Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар «Жібек жолы» жобасы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан және Ұлы Жібек жолы. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» (үзінді) бөлімі бойынша қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Панфилов ауданы

Жаркент қаласы «Еңбекші орта

мектебі мектепке дейінгі шағын

орталығымен»КММ қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жумалова Лаура Турдахуновна



Мұғалімнің аты-жөні:

Жумалова Л


Пән/ Сынып:

Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып


Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 5-апта, 11-сабақ


Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім, Қазақстан және Ұлы Жібек жолы. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» (үзінді)


Сабақтың тақырыбы:

«Жібек жолы» жобасы


Оқу мақсаттары:

6.1.5.1.- тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;

6.5.1.5.- етістсыпалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазбаша жұмыстарды қолдану.


Сабақ мақсаттары:

тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды; жазба жұмысында етістік шақтарын ажыратып жазады.


Бағалау критериі:

  • -ой қозғау сұрақтары арқылы тақырыпты анықтайды;

  • - мәтін тақырыбында көтерілетін мәселені болжайды;

  • -тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • -етістік шақтарын ажыратып жазады


Саралап оқыту тапсырмалары


Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс(1, 2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету


Сабақтың жоспары


Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

1 минут

Ұйымдастыру

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар?

-6-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

-Сабағымыздың тақырыбы: «Жібек жолы» жобасы

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

  • Ой қозғау сұрақтары арқылы, тақырып пен көтерілетін мәселені болжауды.

Сенің меңгеретінің:

  • тірек сөздер, жетекші сұрақтар мен мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтауды;





Слайд 1,4


3-5 минут





Жаңа сабақ

Мұғалім «Жаңа Жібек жолы» жобасы аясында, көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын, Тараз қаласына Ұлы Жібек жолы бойымен Қытай Халық Республикасының керуені келгенін айтып өтеді, жаңа сабақтың жаңа сөздерімен оқушыларды таныстырады.

белдеу екі елдің өзекті мәселелерін саяси талдау

ынтымақтастық-татулық, бірлік

ықпалдастық- құндылықтар мен қарым-қатынастарды тиімділеу процесі

асу- тау жотасының табаны жалпақ, асып өтуге қолайлы жері

тарту ету-сыйлық беру



Слайд 5

1-3 минут

Тапсырмалар


«Ой қозғау»

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қазіргі кезде Ұлы Жібек жолы бар ма?

  2. Қазақстан мемлекеті қандай елдермен сауда-саттық жасайды?

  3. Біздің ел экспортқа қандай тауарлар шығарады?

  4. Қазақстанға ең көп тауар қай елден келеді?

  5. Оның себебі неде?


Өзіңді тексер!

1.Қазіргі кезде де Ұлы Жібек жолы жалғасын табуда.

2.Еуропа, Азия, Қытай мемлекеттерімен сауда-саттық жасайды.

3. Шикізат түрлері мен құрал-жабдықтарды экспортқа шығарады.

4. Қытай мемлекетінен көптеген тауарлар келеді.

5. Ұлы Жібек жолымен бейбіт келісімде.

Жазылым

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойып, сөйлемді жаз.

1.Ұлы Жібек жолы – қоғам... адамзат тарихындағы аса бір маңызды жетістіктерінің бірі. 2. Ол – Еуропа... Азия... Жерорта теңізінен басталып, Қытайды кесіп өтіп, сол заманғы Батыс пен Шығысты байланыстырған үлкен сауда жолы. 3. I-II ғасырда Ұлы Жібек жолы арқылы сауда дипломатиялық байланыс жақсы дамыған. ...YII-X ғасырларда жолдың халықаралық маңызы артқан. 4. «Жаңа Жібек жолы» атты жобада Қазақстанның Азия аймағында ең ірі іскерлік.... транзиттік хабқа айналуы туралы айтылған. 5. 2013 жылы Астанада Назарбаев Университетінде болған кездесуде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин... «Жібек жолының экономикалық белдеуін құру» туралы идеясын ұсынды. 6. ...Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуін қолдау... халықтар достығын күшейту мақсатында Қытай Халық Республикасы «Ұлы Жібек жолымен мыңдаған ли» атты Халықаралық Экспедицияны ұйымдастырды.

Жалғаулықтары: да, және, мен, алайда, және , арқылы, сондықтан, бойынша

3 – тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.

2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрлерден туризм мен ынтымақтастың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күндік форум болды. Бұл Форумға Жібек жолы бойында орналасқан 25 ірі қаланың мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді және өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдеру туралы айтылады. Форумда қозғалған маңызды мәселелердің бірі – аймақтық туризмді дамыту бағатындағы кедергілер, яғни трансшекаралық қиындықтар, аймақ елдері арасында ортақ визаның жоқтығы және аймақтық туристік өнімдер тізімін анықтаудың дұрыс жолға қойылмағандығы.

БҰҰ Даму бағдарламасы көмегімен ұйымдастырылған «Жібек Жолы » бастамасының негізгі мақсаты – сауда, инвестиция және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым-қатынасты тереңдету.

Жазылым Айтылым

4-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айт. Осы етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шаққа айналдырып, сөйлем құра.

Өзіңді тексер!

Жедел өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

Осы шақ

болды

болады

болып жатыр

қатысты

қатысады

қатысып жатыр

айтылды

айтылады

айтылып тұр

Жедел өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

Осы шақ

болды

болады

болып жатыр

қатысты

қатысады

қатысып жатыр

айтылды

айтылады

айтылып тұр


1. Кеше ауылымызда үлкен жиын болды.
2. Наурыз айында ұлттық мерекеміз жоғары деңгейде тойланатын болады.

3. Балаларға арналған сахналық қойылым болып жатыр.


Дескрипторы:

1.Сұрақтарға жауап береді.

2.Тақырыбын анықтайды





















Дескрипторы:

1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды.

2. Сөйлемдерді көшіріп жазады






Дескрипторы:

1.Мәтінді оқиды

2.Тақырыбын анықтайды















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
1938
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12