400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар Дүниетану пәні 1 сынып Қала мен ауыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне, "Қала мен ауыл" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Бізді қоршаған әлем

Күні:

Сынып: 1 «Б»

Мектеп: №18 ОМЛ

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебаева А.Б.

Қатысқандар саны: 27

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Қала мен ауыл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау


Сабақ мақсаттары

Өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау


Бағалау критерийлері


  • Өз мекенжайын, географиялық орналасуын сипаттайды;

  • Өзі тұратын елді мекеннің көрнекі жерлерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар


  • Ауыл, қала, ғимарат, зауыт, шаруашылық, т.б.

Құндылықтарды дарыту


Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын тапсырмаларды орындау барысында дарыту.

Пәнаралықбайланыстар

Қазақ тілі, математика, ғылымға кіріспе

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім


Бағдарлауды үйренейік

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


2минут











5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Қоңырау үні соғылды,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар-қатар тік тұрды


(Т) «Ойлан тап».

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Оқушыларға қима суреттер таратылып беріледі. Оқушы берілген суреттен тұтас сурет құрастыру керек.

  • Балалар, ненің суреті құрастырылды?/ауыл, қала/

  • Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы сөйлесетін боламыз? /оқушылар ауыл мен қала туралы өтетіндігін, т.б. болжамдарын айтады/.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтау.

Слайд





Суреттер



Сабақтың ортасы

5 минут















10минут

















13 минут








(МК,Ұ)Суретпен жұмыс.

Мақсаты: өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау.

Ауыл мен қала көрінісі бейнеленген сурет көрсетіледі.

Суретті салыстырыңдар.

- Қай суретте ауыл, қайсысында қала берілген?

- Оны қайдан білдіңдер?

- Қала мен ауылдың ерекшелігі неде?

- Өз тұратын жерің қалай аталады?

- Тұратын жерің несімен ерекшеленеді?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, өзара толықтырулар енгізіледі/.

(Ұ) бейнежазба. «Ауыл мен қала»

Мақсаты: ауыл мен қаланың байланысын анықтау, өзара салыстыру, сыни ойлауын дамыту.

Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі.

Бейнежазба бойынша білімдерін бекіту үшін «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады.

  • Балалар, бейнежазба сендерге пайдалы болды ма? Неліктен?

/ Оқушылардың пікірлері тыңдалады. Бейнежазба бойынша не білгендерін ортаға салады/.

  • Балалар біз қайда тұрамыз?

  • Біздің қаламыз қандай жерде орналасқан?

  • Қаламыздағы қандай басты көшелерді білесің?

  • Қаламызда қандай көрікті орындар бар?

  • Қандай көрікті ғимараттар бар?

  • Ғимараттар неліктен қаланың орталық бөлігінде орналасқан деп ойлайсың?

/Оқушылардың пікірлері тыңдалады, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/ .

(Т) «Көрікті орындарға саяхат»

Мақсаты: жергілікті жердің көрікті орындарын, орналасу аймағын сипаттау.


Оқушыларға шет елден туристтер келетінін және оларға қаланың көрікті орындарын таныстыру қажеттігі айтылады.

Таныстыру үшін жарнала жасайды. Ол үшін топ оқушылары өзара ойласып, қаладағы көрікті орынды таңдайды, суреттеу арқылы жарнамалау жасайды.

/Әр топтың өз жарнамаларын қорғайды. Тыңдарман топ туристтер ретінде бағалап, таңдау жасайды/.

Дескрипторлар:

  • Көрікті орынды/ ғимаратты атайды;

  • Көрікті орынның/ ғимараттың көшесін атайды;

  • Көрікті орынды / ғимаратты сипаттай алады.


Слайд ,



Суреттер











Бейнежазба








«Ай мектеп»

https://imektep.kz/kz/kala-men-auyl







Постерлер





Сабақтың соңы


5минут

Рефлексия:

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өз жұмысын қорытындылайды.

Маған бүгін............. қызықты / қызықсыз болды

Мен бүгін ................білдім

Алдағы уақытты .............білгім келеді


Бағалау:

Сабақтың басында анықталған критерийлер арқылы өзін-өзі бағдаршамның түрлі-түсті көздері арқылы бағалайды.

бағдаршам

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


топтық тапсырма оқушылардың қабілет-деңгейлеріне сәйкес орындалады.

Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Жұптық топтық жұмыстар арақылы өзара бағалау және өздік бағалау қолданылады.

Сабақ барысында оқушының денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беріледі.


Сабақ бойынша рефлексия




Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі