жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді жоспар Геометриялық фигуралар 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: №68 Т. Оспанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп |
||||||||||||
Күні:22.02.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Танабаева Анар |
||||||||||||
Сынып: 1 «Ә» |
Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 |
||||||||||||
Сабақтақырыбы |
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу |
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
|
||||||||||||
Сабақ мақсаттары
SMART |
Барлық оқушылар: жазық фигуралардың модельдерін білу. Көптеген оқушылар:жазық фигуралардың модельдерін қолдана отырып тапсырмалар орындау. Кейбір оқушылар: Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру. |
||||||||||||
Жетістік критерийлері |
Білім алушылар: -жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады.
|
||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: жазық геометриялық фигуралар, екі өлшемді форма, үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Талқылау: • Неліктен оларды бірге топтастыру керек? • Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар? • Мұндай фигураларды қайда қолдандыңыз? Неліктен төртбұрыш ба екенін айта аласыз ба? • … дегеніміз шаршы, ал бұл жоқ? • … үш бұрышты дәптерді қолданамыз? Жазу: • Сыныптық бөлмеден көруге болатын жазық фигураларды тізіп шығыңыз. • Сіз таңдаған белгілері бар барлық ойыншықтарды атаңыз. • Өз суреттеріңізде фигуралардың атауларын белгілеңіз. |
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Өз бетімен білім алуға ұмтылатын, проблеманы шешу, сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасқан, жауапкершілігі мол зияткерлі тұлға қалыптастыру көзделеді. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Ортақ тақырып аясында дүниетану, сауат ашу, жаратылыстану пәндерімен байланысты |
||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Проекциялық экран, проектр, ноутбук |
||||||||||||
Бастапқы білім
|
Геометриялық фигураларды ажырата, сала алады. |
||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы Білу. |
І . Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру. Белсенді оқу. Диологке түсу, қолдау көрсету. Ширату: «Сиқырлы дорба » ойыны ойналады Дорбаның ішіне жазық фигураларды салады. Оқушылар шеңберге тұрып дорбадан кезектесіп фигураларды алады. Оны дорбадан алмас бұрын қолын салып ұстаған фигурасын сипаттап айтады. -Бұл қандай фигура? - Қандай ерекшеліктеріне байланысты анықтадың? Алып шығып дұрыстығын көрсетеді. Егерде дұрыс болмаса мұғалім көмектеседі. Сол алған фигуралары бойынша 4 топқа бөлінеді . 1.Үшбұрыш 2. Шаршы 3.Дөңгелек 3. Тік төртбұрыш Сабақтың мақсатын хабарлау. Күтілетін нәтижелерді қолдану. Әрбір оқушыға кеңістік фигурасының көмегімен қатты қағаздан кез келген жазық фигураны жасау беріледі.Оқушылар тапсырманы өз таңдауы бойынша орындайды. Жұмыс барысында сұрақтар қойылады: -Бұл қандай фигура? -Оның неше қабырғасы бар? (Жауаптары тыңдалады) Жазық фигураның моделін , мысалы, санау таяқшаларынан не сусын ішетін түкшелерден жасап көр. Ширату: «Сиқырлы таяқша» әдісі
Кері байланыс: Фигуралардың атауын дұрыс тапқаны, жазық фигураларын модельдегені үшін геометриялық фигуралармен марапаттаймын |
|
|||||||||||
Сабақтың ортасы Түсіну. |
1-т апсырма. Белсенді оқу, бірлескен оқу, салыстыру, зерттеу, саралау. 1. Суретке мұқият қара. Балық қандай геометриялық фигуралардан құрастырылған? Фигураларды ата.
- балықтың қандай фигуралардан құралғанын айтады Саралау: Барлық оқушылар: Фигураларды біледі, атайды. Көптеген оқушылар: Фигураларды салыстыра біледі. Кейбір оқушылар: Фигуралардан модельдер құрастырады "Қызықты фигуралар" әдісі Балықтың қандай фигуралардан
қ
Г кеме мен зымыранды құрастырса -
Өз ойынан кеме мен зымыраннан
ө ТЖ, ЖЖ бағалайды, бірін – бірі бағалайды. 2 - тапсырма: Бірлесіп оқу, зерттеу, саралау. . Берілген геометриялық фигураларды пайдаланып, кеме немесе зымыран құрастыр.
Дескриптор: - геометриялық фигуралардан ұсынылған Композицияны құрастырады. Қарқын. Саралау: Барлық оқушылар: Фигураны құрастырады және атауын айтады. Көптеген оқушылар: Фигураны құрастырады, атайды және сипаттайды. Кейбір оқушылар: Фигураны құрастырады, атайды, сипаттайды және айналадағы ұқсас заттарды көрсетеді. Кері байланыс: "Білезік" әдісі - Балалар, жұптасып отырған көршіңізбен жұмыстарыңызды алмастырып, бір-бірімізді тексеріп, сәйкес білезікті кигіземіз.
|
|
|||||||||||
Сабақтың соңы Қолдану. |
Қорытындылау. Рефлексия . Әр оқушы А4 парағына бес саусағын бастырып, әр бармаққа өз ойларын жазады. 1.Бас бармақ: - қандай фигуралар білемін? 2.Балан үйрек:- жазық фигуралардың қандай түрлерін модельдедім? 3.Ортан терек:- Қандай тапсырма қиын болды? Несімен? 4.Шүлдір шүмек:-неүйрендім, білдім? 5.Кішкене бөбек:-не білгім, келеді? |
|
|||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||||||||||
Фигураны құрастырады, атайды, сипаттайды және айналадағы ұқсас заттарды көрсетеді
|
Дескриптор - балықтың қандай фигуралардан құралғанын aйтады Дескриптор: - геометриялық фигуралардан ұсынылған Композицияны құрастырады
Кері байланыс: тапсырмадағы жасаған іс әрекеттерін ауызша, жазбаша, графикалық түрде бағалаймын. "Қызықты фигуралар" әдісі арқылы "Білезік" әдісі Мұғалімнің мадақтауы. |
Дәптермен жұмыс кезінде қарындаш,қаламсап ұшын абайлау. АКТ жұмыс кезінде электр құрылғыларынан абай болу
|
|||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жазық геометриялық фигураларды қисық қылмай дұрыс орналастыуы.
2: Берілген геометриялық фигураларды пайдаланып, кеме, зымыран құрастырғаны. Өмірмен байланысты пішіндерді модельдегені Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Белсенді әдістерді тиімді қолданып барлық оқушылар жұмыла қатысты. 2: Саралау, қарқын, тапсырма, дереккөз, зерттеу, проблеманы шешу іске Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген