400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар Абай Құнанбаев ұлы ойшыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев ұлы ойшыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы

Қазақстанның мәдениеті


Мектеп: Құмай негізгі мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мұса Еркегүл

Сынып:8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев ұлы ойшыл


Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады?

Оқу мақсаты:

7.2.2.2.Абай Құнанбаевтың ақын,ойшыл,қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға бере алады.

Көпшілігі:

Абай Құнанбайұлының шығармашылығын ажыратып (өлеңдері, қара сөздері, поэмалары), жіктей алады

Кейбір оқушылар:

Не себепті Абайды Хакім Абай деп атағанын дәлелдеп, өз көзқарастарын айта алады

Ой дағдыларының деңгейлері:

Талдау, бағалау


Тарихи концепт:

Ұқсастық және айырмашылығы дәлел


Бағалау критерий:

-Абай Құнанбаевтың ақын,ойшыл,қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға береді;

-Абай Құнанбайұлының шығармашылығын ажыратады;

-Өлеңдерін жіктейді;

-Не себепті Абайды Хакім Абай деп атағанын дәлелдеп, өз көзқарастарын айтады

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақ қоғамы, медресе,білім, қара сөздер.

Жазылым: «Джигсо » әдісі,

тарихи диктант

Оқылым, айтылым: Мәтінмен жұмыс

Құндылықтарға баулу:

Ұлттық сана шығармашылық сын тұрғысынан ойлау.

Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті

Бастапқы білімі:

Абай Құнанбаев туралы

Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті



ресурстар


Сабақтың басы

3 минут






3 минут



2 минут

Амандасу

Ұйымдастыру сәті: Психологиялық ахуал

Бір бірлеріне қарап тілек тілеу.

Оқушыларды хандар, батырлар, жыраулардың аттарын жазып, тарату арқылы 3 топқа бөлу.


«Доп лақтыру» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру


Сабақтың тақырыбын ашу

“Миға шабуыл” әдісі


Мына ақындардың ішнен мына өлен шумақтары кімнің өлені?


Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.







Сабақтың ортасы:

10 минут
























5 минут













Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады?

1 тапсырма: Мәтінмен жұмыс

«Конверттегі хат» әдісі (топтық жұмыс) арқылы постер жасап, қорғайды

І топ: Абайдың өмірбаяны

ІІ топ: Абай шығармаларына қоғамдағы қандай шығармалар әсер етті

ІІІ топ:Абай аударған шығармалар

Дескриптор:

  • Абайдың өмір сүрген жылдарын атайды

  • Абайдың отбасы, туған жері, білім алған мектебі туралы ақпарат жазады

  • Абай шығармаларына арқау болған мәселелерді баяндайды

  • Евгений Онегин поэмасын атайды


Қол шапалақ» арқылы мадақтайды



2 тапсырма: «Құпия әдісі» (жұптық жұмыс). Оқушылар берілген мәтіндерді ажыратып, жіктейді ( Өлең- қара сөз-поэма)

А) Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы



Б) Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға.
Тоя ма адама көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзге қүм қүйылганда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.


С) Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.


Дескриптор:

- Қара сөзді ажыратады

-өлеңді ажыратады

Ескендір поэмасын ажыратады

-Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа айтып береді

Қ\Б: Қол шапалақ





ҚБ смайлк арқылы:











Сабақтың соңы



6 минут



























7 минут































4 минут










3 тапсырма. ПТМС формуласы бойынша эссе жазу

«Не себепті Абайды Хакім Абай деп атаған?»

  • Позиция (мен солай санаймын, ) 


  • Түсіндіру (....себебі, ) 


  • Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....) 


  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....) 

Дескриптор:

5-6 сөйлемнен тұратын эссе жазады

10 сөйлемнен тұратын эссе жазады, 1-2 дәлел келтіреді;

15 сөйлемнен тұратын эссе жазады, 3-4 дәлел келтіріп, өз пікірін білдіреді

ҚБ: лайк, дизлайк.


4 тапсырма.


Тарихи диктант (жеке жұмыс)


Абай шын есімі (_______) (______ -______) жылы Абай _________ұлы қазіргі ШҚО Абай ауданында Құнанбай _______ отбасында 10 тамызда _____ жылы дүниеге келген. Әкесі Құнанбай дәулетті бай, аға сұлтан болып, өмірінің соңында _______ барып қажы атанған.

Шешесі _______ сабырлы, парасатты адам болған. Абай білімді 10 жасқа дейін ауыл молдасынан, одан әрі Семей қаласындағы ________ медресінде оқып, оның үшінші жылында осы қаладағы «приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Он үш жасқа келгенде Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, оны ел билігіне баули бастады.



Дескриптор:

- Абайдың шын есімі Ибраһим екенін жазады

- Өмір сүрген жылдарын атайды

-Болыс отбасында дүниеге келгенін жазады

-Шешесі Ұлжан екенін жазады

-Ахмет Риза медресесінде оқығанын жазады


ҚБ: Мұғалімнің ауызша бағалауы


Рефлексия:


Тазалық ойыны:

Чемодан:Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпаратыңызды чемоданға салып жазасыздар.


Қоқыс жашігі:Керек емес дүнені қоқыс жәшігіне

саламыз.


Еттартқыш: Ал бүгінгі ақпаратың ішінде әлі оқуымкерек дегенді болса, еттартқышқа саламыз.


Үйге тапсырма:

1.Абайдың қара сөздерін оқып келу.

2.Оқу мазмұндау


































































Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Жалпы сабақ барысында тапсырма, дереккөздермен жұмыс қолданылды. Диалог және қолдау көрсету.




«Доп лақтыру» әдісі

арқылы өткен тақырып жайлы сұраққа жауап беру.


«Конверттегі хат» әдісі

 арқылы өткен тақырып жайлы теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында топтарға сұрақтар құрату.


«РАФТ» әдісі

Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын ортаға салады, жөнінде түсініктері дами түседі



«Тарихи диктант» әдістері

бүгінгі сабақта алған мәліметтерін жинақтап,қортындылайды.

Үйге тапсырма: 1.Абайдың қара сөздерін оқып келу.

2.Оқу мазмұндау


Оқушылардың оқытудың қандай деңгейде тұрғаны, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігін анықтау үшін өзін-өзі және өзара бағалаудың түрлі әдістерін ұйымдастырдым. Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау түрлері болды.

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.

Қол шапалақ» арқылы мадақтайды


ҚБ смайлк арқылы:


Бармақ көрсету әдісі арқылы


«Тазалық» ойыны түрінде.

Чемодан      

 

  Қоқысжәшігі

Еттартқыш



Сабақ басында оқушылардың ойын жинақтау үшін психологиялық ахуал қалыптастыру

Топтық жұмыс.

Жұптық жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу. Оқушылардың білім деңгейіне қарай тапсырмалар дайындау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.











Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
4572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі