400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қысқа мерзімді жоспар "Бесікке салу" қазақ тілі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар қазақ тілі пәнінен 5 сыныптың "Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер" деген бөліміне жасалған. Жоспар жаңартылған оқу бағдарламасына негізделіп жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы: Бесікке салу

Мектеп: Қ.Қошманбетов н/м

Мұғалімі: Алжанбаева Н.Ж.

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Қатысқандар саны:

Сыныбы: 5 «А»

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу (мақсаттары)

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. (Т/А1)

Сабақ мақсаттар

Барлық оқушылар: Тірек сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Ұсынылған иллюстрациялар арқылы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрайды.

Бағалау критерийі

Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды.

Тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпқа болжам жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар: мәтіндегі күрделі сөздерді табады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: (Шілдехана, бесікке салу, отпен аластау, бесікке салар, бесік жыры)

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: (Шілде суы, ит көйлек, таңдайы тақылдау)

Құндылықтарға баулу

Туған жеріміздің тарихын, ата- бабамыздың ұлы істерін, дәстүрін сақтап қалуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Алдыңғы оқу

Оқушылардың бесікке салу дәстүрін білетіндігімен байланыстыру

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар



Басы

10минут






























5минут

Ұйымдастыру кезеңі. С.Ж

«Мозайка» әдісі

Сурет қиындыларын таңдап алып, құрастыру арқылы

5 топқа бөлінеді

С.Ж. «Ой шақыру» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау және бүгінгі сабақтың тақырыбын оқу мақсатын анықтау үшін қойылатын жетекші сұрақтар.

1. Балаға атты қалай, кім қояды?

2. Сендердің аттарың қалай қойылды?

(Үй тапсырмасы «Менің атым қалай қойылды?» әңгіме құрастыру)

3.Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ішінен қандай салт-дәстүрлер баланың сәби кезеңімен байланысты?

4. Бала тәрбиесіне байланысты тағы қандай салт- дәстүрді білесіңдер?

5. Бесік жырының авторы кім деп ойлайсыңдар?

6. «Бесік жыры- балаға берілетін алғашқы тәрбие» деген қанатты сөзді қалай түсінесіңдер?

«Болжау » әдісі

Тапсырма ТЖ

Әр суретке қатысты бірнеше тірек сөздер жазыңыз. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойыңыз.


Тірек сөздер






Ортақ тақырып:


Дескриптор

Білім алушы

- әр суретке қатысты 3 тірек сөз жазады;

- барлық суреттерге ортақ тақырып ұсынады;

- тақырыпты сөз тіркесімен береді.


ҚБ «Алақан», «Жұдырық», «Үш саусақ»

Оқылым алды тапсырмасы:

Жетекші сұрақтар қою:

  1. Бесіктің балаға пайдасы?

  2. Қазіргі заманда сәбилерді бесікке жатқыза ма?







«Мозайка» әдісі

эллюстрациялар
















Рахмет!





















Ортасы

22 минут



































































Оқылым тапсырмасы:

1-тапсырма. Т.Ж «Еркін талқылау» әдісі. Мәтінде көтерілген негізгі екі мәселені түсіндіріңдер. Бір- бірімен байланысын анықтаңдар.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

«Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен мәтіндегі тірек сөздерді тауып, бірнеуіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын- сауық той. Жастар жиналып, ән салып, домбыра тартып, өлең- жыр айтады. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, суға сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді.

Бесікке салу. Бесік- қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікке салу елдегі жолы үлкен, тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар, яғни, кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырын жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің? ...

(С. Кенжеахметұлы)

Дескриптор:

-Мәтінде көтерілген негізгі екі мәселені түсіндіреді.

-Бір- бірімен байланысын анықтайды.

-Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, дыбыстық талдау жасайды.

2- тапсырма. Жұптас– ойлан– бөліс (Джесси Джентильдің диаграммасы)

Берілген сөздердің мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер және түсіндірме сөздікпен салыстырыңдар.

Шілдехана, бесікке салу, отпен аластау, бесікке салар, шілде суы, ит көйлек, таңдайы тақылдау.

Дескриптор:

-Берілген сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.

- Түсіндірме сөздіктен тауып салыстырады.

Тыңдалым алды тапсырмасы:

Сұрақтар:

  1. Бесік жырын кім айтады?

  2. Бесік той жасау себебі неде?

Тыңдалым тапсырмасы:

3- тапсырма. Жеке жұмыс «Назар аудар» әдісі.

Бесіктой туралы мәтінді тыңдаңдар.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Туыстық атауларды теріп жазыңдар

Дескриптор:

-Бесіктой туралы мәтінді мұқият тыңдайды.

- туыстық атауларды теріп жазады

Саралау тапсырмасы

4-тапсырма. «Сиқырлы қалам» әдісі

Жеке жұмыс.

1-деңгей. Оқылым мәтініндегі «Бесік жырында» айтылған тілек сөздерді тұжырымдамалық кестеге жазыңдар. Батыр, шебер, шешен болу үшін не істеу керек?

2- деңгей. Бесікке қатысты ырымдарды тауып, оны толықтырыңдар.

3- деңгей. Бесікке қатысты қанатты сөздер мен мақал -мәтелдерді қатыстырып, мәтін құраңдар.

Дескриптор:

- Оқылым мәтініндегі «Бесік жырында» айтылған тілек сөздерді тұжырымдамалық кестеге жазады. Батыр, шебер, шешен болу үшін не істеу керек?

-Бесікке қатысты ырымдарды тауып, оны толықтырады.

-Бесікке қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді қатыстырып, мәтін құрайды.

Оқылым

















Б ас бармақ










www.kitap. kz сайтындағы «Сөздік» айдары.

Жарайсың!








(07. mp3)

Тыңдалым, айтылым

Бағдаршам








Смайлик








Соңы

3 минут

Кері байланыс «Бағдаршам»

Жасыл-толық түсіндім.

Сары-жартылай түсіндім.

Қызыл- мен үшін түсініксіз.

Үйге тапсырма:

«Бөпеге тілек» тақырыбында шағын мәтін жазыңдар.




Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қандай тапсырма бересіз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс.

Барыншы қолдау көрсету: Оқылым мәтініндегі «Бесік жырында» айтылған тілек сөздерді тұжырымдамалық кестеге жазады. Батыр, шебер, шешен болу үшін не істеу керек?

Орташа қолдау: Бесікке қатысты ырымдарды тауып, оны толықтырыңдар.

Қолдау көрсету шектеулі: Бесікке қатысты қанатты сөздер мен мақал -мәтелдерді қатыстырып, мәтін құраңдар.

Рахмет!


Жарайсың!

Тыңдалым тапсырмасында

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
5931
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі