Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар жазудың қыр-сыры
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Қысқа мерзімді жоспар жазудың қыр-сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Бала қиялы. Деректі және дерексіз зат есімдер

3-сабақ.

Бөлім:

6-бөлім. Қиял әлемі

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бала қиялы. Деректі және дерексіз зат есімдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

5.Ж1.Берілген мәтінге сәйкес кірімпе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

5.ӘТН4.2.Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Берілген мәтінге сәйкес кірімпе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құра алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Айтылым. 1-тапсырма. Әлемге танымал қандай суретшілерді білесің?

Қазақ суретшілерінен кімдерді білесің?

Қай Өнер адамына қиял ерекше әсер етеді деп ойлайсың?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Деректі және дерексіз зат есімдердің ережесін жаздырып, магынасын түсіндіреді.

Жазылым.

2-тапсырма. Мұғалімнің көмегімен сөздердің магынасын аныктап жазады.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы - 6 балл.


- деректі және дерексіз зат есімге жататынын сөздерді анықтайды.


-Зат есімнің түрлерінің ережелерін жатқа айтады.

5-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері



5-тапсырманы орындатады.

Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексеру керек.

Жазылым.

Шарт бойынша 3 минут ішінде құрамында дерексіз зат есімі бар жұмбақтар тауып жазады.

3 минут ішінде дара зат есімі бар тапақтарды жазады.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы калыптасады.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

-Зат есімдерді бөліп айтады.

-Топта талқылайды .

5-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері


4-тапсырма. Мәтінді зейін қойып тыңдатады.

Айтылым.

5-тапсырма.

Мәтіндегі ақпараттың дұрыс бұрысын анықтап, пікірталас болады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Мәтіндегі ақпараттың дұрыс бұрысын анықтап, пікірталас болады.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!