жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді жоспар Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу 6-сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
||||||||||||||||||||||
Күні: 16.01.2020ж. Пәні: Математика |
Мұғалімнің аты-жөні: Беделов Ш. |
|||||||||||||||||||||
Сынып: 6 «Ә» |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. |
|||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу; |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы:
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше алады. |
|||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді |
|||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
|
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау және бірігіп оқу дағдыларын дамыту. |
|||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тұрмыста, практикада қолдану |
|||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу. |
|||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер. Ресурстар. |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5-минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесемін және түгелдеймін. Оқушыларды бүгінгі сабақтың термин сөздері арқылы 4 топқа біріктіремін (теңдеулер, айнымалылар, коэффициент, шешімдер). Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын жақсарту мақсатында амандасуды үйренеміз: «Әр елдің амандасу салты» Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды. Қазақтар - қол алысады, Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады,
Зимбабалықтар –арқасымен амандасады, Македониялықтар – шынтақпен, Никарагулықтар - иықпен амандасады, Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді Осылайша сыныпта оқушылар арасында жағымды атмосфера орнатамын. Үй тапсырмасын тексеру: «Мен саған, сен маған» әдісі арқылы интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаппен оқушылар бірін –бірі тексереді. Бағалау: бірін – бірі жұптасып өзара бағалау жүргізеді,
|
|
||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Өткен тақырыпты қайталай отырып, жаңа сабаққа бағыттау мақсатында «Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар арасында тиімді диалог орнатамын (Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі). 1)Теңдеу дегеніміз не? 2) Коэффициент деген ұғымды қалай түсінесің? 3) Санды өрнек дегеніміз не? 4) Әріпті өрнек дегеніміз не?
Жаңа сабақты меңгеру Теңдеудің түбірі – айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәнін атайды Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу Ал 5x = - 4; - 0.2x = 0; - x = - 6,5 теңдеулердің әрқайсысы ах=b түрінде жазыған, мұндағы а мен b кез-келген сандар, x – айнымалы. Бірінші теңдеуде: a = 5, b = 4; екіншіде a = -0,2, b = 0; үшіншіде a = -1, b = -6,5. Мұндай теңдеулер сызықтық теңдеулер деп аталады. Анықтама: ах=b (мұндағы х – айнымалы, а және b сандар) түрінде берілген теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. а саны айнымалының коэффиценті, b санын бос мүше деп атайды. Берілген теңдеуді шешу барысында теңдеуіміз мәндес теңдеуге түрленеді. Мысалы: 3(x+2)=0; және 3x+6=0 теңдеулерінің түбірі -2 тең. Анықтама: Түбірлері бірдей немесе түбірі болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады Енді берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді ах=b түріне ықшамадау үшін теңдеудің мынадай қасиеттері пайдаланылады: 1-қасиет: Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. 2-қасиет: Теңдеудің екі жағында да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде мәндес теңдеуге түрленеді Мысалы: 0.8x+14=2-1.6x 0.8x+1.6x=2-14 (1-қасиет бойынша) 2.4x= -12 x = -12/2.4 (2-қасиет бойынша) x = - 5 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмі:
ах=b теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар:
Мысал. 7х+3=7х+5, 7х-7х=5-3, 0∙ х=2. Теңдеудің түбірі болмайды.
Мысалдар. 2х+х-5=3х-5, 3х-3х=5-5, 0х=0. Кез келген сан теңдеудің түбірі болады.
21x-14x=17-45 7x = -28 x = -28:7 x = -4 Жаубы: -4
3x-10+9x=22x 12x-22x=10 -10x=10 x=10:(-10) x= -1 Жауабы: -1
3(x-5) = 12*7-4(2x-11) 3x-15=84-8x+44 3x+8x=128+15 11x = 143 x = 143:11 x = 13 Жауабы: 13
Жеке жұмыс: №780 есептің жұптары 2) 18+3x=x+14 4) 13x+27=16x+4.5 6) 13x+70=2x+15
Бағалау: Интербелсенді тақтадағы жауаптармен салыстыра отырып өзін-өзі бағалау
Жұптық жұмыс: №783 есептің жұптары «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша саралаудың тапсырма тәсілін негізге ала отырып оқушыларға тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындау үшін әрбір оқушы алдымен өзі ойын қағазға жазып, содан кейін жұбымен шығарғанын талқылап, пікірлеседі. 2) 13-(2x-5)=x-3 4) 26-(17-2x)=5x
Бағалау: Интербелсенді тақтадағы жауаптармен салыстыра отырып Көршіңді тексер әдісі арқылы бірін – бірі бағалайды.
Топтық жұмыс: №782 есеп жұптары Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» » тәсілін негізге ала отырып кейбір оқушыларды ойланту мақсатында «Бірге ойлаймыз» әдісін қолдана отырып төмендегі тапсырмаларды беремін
2)
4)
6)
Багалау: Тапсырмаларды орындау барысында бір-біріне қолдау көрсетеді.
Логикаңды байқап көр.
Топтық жұмыс: 1.Егер үшбұрыштың периметрі Р=22 см болса, үшбұрыш қабырғаларын табыңыз.
|
Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
|
||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия: Бүгін мен ................ білдім Маған ........ қызықты болды Маған ..................... қиын болды Мен ......... тапсырманы орындадым Мен .................................... түсіндім Үйге тапсырма: №780(1,3,5), №782(1,3), 783(1,3,5) |
|
||||||||||||||||||||
Саралау |
Бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||
Жаңа сабақты ашу мақсатында Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі және жұптық жұмыс барысында «Тапсырма» тәсілі қолданылды. |
Бағалау үй жұмысын тексеруде өзін-өзі бағалайды, жұптық жұмыста бірін-бірі бағалайды, топтық жұмыста бас бармақ әдісі арқылы бағаланады.
|
Сабақтағы әрбір іс-әрекет мұғалімнің нұсқауымен орындалады және партада отыру қағидалары сақталады. |
||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
|
|||||||||||||||||||||
Таныстым: ДОІЖО Абжаппарова Ұ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген