400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Болымды және болымсыз етістік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға арналған. • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: Пойиа бастауыш мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Р.И

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру;

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сұрақтар сандығы.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

3. 2.3.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтінді түсініп оқу.

39-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннің мазмұнын айтады.

(Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мәтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.

Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

(МК; Ө) Жағдаяттық тапсырманы оқу. Өз ойын білдіру.

Жағдаяттық тапсырманы оқып, өз ойын білдіруіне

басшылық жасалады.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.



Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.


3.4.2.5 (МК; Ө; Қ) Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қосып оқу. Олар қандай етістіктер екенін анықтау.

40-жаттығу. Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қосып оқиды. Олардың қандай етістіктер екенін анықтау арқылы болымды және болымсыз етістік тақырыбынан игерген білімін бекітеді.


3.3.4.1 (МК; Т; Ө; Қ) Тапсырманы түсініп оқып, шақыру қағазын жазу.

Шығармашылық үзіліс.

41-жаттығу. Оқушылардың топтық жұмысы ұйым- дастырылады. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді. Берілген үлгіні талдайды. Туған күнге шақы- ру қағазын жазудың нұсқаларын айтып, талқылайды.

Досына қаратып туған күнге шақыру қағазын жазады.


(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.


(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді

білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы өз іс- әрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім








Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі