Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Өзгелермен үндесу" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материял 6 сынып мұғалімдеріне ыңғайлы етіп жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________ «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №23

Күні: 7-11/8-11-2018ж.

: 10

Мұғалімі: Конебаева Д.Р.

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Өзгелермен үндесу

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мақсаты: Оқушыларды айналасындағы адамдармен жылы қарым – қатынас жасаудың маңызын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға баулу үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

3. bilim-all.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2. Сынып жұмысы.

1. Оқулықтағы Тынышбек қалай түзелді? мәтінін оқып сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Қарындастарының ойынын сырттай бақылаған Тынышбек неліктен көз жасына ерік берді?

2. Мұғалімнің бойынан қандай ізгі қасиетті байқадыңдар?

3. «Сыйласаң, сыйлы боласың» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

4. Қарым – қатынастағы өзара сыйластық адам бойындағы қандай құндылықтардың көрінісі?

5. Өзің үлкендемен құрдастарыңмен және кішілермен қаншалықты сыйласып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». 
Абай Құнанбаев 

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі.
Сұрақтар:

  1. Сүйіспеншілік деген не?

  2. Айналаңыздағы адамдарға сүйіспеншілігіңізді қалай білдіресіз?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Қорытынды: Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы бауырмалдылықты білдіреді. Ол тек қана адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді. Ал кеңпейілділік адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Кеңпейілділік пен бауырмалдылық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді. 


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Мейірімді және ілтипатты бол! 
Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды. 
- Ол саған не үшін керек ? деп сұрайды ұстаз. 
- Қайратты да қайсарлы болғым келеді. 
- Енді болмайсың ба? Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және ілтипатты бол. Мейірім мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың. Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса, өзгерістерді байқайтын боласың да, көптеген қиындықтарды алдын ала болжай аласың, яғни, ұрыс – қақтығыстарға кірдмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас – тартыстардың алдын көре алатын боласың, ешкім жеңе алмайтын қайратты боласың. 
- Қалай сонда? 
- Иә, ешкім сені жеңе алмайтын болады, өйткені ешкіммен егеспейсің. Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл өтіп, ұстазға қайтып келеді. 
- Не іздедің? – деп сұрайды қария. 
- Сіздің аман – саулығыңызды және қандай да бір көмегім керек пе? – деп сұрайын деп келдім... 
Сол кезде ұстаз жас жігітті шәкірттікке алады. 
Сұрақтар:
1. Жас жігіт ұстаздан не себепті шәкірттікке қабылдауды сұрады? 
2. Ұстаз жас жігітке қандай ақыл- кеңес берді? 
3. Жас жігіттің ұстазға келгендегі мақсаты не деп ойлайсыңдар?
4. Айналаңа мейірім тарату дегенді қалай түсінесіздер ? 
5. Мейірімді болу парыз ба, әлде міндет пе?

6.Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?
7. Мейірімділікті басқаларға қалай көрсетер едің? 


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табу

1 – топ: «Сүйіспеншілік»

1 – жағдаят

2 – топ: «Шынайылық»

2 – жағдаят

3 – топ: «Жанашырлық»

3 - жағдаят



6. Топпен ән айту. Достар әні.



7. Үй тапсырмасы.

1. «Достық» жайлы шағын эссе жазып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

  2. Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін желім қағаздар арқылы тақтадағы тілек ағашына іледі.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1490
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12