1ұсыныс» арқылы бағалау.


Тапсырма-3. «Карточкалар иерархиясы» (Жеке жұмыс)

Сараланған деңгейлеріне сай оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша үлестірме қағаз таратылады. Тапсырманың орындалу ретін айқындап, нәтижесіне өздері түсіндірме жүргізеді. Бұл оқушылардың диалогтік оқу дағдыларының қалыптасуына жетелейді.

Сараланған тапсырмалар

А-тобы:

Өрнектің мәнін табыңдар:

  1. -

  2. * )

  3. *

В-тобы:

Өрнектің мәнін табыңдар:

  1. -1,6*

  2. -

  3. 4

С-тобы:

Теңдіктің тура болатынын тексеріңдер:

  1. (85 *(-1,96)*0,04*( *(-4,5) = 72

  2. 18 *(- )*(-1,6)* *(-12,5) = -13,75

Кері байланыс:

  1. Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді қандай сан болады?

  2. Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді қандай сан болады?

Мұғалім бағалауы. «Менен саған бір жұлдыз»әдісі.

Егер оқушы жұмысы дұрыс орындалған болса, онда сол оқушыға мұғалім жұлдыз сыйлайды.


Сергіту сәті. «Көңіл-күй мекені»




Интербелсенді тақта


Математика,

Әбілқасымова А.Е.

1-бөлім, Алматы: Мектеп баспасы, 2018ж.






















































Оқулық,

таратпа материал



































стикерлер




Үлестірме қағаз






































Ж ұлдызшалар




Смайликтер кескіні

Сабақтың соңы

5 мин


3 мин







1 мин







1 мин

Дескриптор арқылы қалыптасырушы бағалау тапсырмасы (дескрипторы қосымшада)

Көбейтуді орындаңдар:

3) -15,1*8,6

*( 4) -0,73*(-1,2)


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы рефлексия жасау.

Мен бүгін ...... білдім.

Маған ....... қызықты болды.

Маған ....... қиын болды.

Мен ......... үйрендім.

Маған ........ ұнамады.


Үйге тапсырма: №600, №601

Үлестірме парақтар






Үлестірме парақтар






оқулық

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылар сабақ бойына топтасып, жұптасып және жеке жұмыс жасайды.

Саралау кезінде оқушылар дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын, олардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеледі.

Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды береді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай және оқу бағдарламасына сай дайындалды. Қарқын бойынша саралау тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындауға жағдай жасап ынталандыру. Көшбасшылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізу. Оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуіне жағдай жасау. Диалог және қолдау әдістері кейбір оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Мұғалім оларды ойландыру және жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдіс сөзбен қолдау және ынталандыру жағынан маңызды рөл атқарады. Бағалау бойынша саралау әр тапсырма бойынша оқушылар бағаланып және қателіктері түзетіліп отырады. Түзету арқылы білімді жақсартып, табысқа жетеміз. Осы сабақ барысында оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен «Кір жайғыш», «Көрсетілім», «Серіктесті оқыту»,»Мұзжарғыштар», «Карточкалар иерархиясы» әдістері мен сараланған тапсырмалар пайдаландым.


Әр оқушыны тапсырмалар сайын бағалау критерийлері бойынша өзіндік қосқан үлестерін назарда ұстай отырып, «Екі жұлдыз бір ұсыныс», ауызша кері байланыс жасау және «Менен саған бір жұлдыз» стратегиясын пайдаландым. Сабақ соңында дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын бере отырып қорытындылаймын.

Сабақта сергіту сәті қарастырылған. Сондықтан оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріледі. Сонымен бірге бір-бірін топта тыңдай білуге, сыйластық танытуға, бірлескен жұмыс кезінде нәтижеге қол жеткізе білуді ұсыну.


Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма


Бөлім:


Тақырып:


6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану


Рационал сандарды көбейту

Оқу мақсаты

6.1.2.15. Рационал сандарды көбейту

Бағалау критерийлері

Рационал сандарды көбейтуді орындайды;


Тапсырма


Көбейтуді орындаңдар:


  1. 3) -15,1*8,6

  2. *( 4) -0,73*(-1,2)

Бағалау критерийi

Дескриптор


Рационал сандарды көбейтуді орындайды;



  • Сабақ мақсатына сай рационал сандарды көбейтеді;

  • Нәтижесін табады;

  • Көбейтіндінің таңбасын анықтайды;










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі