400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Хлор" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәнінен жаңартылған бағдарлама негізінде жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.3А 17,16,15-топ бейметалдары және олардың қосылыстары

Мектеп: А. Саттаров атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі: Салимова Х.Ж

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Хлор



Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

9.2.1.14 хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен,сутекпен және галогендермен әрекеттесу қасиетерін сипаттау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: хлордың химиялық қасиеттерін металдармен,сутекпен және галогендермен әрекеттесуін реакция теңдеулері арқылы сипаттай алады


Оқушылардың басым бөлігі: хлордың электрондық және графикалық формулаларын құрастырады


Кейбір оқушылар: хлор қосылыстарының қолдану аймағын зерттейді.


Бағалау критерийлері

-Хлордың химиялық қасиеттерін металдармен,сутекпен, және галогендермен әрекеттесу реакция теңдеулері арқылы жазады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану

Тілдік мақсаттары

Галоген-галоген-halogen

Хлор-хлор-chlorine

Ас тұзы- поваренная соль-salt


Құндылықтарға баулу

« Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.


Пәнаралық байланыстар

Физика,география


Бастапқы білім

Галогендер


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3-мин
















5 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару. Психологиялық дайындық: «Аялы алақан»

Әр қатысушы өз парағына алақанының сүретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді,келесі қатысушының орнына барып,оның алақаны салынған сүреттің ішіне тілек жазады.

Топтастыру

1-Хлордың физакалық қасиеттері

2- Хлордың химиялық қасиеттері

3- Хлордың қолданылуы

Бірнеше сүреттерді топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы «Галогендар» тақырыбын қорытындылау. Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік береді.

1. Галогендердің периодтық жүйедегі орны?

2. Галогендерге қандай химиялық элементтер жатады?

3. Галогендердің салыстырмалы электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?

4. Атом ядросының заряды  +17-ге тең элемент?

5. Электрондық формуласы 1s22s22p7болатын элемент?

6. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады?

7. Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды

Дескриптор:

  1. Галогендердің периодтық жүйедегі орнын және қандай элементтер кіретін біледі.

  2. Галогендердің электрондық формуласын жазалады.

  3. Галогендердің пайдалану жерлерін біледі.

Қ.Б: Жинаған балдары бойынша топ бір-бірін бағалайды.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мақал - мәтелдер ұсынылады.
Доссыз өмір... ас;
Ас атасы...;
Ішің күйсе... жала.

Парақтар





Shape1



Оқушыларға топқа тасталған фасоль салынған қапшықты қағып алған топ сұраққа жауап берсе,онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа команда білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.


Ортасы

10мин

























3 мин










5 мин






5 мин

Білу және түсіну

Топтық жұмыс

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

1-топ: Хлордың физикалық қасиеттерін айтып беру

2-топ: Хлордың химиялық қасиеттерін және реакция теңдеулерін жазу.

3-топ: Хлордың қолдану орындарын сүреттеу

Дескриптор:

  1. Хлордың физикалық қасиеттерін мысалдар келтіріп түсіндіреді.

  2. Хлордың химиялық қасиетін зерттеп,реакция теңдеулерін жазады.

  3. Хлордың қолдану орындарын айтады.

Қ.Б: «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі  бойынша топтар бір-бірін тексереді.

Қолдану

1-деңгей: жеке жұмыс :«Ой қозғау»

 Формулалардың  коэффициенттері  мен  индекстерін жазып,кестені толықтыру

Формула

2Bz2

MnO2

6HCI

3СІ2

2KMnO4

коэффициент






индекс







 2- деңгей. Жұппен жұмыс

Төмендегі айналуларды іске асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaCl → Cl2 → HCl → CaCl2 → AgCl → [Ag(NH3)2]Cl

3- деңгей. Топпен жұмыс

 Миға  шабуыл.

Есептермен  жұмыс:

А) Массасы 20г  кальций  хлормен  әрекеттескендегі  кальций  хлоридінің  массасын  және  көлемін  есепте.

Б) Натрий  хлориді  және  тұз  қышқылының  құрамындағы  хлордың  массалық  үлесін табу.

NaCI=

HCI =  0.97 немесе  97%

Дескриптор :

  1. Формуланы пайдаланып кестені толтыра алады.

  2. Айналуларды іске асыратын реакция теңдеулерін жазады

  3. Берілген есептерді формулаларды пайдаланып,шығара алады

Қ.Б:


топтар оқулық, ресурс, көрсетілген үлгілер арқылы алынған мәліметтерін жинақтайды.











Ватман, маркерлер





Кесте











Тақтамен жұмыс




















Аяқталуы

3 мин

2 мин

Рефлексия «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

Үй тапсырмасы: Хлор туралы қосымша мағлұмат жазып келу

Күн және бұлт сүреттері

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Уақыт артылған кезде қолданамын.

Есеп шығарады.

Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы тексеремін

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Биология,физика,география

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

Оқу мақсаттары шынайы болды. Бүгін оқушылар «Көмірсутектер» тақырыбының мазмұнын білді.Сыныптағы ахуал күндегіден өзгеше, топпен бірігіп жұмыс жасады.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңберін құрды.Мен жоспарлаған саралау шаралары өте тиімді болды.Мен берілген уақыт ішінде толық үлгере алмадым.Уақытты тиімді пайдалануды енгіздім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: топқа бөлу

2: бекіту кезеңі

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: « Екі жұлдыз, бір тілек» топтар арасында формативтік бағалау


2: Постер

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырма дайындау керек



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
5412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі